Осыдан үш ғасыр бұрын ағылшын ботанигі Броун кішкентай нәрселердің әрқайсысы кездейсоқ қозғалуды өте жақсы көретінін анықтады. Сірә, саяси тұрғыда маңызы жоқ адамдар да бұл ережеден ерекшелік болып табылмайтын болар. Қалай да болмасын, біздің ішкі саяси өрісімізде қалыптасып жатқан жағдай дәл осыны меңзейді. Ондағы ойыншылардың дене қимылдары жігерлі, ал кей кездері тіпті жұқпалы, бірақ соншалықты хаотикалық, сондықтан олардан ешқандай пайда болмайтыны түсінікті. Оның үстіне бұл қайраткерлер негізінен идеяларды ұсынумен емес, бет-бейнелерін «сатумен» айналысады.

Қаңтар оқиғалары және президент жариялаған реформалардан кейін күрт өскен саяси белсенділік, логика бойынша партия саласында біршама сапалы құрылымдық өзгерістерге түрткі болуы тиіс еді. Бірақ әзірге ол тек саяси «сілкінісшілердің» пайда болуына әкелді. Егер біреулеріңіздің естеріңізде сақталған болса, бір кездері бізде осындай діни ағымды ұстанушылар болған. Оның мағынасы: өзін-өзі, денесін сілкіндіру арқылы бақылау қабілетін жоғалтуға әкелетін экстремалды қозу жағдайына жеткізу, – олардың айтуынша, осылай және тек осылай «сілкінгенде» ғана (басқа жолмен емес) рақым түсе алады. Біздің жағдайымызға қатысты қарайтын болсақ, біз «саяси сектанттар» қанды қаңтардың кездейсоқ құрбандарының сүйектерінде өз «сілкіністерін» жасауларында, тек өз мақтаныш сезімін көтермелеу үшін ғана өздерін дәл осындай күйге жеткізіп жүргендерін көріп отырмыз.

«Сектанттар» дегеніміз – бұл да гипербола емес және асыра үлкейтіп айтылған сөз емес. Бүгінгі таңда саяси өрісті толтырып жатқан барлық дерлік субъектілер (ресми түрде ресімделгендерден басқа), күмәнді сипаттағы тар пайдакүнемдік мүдделерді көздейтін жабық, оқшауланған құрылымдар болып табылады. Олардың астында не әлеуметтік, не саяси негіз жоқ, бірақ оларда өздерінің бет-бейнесін жаңадан қалыптасып келе жатқан саяси ландшафтқа сәйкестендіруге патологиялық ұмтылыс бар. Бірақ көпшілік әлдеқашан бұл бет-әлпеттерден айныған және олардан тек фиглярларды ғана көреді. Иә, кейде тіпті нағыз сайқымазақтар да мемлекет тізгінінде тұра алады, бірақ мұның қандай салдарға әкелетінін бәріміз жақсы білеміз. Алайда, бізге бұл, құдайға шүкір, әзірге қауіп төндірмейді, өйткені бүгінде саяси элита да, олигархиялық топтар да қолмен басқарылатын команданы ұстауға ынта танытпайды.

Азаматтық белсендiлiктiң не нәрсеге айналғанын ақшаны қажет етпейтiн шоу ретiнде қарастыратын болсақ, әрине, қошемет көрсетер нәрсе бар екені сөзсіз. Бірақ егер қазір орын алып жатқан жайттың бәрі шын ниетпен жасалып жатқан болса, онда төменнен келіп жатқан саяси бастама біздің елде масқаралы түрде төмен екендігін өкінішпен айтуымызға тура келеді. Әрине, бүгінде саяси алаңды басып алған ойыншылар жеңдерінде жасырылған қозырь карталарын мерзімінен бұрын ашқысы келмей, осылай бүркемелеулері үшін ғана жігерлі түрде сілкініп, айналаны таптап жатқанына сенгіміз келер еді. Бірақ сайлау циклі басталып кетті, айтпақшы, бұл туралы сенат вице-спикері Асқар Шәкіров «Гиперборей» арнасына берген сұхбатында нақты айтты, бұл принципті жасырын әрекет жасау туралы сөз болуы мүмкін емес дегенді білдіреді. Керісінше – маскаларды шешетін уақыт келді. Ал онымен өте үлкен мәселе бар сияқты.

