Пандемия кезінде көптеген қазақстандықтар отбасылық мерекелер мен ас берулерді өткізу керек пе, жоқ па деген дилеммаға тап болды. Әлеуметтік желілерде кейбір танымал қайраткерлер той өткізу мен ас беруді қазақтың салт-дәстүрімен ақтайды, ал басқалары олардан бас тартуға шақырады. Басымдық не болуы керек – осы дәстүрлерге адалдық пен туыстық және достық қарым-қатынасты сақтау ма әлде өзіздің және басқалардың денсаулығы үшін жауапкершілік пе? «Қоғамдық пікір көшбасшылары» халықты қалай бағдарлауы керек? Біз сарапшыларымызды осы мәселе бойынша өз пікірлерін айтуды ұсындық.

Ғалым Жүсіпбек, тәуелсіз зерттеуші:

«Бұл «қара шұңқыр» біздің азаматтардың уақытын, куш-қуатын және талантын жұтады».

- Той-дұманнан бас тарту маған ақылға қонымды көзқарас сияқты болып көрінеді – өркениетті қоғамда дәл осылай болуы керек. Дәстүрлер адамның өмірі мен денсаулығынан маңызды бола алмайды және олардан маңызды болмауы керек.

Еліміздің, қоғамның жан-жақты дамуы үшін, білім мен мәдениеттің өрлеуі үшін, менің ойымша, қазақтың той-дұмандары сияқты құбылысқа (үйлену тойы, мерейтой, қыз ұзату, ас беру т.с.с.) деген көзқарасымызды түбегейлі өзгерту қажет. Өзінің қазіргі заманғы түрінде ол толыққанды адами капиталды қалыптастыруға жол бермейді, қаржылық және экономикалық ресурстарды ғана емес, адамдардың психоэмоционалды және физикалық мүмкіндіктерін де азайтады. Бұл біздің азаматтарымыздың уақытын, күш-қуаты мен талантын сіңіріп алатын «қара шұңқырдың» бір түрі. Біздің елдегі білім, ғылым, медицина деңгейінің төмендігі және сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейінің бір себебі осында жатыр.

Мұндай жаппай іс-шараларды өткізу мыңдаған азаматтар ауыр науқастармен ауырып жатқан кезде, жүздеген адамдар (мүмкін, одан да көп болар – нақты санын ешкім білмейді) қаза тауып жатқан кезде ерекше айыптауға лайық. Бұл мисыздық, тіпті қылмыс. Тойлардың ұйымдастырушылары мен шабыттандырушылары дәстүрлердің сақталуын сылтауратып, адамдарға қауіп төндіргенде, олардың өмірлері мен денсаулығына қасақана болмаса да қол сұғады. Айтпақшы, Оңтүстік Кореяда шіркеулердің бірінде қызмет кезінде 50-ге жуық адам коронавирус жұқтырғаны үшін пастор сотталды. Осындай жағдайлар АҚШ-та да тіркелген...

Өкінішке орай, біздің кейбір блогерлер, зиялы қауым өкілдері, шоу-бизнес жұлдыздары, уағызшылар және басқа да қайраткерлер конспирология теориясының жетегінде кетіп, адамдардың санасында коронавирустық инфекцияның бар екендігі жөнінде күмән тудырады. Көптеген азаматтардың карантинді сақтаудан бас тартуына да олар жауапты. Бүгінде, эпидемия кезінде патриот – аузынан көбігін шашыратып өз тілін, дәстүрін, дінін «қорғайтын» немесе дұшпандарын (көбінесе ойдан шығарылатын) айыптайтын адам емес екендігіне біз бәрімізде көз жеткіздік. Патриот – өз өмірін қатерге тігіп нақты адамдарға нақты пайда әкелетін адам екеніне сенімдіміз. Бұл қарапайым еріктілер, яғни волонтерлер (олардың көзқарасы мен ұстанымдары қандай да болмағанына қарамастан). Патриот – гонорарлардың жоқтығына наразылығын ашық білдіретін әртіс емес, әрине патриот – бұл өзінің инерттілігі немесе ақылға қонымсыз әрекеттері салдарынан мыңдаған адамдарды азап шегуге мәжбүр еткен шенеунік те емес.

