Қазақстанда тұрақты түрде облыс басшыларының рейтингі жарияланып тұрады. Бұл ретте, оларды көбінесе ақпараттық ашықтығы (белсенділігі), перспективалықтығы, ықпал ету қабілеті, саяси «салмағы» және т.б. сияқты критерийлер негізінде жіктейді. Бәлкім, олар да маңызды шығар, бірақ бәрібір әкімдердің өздерінің негізгі міндеттерін қалай орындайтынын көрсетуі екіталай. Ал бұл басты міндет оларға сеніп тапсырылған аумақтарда жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін көтеріп, ертеңгі күнге сенімді болуына жағдай жасауларында көрінеді.

Өңір басшылары саяси мемлекеттік қызметші мәртебесіне ие болғанымен, бүгінде оларды шын мәнінде саясаткер ретінде қарастыратындар аз. Бәлкім, барлық әкімдерді сайлауды енгізгенде (егер енгізсе), олар ресми түрде ғана емес, мәні жағынан да әкім болатын шығар. Ал қазір оларға тек шаруашылық басшылары ретінде ғана талап қойылады. Сәйкесінше, олардың өз міндеттерін қаншалықты шебер және тиімді атқарып жатқанын ең алдымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің (әсіресе, белгілі бір аймақтарда тұратын адамдардың өмір сүру деңгейі мен сапасының өзгеруін айқыдайтын) динамикасына сүйене отырып анықтау қажет.   

Олардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі – халықтың ақшалай табысының деңгейі. Бұл жалақы, зейнетақы, стипендия, әлеуметтік жәрдемақы, кәсіпкерлік қызметтен келген кірістер, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуден түскен табыс, сондай-ақ ақшалай салымдар бойынша сыйақы, сақтандыру төлемдері және т.б. түрінде алынған қаржы ресурстарының жиынтығы. Бекітілген әдістемеге сәйкес, тіпті жалақыны жасыру үшін қосымша есептеу коэффициенті де ескеріліп, есептеуге қосылады – менің ойымша, ол нені білдіретінін түсіндірудің қажеті жоқ.

Өз кезегінде әрбір нақты аймақтағы халық табысының өзгерісінің көлемі мен динамикасына өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейі, еңбекке қабілетті азаматтардың жұмыспен қамтылу дәрежесі, шағын және орта бизнесті дамытуға жағдайдың болуы, жайылымдық, шабындық, мал ұстағысы келетіндерге және бау-бақшаларды өсірумен айналысқысы келетіндер үшін судың болуы тікелей әсер етеді... Бір сөзбен айтқанда, әкім айналысуы тиіс нәрселердің барлығы, ол үшін инвестиция жасай алатын әлеуетті инвесторлармен жұмыс істеуй отырып оларға жаңа өндірістерді құру, жергілікті кәсіпкерлердің алдындағы кедергілерді жоюға көмектесу, жер, су және басқа ресурстарды сауатты басқару, жұмыссыздық деңгейін, оның ішінде жасырын жұмыссыздықты да, мүмкіндігінше азайту...  

Аймақтардың бастапқыдан тең емес жағдайда екені түсінікті. Кейбіреулерінде үлкен мұнай-газ кен орындары бар, ал басқаларында олар жоқ. Біреулерінде қеңес өкіметі жылдарында қуатты индустриялық әлеует құрылған болатын, ал басқаларында ондай мұра жоқ. Кейбіреулерінде туу көрсеткіші дәстүрлі түрде жоғары (және, тиісінше, әрбір шаруашылық алған табысын көп жандарға бөлуге тура келеді), ал басқаларында, керісінше, халық санының азаюы байқалады. Сондықтан аймақтық контексте халықтың жан басына шаққандағы орташа табысының абсолютті мәндерін салыстыру объективті көрініс бермейді.

Мүлдем басқа нәрсе – олардың әр облыста, әр қалада белгілі бір кезеңде қаншалықты өзгергенін салыстыру. Айталық, бес жыл ішінде – әкім пайдалы іс-әрекеттер жасап үлгеруге, өзінің кейбір идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мерзім, ол сонымен бірге креслоға артықша отырып қалмай, «қолаға айналып кетпей» өз қызметінде жұмыс істеуінің оңтайлы кезеңі болып есептеледі. Мінеки, Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының 2016 жылдың екінші тоқсаны мен 2021 жылдың екінші тоқсанындағы ресми деректерімен қаруланған бұл жолдардың авторы осындай динамика көрсететін кестені құрастырды.

