Жақында ел президенті аймақтық элитаның кейпін кейбір негізгі ойыншыларды ауыстыру арқыл аздап өңдеді. «Жаңартулар» Жамбыл, Қызылорда және Атырау облыстарын қозғап өтті, онда өңірлерді басқару тәжірибесіз жаңа әкімдер пайда болды. Ал дебютанттардан не күту керек деген сұрақ риторикалық сұрақтан алыс сияқты болып көрінеді. Олардың билік еткен кезі өздерінің қарамағына берілген аумақтар үшін гүлденген кезең бола ма? Бұл үшін олардың алдында болған әкімдер қажетті негіз жасады ма? Осыны анықтауға тырысайық.
«Найзағайшының» орнына – зиялы
Халық арасында «алмастырылмайтын әкім» деп атанып кеткен Бердібек Сапарбаевтың саяси сахнадан кетуі сенсацияға айналған жоқ. Тәжірибелі басшыны өз жұмысын аяқтауға зейнеткерлік жасы мәжбүр етті. Егер осы «өкінішті» жағдай болмаса, Бердібек Мәшбекұлы өзінің сұранысқа ие екендігін және алмастырылмайтындығын көрсете отырып, орталық оны қайда жіберсе де үнемі өзінің соңынан еріп жүретін командасының «балапандарымен» бірге ұзақ жылдар бойы облыс-облыстарды аралап көшіп жүре беретін еді. Бірақ енді бұл шеңбердегі мәңгілік жүгіру тоқтатылды, бұл, шамасы, ең жақсы нұсқа болған сияқты. Ең алдымен, Сапарбаевтың өзі үшін – әйтпесе ол (облыс басшысы ретіндегі жұмысының соңғы, онша сәтті емес жылдарын ескере отырып) темір қолымен басқаратын «найзағайшы» әкімнің бұрынғы имиджінің қалдықтарын біржола және қайтарымсыз жоғалтып алу қаупін төндіреді.
Өзінің саяси мансабының батуы алдында екі жылдан астам уақыт басқарған Жамбыл облысы ол үшін (бұл қаншалықты оғаш естілсе де) өте алмайтын Рубикон болып шықты. Әрине, жаңғақ Сапарбаев өзінің барлық тістерін сындырып алатындай қатты болып шықты деуге болмайды. Бірақ, сонымен бірге, дәл осы жұмыс учаскесінде Бердібек Машбекұлы өзінің мақтаулы мықтылығының ақырындап жоғалта бастағаны айқын болды: ол соңғы кездері бульдогтың мықтылығына ұқсамай қалды, алайда нақ осы жайт Сапарбаевтың басшы ретінде даусыз абыройы болып есептеліп келген.
Өзі үшін дәстүрлі әдістеріне жүгініп, қол астындағыларды айдап салып, оларға үнемі аутодафе ұйымдастыра отырып, ол облысты көптен бері келе жатқан әлеуметтік-экономикалық тығырықтан сол қалпы шығара алмады. Бірақ Сапарбаев ешқашан ұятқа қалмай, өзінің ізін соңына дейін сақтауға тырысқанын мойындау керек. Әрине, оның қарсыластары қазір Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеп жатқан кезде олардың пікірінше, елтаңбаның құлауын елемегенін де, кадрлық қателік үшін президенттің өзінен сөгіс алғанын да (бұрын мемлекет басшысының талабы бойынша қызметінен босатылған лауазымды тұлғаның жаңа қызметіне тағайындалған) және т.б. өте жағымсыз фактілерге назар аударуға тырысады. Полишинельдың командалық орын ауыстырулар жөніндегі құпияларды ашып салусыз да, Бердібек Мәшбекұлының өзін-өзі жарнамалауға сүйіспеншіліксіз де болмады. Бірақ әкім Сапарбаев тек мұнымен ғана танымал емес қой. Есте сақтау қабілеті онша қысқа емес аздаған адамдар ғана осы екі жылда аймақты әлеуметтік және экономикалық жеңістер орбитасына шығару мүмкін емес болғанын жақсы түсінеді, өйткені шын мәнінде өрт сөндіру бригадасының режимінде жұмыс істеуге мәжбүр болды.
