Бүгінде Қазақстанда отарсыздандыру тақырыбы өте сәнді болып кетті. Ол бұрын да көтеріліп тұратын, бірақ Ресейдің Украинаға әскери шабуылы басталғаннан кейін ол барынша белсенді түрде қозғалтыла бастады. Ал осы тақырыптың ішінде бөлек бағыттар да бар. Солардың бірі – біздің қоғамға Кремльдің қазіргі агрессиялық имперлік саясаты мен орыс әдебиеті классиктерінің шығармалары арасындағы тікелей байланыстың бар екеніне сендіруді көздейді. Ол пікір бойынша, Пушкиннің, Достоевскийдің және басқа да көптеген авторлардың жазғаны бұрын да отарлық рухты алып жүрген, қазір де соны тасымалдап жүр. Осылайша, қазақстандық оқушылардың және студенттердің орыс классиктерінің шығармашылығын зерттеуінің мақсатқа сай екендігі күмән тудырады.
Соңғы мысалдардың қатарына жазушы, эссеист, әдебиеттанушы Әсел Омардың отандық басылымдардың біріне берген сұхбаты да кіреді. Ондағы көзқарасты білдіретін ой мынадай: «Кезінде Ресей империясы жаулап алған елдерде КСРО ыдырағаннан кейін орын алған қатыгездіктің өзіндік интеллектуалдық негізі бар – ол орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларында орын алады». Содан кейін ол: «Бүгінгі Қазақстанда, неге екені белгісіз, әдебиетті кеңестік бағдарлама бойынша, міндетті түрде Достоевскийдің және Пушкиннің шығармашылығын, олардың мәтіндерін. олардың әмбебап даналығын, олардың Ресейлік ұлттық болмысын қазіргі заманғы түсінуге қосқан үлесін қарастыра отырып оқиды. Қазақстан үшін, келісіңіздерші, бұл кем дегенде оғаш болып көрінеді» - деп аң-таң болады.
Одан әрі қарай: «Орыс әдебиеті, сирек кездердегі ерекшеліктерді қоспағанда, әрқашан мемлекеттік идеология үшін жұмыс істейтін, мемлекет тарапынан қолдау алып, қаржыландыралатын». Бұл жерде, біріншіден, мұндай ерекшеліктер онша сирек кездеспегенін түсіндіргім келеді (18 ғасырдың соңында жазған Радищевтен бастап КСРО дәуірінің жазушыларына дейін – Платонов, Булгаков және басқа ондаған фамилияларды еске түсіруге болады). Ал екіншіден, қазақ әдебиеті де мемлекеттен қаржыландырылып келген, тіпті бүгінгі күнге дейін мемлекет тарапынан қаржыландырылып жатқанын түсіндіргім келеді, өйткені кітаптар республикалық бюджет есебінен шығарылады, біршама қомақты қаламақы төленеді. Және, айтпақшы, айтылған ерекшеліктер, орыс әдебиетіне қарағанда, қазақ әдебиетінде әлдеқайда аз болған, кем дегенде кеңестік кезеңде: біздің елімізде, Ресейден айырмашылығы, әдеби диссиденттік іс жүзінде орын алған емес.
Осыдан кейін Әсел Омар: «The New York Times газетінде жарияланған салыстырмалы әдебиеттану бойынша маман, түрік тамыры бар американдық журналист Элиф Батуманның «Украина соғысының көлеңкесінде орыс классикасын қайта оқу барысында» деп аталатын эссесі «бүкіл әлемді дүркіретті» - дейді де, былай деп қосады: «Автор көптеген жылдар бойы орыс әдебиетіне сүйсініп, оның отаршылдық сипатын байқамағанын мойындайды. Осындай сезімді біз де сезінеміз, сондай-ақ «Бучадан кейін орыс әдебиетін қалай оқуға болады» деп аталатын мақалана жазған украин жазушысы Оксана Забужко да сезінеді».
Жалпы алғанда, биылғы жылдың басында әдеби ортада шын мәнінде шу шығарған Элиф Батуманның эссесі күнделікті шығарылып, кең жұртқа таратылатын әйгілі The New York Times газетінде емес, мәдени өмірді қамтитын апталық қарапайым The New Yorker басылымында жарияланған. Немесе сұхбаттасушы қателесіп айтып жіберді (бірақ мақала сайтта пайда болғаннан кейін ол редакцияға телефон соғып, қатені түзетуді өтінуі тиіс еді), немесе ол бастапқы дереккөзбен таныс емес. Дегенмен, бұл онша маңызды емес. Мәселе басқада – ол сілтеме жасап отырған адам қараңғы бөлмеден, әсіресе онда ешқашан болмаған жерде, қара мысықты іздеп табуды көздеген сияқты.
