Егер біз сапалы жаңа мемлекет құруға бар күш-жігерімізді жұмсайтын болсақ, Қазақстан 2030 жылға қарай қандай болуы ықтимал, ал егер бәрін сол қалпында қалдырып қойсақ, сол уақытқа дейін еліміз қандай болмақ деген мәселені талқылауды жалғастырамыз. Пікірталасқа қатысушылар «екінші республика» құрудың алуан түрлі рецептерін айтып жатқанымен, олардың барлығы бір нәрсемен – Қазақстан жақсы жаққа өзгеруі үшін, ең алдымен, азаматтардың өздерінің санасын жаңадан құру қажеттігімен бірауыздан келіседі.
Максим Крамаренко, «Еуразиялық саясат институты» ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі:
«Ішінара біз әлі «бірінші республиканың» ескі тәртіптерімен өмір сүріп жатырмыз»
- «Жаңа Қазақстан» идеясы өздігінен, «қайғылы қаңтардан» кейін бірден пайда болды деп айту дұрыс емес. Оның пайда болуын осы бағытта – «екі қадамдық қимылдың» бір түрі ретінде қарастыратын болсақ, онда бұл жағдайдың барлығы біздің элитаның қарапайым қазақстандықтардың назарын билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынаста пайда болған өзекті мәселелерден өзге нәрселерге аударып жіберуге бағытталған банальды саяси технологиясының тәсілі болады. Істің шын мәнінде барлығы басқаша. Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке елімізді өзгерту жоспарымен келді деп қазірдің өзінде айтуға болады. Ал «Жаңа Қазақстан» – делік, бұл жоспардың эволюциясы, оның тұжырымдамалық өзегі, егер есімізге түсіретін болсақ, «еститін мемлекет» болған.
Айталық, «Жаңа Қазақстанға» апарар жолындағы қайта құрулар аясында ұсынылған Конституция реформасы өзінің нысаны және мазмұны жағынан Тоқаевтың «еститін мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келді. Конституциялық нормалар президент жарлықтары және конституциялық заңдар арқылы емес, олар Қазақстан халқымен келісіп, референдум өткізу арқылы өзгертілді. Конституциялық сотты қайта жаңғырту, биліктің өкілді органдарына сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды реформалау арқылы заң шығарушы және атқарушы биліктің арасынынң ашылуы – мұның бәрі «мемлекеттік машина» және халық арасындағы тиімді екі жақты байланысты құру үшін, былайша айтқанда, бұл «машина» қалай болса солай шапқыламай, елдегі бірден-бір билік көзі – халықтың бақылауында болуы үшін жасалып жатыр.
Осы жерде айта кететін жайт, біз «Жаңа Қазақстанға», немесе өткізілген референдумнан кейін президентіміз айтқандай, «екінші республика» кезеңінің басына кірдік. Бірақ біз оны әзірге толығымен сезініп үлгермедік. Инерциялық ойлаудың әсерінен біз ішінара «бірінші республиканың» ескі тәртібі бойынша өмір сүріп жатырмыз. Оның үстіне заңды түрде бекітілген трансформациялардың барлығы іс жүзінде іске қосылып үлгермеді. Мысалы, Конституциялық сот өз жұмысын тек келесі жылдың қаңтар айынан ғана бастайды. Бәлкім, ол уақытқа дейін елде жаңа ережелер бойынша барлық деңгейдегі биліктің өкілді органдарына, саяси партиялар ғана емес, сонымен қатар халық пен «еститін мемлекет» арасындағы байланыс бола алатын ынталы азаматтар да бәсекеге түсетін орындарға сайлау өтіп кетуі мүмкін.
Жалпы тұтастай алатын болсақ, Қазақстанның одан әрі дамуы қай бағытта жүретіні: ол екінші Сингапур, Орталық Азиядағы Швейцария немесе үшінші әлем мемлекеті бола ма – ол көп жағдайда халықтың өзіне байланысты. Егер біз өзгерістерді қалайтын болсақ, өзіміз де өзгертуіміз қажет. Әрине, «Жаңа Қазақстан» болашақта гүлденген, экономикасы дамыған мемлекет сияқты болып көрінеді. Бірақ оны біз үшін ондай етіп ешкім салып бермейді.
Нұрлан Әселқан, «Ғарыштық зерттеулер және технологиялар» журналының бас редакторы:
«Қазір біз барынша батыл және «қазақтарша» емес әрекет етуіміз қажет»
- «Жаңа Қазақстан» менің көзқарасым бойынша, - бұл жай ғана қандай да бір жол картасы немесе айталық, іс-қимыл жоспары емес. Әсіресе оны «2030», «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру» және басқа стратегиялармен салыстыруға болмайды, өйткені олар біріншіден, қайта оралмасқа кеткен, екіншіден, нағыз өмірде, нағыз Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға күрт қарама-қайшы келетін.
Президент бұл идеяны алға тартқан кезде, оның механикалық орындалуы бізді әл-ауқаттың өсуіне және ілгерілеудің автоматты түрде артуына әкелетін шаралар кешені жөнінде айтқан жоқ деп ойлаймын. Ол ең алдымен біз соңғы онжылдықтарда жасаған барлық қорқынышты, тұрақсыз, тұйық нәоселерді құтылу мақсатын көздеген. Еліміз шын мәнінде мемлекеттіліктен айырылу шегіне дейін жетіп қалды. Бұл Қазақстанныі өзінде де, одан тыс жерлерде де айқын көрінді.