Көріп отырғанымыздай, жалпы республика бойынша соңғы бес жылда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 1,72 есеге өсті. Егер осы кезеңде негізгі азық-түлік тауарларының бағасы шамамен осындай пропорцияда өскенін ескерсек (мысалы, сиыр еті – 1,79, ұн – 1,64 есе), онда мынадай қорытынды жасауға болады: орташа статистикалық қазақстандықтың нақты кірістері өзгерсе де, онша көп емес. Алайда, бұл бөлек әңгіме тақырыбы, ал мына жерде бір ғана айта кететін жайт, азық-түлік себеті, жалпы еліміздің әр өңіріндегі тұтыну себеті осы бес жылда бірдей дерлік қымбаттады.

Қарастырылып отырған кезеңде халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының ең үлкен өсімі Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алды, оларда екі есе (немесе одан да көп) өсімге қол жеткізілді. Одан кейінгі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстары: онда бұл көрсеткіш 1,94 – 1,88 есеге өсті. Назар аударыңыздар, көшбасшылар қатарына республикамыздың тек солтүстік, шығыс және орталық облыстары дерлік кіреді.

Ал батыс пен оңтүстікте жағдай мүлдем басқаша. Онда облыстардың көпшілігінде халықтың атаулы ақшалай табыстарының өсімі республикалық орташа көрсеткіштен төмен болды: Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстанда – 1,69, Алматыда – 1,64, Маңғыстауда – 1,32 есе ғана. Түркістан облысы осыдан бес жыл бұрын болмаған, ал егер бастапқы көрсеткіш ретінде ол кезде Шымкент қаласын да қосқан Оңтүстік Қазақстан облысының көрсеткішін алатын болсақ, онда өсім 1,70 есе болады.

Республикалық маңызы бар қалалар ерекше сипатқа ие. Нұр-Сұлтанда тұрғындардың атаулы ақшалай табысының жан басына шаққандағы орташа деңгейі 1,40 есе, Алматыда 1,47 есе өсті. Бірақ бұл жерде жаңа астанада да, ескі астанада да ішкі көші-қон ағынын бастан өткергенін ескеру керек, соның нәтижесінде олардың халқы осы кезеңде тиісінше 12,8 және 15,8 процентке өсті, ал тұтастай алғанда республика бойынша 7,2 ппоцентке өсті. Ал бұл мигранттардың көпшілігін жоғары табысты адамдар қатарына жатқызуға болмайды. Десек те, тіпті осы жағдайды ескерсек те, екі мегаполисте де қарастырылып отырған көрсеткіштің өзгеру динамикасы, жұмсақтап айтқанда, көңіл көншітерлік емес.

Ал Шымкентке келетін болсақ, 2016 жылдың деректерінің жоқтығы бес жыл бұрынғы жағдайды бүгінгі жағдаймен салыстыру мүмкіндігін жоққа шығарады. Бір ғана нәрсені анық айтуға болады: бұл қала Түркістан облысымен бірге халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысының абсолютті көрсеткіші бойынша аутсайдер болғанды жалғастырып келеді – Шымкентте ол бүкіл республика бойынша көрсеткішке қарағанда бір жарым есе төмен, тіпті Қызылорда мне Тараздағыдан да төмен... Алайда, бұл салыстырмалы түрде төмен бағалармен ішінара өтеледі.

Ал енді рейтингтерге оралайық. Соңғы бес жылда халық табысының өсу қарқыны бойынша бірінші орынды Қарағанды ​​облысы алды. Бұл облысты осы кезеңнің тура жартысын, екі жарым жыл (2017 жылдың наурызынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін) осындай серпінді қамтамасыз етуге үлес қосқан адам басқарды, бірақ соған қарамастан, әкімдердің ең танымал және жиі келтірілген рейтингінде (онда өңірлердің басшыларын «қызмет тиімділігі» дәрежесіне қарай орналастырады) осы кезеңде 11-ші позициядан жоғары көтерілмеді. Ал Алматы, Қызылорда, Алматы облыстарының, тіпті Шымкенттің әкімдері үнемі сол рейтингтің көшбасшылары болып есептеліп келді. Комментарийлер, айтқандай, артық болар.