Бүгінде біз кеңес өкіметі орнағанға дейін қазақ әйелдерінде ерлермен бірдей дерлік құқықтары болғаны туралы, оларды, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан кемсітудің болмағаны жөнінде жиі оқып, естіп жатырмыз. Ол шын мәнінде қалай болғаны жайлы нақтылап айту қиын, өйткені бұл тақырыпты ашатын деректі дереккөздер тым аз. Бірақ белгілі бір қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін кейбір статистикалық мәліметтер бар, – мысалы, 1897 жылы өткізілген бірінші және жалғыз бүкілресейлік халық санағы кезінде алынған деректер.   

Өмір сүру деңгейін және оның сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі – бұл өмір сүрудің ұзақтығы. Аталмыш санақтың қорытындысыларының негізінде демографтар 19 ғасырдың аяғында жалпы Ресей империясы бойынша өмір сүру ұзақтығы әйелдерде 31,7, ерлерде 29,4 болғанын есептеп шығарды. Бұл ретте зерттеушілер Батыс Еуропа елдерінде және АҚШ-та көрсеткіштер айтарлықтай, 10-15 жылға, жоғары болды деп қорытынды шығарды. Бірақ Ресей империясының әртүрлі аймақтарында, әсіресе оның шеттерінде жағдай қандай болғаны туралы, өкінішке орай, деректер жоқ.

Дегенмен, 1897 жылғы халық санағының нәтижелері қазақ даласында кімдер ұзақтау өмір сүретін: әйелдер ме әлде ерлер ме деген сұраққа біраз түсінік бере алады. Ол үшін 10 жасқа дейінгі балалардың санын (бұл топтағы қыздар мен ұлдардың саны әрқашан шамамен бірдей болады) 40 жастан асқан адамдардың санымен салыстырып, содан кейін алынған сандар арасындағы арақатынасты шығарып, оны шартты түрде «өмір сүру коэффициенті» (ӨСК) деп атауға болады. Неліктен 40? Өйткені ол заманда осы межеге дейін өмір сүрген адамдар қарт деп есептелетін, ал олардың үлесі қазіргіден әлдеқайда аз болатын. 

19 ғасырдың аяғында біздің республикамыздың қазіргі аумағында алты облыс орналасқан болатын. Қазақ халқының ең көп үлесі Торғай облысында (оның үлесі 90,6 процентті құрайтын), Семей облысында 88,3 процентті құрайтын, Жетісу облысында 80,5 процентті құрайтын. Басқа үш облыстарда да қазақтар басым көпшілігін құраған болатын: Оралда – 71,3, Сырдарияда (қазіргі өзбек жеріне кірді) – 64,4, Ақмолада – 62,6 процентті құрайтын. Ал Маңғыстауға келетін болсақ, ол жерде қазақ халқының саны салыстырмалы түрде аз – 75 мыңға жетпейтін болған, ол негізінен түрікмендер тұратын Каспийдің арғы бетіндегі аймаққа тиесілі, сондықтан біз оны бүгін қарастырмаймыз.

Сонымен, барлық жерлерде, аталған алты облыстың барлығында (10 жасқа дейінгі әртүрлі жыныстағы балалардың шамамен бірдей санымен) 40 жастан асқан адамдардың тобында әйелдер айқын азшылықты құрайтыны белгілі болды – 43,0-ден 45,5 процентке дейін. Тұтастай алғанда, Қазақстан бойынша «қарт» адамдар арасында олардың үлесі 44,3 процентті құраған болса, ерлер үлесі 55,7 процентті құраған. Бірақ егер бүкіл Ресей империясын алатын болсақ, онда пропорция мүлдем басқаша болды – 50,4 және 49,6, немесе басқаша айтқанда, керісінше әйелдер саны жағынан басымдық болған.

Енді «өмір сүру деңгейі» туралы, яғни балалар санымен (10 жасқа дейін) «егде жастағы» (40 жас және одан жоғары) халық санының арақатынасы жөнінде айтанын болсақ, Қазақ даласында ол кезде әйелдерде 82,2 процентті құрайтын, ерлерде 102,8 процентті құрайтын. Бұл әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда айтарлықтай қысқа болғанын білдіреді. Ең елеулі айырмашылық Жетісу облысы (76,3 және 99,9), Семей облысы (93,1 және 115,8) және Сырдария облысы (84,0 және 111,7) сияқты облыстарға тән болатын. Ал Торғайда және Ақмолада Жетісу облысымен қатар әйелдердің «өмір сүру деңгейі» ең төмен болып шықты – 76,3-тен 78,8-ге дейін. Салыстыру үшін: негізінен өзбектер, тәжіктер, қырғыздар тұратын Ферғана облысында бұл көрсеткіш 100,9, солтүстікте қазақ жерімен іргелес жатқан Тобыл губерниясында – 103,3, жалпы Сібір бойынша – 90, 3 болды. 

Осының барлығы қазақ әйелдерінің көп жағдайда өте аз уақыт өмір сүргенін көрсетеді – қалай болғанда да қазақ еркектерінен де, басқа көрші халықтардың өкілдерінен де аз өмір сүрген. Бұл жағдай  әлеуметтік факторлармен – өмір салты, бодандық өмір сүру, тұрмыстық қиындықтар, медициналық көмектің жоқтығымен түсіндірілетін көрінеді.

