Жаңа облыстардың әкімдері өз міндеттерін қалай атқарып жатыр? Қазақстандық жаңа облыстардың өз басшыларына ие болғанына жақында жарты жыл толады. Осы уақыт ішінде соңғылары «рөлге толығымен сіңіп», басқарушылық қасиеттерін көрсетулері тиіс болатын. Бірақ, олар тиіс болғанмен, міндетті емес дегендей. Кем дегенде, мұны жүз пайызға жасай алмағандар да бар. Атқарушы билік органдарында еңбек тәжірибесі болғанына қарамастан, барлығы да өздері басқарған ауданда туып-өскеніне қарамастан, жаңадан келгендердің біреуінде ғана облыс басшысына тән қасиеттерді көруге болады. Бірақ ол өңірді қалпына келтіру оларға автоматты түрде әлеуметтік-экономикалық жұмақтың қақпасын ашады деп аңғал сенген жергілікті тұрғындардың үлкен үмітінің құрбаны бола жаздады.
Нұрлан Ұранхаев: саяси ашылым
Әңгіме Абай өңірін басқарып жүрген Нұрлан Ұранхаев жөнінде болып отыр. Ол – мемлекет басшысы салған жол бойында нық жылжып қана қоймай, маңыздыны маңызсыз нәрседен, жаманды жақсыдан, пайдалыны зияндыдан ажырата біліп, бәріне бірден шашылмай, әуелі оған сеніп тапсырылған аумақтың тек ең өзекті және тез арада шешілуі талап етілетін мәселелерге назар аударатын бірден-бір әкім болып табылады.
Еске сала кететін жайт – Қасым-Жомарт Тоқаев Ұранхаевқа нақты тапсырмалар тізбесін белгілеген болатын, ал оларды шешу – аймақты «белсенді адамдарды, инновацияларды және инвестицияларды тартуға» қабілетті «динамикалық даму полюсі» жағдайына жақындатуы тиіс еді. Бірінші кезектегі проблемалардың қатарында мектептерде оқушылар орнының жетіспеушілігі (және президент атап өткендей, білім беру «бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың ең басты шарты» болып табылады) және инфрақұрылымның тозуы болды, бұл желілер және жаңа жылу электр станциясының (ТЭЦ) құрылысын ауқымды жаңғыртуды білдіреді.
Басымдықтардың қатарына мемлекет басшысы жаңа өңірді қолданыстағы көлік-логистикалық дәліздерге сай келтіруді де жатқызды, ол оны тағы бір маңызды хабқа айналдыруға және тау-кен кешенін дамытуға мүмкіндік беретін сапалы жол желісін құруды, аймақ экономикасының берік іргетасына айналуға және сонымен бірге оны жұмыс орындарымен қамтамасыз ететінін атап өтті.
Бүгінде Абай ауданы әкімінің алдына қойылған міндеттерді шешудің нақты жоспары бар деп айтуға болады. Орталық мемлекеттік органдармен талқыланып, келісілгеннен соң, қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін ол жұмысқа қабылданатын болады. Ұранхаевтың өзі түсіндіргендей, «жоспар барлық негізгі секторларды қамтиды. Оның ішінде жылу электр стансасы да, Аягөз – Бақты – Тачен теміржолы да, Айдарлы кен орнында тау-кен байыту комбинатының құрылысы да, бүкіл облыс бойынша мектептер де, балабақшалар да, емханалар да, инфрақұрылымдар да салынып жатыр. Мұның бәрі алдын ала қарастырылып қойған болатын».
Өздеріңіз білетіндей, көптеген облыс басшылары тұрғындардың өтініштерінен бастап, ағымдағы өңірлік күн тәртібін қалыптастыру бойынша өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті болмағандықтан «күйіп қалды». Шамасы, Ұранхаевқа осындай мұңды болашақ ешбір қауіп төндірмейтін сияқты.
Бастапқыда ол жай ғана бұрын осы аумақ солардың құзіретінде болған адамдардың қателіктерінен туындаған қарама-қайшылықтары және контрасттары бойынша ойнауды көздеп отыр деген сезім пайда болған еді. Бірақ алғашқы әсер дұрыс емес болып шықты. Ал бұл жай үміт тудырмай қоймайды, өйткені облыс әкімінің тек алтын жалатып қана қою үшін ең аз қарсылық жолын ұстануға ниеті жоқ екендігін көрсетеді. Ендеше, президенттік тапсырмалар тізіміне енбеген бұрыннан бері созылып келе жатқан мәселелер; қоғамдық көлік, қоқыс шығару, мәдени-тарихи мұраны сақтау, т.б. ең болмағанда, тиісті назардан тыс қалмайды деп күтуге болады.
