Саясаттанушылар, әлеуметтанушылар және қоғам қайраткерлері өз пікірлерімен бөліскен «Жаңа Қазақстан»: күтулер және шындық» тақырыбындағы сараптамалық пікірталасты жалғастырамыз. Бүгін «эстафета» экономистерге беріледі, олар ел болашағының (айталық, белгілі бір кезең ретінде қарастырылатын 2030 жылға таманғы) идеалды бейнесін қалай етіп көретіні жөнінде, ал ең бастысы – оған қалай жетуге болатыны жөнінде және мұндай жоспарларды жүзеге асыруға бізге не кедергі болуы ықтимал жайлы өз пікірлерімен бөліседі.
Нұрбек Ысқақов, Esperio компаниясының сарапшысы:
«Қазақстан экономика эволюциясының алғашқы кезеңінде тым ұзақ уақыт отырып қалды»
- Қазақстанның болашағының белгілі бір бейнесін таңдау қажеттігі туралы айтылған кезде, бұл қулық сияқты болып көрінеді. Неліктен? Өйткені капитализм және нарықтық экономика аясында елдердің барлығы сол бір даму кезеңдерін бастан кешіреді, олардың әрқайсысының заңнамада, салық-бюджет саясатында, саяси құрылымда, ашықтықтық жағынан және т.б. өзіне тән міндетті шарттары бар. Егер олар бұл шарттарды орындамайтын болса, онда олар экономикалық өсудің бір сатысында қозғлмастан тұрып қалады, бұл әрқашан да саясаткерлерді ел дамуының ағымдағы міндеттеріне көбірек сәйкес келетіндерге ауыстыруға себеп болады. Әрине, бұл елдердің арасындағы табиғи әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды елемеуге болады дегенді білдірмейді, бірақ олар – тек қана қарастырылып отырған әрбір жағдайға, оларды ерекше етпестен және экономикалық дамудың жалпы принциптерін өзгертпестен, өздерінің бірегей реңктерін береді.
Егер Қазақстанның қазіргі кездегі жағдайын Гарвард профессоры Майкл Портер ұсынған градация бойынша бағалайтын болсақ, онда біздің еліміздің экономика эволюциясының ең бірінші кезеңінде қажет болған уақыттан он жылға ұзағырақ уақыт отырып қалғаны белгілі болады, ал онда арзан жұмыс күші және салыстырмалы түрде арзан пайдалы қазбаларының үлкен қоры – негізгі өсім драйверлері болып табылады. Ереже болыа кеткендей, елде өндірілетін өнімдердің қосымша құнының төмен деңгейі халықтың жоғары табыстарын да, жоғары білім деңгейін де білдірмейді, ал саясаткерлердің бизнеспен тығыз интеграциясына байланысты, халықтың еркін білдіруші ретіндегі мемлекет билігі өте әлсіз болып табылады.
Бақытымызға орай, Қазақстан азаматтары, осы кезеңнен өткен көптеген басқа елдердің де азаматтары сияқты, өз билігіне экономикалық дамудың кезекті кезеңіне өту қажеттілігін талап ету үшін жеткілікті капитал жинақтай алды. Өз кезегінде, экономика эволюциясының осы екінші қадамы жергілікті тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдаусыз, инфрақұрылымға құйылған инвестициясыз, оның ішінде білім беру инфрақұрылымына инвестициясыз, бизнесті несиелендірудің жеңілдетілген бағдарламаларынсыз мүмкін емес өндіріс тиімділігіне негізделген. Егер мемлекет жинақталған қаражатты мақсатқа жету үшін тиімді пайдалануды қамтамасыз ете алмайтын болса, онда азаматтар ондай билікпен қазірдің өзінде үзілді-кесілді келіспейтіндерін білдіріп отыр, өйткені дәл осы билік олардың ілгерілеуіне, олардың өмір сүру деңгейін көтеріп, алға жылжуына кедергі келтіріп жатыр.
Бәлкім, Қазақстан Республикасы азаматтарының қазіргі жағдайды интуитивті түрде түсінуі Қазақстандағы соңғы жылдар кезіндегі ішкі саяси турбуленттіліктердің негізгі қоздырғышына айналған шығар. Және дәл осы себепті ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңнаманы, салық-бюджет саясатын және саяси құрылымды ағымдағы міндеттерге сәйкестендіретін реформаларды мүмкіндігінше тезірек жүргізуге тырысып жатқан болар.
