«Нөлдік» жылдарда біржола жеңіліске ұшыраған бұрынғы «жас түріктердің» араға жиырма жыл салып, «Жаңа Қазақстанның» саяси көкжиегінде қайтадан өз жұлдыздырын жағуға талпынғанын көру күлкілі. Олар ақпараттық салада белсенділік танытып, саяси қозғалыстарға қосылып, тіпті жаңа партиялардың құрылып жатқанын жариялауда. Бірақ олардың әрекеттері шынайы жанашырлықтан басқа ешнәрсе тудырмайды, өйткені олар баяғыда тозығы жеткен және оларға тар болып қалған д'Артаньян камзолын киіп, уақыт өте келе өткірлігі жойылған қылыштарын сілтей жөнелді. Олар Қазақстанды болашаққа апара жатқан пойызға бүгін секіріп мінуге қанша талпынса да, олардың уақыты баяғыда жіне үмітсіз өтіп кеткені анық.
Склептегі ертегілер: Поп Гапон және «өтірікшілер»
Алайда, олар өздерін саяси өлікпіз деп есептемей, құлшыныспен шайқасқа асығып жатқан сияқты. Неліктен? – бұл жауабы жоқ сұрақ. Мүмкін, оларды өзгерген әлемде өздерінің керек екендігі туралы жалған иллюзиялар алға тарқан болар, ал немесе, бәлкім, бір кездері өздері оның табанын рахаттана жалаған жаралы арыстанды енді теуіп жіберу ниеті шығар. Бірақ, қалай да болмасын, олар әдеттегідей ештеңе айтпау үшін өздері жайлы тағы да еске түсірді.
Бүгін сенсациялық «аяндармен» шығып жүрген бұл адамдар өздерінің қатал саяси іс-әрекеттерінің имитациясын жасап жүрген кезінде кеңінен таратқан сол «склептегі ертегілер» тақырыбында паразиттік әрекетін жалғастырып жатқанын өздері де байқамайды. Ал егер бұрын бұл өсіп келе жатқан кездегі ауыру сияқты болып көрінсе (ол біткеннен кейін біз олардан ерекше, жетілген саясаткерлерді көреміз деген оймен), ал енді бұл олардың «шыңы» екені анық – бауырымен жорғалау үшін туылғандар аспанда ұша алмайды дегендей.
Бұл ойларға Болат Әбілов пен Ғалымжан Жақиянов сияқты ұмыт болған бұрынғы кейіпкерлердің қоғамдық кеңістікке шығуы түрткі болып отыр. Бір кездері олар елімізді қалпына келтіру ниеттерін жариялаған болатын, бірақ олар өздерінің саяси мансаптарын да дұрыстап құра алмады. Біріншісі көпшіліктің есінде тек өзгелерді таңдандыруға ұмтылысымен және қымбат тұратын мақтаншақтық іс-әрекеттерімен ғана (сайып келгенде ол сайқымазақ деген атаққа ие болды) сақталып қалды. Екіншісі – атышулы қылмыстық істермен, билікті асыра пайдаланып, қазынаға миллиардтаған зиян келтіргенімен, соның салдарынан жарқын (мысқылсыз) басына саяси шейіттің ореолін ілініп қойылғанымен есте сақталды.
Қайтадан саяси ағымның бір бөлігіне айналуға тырысуы, әрине, олардың жеке ісі, «сақалына ақ түскен, қабырғасын жын түрткен» деп бекер айтылмаған ғой. Бірақ олардың әрекеттері байыпты қабылдауға тұрарлық емес сияқты. Сол Болат Әбілов айтқандай, қаңтар бәрімізді жаңа елде оянуға мәжбүр етті. Мұнымен дауласу шынымен де өте қиын. Ал бұл елде, біз бәріміз көз жеткізіп үлгергендей, жаңа дегеніміз ұмытылған ескі дегенмен теңеспейді. Ал Әбілов пен Жақиянов – ескі тарих болып қалған, қоқсыққа тасталған саяси қайраткерлер, олар қазіргі кезде жаңа шекараларда қалыптасып келе жатқан саяси өрісте өзіне лайықты сюжетті таба алмайды. Оның үстіне, олардың анамнезіндегі негізгі ақпарат оларға толыққанды қайта тірілуіне мүмкіндік қалдырмайды.
Бәлкім, олар өздерінің «ерліктері» туралы барлығы әлдеқашан ұмытып кетті деп, өздерін бүгінде оны бөлшектеуге қосылуға тырысып жатқан «режимнің» жазықсыз жәбірленген құрбандары ретінде көрсете отырып, бәрін нөлден бастауға болады есептеген шығар. Ұмытқан жоқ. Жақияновтың қаржы-өнеркәсіп тобын, яғни ФПГ-ны ОПГ-мен (ұйымдасқан қылмыстық тобы) шатастырып оппозицияға кетіп қалғанын да, Әбіловтың сан жетпес, осылай айтуға рұқсат болса, «афёраларын» да (біресе лотерея ұйымдастыру, біресе ПИК-тік жекешелендіру, біресе тіпті бір комбинатты тұтасымен басып алуға тырысу) ұмытқан жоқ.
