Президент Тоқаевтың кезінде Қазақстан жылдам қарқынмен өзгеріп жатыр, ол бұрынғы кезде өзіне тән болмаған жаңа қасиеттерге иеленуде. Сонымен бірге, біздің мемлекетіміз идеология мәселелерімен, ел болашағының жаңа келбетін қалыптастыру жұмыстарымен жеткілікті түрде айналысып жатпағаны анық. Біз қайда бара жатырмыз, дұрыс жолмен келе жатырмыз ба – бұл туралы біздің бүгінгі әңгімеміз саясаттанушы, Бұрыхан Нұрмұхамедовпен болмақ.
Жаңа елді іздеуде
- Қаңтар оқиғасынан кейін өткен бір жарым жыл Қазақстан үшін реформаларды және жаңа идеологиялық бағдарларды құру кезеңіне айналды. Бірақ басталған реформалар жүзеге асырылған жағдайда бізді күтіп тұрған болашақтың белгілі бір тұтас бейнесін қазақстандықтардың негізгі бөлігі елестетуі екіталай. Мозаиканың жекелеген фрагменттері бірлескен тұтастыққа айналу үшін жеткілікті уақыт өткен сияқты. Алайда, олай болып жатқан жоқ. Неліктен? Ал қазіргі президент бізді, шын мәнінде, қайда жетектеп апара жатыр?
- Менің көзқарасым бойынша, президент Тоқаевтың биліктегі мерзімін бірнеше кезеңге бөлуге болады. Біріншісі – оған өкілеттік берілген сәттен бастап 2019 жылы өткен алғашқы сайлауға дейін. Бұл кезең қысқа мерзімді болды және барлық келеңсіздіктері бар ескі саяси үлгінің қолданыста болу аясында өтті. Нақты сол себептен де ол мерзімнің ерекшеліктері болмады. Мемлекет пен қоғамда күрделі проблемалардың бар екенін көрсеткен сайлау бетбұрысқа айналды, оның ең бастысы – билікке деген сенімнің апатты тапшылығы болып табылды. Бұған, атап айтқанда, «оппозициялық» деп аталған үміткер Қосановтың жоғары деңгейде қолдауға иеленгені дәлел болды.
Екінші кезең маңызды құбылыстан – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін (ҰҚСК) құрудан басталды: бұл өткен уақытта өткір көрініс тапқан сенім дағдарысын еңсеруге көмектесетін құрылым. Осы кезең билік пен қоғам арасындағы, билік пен бизнес арасындағы жаңа қатынастарды эволюциялық түрде, бірте-бірте, қақтығыстарсыз құру әрекетімен сипатталды. Естеріңізге сала кетейік, дәл сол кезде «күшті мемлекет» деген сияқты идеологемалар пайда бола бастады – бұл билік вертикалын қалыптастыруға, басқару жүйесін қайта құрылымдауға арналған жаңа көзқарастардың қажеттілігін түсіну туралы әңгіме. Нақты осы кезеңде «күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет» деген белгілі үштік және «естуші мемлекет» деген сөзтіркесі пайда болды.
Біз президент тарапынан тұрақты даму траекториясына ену мақсатында қалыптасқан саяси модельдің әлеуетін пайдалана отырып, елді өзгертуге нақты талпыныстарын байқадық. Айтпақшы, бұған парламенттік сайлау да өз септігін тигізді. Бәлкім, ол әрекеттердің нәтижесі көп күттірмейтін де еді, бірақ қаңтар оқиғасы орын алып, екінші кезеңнің күрт аяқталуына әкелді. Ол оқиға барлығының басына су сепкендей болып, үкіметті де, қоғамды да мемлекет құлап кетуі мүмкін тұңғиыққа қарауға мәжбүр етті.
Барлық тәуекелдерді сезіне отырып, жауапкершілікті өз мойнына алған президент ерік-жігері мықты тұлға ретінде басымдықтарды түбегейлі өзгертуге шешім қабылдады. Қаңтар оқиғасынан кейін пайда болған «Жаңа Қазақстан» идеологемасы белсенді түрде қолданыла бастады. Ескі саяси жүйенің қалдықтарынан арылу қажеттігі туралы көп айтылды. Конституциялық реформа жүргізіліп, Негізгі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум және кезектен тыс президенттік сайлау өтті.
Сонымен бірге, басқару жүйесін толығымен түбегейлі қайта құрылымдау, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы қарым-қатынас толық берілгендік пен қатысуды талап еткеніне қарамастан, президент идеологиялық күн тәртібіндегі мәселелерді штрихтармен белгілеуге де уақыт тапты. Ол үнемі еңбек, ынтымақтастық, адалдық сияқты құндылықтарды тәрбиелеу қажеттігі жайлы айта отырып, сыбайлас жемқорлыққа белсенді түрде қарсы тұру міндетін қойды. Соңғы бір жылда мемлекет басшысы көтерген мәселелер қоғам санасында біршама сынақтардан өтіп, кері резонансқа ие болды. Осының барлығы Түркістанда өткен екінші Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзінің идеологиялық күн тәртібіндегі көзқарасын айқындап беруіне өз септігін тигізді. Негізгі сәттердің ішінен «Әділетті Қазақстан» жаңа «Адал азамат» тұжырымдамасымен толықтырылғанын атап өтуге болады.