Әдет-ғұрып, мәдениет, сәйкестік тақырыбына қайта оралсақ, олар монолитті, біртектес және қатып қалған нәрсе еместігін баса айтқым келеді. Бұл біріншіден, гетерогенді, екіншіден, динамикалық құбылыстар. «Нағыз» қазақ немесе орыс қандай болуы керек екендігі жөнінде қандай да бір «стандарт» немесе «өлшем» жоқ. Сондықтан, «біздің ата-бабаларымыз осылай өмір сүрген және былай істеген» деп архаикалық нәрсені тірілтуге тырысу – бұл нонсенс. «Елу жылда ел жаңа» деген халық даналықты есіңізге алыңызшы.

Сондай-ақ «біз өзгермейміз», «ол біздің қанымызға сінген» деп менталитет факторына жүгінбеу керек. Бұл тек құрастылылып салынған құбылыс, яғни ген арқылы берілмейтінін түсіну керек. Ол отбасында және қоғамда қалыптасады. Білім теріс әлеуметтік нормалар мен жалпы менталитетті жақсы жаққа өзгерту үшін жаралған. Пандемия бізді кландық, патриархалдық қоғамға тартатын, кейде тіпті азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін әдеттердің шеңберінен шығып, дамуымыз қажет екендігін көрсетті.

Қазіргі заманғы аста-төк қазақ тойлары – бұл дәл осы ақшаға табынуға негізделген, «адамға деген құрмет оның әлеуметтік-экономикалық жағдайына тікелей байланысты» деген жалған мәдениеттің көрсеткіші. Адамдар үнемі «ұят» ұғымына жүгініп, өздерін осы тұйыққа тіреді. Негізінде ақшаны үнемдегені үшін емес, зорлық-зомбылық жасағаны үшін ұят болу керек, әсіресе отбасылық зорлық-зомбылық үшін, сыбайлас жемқорлық үшін, непотизм үшін ұят болу керек.

Адамдар ақылды әрі жауапкершілікке ие болатын кез келді. Тойларда және басқа мерекелерде уақыт пен ақшаны ысырап етпей, өзін-өзі дамытумен айналысқан жөн болар еді. Азаматтар өз біліміне ғана емес, жақындары мен жерлестерінің біліміне инвестиция салуға басымдық беруі керек. Дәрігердің, мұғалімнің, ғалымның мәртебесі әртістердің дәрежесінен төмен болмауына, олардың жұмысына жеткілікті деңгейде ақша төленуіне ұмтылу керек. Айналада іс-шаралар немесе мерейтойлар өткізіліп жатқан кезде, ақшаның жоқтығынан ауыр науқас балалар емделуге кезегін күтіп қалмауына тырысу қажет.

«Адам құқығын қорғауды» ұлттық (бұл жерде мен азаматтық ұлтты айтамын) идея етіп жасау керек, сонда тек элитаның белгілі бір қабаты немесе категориясы ғана емес, барлық адамдар Қазақстанда жақсы өмір сүре алады. Тойлар, батырлар және билер жөнінде мақтануды доғаратын да уақыт келді – тек қарапайым халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін жақсарту үшін жасалған нақты істер ғана мақтауға тұрарлық.

Гүлзада Омарова, өнертану докторы, академиялық профессор:

«Қоғамда да, адамдардың санасында да басымдықтарды өзгерту қажет»

- Әрине, Қазақстандағы ұлттық дәстүрлерді ұстану карантинге еш кедергі жасамайды, және, әрине, әдет-ғұрыптарды ұстану біздің азаматтарымыздың арасында аурудың күрт өсуіне себеп болған жоқ. Егер кімде-кім «жерлеу рәсімдері мен жасырын отбасылық мерекелерге жиналатын қазақтар бір-біріне ауру жұқтырды» деп бәрін осы тұрғыдан түсіндіргісі келсе, демек, бұл біздің назарымызды көз алдымызда болып жатқан трагедияның шынайы себептерінен аударып жіберу үшін жасалады. Коронавирустық эпидемия лакмус сынағы ретінде тек медицинадағы мемлекеттік және «жүйелік қателіктерді» ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың барлық жүйелік мәселелерін анықтағанын мойындау керек.  

Жалпы алғанда, таңқаларлық оқиға болды: тек көрсетуге ғана арналған нәрсенің барлығы, шындыққа жанаспайтын («жалған нәрсе») немесе қазақша айтқанда «жасанды дүние» қазір өте қиын кезеңдерді бастан өткеруде, өйткені қазіргі «қатерлі заман» үстірт нәрселерді бірінен соң бірін жұлып тастап жатыр, ал барлық шындық біртіндеп ашылып жатыр. Еріксіз көз алдымда өзін жұмақ етіп көрсететін, ал «икс сағаты» келгенде өзінің жағымсыз ерекшеліктерін көрсеткен тозақ туралы астарлы әңгімеден гротескілік сурет елестетемін...