Бүгінде, қоғамдық пікірдің көшбасшылары атанғандарға оңды-солды сұхбат таратып, олар, әрине, өздерін батыр етіп көрсету үшін тарихты жаңадан жазуға тырысып жатыр. Бірақ, айтарлықтай, аңыз жаңа, бірақ оған сену қиын. Оның үстіне, олардың ерлігі туралы шындық жадымызда ғана емес, интернетте қалған ақпараттық ізде де сақталып қалды, ал бұл – гигабайттық мөлшерлемелердегі құжаттар мен жазылып тіркелген дәлелдер. Сондықтан, Әбілов және Жақиянов сияқты кейіпкерлер қайтадан ауыздарын аша бастағанда, құлақты жауып алғымыз келеді. Еліміздің қазіргі президенті, премьер-министр лауазымында болған кезінде, оларды саясаттағы «интригандар» және «киндер-сюрприздер» деп атағаны бекер емес. Анықтаманың дәл келгені уақытпен тексерілген дегендей. Ал егер солай болса, «нөлдік» жылдардың басында Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Караван» газетіне берген сұхбатының осы тақырыптағы үзіндісін еске түсіргеніміз артық болмас.
- ...«киндер-сюрприздер» туралы мәлімдемені сіз жасадыңыз ба?
- Менің лингвистикалық табуым саяси лексиконға еніп кеткен сияқты.
- Бірақ осы лингвистикалық табуыңыз үшін сізден осы күнге дейін кек алып жатыр.
- Мені ол енді алаңдатпайды. Ирина Ратушинская жазғандай:
Бала кезден қанаттыны, туғаннан жақпағанды,
Ұстап қалуға тырыспа, қарғама, қорқытпа,
Біз кетеміз, кетеміз, кетіп бара жатырмыз,
Арқадан атқан оқты есту мүмкін емес дейді...
- Жақсы поэзия. Бірақ сіздің премьер-министр болуыңыз көп сұрақ қалдырды, мысалы, белгілі қарсыласыңыз Әбіловте.
- Арнайы психологиялық әдебиетте сипатталған мінез-құлық түрлері бар. Мен сенімділікпен айтып отырмын, өйткені бір кездері бұл әдебиетті оқығанмын.
- Ал біз сізді шет тілдері мен халықаралық қатынастар тарихын оқыған деп ойладық.
- Тек осы пәндерді ғана емес...
- Сонымен, бұл қандай мінез-құлық түрлері?
- Бұл адамдар, әдетте, істеуге кіріскен нәрсенің бәрін өте нашар жасайды, жиі сәтсіздікке ұшырайды. Түрлі себептермен, мысалы, жүйелі білімнің жоқтығынан. Олар мұны түсініп, кемсіне бастайды. Көбінесе бұл кемсінулерді басқа адамдар пайдаланады.
- Қандай бағытта?
- Мысалы, оларды саяси өтірікшілер ретінде пайдаланады.
- Әбілов – өтірікші деп айтқыңыз келіп отырма?
- Мен психологиялық тип туралы айтып отырмын.
- Онда нақты мысал келтіре аласыз ба?
- Ресей тарихында поп Гапон осындай адам болған.
Өлімге әкелетін реваншизм немесе Фиаскоға ұшырауға мәжбүрлілер
Бір сөзбен айтқанда, «нөлдік» жылдардағы саясаткерлердің бүгін көрсетіп отырған реваншизмі тек түсінбеушілік тудырады, ал олардың мәлімдемелері нафталинің иісін мүнкітіп қана қоймай, сонымен бірге ашық ақымақтықтықтың белгісі болып отыр.
«Жаңа Қазақстанға» сол Болат Әбілов не бере алады? Тағы да Алла Пугачеваға үйленуге уәде бере ме, әлде Байқоңырдан өз есімі жазылған зымыранды ұшырады ма? Әлде саяси элитаның жаңа жұлдыздарымен туыстығы туралы келесі қауесетті тарата ма немесе хайп үшін премьер-министрдің үстінен сотқа арыз бере ме? Әлде бір кездері «Азат» партиясымен жасағандай, басқа да танымал саяси брендті «өз қалтасына» салып алама? Айтпақшы, желтоқсан оқиғасынан кейін құрылған осы аттас қозғалыстың негізін қалаушылар айтқандай, ол өз қолымен өзіне саяси бейіт қазды – басына түскен қарғыстардан бір-екі жыл өткен соң, ол партияның жұмысын тоқтатып, демалысқа кетуге мәжбүр болды.