Алдымен әкім Қордай өңіріндегі ұлтаралық қақтығыстың салдарын сөндірді. Тәртіпті қалпына келтіру, наразылықты жою, инфрақұрылымды қалпына келтіру қажет болды, негізінде облысқа ол нақ осы үшін жіберілген болатын. Бірте-бірте бәрі реттеле бастағандай көрінген еді, Сапарбаев жағдайды өз бақылауына алған сияқты, бірақ сол кезде жаңа қайғы-қасірет келді – Байзақ аймағында снарядтар жарылып, тағы да қираулар және көптеген адам шығыны болды: 17 адам қаза тапты, ал тағы 98 адам жарақаттанды. Содан әкімнің күшін сынағандай, құрғақшылық басталды. Ал мұның бәрі ұзаққа созылған пандемия және карантиндік шектеулер аясында орын алды. Сапарбаев тыныстап үлгермей жатып, қанды қаңтар оқиғасы орын алып, ақыры тәжірибелі кәсіпорын басшысын әбден әбігерге салған сияқты.
Екі жыл ішіндегі осыншама апаттар саны тіпті Бердібек Мәшбекұлы сияқты мастодонт үшін де тым көп. Оқта-текте пайда болған саңылауларды, тіпті өзіне таныс, тиімділігіне көптен күмән келтірген командалық-әкімшілік әдістермен де мүмкіндігінше жамауға тырысты. Айтқандай, орта жолдың жартысы болып шықты, бірақ, екінші жағынан, Сапарбаев командасының әрекеті аймақты әлеуметтік аутсайдерлерге түпкілікті айналдырмауға мүмкіндік бергенін мойындау керек.
Мәселен, ұлтаралық қарым-қатынастар жөнінде айтатын болсақ, аймақ басшысының тікелей атсалысуымен «Бейбітшілік пен келісім» жобасы қолға алынды. Бұл іс жамбыл жерінде бейбітшілік пен келісімнің нығаюына ықпал етті ме, жоқ па, айту қиын, бірақ осы бастама аясында әлеуметтанушылардың қатысуымен ұлтаралық өрттердің жаңа ошақтары кез-келген уақытта тұтанып кетуі мүмкін жиырмадан астам елді мекен анықталғанының өзі жақсы нәтиже. Сапарбаев облыс экономикасында да кейбір нәрселерді өзгертуге тырысты. Мәселен, ол басқарған алғашқы жылы жалпы құны 44 миллиард теңгеге жуық 15 инвестициялық жоба іске қосылды.
Шындығына келсек, ол өткен жылды одан әлдеқайда қарапайым нәтижемен (құны 19 миллиард теңгеге жеттер-жетпес сомаға жасалған 12 жоба) аяқтады. Халықтың әлеуметтік әл-ауқаты қанағаттанарлықсыз күйінде қалып отыр.
Егер түйіндейтін болсақ, Бердібек Мәшбекұлы облысты өзінің ізбасарына азды-көпті қанағаттанарлық жағдайда – шешімін таппаған созылмалы проблемалармен, бірақ жойылған «бағдарламадан тыс тосынсыйларымен» (олар аймақты тиімді даму рельстеріне жолға қоюға бөгет болатын) тапсырды деп қорытынды жасауға болады.
Сапарбаевтың орнына келген Нұржан Нұржігітовке ең алдымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, халықтың әл-ауқатын жақсартуды тапсыруы таңқалдырарлық емес. Жаңа әкімнің қолынан бұл келер ме екен?
Бір жағынан, оның үлкен артықшылығы – ол сырттан емес, аймақтық вертикал аясында ұзақ жылдар бойы жылжып келген адам. Демек, ол жергілікті элитамен тіл табысуға уақыт қажет етпейді. Оның үстіне ол соңғы екі жылда тікелей Сапарбаевтың қарамағында жұмыс істеген, яғни одан бірдеңені үйрінген. Ал бұл жайт орталықтың Бердібек Мәшбекұлының кәсіби біліктілігін үнемі құптап айтып, тіпті өзі сияқты мықты бизнес-басшыны клондау мүмкін еместігіне өкініш білдіретінін ескерсек, жақсы нұсқа болуы мүмкін.
Басқа жағынан, Нұржігітовтың мұндай клонға айналу мүмкіндігі онша көп емес. Біріншіден, ол тым жұмсақ адам сияқты әсер қалдырады.
Екіншіден, оның бұрынғы еңбек жолының негізінен ауыл шаруашылығына байланысты болуы, яғни «тар теміржол» бойымен жылжуы оның басқарушылық көкжиегін (айтпақшы, Сапарбаев сондай қасиетімен елге мәлім) толық кеңейтуге мүмкіндік бермей, тежеуші факторға айналуы мүмкін. Бұл нюанс та жаңа әкімге премьер-министр Әлихан Смайылов тапсырған халықтың әлеуметтік-экономикалық сұраныстарына жедел әрі барабар жауап беруіне де кедергі келтіруі мүмкін.