Осының аясында президенттің сөздері өте қызықты болып естілді: «Мемлекеттердің өзін-өзі сақтау дәуірі келді, ал өмір сүру тәсілі ретінде жұмыс алдыңғы қатарға шығуы керек. Тойлардың уақыты кетіп барады. Енді ақыл, ғылым, білім, еңбек уақыты басталып келеді». Менің ойымша, Қасым-Жомарт Кемелұлы тойлар жөнінде айтқанда, ол ең алдымен халықта «қөзбояушы тойлар» деп аталатын және шынайы еңбек нәтижелерімен ешқандай байланысы жоқ, көп ақша жұмсалатын мемлекеттік іс-шараларды меңзеді. Әрине, нәтижелер пайда болуы үшін қоғамда да, адамдардың санасында да басымдықтарды өзгерту қажет – мен жеке өзім мемлекет басшысының шақыруын осылай түсінемін.

Бірақ «той» деп аталатын «тозақ маскасының» артында шын мәнінде не жасырылғанын анықтап көрейік. Ұлттық масштабта, бұған дейін айтылғандай, бұл миллиондаған және миллиардтаған теңгеге жасалған салтанатты мерекелері, олар шетелдіктерді тамсандырады, кей кезде таң қалдырады, ал біздің көпшілігімізді (үкіметтің ақшасы қайда жұмсалады?!) ашуландырады. Шынымды айтсам, мен мұндай ысырапшыл, бақылаусыз (қаржы жағынан), кейде тіпті еліміздің абыройын төгетін тойлар өткізуге ұзақ мерзімді мораторий (немесе тіпті тыйым) енгізу жөніндегі заңға бірінші болып қол қояр едім. Бірақ тыйым салуды ұсынатын адамдар (ол ғалымдар, шенеуніктер немесе имамдар болсын) бұл тойлар жөнінде айтып отырған жоқ. Олардың барлық ашулары (ең алдымен, пандемияға байланысты, бірақ тек ол ғана емес) отбасылық іс-шараларға – құдалық, үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, ас беру – оларға шынымен де барлық туыстары, достары, әріптестері жиналады.

Менің ойымша, нағыз қазақтар ғана (айтпақшы, қазақ тілін білуі немесе білмеуі оған ешқандай қатысы жоқ) қазақ тойларының құбылысын түсіне алады және оны айыптамайды. Себебі «бүкіл жұртпен» бірге қуану мен қайғыру қанға сіңген. Бұл этникалық дәстүр, және ол бар болған кезде ғана қазақтар қазақ болып қала береді...

Бірақ қазіргі «арнаулы» мерекелерімізді егжей-тегжейлі қарастырайық. Жоғарыда болатын салтанатты мерекелер, әрине, төменде де орын алады, яғни олардың субъективті мазмұны табиғи түрде төменгілерге де көшеді, кейде отбасылық тойлар (әрине, әр-қайсысы өз деңгейінде) тек мақтану әрекеті тәрізді. Неліктен дәл осы отбасылық мерекелер өз инфрақұрылымымен (мейрамханалар мен кафелердің ғана емес, сонымен қатар базарлардың да көп саны бар!) және қызмет көрсету жүйесінің (мейрамханалық шоу-бизнестің және мультимедиялардың кең желісі) отандық ойын-сауық индустриясының негізгі тірегіне айналды? Осы сұрақққа жауап қажет. Егер қазақ тойлары болмаса, мұның бәрі осыншалық мөлшерде болмас еді. Ал жоғарыда қойылған сұраққа мен былай деп жауап берер едім: егер дәстүрлі қазақ тойлары бір кездері ең алдымен рухтың мерекесі болса, онда қазіргі заманғы адамдар барлық арнайы «аксессуарлары» бар тойларды дененің (немесе іштің) мерекесіне айналдырды.