Мысалы, 1897 жылғы халық санағының қорытындысына көз жүгіртетін болсақ, Торғай (естеріңізге сала кетейік, ол жерде ең көп қазақтар тұрады) өңірінде 15-16 жас аралығындағы екі мыңнан астам қыз күйеуім бар деп хабарлағанын көруге болады. Жетісуда күйеуі бар қыздардың саны одан да көп болды – бес мыңнан астам. Семей облысында 12 жасқа да (!) толмаған 78 тұрмысқа шыққан қыз және 14 жасқа келмеген, бірақ үйленіп үлгерген жүзге жуық қыздар бар. Ерте тұрмысқа шығуға. көп жағдайда «қалыңдықтардың» өз еркінен тыс мәжбүрлену, жиі босану, көбінесе өте жас кезінде, әрине, әйелдердің денсаулығына өте жағымсыз әсер ететін. Әрине, бұл жалғыз себеп емес, бірақ бәрібір өте төмен «өмір сүру деңгейінің» маңызды себебі болып табылады.

Орта Азияға келгеннен кейін Кеңес өкіметі патриархалдық өмір салтының көріністеріне, мысалы көп әйел алу, қыздарды, әсіресе жас кезінде күштеп күйеуге беру және осыған ұқсас басқа да әрекеттеріне қарсы белсенді түрде күресе бастағаны кездейсоқ емес. Иә, шектен шығып кетулер де болды, большевиктер айтқандай, ештеңеге қарамастан талай нәрсені сындырды. Бірақ тұтастай алғанда, әйелдер бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда еркін болып қалғанын мойындау қажет, олар өз тағдырын басқаруға, өз денсаулығына қамқорлық жасауға мүмкіндік алды. Оған қоса, денсаулық сақтауды жедел дамыту, оның ішінде акушерлік қызмет, ана мен бала денсаулығы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүйесі, кең таралған аурулардың алдын алу – кеңестік модернизацияның маңызды элементтерінің біріне айналды.

Сонымен қатар, әйелдердің еңбек және тұрмыс жағдайына елеулі көңіл бөліп, мемлекет оларға қатысты кемсітушілік көріністерімен күресуге кірісті. Өткен жылғы 8 наурыз қарсаңында біздің басылымға берген сұхбатында тарих ғылымдарының докторы Дина Аманжолова Қазақ КСР Орталық Атқару Комитеті (Жоғарғы Кеңестің алдындағы) жанынан тиісті комиссия құрылғаны туралы айтқан еді. Сөйтіп, ол 1928 жылы арнайы сауалнама жүргізіп, нәтижесінде мынадай қорытындыға келген: «Қазақ әйелдері жылына орта есеппен 154 күн, ал ерлер 97 күн жұмыс істесе, оның 33 күнін ер адамдар базар, жәрмеңке аралап, мемлекеттік мекемелерге барып, жиналыстарға қатысып және т.б. өткізген». Ал ол әдетте жағдайды өзгертуге бағытталған шешімдерге ұласатын.

Жоғарыда аталған және басқа да шаралар кейінірек әйелдердің өмір сүру ұзақтығына қалай әсер еткенін объективті талдау, әйелдер мен еркектердің «өмір сүру көрсеткіштері» арақатынасының өзгеруі 1930 және 1940 жылдардағы ауқымды катаклизмдерге байланысты мүмкін емес: алғашында жаппай ашаршылық, содан кейін қанды соғыс, ол демографиялық көріністі айтарлықтай өзгерткен болатын. Тіпті 1989 жылы өткізілген соңғы бүкілодақтық халық санағының өзі бұл тұрғыда көрсеткіш болып табылмайды, өйткені сол кезде әлі де ерлердің, оның ішінде Қазақстандағы халықтың үлесін күрт төмендеткен Ұлы Отан соғысының зардаптарының әсері жалғасып келе жатты.

Бірақ бүгінгі күні, соғыстан туындаған гендерлік диспропорция іс жүзінде жойылған кезде (оның аяқталғанына сексен жылдай уақыт өтті), халықтың 70 процентін қазақтар құрайтын біздің еліміздегі қарт азаматтарының ішінде әйелдер еркектерден әлдеқайда көп екенін айта аламыз. Мысалы, 64 жастан асқандар, яғни зейнеткерлер, қазір Қазақстанда барлығы 1 миллион 444 мың болса, олардың 949 мыңы немесе 65,7 проценті (үштен екісіне жуығы!) «әлсіз» топтың өкілдері. Ерлердің үлесі 34,3 процентті құрайды. Алайда 15 жасқа толмағандар тобында ұлдарға қарағанда қыздар аз болғанымен, жалпы санның тиісінше 48,9 және 51,1 проценті. Біздің республикамыздағы әйелдердің орташа өмір сүруінің ұзақтығы 74,1 жасты құраса, ерлердікі небәрі 63,2 жасты құрайды.

Фото: Мария Гордеева