Сонымен қатар, баспасөзден де, халықтан да қашпайтын, ыңғайсыз сұрақтарға бірден жауап беруді жөн көретін облыс басшысының ашықтығы да, Ұранхаев орындалмайтын уәделерді оңды-солды таратпайтындығы да тәнті етеді. «Уақытынан бұрын не істейтінім жөнінде дауыстап жарсалғым келмейді. Мен де Семей қаласының қатарлы тұрғынымын, оның үстіне осы қаланың тумасымын, іші-сырты білемін. Біз жұмыс істейміз, - деді де: «Ешкімде бәрі бірден өзгереді деген елес болмауы керек. Мен бір ғана нәрсеге кепілдік бере аламын – қала тұрғындарының өмірі жақсарады, сәл күту керек» - деп жалғастырды ол.
Бейбіт Исабаев: асықпаған арбамен қоян алады ма?
Көршілес Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Ұранхаевқа мүлде ұқсамайтын адам сияқты болып көрінеді. Шамасы, дипломатиялық қызметтің бай тәжірибесі әсер етіп жатқан болар, бұл оған орынынан бірден секіріп, қажетті жылдамдықты дамытуға мүмкіндік бермейді. Соның салдарынан оның облыс басшысы ретіндегі қызметі бақылаушылар тарапынан сынға ұшырай бастады.
Әкімнің атына айтылған претензияларды (ең болмағанда оның қазіргі қызметіндегі қысқа мерзіміне байланысты), тым байыппен қабылдаудың қажеті жоқ сияқты. Бірақ, қалай болғанда да, ол ең басты параметр бойынша – аймақты дамытудың стратегиялық пайымдауында өзге жаңадан келген әкімдерден жеңіліп жатқғаны анық. Әзірге оның барлық қадамдары тек тактикалық, тіпті, техникалық сипатқа ие деуге болады. Бірақ олар мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешу үшін жеткілікті болама? Бұл өте үлкен сұрақ дегендей.
Еске сала кету жөн жайт, Қасым-Жомарт Тоқаев Исабаевтан облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бойынша нақты шараларды қабылдауын күтіп отыр. Сондай-ақ суару жүйелерін қайта жаңарту (суармалы алқаптарды ұлғайту), қолжетімді тұрғын үй салу қарқынын арттыру, жолдарды жөндеу, елді мекендерді газдандыру, өнеркәсіпті дамыту, шағын және орта бизнесті дамыту сияқты өңірге қажетті қадамдарды жүзеге асыру, сонымен қатар педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу. Бірақ әзірге Исабаев, өзінің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, инвестиция тарту және әлеуметтік әділеттілік мәселелеріне баса назар аударуды көздеп отыр.
Әйтсе де, өзекті мәселелерді мақсатты түрде шешулер де әкім үшін, егер оған сеніп тапсырылған аумақ тұрғындарының түрлі әлеуметтік кепілдіктерді талап ететін «флешмобқа» қатысу деңгейі жоғары, соның ішінде жалақының өсуін есепке алатын болсақ, бәрі ойдағыдай бола бермей отырған сияқты. Сірә, облыстың нағыз қожайыны болмай тұрып, Исабаевтың үйренері көп сияқты...
Берік Әбдіғалиұлы: елесті әкім
Ал Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлына келетін болсақ, ол тек тұрғындардың ғана емес, журналистердің де, сарапшылар қауымы өкілдерінің де үмітін ақтамайтын сияқты – олар одан толық қайтарым көріп отырған жоқ. Оның аймақ басшыларының рейтингінде ол соңғы болып, тізімді жауып отырғаны сондықтан да болар.
Берік Әбдіғалиұлында өңірлік мәселелерді шешу тәжірибесі жеткілікті сияқты. Сондай-ақ онда әлеуметтік, көліктік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды салу және жаңғырту, тұрғын үй қорын жаңарту, өндірістік әлеуетті дамыту, 10 мыңға жуық жұмыс орнын құру бірінші кезектегі шаралар ретінде алға жылжудың бекітілген жоспары да бар. Оған тек жеңін қайырып алу ғана керек сияқты еді. Бірақ әкім тарапынан ерекше ынта көрінбейді. Және бұл жұмсақтықпен айтылған.
Тек мүмкіндіктерді ғана емес, оған қоса жауапкершілік те беретін билік ол үшін тым ауыр болып шықты деген сезім пайда болады. Ол тіпті сыртқы көрініс жасау үшін өзі туралы жалған түсінік жасауға да тырыспайды. Ал әкімдіктің ресми ақпараттық ресурстары жоқ нәрселерді бар деп қалай көрсетуге болатынын ойлап таба алмай отыр. Мінеки, мәселен, хабарламалардың бірі: «Бүгін Ұлытау облысының әкімдігінде облыс активімен аппараттық кеңес өтті. Активте жаңадан құрылған кейбір облыстық құрылымдардың басшылары ұсынылды. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды».
Пікір айтудың қажеті жоқ дегендей. Әрине, асығыс қорытынды жасағымыз келмейді, бірақ жаңа облыстың басшысы ретінде Берік Әбдіғалиұлына дауыс берген мәслихат депутаттары қателескендері анық...