Ал енді оның бәрі тоқтатылды. Дәмханалар мен мейрамханалар босап қалды, әншілер тоқырауда, даяшылар өздерінің кейбір оқу орындарының студенттері екенін еске түсірді. Халықтың едәуір бөлігі үшін олар көңіл көтеретін нәрсеге айналған болатын, енді пайда болған вакуумға байланысты нағыз «көңіл-күйдін айтарлықтай нашарлауы» орын алды, өйткені ертеректе олар «той-томалақ» оқиғаларын және «эстрада жұлдыздарының» өмірін бақылап отыратын. Ал енді соңғылары өздері қай ақшаға өмір сүреміз деп ойланып қалды... Осындай «жалған нәрсе» жұмыс немесе ғылым саласында емес, ол отбасы, мәдениет және мәдени демалыс саласында бар. Ал мұның орнын немен алмастыруға болады?..

Қуат Күнболатов, ЖСДП Төралқасының мүшесі:

«Дәстүрлерді керісінше емес, заманның рухына бейімдеу керек».

- Бізге той-томалақтардан бас тартудың уақыты баяғыда келді, ал бүгінде оларды өткізу тіпті аса қауіпті. Айрықша прагматикалық тәсілдеменің жақтаушысы болғандықтан, дәл солар (басқа елдердің экономикаларын қаржыландыру арқылы, отандық экономиканы әлсіретіп) біздің еліміздің дамымауының себептерінің бірі болып табылады деп есептеймін. Негізінде, бұл неоколониализм.

Сенбейсіз бе? Әдетте қазақы тойларда мерекелік дастарқандағы тағамдарды қараңызшы. Негізгі тағам – ет, бірақ оның тек 50 проценті қазақстандық, қалғаны елімізге шетелден әкелінеді. Бұл кәмпиттер мен басқа тәттілерге де қатысты, олардың көп бөлігі импортталады. Кептірілген жемістер 100% Өзбекстаннан келеді, жаңғақтар, теңіз өнімдері де импортталады. Тек ұн өнімдері ғана жергілікті өндіріс... Немесе тойлардың ажырамас атрибуты – сыйлықтарды алайық: киіт 50% қырғыз-өзбектікі және 50% қытайлық, алтын зергерлік бұйымдар Ресей мен Украинадан әкелінген. Бір сөзбен айтқанда, қазақстандық заттар минималды.

Бөлек тақырып – мейрамханалар. Қазақстандағы бұл бизнес негізінен әр түрлі ағаларға тиесілі. Жемқорлық келісім жасап, әрқайсысы бірнеше жүз адамға арналған банкет залдарын салсаңыз болғаны, содан кейін рахаттанып өмір сүруге болады. Қарапайым қазақтар сізге өз салымдарыңызды тез қайтарып алуға көмектеседі, өйткені көптеген мерекелік шаралар өткізу үшін олар тіпті несиелік құлдыққа баруға дайын.

Бірақ мен тойға мүлдем қарсымын деп ойлап қалмаңыз. Менің ойымша, оларды кез-келген себеп бойынша (әдетте бізде болатындай) өткізе берудің қажеті жоқ. Атап өтуге тұрарлық кейбір шын мәнінде маңызды жағдайлар бар, бірақ оларды атаққұмарлық жәрмеңкесіне айналдырмау керек. Өйткені, материалдық байлықпен мақтануға, тамаша болып көрінуге ұмтылу іс жүзінде елде сыбайлас жемқорлықты ынталандырады. Бұл үшін қанша шенеуніктер құқық бұзушылыққа баратынын елестетіп көріңізші...

Тойларды өткізуді қорғаушылар «туыстар алыстан тек ірі іс-шараларға ғана келеді» дей отырып, өздерін отбасылық байланыстарды сақтауға үлес қосатынын айтады. Иә, бұл солай. Бірақ бұл әдетке біз өзіміз дағдыланып кеттік. Ешкім бізге тойлардан тыс кезде бір-бірімізбен байланыста болуға тыйым салмайды. Ал эпидемия кезінде ондаған және жүздеген туысқандары мен достарын дастарханға жинау, оларды тек «дәстүрлерді сақтау үшін» ғана жұқтыру қаупіне ұшырату – ақылдан тыс нәрсе. Адам өмірі мен денсаулығынан артық ешнәрсе бола алмайды.

Кез-келген дәстүрді заманның рухына бейімдеу керек (керісінше емес). Әйтпесе «Егер сен өткенге бет бұрып тұрып алсаң, онда өз болашағына артыңмен тұрғанын!» деген белгілі халық даналығымен сипатталатын жағдайға тап болу қаупі бар.