Мысалы, Батуман «Преступление и наказание» («Қылмыс пен жаза») романы жөнінде былай деп жазады: «Сарғайған парақтарды парақтап отырып, мен Наполеон туралы көптеген сілтемелерді көрдім және Раскольниковтың «ерекше» тұлғалар «өз идеясын жүзеге асыру үшін» басқаларды өлтіруге құқылы» деген теориясын есіме түсірдім». Мен Раскольниковтың қылмысының логикасы империализмнің логикасы екенін түсіндім». Бұл, жұмсақ тілмен айтқанда, күтілмейтін қорытынды. Бірақ егер тіпті солай болса да, – Достоевский өз романының кейіпкерінің несие беруш-кемпірді өлтіру себептерін ақтады ма? Керісінше, автор Раскольниковты қылмыс жасауға итермелеген «идеяны» үзілді-кесілді қабылдамайды, ақыры оны өкінуге әкеліп сқтырады. Басқа сөзбен айтқанда, егер Батуманның логикасын ұстанатын болсақ, онда «Қылмыс пен жаза» романының авторын, керісінше, антиимпериалист деп атауға болады. Және бұл эсседе негізсіз мәлімдемелер жасау әрекеттеріне ұқсас мысалдар өте көп.
Достоевскийге қатысты енді Әсел Омардың өзі оның тек қана орыс халқының эксклюзивтілігі жөніндегі идеясын уағыздағаны жөнінде айтады. Жазушының күнделіктеріне, публицистикалық жазбаларына қарағанда, ол шынымен де орыс ұлтшылы да, империалист те болған. Кейбіреулер оны тіпті 20-шы ғасырдың басындағы Ресейдегі еврей погромдарын ұйымдастырумен танымал болған оңшыл радикалды қозғалыстың бастаушысы деп есептейді: оның белсенділері Достоевскийді өздерінің кумиры атаған болатын.
КСРО-да ұзақ уақыт бойы, 1930-шы жылдардың екінші жартысынан 1950-жылдардың ортасына дейін, сол кездегі ұлы романдар авторының реакциялық көзқарастары себеп болғандықтан, оның кітаптары іс жүзінде жарияланбаған (ертерек кезде, қаторгаға түскенге дейін жазылған «Белые ночи» («Ақ түндер») атты әңгімесін қоспағанда). Оған арналған тарауды тек Сталин қайтыс болғаннан кейін ғана, жылымық жылдары, мектеп оқулықтарына қайтарылған болатын. Араға тағы 10 жыл салып, 1968 жылы жоғары сынып оқушылары «Қылмыс...» романын оқи бастады, ал бір жылдан кейін Достоевскийдің ең әйгілі екі романы бойынша фильмдер жарыққа шықты.
Бірақ бір мәселе – белгілі бір жазушының саяси, идеологиялық көзқарасы, ал мүлде басқа шаруа – оның әдеби шығармалары. Айталық, «Братья Карамазовы» («Ағайынды Карамазовтар») романын немесе сол «Қылмыс пен жаза» романын оқыған кезде, біреулер олардан кандай да бір импершылдық немесе ұлтшылдық идеяларды көруі екіталай – осылайша Батуман да, өз мойындауы бойынша, бұрын мұндай нәрсені байқамаған болатын, бірақ қазір, саяси жағдай өзгерген кезде, ол ондай идеяларды микроскоптың астында іздегендей іздей бастады.
Достоевскийдің ең үздік романдары кірген кітаптардын парақтарын аша отырып, біз мүлде басқа әлемге – жиі адам табиғаты беріліп кететін құмарлық әлеміне еніп кетеміз: бәлкім, ол бүкіл әлем әдебиетінде бірінші болып сананың (және подсознаниенің) құпиялары біздің әрекеттерімізді басқаратын нәрсеге осыншалықты терең үңіле алған деуге болады. Нақты осы ерекше психологизм оның 20 ғасырдағы көптеген көрнекті прозаиктерге (Кафка, Акутагава, Фолкнер, Мориак және т.б. - тізім өте ұзын болады) елеулі әсерін алдын ала анықтады, сондықтан оны Батыста күні бүгінге дейін Еуропа, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа елдерде құрметтейді.
Бірнеше ай бұрын біздің басылым бүкіл әлем бойынша миллиондаған пайдаланушылар кіріп тұратын әдебиет сүйер қауым арасында ең танымал ресурс – goodreads.com сайтынан алынған статистиканы ұсынған болатын. Онда Достоевскийдің шығармалары 2 миллион бағалауларға ие болған. Толстой да дәл осынша рет белгіленген. Салыстыру үшін: Бальзак, Золя және Пруст әрқайсысы 200 мыңнан кем бағалау алған, Гете мен Томас Манн – 300 мыңға жуық, Сервантес – 300 мың, Ремарк – шамамен 600 мың, Гюго – бір миллионнан сәл ғана көп бағалау алған. Оныкынен тек Мураками және Коэльо сияқты заманауи авторлардың ғана көрсеткіштері жоғары.