Мен мемлекет басшысының айтқандарының барлығын қайталап айтпай-ақ қояйын, тек қоғамдық сананы тұмшалап тұрған идеологиялық «қоқыс», басқа елдердің бізге өз күн тәртібін ұсыну әрекеті, жаһандану идеологиясына қатысты көтерген мәселелердің маңыздылығын ғана атап өтейін. Ал осы жерде ерекше атап өткен жөн нәрсе: президент бұл проблемаларды шешу – бір күннің мәселесі емес, бұл ұзақ мерзімді, жоспарға сай іске асырылатын жұмыс екендігіне айқын ерекше мән берді.
- Ал нәтижесінде біз қандай елге қол жеткіземіз?
- Президент оны әділетті әрі табысты деп атайды. Бұл елде әділеттілік пен жауапкершілік арасында тығыз байланыс бар. Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанды» тек саналы азаматтар ғана құра алатынын анық айтып отыр. Нақты сол себептен ол жаңа идеологиялық нұсқауларды жас ұрпақтың санасына сіңіру қажеттілігіне ерекше мән береді. Қоғамдық құндылықтар жүйесіне қатысты айтатын болсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, қоғамдық этика жөнінде айтады. Оның сөздері бойынша, ол бірлік, тұрақтылық, әділдік, ынтымақтастық, заңдылық, тәртіп, сенім, жауапкершілік, еңбексүйгіштік, берекелік, кәсібилік және т.б. құндылықтарға негізделуі тиіс.
- Бұл қиял сияқты естіледі, өйткені мұның бәріне қалайша қол жеткізуге болатыны мүлдем түсініксіз...
- Әрине, бұйрықтармен, жарлықтармен немесе заңдармен емес. Бұл процесс қоғамдық сананың өзгеруімен байланысқан, сондықтан біз нақты осыдан бастауға тиіспіз. Қоғамға нақты бағдарлар берілді, бұл қазіргі кезеңде өте маңызды. Бірақ бәрі, әрине, олардың тамыр жайғанына, жауап таба алуына, резонанстың қаншалықты терең болатынына байланысты болады.
Әділеттілік коды
- Дегенмен бағдарларға қайта оралайық. Олар калейдоскоптағы шыны бөліктері сияқты өзгеріп жатқан жоқ па? Алдымен «Жаңа Қазақстан» болды. Енді тек «Әділетті Қазақстан». Яғни, «Жаңа Қазақстан» – өтіп кеткен кезең бе?
- Саяси парадигманы өзгерту тұрғысынан бұл концепт өз рөлін атқарып болды. «Жаңа Қазақстан» республика өміріндегі тұңғыш президенттің есімімен тығыз байланыста болған өткен кезеңді көленкелеп, еліміздің сапалы дамуына кедергі келтірген «елбасизмнен» жаңа бір нәрселерге, жаңашылдыққа өтудің өзіндік бір түрі болды, ал ол жаңашылдықта мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі қайта құруға әкелетін реформалар болуы тиіс. Бұл жаңашылдық нақты неде көрсетілуі қажет деген сұрақ туындағанда, президент егжей-тегжейлі оны «Әділетті Қазақстан» жазықтығына аударды.
- Бірақ бұл тұжырымдаманың мазмұны әркімге түсінікті бола бермейтіні айдан анық – әркімнің әділдік туралы өзіндік ойы бар...
- Қаңтар оқиғасынан кейін президент үнемі заңдылық пен тәртіп жөнінде айтып келеді. Осы екі қағиданы ол абсолюттің деңгейіне көтеріп, оларды «Әділетті Қазақстанның» негізі деп атайды. Иә, бізде басқа да көптеген, соның ішінде әділеттілікпен байланысты емес, өткір және созылмалы мәселелер бар. Бірақ алға жылжу үшін, мемлекетті сақтап қалу үшін заңдылық пен тәртіп негіз болуы тиіс. Тұрақтылықтың үлгісі деп атауға тұрарлық екі ел бар: олар осы ұғымды (заңдылық пен тәртіп) өздерінің бастапқы генетикалық кодына айналдырған. Заңға келетін болсақ, бұл Ұлыбритания, ол мемлекетте заң орасан зор рөл атқарады. Ал тәртіп – Германияда. Бұл елдерде билік жүргізіп отырған заңдылық пен тәртіптің күші көршілес Францияның мысалында айқын көрінеді: бұл ел көшедегі тәртіпсіздіктер тудырған хаосқа жиі ұшырайды. Француздар заңдылық пен тәртіпті өздерінің бағдары ретінде таңдамады. Біз үшін бұл жайт – президентттің таңдаған даму жолының дұрыс екендігіне тағы бір дәлел.