Егер 2030 жылдағы Қазақстанның қандай да бір «фотосуретін» түсіріп алуды мақсат етіп қойылса, онда позитивті сценарийде бұл экономиканы әртараптандыруы басталып кеткен, белсенді түрде өндеуші және өндірістік кәсіпорындар салынып жатқан, логистикалық және көліктік инфрақұрылым қарқынды дамып жатқан, сапалы білім беру инфрақұрылымының қажет екендігі сезіне білінген және өз ғылыми базасы құрыла басталған елдің бейнесі шығады. Мұның барлығы кірістердің өсуіне, жалпы әл-ауқаттың жоғарылауына және азаматтардың қоғамдық өмірге (заңсыз тәсілдермен жеке пайда табуға болатын жерге жақынырақ орналасу мақсатымен емес, жерді мекендегі жағдайға шынымен әсер ету үшін) белсене қатысуға деген ұмтылысының артуына әкелмеуі мүмкін емес.
Шындығына келгенде, мұндай сценарий тек сайлау тетіктерін ырықтандырудың, мемлекеттік қаржыны орталықсыздандырудың және жергілікті шенеуніктердің жұмысының ашықтығын түбегейлі арттырудың жеткілікті деңгейі болған кезде ғана орын алуы ықтимал. Осының барлығын Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа наурыздағы Жолдауында іске асыруға уәде еткен болатын. Ол сәтті болады деп сенім білдірейік.
Ал идеологияға қатысты, Қазақстанның өркениеттік таңдауына қатысты және басқа да риторикалық сұрақтарға қатысты ауызша айтыстарды өршітуді ұнататындарға менің айтарым мынадай: жеңдеріңіз түріліп, жұмыс бітпей жатқанда, сіздің бүкіл философияңыз мұның барлығын мүмкіндігінше тезірек іске асыруға қажет болады, сол кезде кез келген көмек, әсіресе көршілердің көмегі, қуанышпен және оған жауап ретінде оларға да көмек көрсету деген жақсы ниетпен қабылданады.
Сергей Смирнов, экономист:
«Бізге іс-қимыл жоспарынан гөрі ақылды адамдар қажеттірек»
- Мұндай жағдайларда менің есіме «Не бойся, я с тобой!» (Қорықпа, мен сенімен біргемін!) фильміндегі Фарзали-бектің әні түседі, онда: «Бірақ табалдырықтан мен айттым: негізін өзгертпестен бәрін өзгерту керек. Артта қалып қалғанның барлығына, ежелгі нәрселерге және пайдасы жоқтың бәріне қарсы соғысу қажет, сондықтан бұдан былай жаңа жолмен жүргенде бәрі де бұрынғыдай қалуы тиіс» - деген сөздер бар. Бұл тікелей біздің шенеуніктерге қатысты айтылған, олар негізінен бір-біріне ұқсас реформалар жасаумен айналысады, бірақ олар оны шынымен жүзеге асыра алмайды және жүзеге асырғысы келмейді. Мұндай кадрлармен жаңа нәрсе құра алатынымыз екіталай – олар ешқандай оптимизмді шабыттандыра алмайды.
«Жаңартылған» үкіметке қараңыздаршы – ол жерде жаңа тұлғалар жоқ деуге болады. Адамдар жай ғана екінші деңгейден бірінші деңгейге ауысты, бірақ өзегі сол қалпында қалып қойды. Дәл осылардың қолдарымен кезінде елімізді тығырыққа тіреген осынау сәтсіз стратегиялардың және бағдарламалардың барлығы жазылған болатын. Қазір олар «Жаңа Қазақстан» аясында да дәл соны жасауға тырысып жатыр. Еліміздің экономикалық және саяси дамуының шын мәнінде жаңа көзқарасын ұсынатын ұлттық көшбасшылыққа үміткер бола алатын қайраткерлер олардың арасында жоқ...
Оның жарқын мысалдарының бірі – Нұрсұлтан Назарбаевтың «жалпыға ортақ еңбек қоғамын» құру жөніндегі идеясы. Сірә, бұл жобаны оның төңірегіндегі біреулер итермелеп жіберген сияқты, өйткені бұрынғы коммунист, КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген адам «нарықтық» Қазақстанда принципті түрде жүзеге асырыла алмайтынын түсінбеуі мүмкін емес. Сол кезде мен Саяси шешімдер институтында жұмыс істедім, есімде қалғаны, біз «жоғарғы жаққа» бұл бастаманың мағынасыздығын дәлелдейтін аналитикалық жазбалар жазған болатынбыз. Бақытымызға орай, сол идеяны тез арада тежеп тастады. Бірақ дер кезінде тоқтатылмай қалған, ел олар үшін қаншама уақыт, күш пен қаржы жұмсаған басқа да көптеген идеялар болды ғой.