Әрине, екіншіден де, үшіншіден де бар... Бірақ олар енді онша маңызды емес. Бұл жерде ең бастысы басқа нәрсе. Нұржігітов орынбасарға тән көзқарастарынан арылып, қанатын кеңге жайып қана қоймай, иығына түскен жауапкершілік жүгін толық сезінгенде ғана өзінің алдыңа қойылған міндеттермен толығымен орындай алады. Алдыңғы тәжірибе көрсеткендей, соңғы жылдары облыс басшыларын әкім орынбасарларынан «өсіру» әрекеттері көбіне сәтсіз аяқталған болатын...
Әлсіз жынысты әкімнің орнына – өршіл інісі
Мүлде басқа жағдай Қызылорда облысында байқалады. Оны басқару жоғарыда аталған Бердібек Сапарбаевтың інісі Нұрлыбек Нәлібаевқа сеніп тапсырылды. Ол осы лаузымда Қазақстан тарихындағы бірінші және жалғыз әйел - облыс басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың орынына келді. Ал бұл жерде жаңа әкімнің келу себептері Жамбыл облысындағыдай табиғи сияқты болып көрінбейді. Бір жағынан, гендерлік әртүрлілікті енгізу әрекеті шынымен сәтсіз аяқталды, ал екінші жағынан, бақылаушылардың айтарлықтай көп бөлігі кастингте аппараттық ойындардың белгілерін көрді.
Бірінші бөлігіне келетін болсақ, Әбдіқалықованың отставкаға кетуінің жоғарыда аталған ықтимал себептеріне қатысты тек бір ғана нәрсені айтуға болады: ол облыс басшылығына феминистік талаптардың негізділігін дәлелдей алады деген үміт, үлкен басқару тәжірибесі (министр, премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, мемлекеттік хатшы) болғанына қарамастан, ақталмады. Өңір тұрғындары Әбдіқалықованың билікте тұрған екі жылын кейбір жетістіктерімен емес, оның үнемі ыңғайсыз жағдайларға түсіп қалуымен есте қалды. Қалай болғанда да, аймақтың кез-келген басшысының жұмысының тиімділігі бағаланатын жеті экономикалық көрсеткіштің төртеуінде ол сәтсіздікке ұшырады.
Оның облыс басшысы ретіндегі жалғыз артықшылығы, бәлкім, қаңтар оқиғасы кезіндегі мінез-құлқы болса керек, бұл нәзік әйел нағыз қайраттылық танытқан. Сол бір қайғылы күндерде наразы топтың алдына шығып, талап-тілегін тыңдауға ер әкімдердің бәрі бірдей өз бойында батылдық таба алмады. Гүлшара Наушақызы өзінде осындай күшті тапты. Бірақ, шамасы, бұл лауазымды сақтап қалу үшін мұндай іс-әрекет жеткіліксіз болған сияқты.
Екінші жағынан, дәл осы батыл қадам Әбдіхалықова жіберілген қателіктерді түзетуге мүмкіндік беретін, демек, оның өкілеттіктерін ұзартатын басқа ықтимал сценарийдің негізі болуы мүмкін. Бірақ аймақтық элитаның өкілдері мұны өздерінің фаворитін алға жылжытуға кедергі ретінде қабылдағаны ықтимал. Сонымен қатар, мемлекет басшысының атына келіп түскен өтініштердің және ақпараттық кеңістікке жасырын тастаулардың саны бойынша олардың тарапынан жасалған қарсы әрекет онсыз да ұлғайып отырды: жергілікті «ақсақалдар» жай ғана әйел әкімнің басқарушылық қасиеттеріне емес, сондай-ақ оның осындай жоғары лауазымға келу фактісіне де наразылығын білдірді. Ал егер ол орынында қалған болса, бұл текетірес қандай ауқымға жетер етендігі белгісіз.
Осындай ықтимал сценарий тұрғысынан жаңа әкім ретінде Нұрлыбек Нәлібаевтың тұлғасы әбден қисынды және табиғи болып көрінеді. Оның амбициялары туралы Қызылорда қаласының әкімдігіне басшылық еткенінен бері біраз уақыттан бері айтылып келеді. Бірақ Нәлібаевты көздеген мақсатынан «мүдделер қақтығысы» – басқа облыстың басшысы лаузымында ағасының болуы кедергі болатын. Енді бұл кедергі жойылды, ал жаңа кедергінің пайда болуы оны тоқтатуы екіталай, өткені ол сонғы жылы орталықта салмақ жинап келді.
