Қайғылы қаңтардан кейін Президент өзінің халыққа Жолдауында жариялаған «Жаңа Қазақстан» жаңа идеологемасы көпшілік санасында (бірақ әзірге терең мағынасы мен мәнін түсінусіз тек абстрактілі ұран ретінде, тіпті әзіл-қалжың ретінде) тез орнығып қалды. Жалпы, қоғамда бұл – ел болашағының бейнесі деген түсінік бар, бірақ біз қай жаққа бара жатқанымыз белгісіз. Осыған байланысты біз QMonitor беттерінде бұл болашақ, мысалы, 2030 жылға қарай қандай болуы тиіс (бұл датаны Қазақстан Республикасының билігі әрқашан белгілі бір белес ретінде қарастырады) және егер біз тиісті күш-жігерімізді жасамасақ ол қандай болып шығуы мүмкін? – деген тақырыптағы жаңа пікірталасқа бастамашылық жасадық. Сөз біздің тұрақты мамандарымызға беріледі.
Әміржан Қосанов, саясаткер және қоғам қайраткері:
«Жаңа Қазақстан өзіне қойылатын жана талаптарда басталады!»
- «Жаңа» деген анықтаманың өзінде өз тартымдылығы, сиқыры бар. 2018 жылы демократиялық лагерьдегі әріптестерім екеуміз «Жаңа Қазақстан» форумын құрғанымыз кездейсоқ емес, бірақ, өкінішке орай, оны сол қалпы тіркемеді...
Әдетте адамдар ескі тәртіптен әбден шаршаған кезде «жаңа» деген сөз ерекше өзекті болады. Оның үстіне билікке жаңа президент келді, әрине, азаматтар түбегейлі жаңартуларды қалайды. Демек, «Жаңа Қазақстан» идеясының өзіне қоғамда сұраныс бар. Менің ойымша, басқа мәселе – көптеген адамдар оны тым жалпақ қабылдайтынында. Сондай-ақ олар жоғарыдан біреулер келіп «бұл не нәрсе және оны қалайша пайдалану керек» деп тармақтар бойынша түсіндіріп, тиісті іс-шаралар жоспарын бекітіп, сол күннен бастап барлығы «жаңаша өмір сүре» бастайды деп күтеді.
Билік қасіретті қаңтардан кейін қоғамның үлкен үміт күтетінін, оның шаршағанын және 30 жыл бойы ешбір бәсекестіксіз билік еткен режим жүргізген жаңа идеологиялық жұмыстың ешбір, тіпті болмашы ұқсастығын қабылдамайтынын түсінуі тиіс. Мінеки, сондықтан да жаңадан шыққан идеологтар мен олардың қоғамға ұсынып отырған жаңа-ескі идеологемаларна деген сын көп. Шамасы, теориялық негіздермен қатар, мемлекеттік идеологияның кадрлық негізін де түбегейлі өзгерту қажет: бақытымызға орай, осы жылдар ішінде өткеннің ауыртпалығынан бос және мүлдем жаңа тартымды идеяларды алға қоюға қабілетті жаңа жасампаз тап пайда болды.
«Жаңа Қазақстанның» түюегейлі идеологиялық негіздеріне келетін болсақ, олар «ескі» Қазақстанның өлшемдеріне полярлы болуы керек. Сонда ғана бұл идеологиялар қоғам тарапынан қабылданатын болады, өйткені қоғамның қолдауынсыз кез келген реформа сәтсіздікке ұшырайды. Бірінші қадам ретінде тоталитаризммен шектесетін авторитаризмнан, олигархқа бағытталған экономикадан, халыққа қарсы әлеуметтік саясат, сыбайлас жемқорлық және сәндік демократия сияқты бұрынғы атавизмдерден үзілді-кесілді бас тарту болуы ықтимал. Алайда жеке өз басым мұндай шешімдердіді әлі де көріп отырған жоқпын.
«Жаңа Қазақстанның» идеологиясының тым саясаттандырылғанын, қазіргі конъюнктураға бағынғанын, біржақты билікшіл немесе біржақты революциялық оппозиция болғанын онша қаламас едім: шындық қанша дегенмен осы екі антагонистік парадигманың ортасында жатыр.