Қаңтар оқиғасынан кейін пайда болған «өткен заманның қаһармандары» және саяси ұмытылған сәттен бастап «халық қаһармандары» рөліне үміткерлердің жаңадан туылған командасы бүгінде екі-ақ мағынаны шығара алатыны анық. Біріншісі – жақпайтындарға соттық құдалау ұйымдастыру арқылы халықтың рухын «жексұрындардан» тазарту идеясын жаппай еңгізу болса, екіншісі – «жақсы өмір» туралы дәстүрлі ертегілер, егер біз... (одан кейін фантастикаға дейін әртүрлі опциялар айтылады) олар сөзсіз келеді дейді. Бұл екі мағына да тек популистік саясат теориясына жақсы сәйкес келеді, бірақ шын мәнінде олардың құны бір тиынға да түрарлық емес.

Мысал үшін, жуырда өзі басқаратын партияны тіркеуге жол бермегені үшін тағы да айқай-шу тұдырған бұрынғы «нұротаншыл», ал қазір тіркелмеген El Tiregi көшбасшысы Нұржан Әлтаевты алайық. Оған, сірә, бір кездері кәсіпқойлар жұмыс істеген сияқты, оның бағдарламасы бірегейліктен алыс болса да, әкімдер мен судьялардың жалпыға бірдей сайлануын, бір палаталы парламент құруды, квазимемлекеттік секторды жоюды, салық реформасын жүзеге асыруды, халық үшін негізгі кірісті енгізуді көздейтін әбден лайықты партиялық бағдарлама бойынша бағалауға болады. Партия мүшелерінің ұрандарымен де бәрі ретке келтірілген сияқты – мысалы, «Халық билікті өз қолына алуы тиіс» деген ұранды алуға болады. Бірақ Әлтаев және оның жолдастары, саяси броундық қозғалыстың басқа қатысушыларының алдыңдағы артықшылықтарын пайдалана алмайтыны анық. Көшбасшының бейнесі нашар ойластырылып жасалғаны әсер етеді. Сірә, Әлтаев өзін туа біткен терминатор деп есептейтін болар, сондықтан саяси стилисттің қызметіне ақша жұмсауды қажет нәрсе деп есептемейді. Онысы бекер-ақ. Басқалардан айырмашылығы, оның кем дегенде қандай да болмасын мүмкіндіктері бар.

Мысалы, полицияның тұтқынына алынуы және осы оқиға төңірегінде стихиялы түрде ұйымдастырылған пиар-науқанға қарамастан, тағы бір тіркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясының (ҚДП) жетекшісі Жанболат Мамайдың болашағы өте анық емес болып көрінеді. Тіпті оппозиция ардагерлері оны қамқорлыққа алған кезде де соның негізінде жақсы саяси капитал құруға болатын өзіндік саяси платформасы пайда болды. Ол, әрине, негізінен жинақтардан құрылған болатын, бірақ тұтастай алғанда, El Tiregi жағдайындағы сияқты, бұл да сіңімді тұжырымдама болды. Бірақ мәселе оны аз ғана адам есте сақтап қалғанында. Соның ішінде өзін қазақстандық Навальныймын деп елестетіп, әлеуетті саяси мансабын күмәнді оқиғаларға қатысуға айырбастаған Мамайдың өзі де ол туралы ұмытып кеткен сияқты. Демек, оны соңынан тіпті аздаған электорат саны еретін тұлға деп есептеу – өзін-өзі құрметтемеу деген сөз. Саяси көшбасшы құлшыныстыларды тежеп, белгілі бір шектерде әрекет ете білуі тиіс және фрик-шоу ұйымдастырумен айналыспауы қажет.