Біздің басқарушыларымыздың проблемасы неде? Олар, мысалы, КСРО-дағы смена бастығынан министрдің орынбасарына және министрге дейінгі мансап сатысының барлық баспалдақтарынан өтпегенінде. Қазіргі кезде бұл жол әлдеқайда қысқа болып қалды – шетел дипломын алған соң бірден кафедра меңгерушісі креслосына отыруға болады. Бұл ретте олардың арасында өндірістің қалай жұмыс істейтінін түсінетіндер және оны жақсарту үшін бұрынғыдан да үздік барабар шешімдер ұсына алатындар аз. Егер олар қандай да бір кәсіпорынға келсе де, онда тек экскурсияға келгендей болады. Мұндай жағдайда ешқандай сапалы реформалар және «екінші республика» құрылысын күтудің қажеті жоқ. Барлығын тағы да бос сөзге айналдырып, министрліктер мен ведомстволардың кабинеттерінде онсыз да төбеден асып жатқан стратегиялар мен бағдарламалардың үйіндісін «Жаңа Қазақстан» толықтыра түседі.
Менің көзқарасым бойынша, қазір бірінші кезектегі міндет – іс-қимыл жоспарының өзі емес, одан гөрі дұрыс идеяларды тудырып қана қоймай, ең бастысы, оны сауатты жүзеге асыра алатын ақылды адамдарды іздестіру. Ал елімізде ондай адамдарды мұқият іздеу керек екенін ескерсек, оларды дайындауды бастау, яғни білім мен ғылымның сапасын арттыруға кіріскен жөн болар еді. Бұл процесс, әрине, жылдам болмайды – бұған жылдар, тіпті ондаған жылдар қажет болады. Бірақ бұл «Жаңа Қазақстанға» апаратын бірден-бір дұрыс жол. Өйткені, бұрынғыдай, кадрлар бәрін де шешеді!
Расул Рысмамбетов, қаржыгер:
«Қазір ең бастысы – дұрыс бағытты таңдау және одан алшақтамау»
- Мәселе біздің экономикамыз нашақорға ұқсай бастағанында. Соңғы он жыл бойы ол мұңайдан түсетін кіріске мықтылап байланып, іс жүзінде ақша таппай, тек бюджетін бостан босқа жұмсап отыра берді. Сондықтан біздің басты міндетіміз – мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетуден басқа кез келген мемлекет қаражаты оған табыс әкелуін қамтамасыз ету.
Тиісінше, қаржыгер ретінде мен үшін «Жаңа Қазақстан» – бұл, біріншіден, бюджеттің ашық оның үстіне қисынды жұмсалуы. Екіншіден, Ұлттық қорды ұтымды пайдалану және толықтырып отыру. Үшіншіден, мемлекеттік инвестиция түсінікті және табысты жобаларға ғана түседі. Төртіншіден, ЭКСПО және Түркістан сияқты мега-іс шаралардан толық бас тарту қажет (кем дегенде бұдан жақсырақ уақыттарға дейін). Бесіншіден, мемлекеттік капитализмнен алшақтап кету. Алтыншыдан, кәсіпкерлік инфрақұрылымды тиісті деңгейде дұрыс қамтамасыз ету. Ал, жетіншіден, аймақтардың орталықтан тәуелсіз экономикалық дамуы. Әкімдіктерге және мәслихаттарға жоғарыдан нұсқаулар мен қолдауларды күтпестен, өз бетінше жобалар ұсынып, жүзеге асыруға жеткілікті еркіндік берілуі тиіс.
Бізді алда ұзақ жол күтіп тұрғаны анық. Қазір ең бастысы – дұрыс бағытты таңдап, одан алшақтамау. Егер бәрі жоспарға сай жүретін болса, 2030 жылға қарай біз осы отыз жыл бойы өзімізді өзіміз итеріп келген тығырықтан шыға бастаймыз. Қиындықтар болады, бірақ біздің жағдайда оңай жолдар болуы мүмкін емес. Бұл ретте басқа елдердің тәжірибесі қаншалықты табысты болса да, мен оларды қайталауды ұсынбаймын. Біздегі шарттар мүлде басқа және, мысалы, Швейцарияға немесе Америка Құрама Штаттарына жақсы жарасқан шаралар Қазақстан үшін жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін.
Мен жеке өз басым Қазақстанды болашақта мүлде басқа, бірақ сонымен бірге экономикалық жағынан еркін және қуатты аймақтарды біріктіретін ел ретінде көріп отырмын. Онда шенеуніктер халық алдында толық есеп береді. Онда азаматтар мемлекетке сенеді, ал мемлекет өз азаматтарына сене алады. Онда еңбек еткен жағдайда, молшылықта өмір сүруге болатындғына бәрі сенімді. Онда бизнесті нөлден бастап, көтеруге болады. Онда әкімдер өздерін қожайын сияқты емес, жалдамалы жұмысшы тәрізді болып, жасаған жұмысы туралы жылына бір рет есеп беру кездесулері аясында ғана емес, тек элита үшін ғана емес, жүйелі түрде есеп береді. Онда мұнайдан түскен табыс қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жұмсалып, онсыз да ауқатты азаматтардың қалтасына түспейді. Мінеки, біз осындай идеалды «Жаңа Қазақстанға» ұмтылуға тиіспіз.