Қуат Күнболатов, қоғам қайраткері:
«Жаңа» елдің құрылысына қоғамның көңілі қалып қоюы ықтимал»
- Шынымен де, «Жаңа Қазақстан» идеологиясының бос сөз емес екендігін, ол қоғамның, жалпы елдің тектоникалық өзгерістерін қажет етентіндігін және тіпті (бұл сөзден қорықпаймын) одан бас тарта алмайтынын әзіргетек мамандар ғана түсінеді. Ал азаматтардың көпшілігі бұған белгілі бір дәрежеде күмәнмен және тіпті сарказммен қарайды, өйткені олар ұсынылған өзгерістерді ішкі экономиканың нашарлауымен, халықтың кірістерінің төмендеуімен, бағалардың өсуімен және ең жоғары деңгейдегі билік эшелондарында күрделі кадрлық реформалардың болмауымен байланыстырады. Қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда олар: «Мінеки, қараңыздар, «Жаңа Қазақстан» - шағымданады.
Азаматтардың наразылығы мен қобалжуын, әрине, түсінуге болады – өмір тез қарқынмен қымбаттап жатыр, бұл әсіресе азық-түліктердің бағасынан байқалады. Бірақ егер біз сол бір қантты алатын болсақ, онда біз қазір оның тапшылығын бастан кешіріріп отырмыз, бірақ ол толығымен жоққ емес, ал бұл, келісіңіздерші, әртүрлі нәрселер. Мен соңғы кездері ашаршылық, барлығы бізді онымен бізді барлығы, оның ішінде әртүрлі форумдарда қорқытып жүргеніне қарамастан, Қазақстанға тиіп кетпеуі тиіс екенін қайталаудан жалықпаймын, бірақ ұмытылып қалған «дефицит» деген термин күнделікті өмірімізге қайта оралуы әбден ықтимал. Өкінішке орай, бұл жаһандық тенденция – бүгінде көптеген елдер аса шиеленіскен геосаяси жағдайлар мен жаһандық жеткізу тізбегінің бұзылуы жағдайында азық-түлік жеткізудегі үзілістерге тап болып отыр.
Ал біз қайда жылжып бара жатқанымызға келетін болсақ, менің ойымша, біз Еуропа мен Азияны сөздің тура мағынасында байланыстыратын «транзиттік хаб» форматында мемлекет құруымыз қажет. Мысал ретінде 50 жыл ішінде кедей қала-мемлекеттен ең бай және ең қуатты экономикалық державалардың біріне айналған Сингапурға назар бағдарлануға болады. Бұл, басқа себептермен қатар, қолайлы географиялық жағдайдың және елге әлемдік саудада ықпалды делдал және Батыс пен Азия арасындағы өзіндік көпір болуына мүмкіндік берген ең ірі теңіз портының арқасында болды.
Орта мерзімді перспективада Қазақстан да, көптеген басқа мемлекеттер сияқты, үлкен дәрежеде жаһандық еңбек бөлінісіне енгенін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық сілкіністерден құтылып кете алмайтыны анық. Алайда, дұрыс теңгерімді басқарудың арқасында жаһандық экономикалық дауылдар бізді қатты шайқамауы тиіс. Экономикалық әл-ауқат тұрғысынан алғанда, менің ойымша, біздің еліміздің әлеуеті зор. Жалпы, желдердің барлығы біздің желкенімізде үрлейді деп есептеймін. Мысал үшін, бізге көрші Ресейден білікті кадрлар келе бастағанын алайық – олар өз бизнес жобаларын осында жүзеге асыруға ниетбеніп отыр. Ал бұл технологияларды дамытудың тағы бір мүмкіндігі болып табылады...
Қазіргі басты мәселе – экономикалық реформаларды тиімді жүзеге асыруға, қоғамның дамуына кедергі болуы ықтимал тежеулерден арылу. Ал ең алдымен біз сыни деңгейлерге дейін жеткен сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауымыз керек. Әлемдік бизнес қауымдастығында Қазақстанда парасыз жұмыс істеу мүмкін емес деген пікір берік орныққан. Жағдайды өзгерту оңайға түспейді, бірақ мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауатты бағдарламасының арқасында осы зұлымдықты жойып тастаған жоғарыда аталынған Сингапурдың тәжірибесі бізге көмектеседі. Мен ең алдымен ақылды заңгерлер мен қоғам өкілдерінің тобын құрудан бастауды ұсынар едім, олардың міндеті – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы үшін қолданыстағы заңдарды қарап шығу және балама нұсқаларды ұсыну болып табылады.