Әлтаев және Мамай – ең болмағанда тәжірибесінде қандай да болмасын бір нәрселері бар адамдар: олардфң платформалары қандай екенің құдай біледі, бірақ әйтеуір платформалары бар. Қалған «қайраткерлерде» бұл да жоқ. Мысалы, Ғалымжан Жақиянов, Мұхтар Жәкішев, Болат Әбілов, Марғұлан Сейсембай және тағы басқалар мүлдем рульсіз, желкенсіз, тіпті нақты саяси нұсқаусыз алға ұмтылуда. Бір кездері шынымен де олардың «ауызына қарайтын», оларды белгілі бір көшбасшылар ретінде мойындаған болатын. Енді олардың өткеннің елесін қайта жаңғыртуға тырысып, ескі бейнелерді пайдаланып жатқанына мұңайып қарауымызға тура келіп отыр. Оның үстіне, олар өздерінің бұл бейнелерімен жұртшылық алдында қайтадан сілкитіндей, олар соншалықты күнәсіз емес екенін естеріне салған кезде, оларда эпилепсия басталады. Күні кеше ғана олардың бірінің сенімді өкілдері өз кумирі туралы жақсылап ұмытылған нәрселерді барлығына қайтадан естеріне салғанымыз үшін үстімізден сотқа береміз деп қорқытып, бізге шабуыл жасады. Бұл жерде соттың перспективасы жоқ екені анық, бірақ бұл фактінің өзі кейбір адамдардың ойдан шығарылған нәрсені шындықтан ажыратуды қойғаны соншалықты ойынға беріліп кеткенін көрсетеді. Тағы да еске сала кетейік, алғашқы екеуі өздерінің «ерліктері үшін» отырып шықты, ал қалған екеуі үлкен үреймен құтылып кетті, дегенмен құқық қорғау органдарының оларға алғашқы екеуінен кем сұрақтары болған жоқ. Мінеки, осындай астарға ие бола отырып, олар қазір нұрланған жүздерімен жарқын, мейірімді және мәңгілік нәрселер туралы ойлар білдіріп жүр. Бұл (осындай дөрекі салыстырма үшін кешіріңіздер), унитазда жайғасып алып, Сократты оқып, өз бойымнан философты тамшылап сығып отырмын деп сенумен тең.

Бұл адамдардың барлығы «Жаңа Қазақстанға» ілігуге ​​құқылымын деп есептей отырып, халықты тағы да алдап-арбап алатынына сенетіні өкінішті. Ал бұл дәл осылай аяқталатынына тіпті күмәндануға да тура келмейді, өйткені бұл аталған тұлғалар өздерінің саяси ұмтылыстарын жария ете отырып, олар үшін кем дегенде қандай да бір негіз құруға жарамады. Бізге тек белгілі бір саяси талаптардың фрагменттері ғана ұсынылды, мысалы, қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың барлығын, сондай-ақ саяси айыптары үшін қуғындалған азаматтарды босату; азаптау фактілері бойынша қылмыстық істерді ашу және құқық қорғау органдарын тазарту; астананың бұрынғы атауын қайтару және көшелерді, мекемелерді және құрылымдарды дефамилизациялау процесін бастау. Мұны байыпты саяси негіз деуге, ал өзін «халық қаһарманыз» атағына ие болғылары келгендерді саяси көшбасшылар деп есептеуге болама? Жауап анық сияқты.

Сондай-ақ өз партияларын ашуды көздеген Санжар Боқаев пен Мұхтар Тайжан туралы тіпті сөз қозғаудың да қажеті жоқ. Мұнда, алдыңғы жағдайдағыдай, платформалар жоқ, тек бағыттар ғана бар. Ал көшбасшылық қасиеттеріне келер болсақ – жағдай мүлдем нашар. Бірақ бұл ретте, неге екені белгісіз, олар «ұсталарға тапсырма беріліп қойған, ертеңге дейін орден жасап шығарады!» - деп сенімді...

Бір сөзбен айтқанда, не десек те, өзін наразылық білдіруші электораттың көшбасшысымыз деп есептейтіндердің тактикасы мен стратегиясын есептеп шығару мүмкін емес, өйткені мұнда тек өзін-өзі көрсету және рухани тұрақсыздықтар ғана бар. Жаман анекдоттағыдай: сөз тек сөз үшін айтылып, қозғалыс – тек қозғалыстың өзі үшін жасалады.