- Бірақ егер заңмен бәрі түсінікті болса, біздің жағдайда «тәртіп» дегеніміз нені білдіреді?
- Менің ойымша, президенттің құрылтайда сөйлеген сөзінде концептуалды түрде айтқандары бірте-бірте толықтырылып, нақтылана түсетін болады. Ол салған идеологиялық шамшырақтарға байланыстырылған көптеген сауалдар бар. Қазірдің өзінде «Әділетті Қазақстан» деген не екенін, оның құндылықтары және оған жету жолдары қандай, қандай қиындықтар бар және қандай проблемаларды шешу қажет екенін түсіндіретін жекелеген нұсқау, аудармашы қажет деп айта аламыз. «Әділетті Қазақстанның» бөлек элементтері де мәнді мазмұн табуы тиіс, мейлі ол еңбек адамының құндылығы болсын, тәртіпті түсіну болсын. Соңғысына келетін болсақ, жеке мен үшін бұл жоғарыдан жүктелген заттардың қатаң реттелген тәртібінде емес. Көп дәрежеде мен тәртіп дегеніміз күнделікті өмірде және азаматтардың көпшілігіне тән болатын қоғамдық қатынастардағы тәртіпті білдіретінін жақтаймын.
- Жарайды, біз дефиницияларды жол барысында анықтай алатын болармыз. Бірақ жаңа идеологияны халыққа түсіндірушілермен қиындықтар пайда болмай ма? Және олар болмаған жағдайда қоғам жаңа идеологиялық концепцияларды – айталық, сол «Адал азаматты» қалай қабылдауға қабілетті?
- Біріншіден, президенттің басқару жүйесіндегі нәрселерге үлкен мән беретінін еске салған жөн. Ол шенеуніктер «Адал азамат» қағидасын іс өз үлгілерінің негізінде жүзінде жүзеге асыруы тиіс екендігін тікелей айтады. Яғни, олар отансүйгіштіктің үлгілерін көрсетіп, бар күш-жігерін салуға дайын болуы қажет және тек ел үшін, оның гүлденуі үшін жұмыс істеуі тиіс. Осындай критерийлерге сай келетін мемлекеттік қызметкерлер бізде неғұрлым көбірек бола бастаған сайын, соғұрлым идеологиялық машинаның тетіктері тезірек іске қосылатын болады.
Екіншіден, қоғамға қатысты айтатын болсақ. Кеңес дәуірінде Америка президенті Кеннедидің «Елің сен үшін не істей алады деп сұрама, сен өзің елің үшін не істей алатыныңды сұра» деген сөзіне ішінара реакция болып табылатын Коммунизм құрылысшысының кодексі болған еді. Қазіргі жағдайда соған ұқсас нәрсе орын алып отыр. Әрине, бүгінгі Қазақстан 60 жыл бұрынғы Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарынан түбегейлі ерекшеленеді, бірақ қоғамды идеологиялық құрылысқа тартуға ықпал ететін тиімді тетіктерді әзірлеу оң нәтиже беруі әбден ықтимал. Бәлкім, бұл мемлекеттік қызметшілер үшін қоғамдық ортадағы өзін-өзі ұстауға қатысты кейбір міндетті шаралар кешеніне әкелетін этикалық жазықтыққа қатысты шаралар болуы мүмкін. Мысалы, пара алмауға және кәсіби міндеттерін адал атқаруға жұртшылық алдында уәде беру. Бәлкім, мұндай тәсілдер кейбіреулерге аңғал болып көрінетін де шығар, бірақ олардың көмегімен қоғамның сол бір идеологиялық жетекшілері қызметін атқаратын әкімшілік элитаның жаңа қабатын қалыптастыруға болар еді.
- Біздің шенеуніктерді моральдық авторитетке айналдыру мәселесі айтарлықтай даулы болып көрінеді. Бәлкім, үмітсіз емес те шығар, бірақ мұны істеу қиын екендігі сөзсіз. Және бұл нюанс, менің ойымша, әзірге мүмкіндіктен гөрі кедергі сияқты болып көрінеді. Президент белгілеген идеологиялық бағытты жүзеге асыруға тағы қандай қиындықтар кедергі келтіруі ықтимал?
- Қазір Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар геосаяси тұрғыдан да көрсеткіш болып отыр. Біздің айналамыздағы елдердің қатарында біздің жасап жатқан қадамдарымызды құптамайтын елдер де бар. Осыған байланысты тәуекелдерді ескере отырып, біз «қызыл жалаулардың» арасында өтіп, идеологиялық күн тәртібін жүзеге асыра аламыз ба, ол әзірге онша түсінікті емес. Бірақ, қалай болғанда да, президент қайта сайланғаннан кейінгі бірінші жылы идеологиялық даму мәселелерін көкейкесті етіп қойғаны өте елеулі көрсеткіш болды.