Егер сыбайлас жемқорлық пен непотизм жағдайын қысқа мерзімде түзеп отырып, тек «еститен» ғана емес, оған қоса әділетті мемлекетке айналатын болсақ, бізде 2030 жылға тіпті жоғары дамыған ел ретінде болмасаа да, онда ең болмағанда қосылған құны жоғары жаңа өндірістер және ауыл шаруашылығын көтеруге, білімнің нашарлауымен байланысты жағдайды түзетуге, ғылымды қалпына келтіруге және т.б. мүмкін болатын деректер орталықтары бар ел ретінде алға қадам басуға мүмкіндігіміз бар. Ал егер бұл күрес нәтиже бермесе, қоғам «жаңа» елдің құрылысынан түңіліп кетеді, ал содан кейін жаппай наразылыққа жету оңай. Әрине, мұндай жағдайда әртүрлі сырт жақтағы өз мүддесін іздеушілер де өз мүдделері үшін әрекет етуді қалайды, өйткені қазіргі үлкен өзгерістер кезеңінде ондайлар өте көп.
Айталық, халықтың сенім несиесі шексіз емес. «Аш адамдар бас көтермейді, ренжігендер бас көтереді» дегендей, жаңа, әділ, тоқ болашақтан әлі де үміт күттіретін халықтың көңілін қалдыруға болмайды.
Шыңғыс Лепсібаев, Qorgau ұлттық құқық қорғау желісінің жетекшісі:
«Егер біз мұны жасамасақ, біз үшінші әлемге сырғанап кетеміз»
- Менің ойымша, біздің іргелі мәселеміз – 30 жыл бойы біз Қазақстан халқы берік ұстанатын қарапайым ортақ идеяны таба алмағанымызда. Мысалы, АҚШ-та «американдық арман» бар – кез келген адамдар, әлеуметтік жағдайы мен туған жеріне қарамастан, егер олар еңбек ететін болса, бай бола алады деген сенім. Көптеген Еуропа елдерінде бұл – адамды табысты және бай ететін сапалы білімнің культі. Жапонияда бұл – жапондықтардың өз елін масқаралауға жол бермейтін өз халқына деген ізеттілік, адалдық сезімі. Ал Қазақстанда біз ақшаға, олар қандай жолмен табылатынына қарамастан,табынудан басқа ақылға қонымды ештеңені тәрбиелей алмадық.
Әрине, бізде ұлттық идеяны, оның ішінде «Мәңгілік Ел» концепциясы арқылы қазаққа ұлы тарихының төңірегінде топтасуын ұсынған талпыныстар орын алған болатын. Бірақ бұл ешқайда апарып жеткізбейтін жол – оны,, айтпақшы, Ресей мен Венгрияның тәжірибесі дәлелдеп отыр. Одан кейін қазақтың рухани құндылықтарын жаңғырту арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған талпыныспен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы пайда болды. Алайда, ол да жұмыс істей алмады (оның авторларының өздері де не туралы жазғандарын білмеген сияқты)...
Бізге бірегей ұлттық идеяны іздеу әлі алда екені анық, бірақ, менің жеке пікірім бойынша, оның іргетасын дәл қазір, біздің табысты прогрессивті қоғам болуға көмектесетін он ұлттық жоба арқылы, қалауға болады (ал мен қазір рейтингтер туралы айтап отырған жоқпын). Біз ең алдымен әлемге көшпелілер өркениетінің мұрагері, өңірдегі көшбасшы бола отырып, Қазақстан азаматтарының мүддесін берік қорғайтын озық әрі әділ мемлекетке айналғанын паш етуіміз қажет. Егер біз мұны жасамасақ, біз үшінші әлем елдерінің санатына тез сырғып кетеміз. Жаңа технологиялық дәуірге қадам басу үшін бірнеше санаулы жылдар ғана қалды.
Оны жасау үшін не қажет? Ең алдымен – өте күшті қоғамдық байқау қажет және бақылау жасап отыру керек, өйткені бізде орындаушылардың жауапкершілігі мен олардың біліктілігіне қатысты үлкен мәселелер бар. Оған қоса, біз барлық халықаралық міндеттемелерді, соның ішінде климаттың өзгеруі, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, жасыл экономикаға көшу және т.б. бойынша келісімдерді орындауға тиіспіз. Басты мақсат – біздің экономикамызды инновациялық етіп жасау, ол транзиттік әлеуетін және бай ресурстарын ұтымды пайдаланып, ауыл шаруашылығын лайықты деңгейге көтеріп, азаматтардың кедей емес өмірін қамтамасыз етеді. Істің шын мәненде, Қазақстан тек өзін ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген елдерді асырауға қауқарлы. Алдағы әлемдік қаржы және азық-түлік дағдарысы жағдайында мұны пайдаланбауға болмайды.