Дегенмен, бұл шындыққа талап қоймайтын таза болжам. Оның үстіне, орта мерзімді перспективада әсерлі жеңістер сериясын көрсету және Қызылорда облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды түбегейлі өзгерту Налибаевтың да, басқа біреудің де қолынан келмейді – Әбдіхалықова тек ауырлатып жіберген бұрынғы қателіктердің салмағы тым үлкен. Өңірді, оның ең азапты тұстарын бәрінен жақсы білетін жаңа әкім келешек дамудың тым болмаса перспективті траекториясын құруға қабілетті болады деген үміт бар.
Кадрлық пасьянстардың әуесқойының орнына мемлекеттік қызметтегі «аскет»
Атырау облысын басқарған тағы бір әкім – Махамбет Досмұхамбетовты бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен алмастыру, бұрынғы екі жағдайға қарағанда, техникалық ауысымға өте аз ұқсайдыБұл жерде нақты мемлекеттік бағыт байқалады: халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу арқылы наразылық әлеуетінің (Маңғыстаумен қатар елдің басқа жетекші мұнай өңірі оның генераторы болып табылады) өсуін тоқтатуға тырысу.
Жаңа әкім Серік Шәпкеновтің әлеуметтік бас басқармасының басшысы ретіндегі жұмысының екіұшты нәтижелерін ескерсек, мұндай жоспарды жүзеге асыруда оның бейнесі қаншалықты сәтті екендігін айту өте қиын. Қазақстандықтар пандемия мен карантиндік шектеулер кезінде мемлекеттен қаржылау көмек ретінде алған сомаға, 42500 теңгеге бір ай бойы өмір сүру мүмкіндігіне қатысты оның бір түсіндірмесі (сол кезде ол әлі вице-министр болған) қандай резонанс тудырғанын еске салу орынды болады. Сонда ол былайша: «Мен жауап бере аламын, иә, мысалы, 42500 ... Мен 42500 теңгеге өмір сүре аламын ба дегіңіз келе ме? Бірақ менің ойымша, кез келген жағдайда жалақыны жұмыс беруші белгілейді. Бұл жоғары талапшыл маман болса, неліктен жұмыс беруші оған 42500 теңге төлейді?» - деп жауап берді.
Үш жыл бұрын өңірге министрліктен – Энергетика вице-министрі қызметінен жіберілген оның ізашарының тәжірибесі де оптимизм тудырмайды. Махамбет Досмұхамбетов әкім болып қызмет атқарған кезінде тек кадрлық пасьянстың ойынымен ғана «ерекшеленді», бұл шын мәнінде өзіне зиян келтірді – бүгінде облыс шенеуніктері арасында өршіп тұрған жемқорлық жөнінде айтпайтын адам қалмады. Ал егер билік вертикалында тіпті бұрынғы парламентарийлер де «жымқырып алудан» бас тарта алмайтындай жағдай жасалған болса, басқа не айтуға болады? Бұрынғы әкім тұсында халықтың әлеуметтік сұранысына реакциясы, шынын айтсақ, нөлге тең болатын – билікке өз өтініштерін жеткізу үшін облыс тұрғындары көп жағдайда республикалық деңгейге баруға мәжбүр болды.
Әрине, егер жаңа әкім мен оның бұрынғы басшысын салыстыратын болсақ, Шәпкеновтің артықшылығы әлдеқайда көп. Өзінің тағайындалуына дейін жергілікті атқарушы билік жүйесінде жұмыс тәжірибесі болмаған Досмұхамбетовке қарағанда, ол бұл тұрғыда «бай адам». «Нөлдік» жылдардан бастап Шәпкенов Батыс Қазақстан облысының құзырлы органдарында түрлі қызметтер атқарып, кейіннен Атырауға ауысып, алдымен облыс орталығын басқарып, содан кейін облыс басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды. Оның үстіне Шәпкенов жетекшілік еткен Атырау облысының (сонымен бірге БҚО) тағы бір әкімі Нұрлан Ноғаевтың мектебі де жақсы атаққа ие.
Бірақ бұл плюс па, әлде шын мәнінде минус па? Облыстың жаңа басшысы Атырауда өткізген төрт жылда (2016-2020 жж.) шешімін таппаған мәселелер тізбесі іс-жүзінде өзгермеді. Ал ол әлі де осылай көрініске ие: тозығы жеткен тұрғын үйлер, қалыпты жол-көлік инфрақұрылымының жоқтығы, ауыз сумен қамтамасыз етудегі қиындықтар, нашар экология, әлеуметтік стратификацияның жоғары деңгейі, әлеуметтік инфрақұрылымның – ауруханалық төсек-орындары мен студенттер орындарының жетіспеушілігі, жоғары бағалар. Ал, Шәпкенов соларды шеше ала ма деген сұрақ оның әкімшілік қызметі бойы таза риторикалық болып қала беретін сияқты.