Айтпақшы, Достоевскийдің орыс халқының эксклюзивтілігі жайлы идеясына адалдығына қатысты айтатын болсақ. Солай-ақ болсын, бірақ жазушы өз романдарында орыс халқын қандай етіп көрсетеді? Оқырманның көз алдында рухани кемістігі бар, жауыз кейіпкерлердің тұтас бір галереясы өтеді: Карамазов пен оның ортаншы ұлы, Смердяков, Свидригайлов, Лужин, Рогожин... Ал, айталық, жақсы кейіпкерлер әлдеқайда аз. Яғни, бұл жерде де Федор Михайловичтің көзқарастарын әдеби шығармаларының мазмұнына қатысты проекциялаудың қажеті жоқ.
Бұл сөздер тек Достоевскийге және тек орыс жазушыларына ғана қатысты емес. Мысал үшін, алғашқы Нобель сыйлығының лауреаттарының (1907) бірі ағылшын Редярд Киплингті алыңыздаршы. Ол Англияның тек Азияда ғана емес, тіпті көршілес Ирландияда да отарлау саясатын жүргізу құқығын табандылықпен қорғай отырып, әлдеқайда ашық импершыл болған (айтпақшы, 19 ғасырдың екінші жартысында британдық биліктің әрекетінен және Америка Құрама Штаттарына мәжбүрлі эмиграциядан туындаған жаппай аштықтың нәтижесінде бұл аралдық Еуропалық еліндегі халық саны 3,8 миллион адамға, немесе екі есеге жуық қысқарған). Тым болмағанда оның «Ақ адамның жүгі» («Бремя белого человека») деп аталатын өлеңін еске түсіруге болады, онда ол азиялықтарды «жарықтан гөрі қараңғылықты жақтыратын «жабайылар» деп атап, англосаксондардың отаршылдық миссиясын жырға салады. Алайда, «Книга джунглей» («Джунгли кітабы») шығармасын оқыған кезде біз оның авторы империализмнің апологиті, тіпті нәсілшіл болғаны туралы тіпті ойланбаймыз.
Ал Нобель сыйлығының тағы бір лауреаты Муссолинидің фашистік партиясының мүшесі болған прозаик және драматург итальяндық Луиджи Пиранделло ше? Ал ең беделді сыйлықтың тағы бір иегері, норвегиялық Кнут Хамсун ше? Фашистік Германияның өз елін оккупациялау әрекетін құптап, Гитлердің өліміне арнап жазған некролокта фюрерді «халықтардың құқықтары үшін күрескер» деп атаған коллаборационист, соғыстан кейін түрмеден өзінің қарт жасының арқасында ғана құтылып кеткен – ол кезде оның жасы 80-нен асқан болатын. Бірақ сол соғыста басқаларға қарағанда ең көп зардап шеккен және «идеологиялық жат» әдебиеттерді басып шығармау қағидасын ұстанған КСРО-ның өзінде, соған қарамастан, 1970 жылы Гамсунның екі томдық басылымы шығып, оның талантына құрмет көрсетілген болатын. Бұл кітаптарды кез келген кітапханалардан алып оқуға болатын (оларға норвегиялықтың ең үздік романдары – «Голод» («Аштық»), «Пан», «Мистерии» («Құпиялық діни қызметтер»), сондай-ақ романдары және әңгімелері енгізілген). Яғни, бір жағынан жазушының дүниетанымын, ал екінші жағынан оның шығармашылығымен бөлу қажет.
Сұхбаттың соңында Әсел Омар, орыс әдебиетіне қарама-қарсы қою ретінде, «көлемді де асқақ» қазақ әдебиетін мысалға келтіріп, оның «махаббат туралы, адам туралы, оның батылдығы, күш-қуаты, сұлулығы жайлы, оның өмірі жөнінде, әділдікке деген қуатты және тиімді ұмтылысы жайлы әңгімелейді». Ал сонда орыс прозасында және поэзиясында ондай шығармалар жоқ па? Бірақ ең бастысы – әдебиет махаббатты, сұлулықты, батылдықты дәріптеумен ғана шектеле алмайды және шектелмеуі тиіс. Оның әлдеқайда маңыздырақ, барынша күрделі міндеті – көркемдік құралдарды, сөз құдіретін пайдалана отырып, қоғамның ой-өрісін ашып, азапты тақырыптарды қозғап, өткір сауалдарды көтеру. Ал бұл орайда, қазақ авторлары өздерінің халықаралық деңгейде қабылдануын қалайтын болса, оларға сол Достоевскийден, Чеховтан, Булгаковтан үйренетін нәрселері көп. Бірақ олардың көпшілігі сол жазушылардың шығармаларын оқығандары екіталай деп ойлаймын.
Ал шынында да нағыз биік әдебиетке ортақ болуды қалайтын қазақстандықтар оған ең үздік орыс жазушыларының (сонымен қатар француз, ағылшын, латын америкалық және т.б.) шығармаларынсыз қосыла алмайды деп ойлаймын...