Соңғы кездері өзіміздің икемсіздігімізді, проблемашылдығымызды, ашушаңдығымызды, ұжымдық әрекетке қабілетсіздігімізді жақсы аңғарғанымызды мойындайықшы. Күн сайын, тіпті минут сайын біз еліміздің сәтсіздігіне, жүйенің абсолютті сатқыншылдығына және көпшілігіміздің мұнда уақытша ғана болатынымызға сенімді болып келдік. «Жаңа Қазақстан» осы «ескі» Қазақстанды сілкіп тастау, ауыр фактілерге тікелей үңілу, өз ұстанымын байсалды және нақты бағалауға тырысу, бәлкім, өкіну және ең соңында түбегейлі бастау бір нәрсені өзгерту үшін қажет болды.
Егер біз осы қатарсистен (тазартудан, жағдайдың мәнін түсінуден) өтудің орынына әбігерге түсіп, ұрандарды іліп, мемлекеттен де, айналамыздағылардан да бәрі өздігінен шешілетінін күтіп отыратын болсақ, оның үстіне кез келген кемшілікті көрген сайын – мінеки, қараңыздаршы, сіздердің «Жаңа Қазақстандарыңыз» деп кінә тағып отыра беретін болсақ, онда жаңа ештеңе, әрине, бізде болмайды, лайықты дамуға мүмкіндік туындамайды. Ал бұл жерде бізді итермелейтін, бағыттайтын құралдардың кез келгені жақсы. Оның үстіне, бізге осы жылдар бойы қалыптасқан ережелерді, қаласаңыз, терең архаизмге әкелген дәстүрлерді елемейтін адамдар қажет.
Басқаша айтқанда, біз қазір бұрынғыдай мүлдем стандартты емес, батыл және «қазақтарша» емес әрекет етуіміз қажет және бізді, шын мәнінде, олигархатқа, қоғамның мүліктік және әлеуметтік жіктелуіне, халықтың биліктен, ал биліктің – халықтан алшақтауына алып келді. Президенттің бұл идеологияны қандай да бір ресми кестелер мен мерзімдерге байланыстырмай әрекет етуі өте дұрыс. Менің ойымша, «Жаңа Қазақстан» – бұл сабақ алып, тәкаппарлық пен инерциядан арыла алуымыз. Ақылды, жауапкершілігі бар адамдар үшін бұдан басқа жол жоқ. Бұл біздің көшбасшымыздың қолынан және біздің қолымыздан келе ме? Оны уақыт көрсетеді.
Павел Шумкин, кәсіподақ қозғалысының ардагері:
«Біздің еліміздің орасан зор әлеуметтік энергетикалық әлеуеті бар»
- «Жаңа Қазақстан» әрине мүлдем жаңа болады. Оның даласы, өзендері мен ормандары Финляндиядағыдан да әдемірек, көшелері мен аулалары Жапониядағыдан да мінсіздеу болады. Біздің халқымыз бұдан да бақыттырақ әрі дана болады, өзінің барлық ішкі және егемендік мәселелерін оңайлықпен және шығармашылықпен шешетін болады. Біздің бәрімізді тәулік бойы таза ауа қоршайтын болады, суымыз дәмді ал тағамымыз пайдалы болады. Бізде бұдан былай басқа елдерде өмір сүргісі келмейтін бұрынғыдан да көп керемет адамдар, соның ішінде өнер адамдары, спортшылар және инженерлер болады. Біздің балаларымыз сапасы жағынан жоғары білімнің әлемдік брендтерінен кем түспейтін отандық жоғары оқу орындарында білім алатын болады.
Біздің ата-әжелеріміз көңілді болады, өйткені олар барлық қажетті нәрселермен мұқият қамтамасыз етіледі. Сапа жағынан әлемдік жоғары білім брендтерінен кем түскісі келмейтін отандық университеттерде балаларымыз білім алатын болады. Біздің бүлдіршіндерімізге тәулік бойына қамқорлық жасалып, олардың барлығы еркіндік пен мейірімділіктің озық дәстүрлеріне сай мінсіз тәрбие алатын болады.
Біз өзіміздің «жаңа» Қазақстанымызды барлығымыз бірге салатын боламыз, оның ішінде өзіміздің бұрынғы прорабтарымызбен және бригадирлерімізбен (әкімдер, прокурорлар, судьялар, депутаттар және «Аманат» партиясының мүшелері) бірге саламыз. Ең жоғары, ұлттық деңгейді, жаңа мемлекеттік құрылыс технологияларының маңыздылығын түсіне отырып және, әрине, өз еліне жақсылық тілей отырып, олар билік рычагтарынан қуана шегінеді және қажет болған жағдайда олардың ауысуына кеңес береді, ол үшін олар көпшіліктің құрметіне және лайықты зейнетақыға ие болады.
Мұндай нәрсе мүмкін бе? Әбден мүмкін. Біздің еліміз кез келген жағдайда кез келген әл-ауқат өлшемін жасауға қабілетті әлеуметтік энергияның орасан зор әлеуетін бірнеше рет көрсеткен болатын және әлі де көрсетеді деп ойлаймын. Біз ақыры барлығына және әрқайсымызға бір заңмен мінсіз қорғалатын әділеттілік біздің өмір сүруіміздің негізі болатын мемлекет құрамыз деп сенімдімін.