Оны «көзбен көрген адамдай өтірік айтушы» деп атау әдетке айналған, ал оның айтқанының барлығын екіге бөлуге кеңес берілетін Болат Әбілов бүгінде отандық саясатқа керек пе? Ал, негізінен, бүкіл саяси мансабында оның оң қолы сол қолының не істеп жатқанын білмеген кезде, сол қолы әрқашан өзімдікі дұрыс деп сезінетінін өз мысалымен дәлелдеген адамнан не күтуге болады?
Саясаттан кеткеннен кейін көп ұзамай ол қытайлық экспансияға қарсы күресіп, қатты дауыстап: «Билік біздің құқықтарымызды және бостандықтарымызды басып, оппозициямен, тәуелсіз БАҚ-пен күресіп, сайлауды бұрмалап, авторитарлық режимді күшейтіп, өзін үлкен стратег боламыз деп жүрген кезде шығыстағы көршіміз кеңею жоспарын жүзеге асырды. Қытайлықтар былай деп шешті: Егер Ақ-Орда бірнеше жыл бойы Қытайдың ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне миллион гектар жерді беру мәселесіне уәде беріп, бірақ «лақтырып» кеткен болса, онда біз сіздердің жемқор еліңізде барлық мұнайды сатып аламыз. Және олар мұны сәтті жасап отыр» - деп жариялағаны есімізде.
Өз пікірлестерімен бірге Әбілов Алматыдағы митингілерге де қатысып, бұған дейін жоспарланған Қазақстан-Қытай бірлескен экономикалық жобаларын жүзеге асыруды тоқтатуды және Қытайдың мердігерлерімен жасалған барлық келісім-шарттарды (оның айтуынша, олар отандық экономикада қауіп төндіретін сипатқа ие болды) жария етуді талап етті. Бұл позиция сияқты. Мүмкін тіпті құрметтеуге лайық позиция болар. Бірақ мұндай экспансияның қауіптілігі жөнінде айқайлап жүріп, Әбіловтың өзі сол мезгілде қытайлықтармен бірге бизнес жобасын жүзеге асырып жатқан болатын. Әңгіме күн және жел электр станцияларын салу және пайдаланумен айналысатын Universal Energy Qazaqstan компаниясы жайлы болып отыр.
Дегенмен, Бутя конъюнктураға икемденуші екендігі бірнеше рет дәлелденген теорема. Мысалы, оның тіл мәселесіне қатысты пікірінің өзгеруін алуға болады. Алдымен ол президенттің атына жазылған хатқа қол қойды, оның негізгі үндеуі ретінде орыс тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру мәселесін жалпыхалықтық референдумға шығару қажеттігі айтылды. Кейінірек ол басқа бір үндеуге – енді Конституциядан 7-баптың 2-тармағын алып тастау, яғни дәл осы орыс тілін жергілікті ұлтшылдар ұмтылып отырғандай қазіргі мәртебесінен айыру туралы үндеуге қол қойды.
Ғалымжан Жақияновқа келетін болсақ, ол өз пікірін лезде соншалықты әдемі ауыстырып жіберуді білмейді және әлі күнге дейін өзі таңдаған ертеректегі Немцовтың рөлін ойнауға тырысып жүр. Бірақ оның да есіне сала кететін нәрсе бар. Ол Павлодар облысының әкімі болып тұрған кезде жасаған «күнәлары» үшін жазасын өтеп жатқанда-ақ құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің тағы бірнеше бабына сәйкес келетін бірқатар қызық деректердің бетін ашты. Ал саяси азаптанушының бейнесіне үйреніп қалған сияқты болған Жақиянов күтпеген жерден жанкүйерлері бағаламаған қулық жасады. Ол жазбада, айтпақшы теледидарда көрсетілген жазбада, өзіне қарсы қылмыстық іс қозғамауды және бостандыққа жіберуді, сонымен қатар... «белсенді саяси қызметтен» бас тарқаны үшін айырбас ретінде «бизнеске оралуға көмектесуді» өтінген болатын.
Мынадай сұрақ туындайды: бұл қайраткерлер бүгінде халыққа не нәрсемен бара жатыр? Біреуі – парламенттік республика жайлы, сондай-ақ бәріне және барлығына арналған жалпы сайлау қажет деген сияқты ұрандарымен бара жатыр. Екіншісі – қазіргі президенттің айналасында топтасу идеясымен – ол үшін оны бұрынғы жақтастары сынға алды. Дегенмен, шын мәнінде, не үшін? Жақиянов «Қазақстанның демократиялық таңдауының» символы болып жүрген кездің өзінде «түптеп келгенде қоғамның талаптарын орындайтын үкімет республиканы басқаруды жалғастырса болар еді, бірақ азаматтардың бақылауында» - деп ашық айтқан болатын.
Бұл жерде не айтуға болады? Шамасы, ерте ме, кеш пе, Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайтадан сыпырғышты алып, бұл екеуісіз де көбейіп кеткен «саяси қоқсықтарды» сыпырып шығаруға кірісуге тура келетін сияқты. Бақытымызға орай, оның қолы оған үйренген дегендей.