Еліміздің бас шаһарының оңтүстіктен солтүстікке көшіргеніне биылғы жылы ширек ғасыр толады. Бұл шешім алғашында екіұштылықпен қабылданып, далада жаңа сәулеттік оазистің құрылуына бәріміз куә болғанымызға қарамастан, мұндай шешімнің дұрыстығына күмәндану дәрежесі сейілмей, саяси транзит аяқталып біткеннен кейін, қайтадан күшейе бастады. Дәл сол себептен, алдағы келе жатқан мерейтой қарсаңында, біз елорданың орналасқан жерін ауыстыру туралы шешімнің қаншалықты негізді болғанын және осы ретте қойылған негізгі мақсаттарға қол жеткізілдіме деген мәселені талдауға тырысып көреміз.
Еуропа мен Азия арасындағы көпір
Жаңа астананы алғашында оның бас «сәулетшісі» – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Батыс пен Шығысты байланыстырушы буыны ретінде ойластырған болатын. Өткен жылдардың биігінен қарай отырып, бұл жүз процентке орындалған жалғыз ғана міндет деп айтуға болады, оған ең алдымен, еуразиялық континенттің тура орталығында жаңа «Қазақстан штабының» географиялық орналасуы ықпал етті. Оның әлемдік күш орталықтарынан дәлме-дәл алшақтығы біздің елімізге әлемдік қоғамдастықта өз орнын алғыза отырып, Қазақстанға халықаралық аренадағы көптеген маңызды процестердің делдалдығы мен генераторы рөлін атқаруға мүмкіндік берді деп есептеледі.
Елордада тұрақты түрде өткізіліп отыратын халықаралық іс-шаралар көпшілігіміздің тарапынан негізсіз аса шығынды және қажетсіз сән-салтанатты іс-шаралар ретінде қабылданады. Бірақ, бір қарағанда, әдеттегі понттардың демонстрациясы сияқты болып көрігенімен, осындай жақтырмаушылықтың әділдігіне қарамастан, біз үшін олар «жоғары лигаға» трамплин болды. Біз Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін, Астана экономикалық форумын және басқа да осындай іс-шаралардың өткізілуіне қаншалықты күмәнмен қарасақ та, олар бәрібір Еуропа мен Азия арасындағы сол гипотетикалық көпірді салып, қазіргі халықаралық күн тәртібінде Қазақстанның әлемдегі орынын берік бекітті. Осы орайда, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және ИЫҰ саммиттерін, EXPO -2017 халықаралық көрмесін қабылдаған дәл осы біздің елордамыз екенін еске сала кеткен жөн. Бір кездері дәл осы Астана еуразиялық интеграцияның символына және бірқатар геосаяси және жергілікті қақтығыстарды (Қырғызстан, Украина, Сирия, Ауғанстан) реттеуге ықпал еткен маңызды дипломатиялық орталыққа айналды. Ал бірнеше жыл бұрын құрылған АХҚО (Астана халықаралық қаржы орталығы) елорданың іске қосқан, ынтымақтастық пен диалогтың жаңа жолдарын іздеуге бағытталған бастамалардың қосымша – экономикалық – тірегі болмақ.
Тәуелсіздіктің символы және элитаның жаңаруы
Ал тәуелсіздіктің символына айналуға тиіс болған жаңа астананы (ол жерде «Бәйтеректің» және қазіргі кезде Қазақстанның егемендік алуымен байланыстырылатын өзге де құрылыстардың пайда болуына қарамастан) осылайша атау қиын. Тәуелсіздік рухы – 1986 жылы тарихи маңызды оқиғалар қала көшелерінде орын алған, саяси шешімдер қабылдау құқығы үшін қан төгілген оңтүстік астанада сақталып қалды. Сонымен қатар, соңғы кездері ел ішінде, тәртіпсіздіктерге айналып кеткен, шерулер де соның қосымша дәлелі болды – Алматының қасіретті қаңтардың ошағына айналуы кездейсоқ емес.
Дегенмен, символдар жайлы пікірталас жүргізуге болады – мұнда талқылаулар жүргізу үшін кең өріс бар. Бірақ элитаны жаңартып, оның ой-өрісін қайта құру міндетін жаңа астана атқара алмағаны анық. Билік шенеуніктерінің кеңістіктегі орындарын ауыстыруы бір кездері тұңғыш президент армандаған терең саяси процестерді өздігінен бастап жібермеді. Нұрсұлтан Әбішұлы өз міндетін былайша тұжырымдаған: «Ескі бұғауларға (онда мемлекеттің жүрегі – Алматы – әрең соғатын) батып бара жатқан ескі режимнің билеуші элитасын қалай жұмылдыруға болады? ...Барлық нәрседе, абсолютті түрде барлық нәрседе түбегейлі өзгерістер қажет екенін анық сезіну мені барған сайын көбірек иемдене бастады. Мен қазіргі жағдайдан, қалыптасқан тығырықтан шығудың жолын іздедім. (...) Адамдарды сілкіндіруге және олардың «миын сергітуге» көмектесетін қандай да бір әдеттегіден айтарлықтай ерекшеленетін шешім қажет болды».
Ал сол кездегі түбегейлі өзгерістерге келетін болсақ, олар астананы көшіруге дейін іске қосылып қойған болатын. Алматы экономикалық және саяси реформалардың іргетасын қалауының орнына айналды, оның контурында біз осы күнге дейін өмір сүріп жатырмыз. Жаңа астанада әзірленген кейінгі бастамалар, мейлі ол біздің еліміздің әлемдік экономикалық көшбасшылардың отыздығына кіру идеясы болсын немесе индустриялық-инновациялық революция жасау ниеті болсын, прожектёрлық сипатта болды. Сонымен, «миды сергіту» онша жақсы нәтиже бермеді.
Елорданы көшіргеннен кейін саяси элита сол қалпы сілкінбеді. Мемлекет басшысын Алматыдан көшіп келген «ескі режимдіктер» (қызмет жолы Астанада басталған Әділбек Жақсыбековты қоспағанда) қоршауды жалғастырды. Олардың қатарында Нұртай Әбіқаев, Мұхтар Алтынбаев, Қайырбек Сүлейменов, Қанат Саудабаев және т.б. Кейіннен осы «тұйық ішкі шеңберді» «киндер-сюрприздердің» арасындағы жаңа тұлғалармен сұйылту әрекеті нақты саяси катаклизмдерге әкеліп тіреп, мемлекетті ұзақ уақыт бойы өз жараларын жалап емдеуге мәжбүр етті. Осыдан кейін президент көп жылдар бойы мұндай тәуекелдерге бармай, «ескі гвардияның» тексерілген өкілдеріне сенуді жөн көрді.
Болашағы біртұтас ұлттың негізі
Кезінде астананы көшіру туралы шешім қабылдау уәждерінің бірі – сыртқы қауіп төнуі мүмкін мемлекеттік органдар қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі аталған болатын. Қалай болғанда да, бұл тұралы еліміздің тұңғыш президентінің өзі де айтқан: «Біз Орталық Азия аймағында сол кездегі бірқатар сарапшылар болжаған шиеленістің күшеюін ескеруіміз керек еді. Сондықтан мемлекеттік басқарудың жоғары органдары қызметінің қауіпсіздігін, аймақтық жағдайдың ықтимал асқынуы жағдайында олардың қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету маңызды болды».
Мұндай тәуекелдер шынымен қаншалықты күшті болғанына тіпті бүгінгі күні де, яғни көптеген жылдар өткеннен кейін, баға беру қиын. Бірақ, қалай болғанда да, еліміздің бас қаласын көшіру кеңестік кезеңдегі мемлекеттік құрылыс барысында орын алған бұрмалаушылықтардан туындаған ел ішіндегі тәуекелдерді бейтараптандыруға мүмкіндік берді. Осы орайда біздің бір тарихшы-ғалым айтқандай, «Елорда мемлекет құру құралдарын жасаудың өзіндік шеберханасы және олардың қызметін реттеуші ретінде әрекет етті».
Бізде осы күнге дейін нәрселерді өз атауларымен атауға ұялады, оның орынына «көпұлтты мемлекетті нығайту», «елдегі түрлі этностар арасындағы достық пен келісімді сақтау және арттыру» деген сияқты күрделендірілген сөз тіркестерін қолдануды жөн көреді. Бірақ шын мәнінде, жаңа саяси-экономикалық орталықтың құрылысы күшті ішкі көші-қон процестерін іске қосып, бұл аймақтардың ұлттық құрамының араласуына әкелді, бұл белгілі бір дәрежеде ауқымды ұлтаралық шиеленістердің және, мүмкін, тіпті қақтығыстардың қаупін жоюға мүмкіндік берді. Ал бұл міндетті жаңа астана атқарғаны сөзсіз. Өкінішке орай, біздің елімізде этносаралық қақтығыстар орын алып тұрады, бірақ жасанды түрде салынған буфер болмаса, олардың саны әлдеқайда көп болар еді деп болжауға болады.
Аймақтардың пропорционалды дамуы
Елорданың барлық аймақтардан тең қашықтығы бонус ретінде аумақтарды басқару тиімділігін (орталықтан) арттыруды ғана емес, сонымен қатар өңірлердің біркелкі әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді деп күтілген болатын. Бірақ бұл үміттер сол қалпы орындалмады. Қазақстанның бас қаласының қажеттіліктері негізінен оның жақын шет аймақтарында – Қарағанды, Ақмола, Көкшетау облыстарында жаңа өндірістер мен экономикалық өсу нүктелерінің пайда болуына түрткі болды. Нәтижесінде елорданы көшіру идеясына енгізілген тағы бір фактор жұмыс істемеді, өйткені оңтүстік (халықтың саны артықша көп болғандығымен және тек ауыл шаруашылығында шоғырлануымен сипатталатын) желісі бойынша халық пен өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрмаланулар – солтүстік (кадр тапшылығын бастан кешіріп отырған индустриалды дамыған аймақ) әлі күнге дейін мемлекеттік басқарушылардың бас ауруы болып табылады. Жаңа астананы салу фактісі өздігінен қазақ экономикасының үйлесімді дамуын тудырмағаны анық көрініп отыр.