Осыдан тура үш жыл бұрын тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі және ең драмалық ұлтаралық қақтығыс – қазақ-дүнген арасындағы соқтығыс орын алды. Сол қайғылы оқиғадан кейін мемлекет бұл саланы шын мәнінде қолға алып, оны ақыр-соңында ретке келтіретін сияқты болып көрінген еді. Бірақ, сарапшылардың берген бағаларына қарағанда, ешқандай өзгерістер болмады, Қордай оқиғасы жан-жақты сарапталмады, маңызды сабақ алынбады, қылмыскерлердің көпшілігі бостандықта жүр. Сондықтан шиеленістің сақталып отырғаны және жаңа толқындар әкелуі мүмкін екендігі таңқаларлық емес... Қазіргі жағдайда кейбір нәрселерді түзетуге бола ма? Еліміздің азаматтары бейбітшілік пен келісімшілікте өмір сүруі үшін ұлтаралық қарым-қатынастар қандай болуы тиіс?
Евгений Жовтис, құқық қорғаушы, қоғам қайраткері:
«Бұл процесс басқарылатын сипатқа ие»
- Мемлекеттік саясат тұрғысынан бұл салада бірдеңе күрт өзгерді деп айта алмаймын. Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты құрылды, бірақ, өкінішке орай, олардың іс-әрекеттері онша көрініп те, естіліп те жатқан жоқ. Бәлкім, олар қандай да бір іс-шараларды, зерттеулерді өткізіп жатқан шығар, бірақ қандай да болмасын себептермен мұның бәрі қоғамдық алаңға шығарылмады. Менің ойымша, бұған бірнеше факторлар, және, бірінші кезекте Украинадағы соғыс әсер еткен болар, ол жерде Ресей билігі империялық амбицияларын көрсетіп, бауырлас халықтарды соғысуға мәжбүрлеп жатыр. Бәлкім, осындай қиын жағдайда мемлекет ұстамдылық саясатың таңдап, ұлтаралық жағдайды бақылауға алуға тырысып, сонымен бірге қоғамды алаңдатпай, осы тақырыпта пікірталас тудырмауға тырысып жатқан болар.
Екінші жағынан, мемлекеттің енжарлығы соғысқа дейін де байқалған болатын, алайда Қордай оқиғасынан кейін мемлекет тарапынан шешуші әрекеттер жасалуы тиіс еді. Бұл жайт осы процестер, ең болмағанда, жергілікті деңгейде, әлі де біршама басқарылып отырғандығы туралы қорытындыға әкеледі. Естеріңізге түсіріңіздерші, қазақ-дүнген қақтығысына дейін қазақ-ұйғыр аралық, қазақ-шешен аралық, қазақ-күрд аралық және басқа да қақтығыстар болды. Біріншіден, олардың барлығы міндетті түрде титулды этнос өкілдерінің қатысуымен өткен. Қазақстан тарихында аз ұлттар арасында үлкен қақтығыстар әзірге болған емес. Ал екіншіден, бұл оқиғалар бір сценарий бойынша дамитын: тұрмыстық жанжалдың қандай да бір түрі басталып, ол тез арада «қыздырылып» үшінші тұлғалардың – жақсы ұйымдасқан топтарының қатысуымен қызу фазаға (жаппай төбелеске) айналып кететін. Бірақ ең қызығы, төбелес тоқтағаннан кейін басқа ештеңе болмайтын. Иә, әрине, мұндай оқиғалар ұлтаралық қатынастарға жағымсыз із қалдыратын, бірақ текетірестің өзі кенеттен тоқтап қалатын.
Бұл қақтығыстар өз бетінше пайда болғанына немесе әдейі арандатылғанына қарамастан, соларға үнемі кейбір жергілікті экономикалық мүдделер байланыстырылатын және саяси технологиялар қолданылатын. Бұл жайтты мұндай жағдайда жергілікті билік пен құқық қорғау органдарының қандай іс-әрекеттер жасайтынынан байқауға болады. Қорғау органдарының тұлғасындағы мемлекет бастапқы кезеңде өз-өзін алшақтатып, барлық жағдайда дерлік кідіріспен әрекет етеді деген сезім пайда болады. Егер біздің арнайы қызметтердің тіпті жекелеген оппозиция мен азаматтық белсенділер тұлғасындағы оппозицияны қалай бақылайтынын ескеретін болсақ, мұны ақпараттың жетіспеушілігімен (әсіресе әңгіме этносаралық деңгейде қандай да бір шиеленістер жөнінде болған кезде) байланыстыруға болмайды.
Тұтастай алғанда, Қордай трагедиясынан кейін еліміздегі шиеленіс, соның ішінде сот нәтижесіне наразылық фонында, оның үстіне екі тарап жағынан да, әлі де сақталуда. Бірақ, әрине, көп зардап шеккен, кінәлілерді тиісті жазалауға және келтірілген зиянды толық өтеп беруге қол жеткізе алмаған этникалық азшылық тарапы өздерін көбірек қолайсыздау сезінеді.
Этносаралық шиеленістерге өз ықпалын тигізетін тағы бір маңызды фактор: Қазақстан қандай мемлекет болып табылады – азаматтық мемлекет пе, әлде этнократиялық мемлекет пе дегенді түсінбеумен байланыстырылған фактор. Сонау 1990 жылдардың басында мен елдің барлық тұрғындарын қазақтар деп атауды ұсынған болатынмын, мысалы, АҚШ-та, ұлтына қарамастан, азаматтары өздерін американдықпыз деп көрсетеді. Техникалық тұрғыдан бұны, әрине, жасау оңай. Бірақ, менің ойымша, егер біз осыған келетін болсақ та, «барлығы тең» және «барлығы тең, бірақ біреулер теңірек» деген ұғымдар арасында бөліну басталып кетеді. Ал біз соңғысынан құтылмайынша, өкінішке орай, қақтығыстар үшін негіз, олар басқарылатын болса да, сақтала береді.
Мен ұлттық саясаттағы теңгерімсіздіктерді жиі маятник теориясымен түсіндіремін. Идеал бойынша, мемлекет оны орта (теңқұқықтық) жағдайда бекітуге ұмтылып, қоғамды да, заңнаманы да соған жеткізуге ұмтылуы тиіс. Бірақ көп жылдар бойы маятник орыстандыруға, қазақтың бәрін басып-жаншуға бет бұрып тұрғандықтан, ол босатылғаннан кейін кері жаққа ауысып кетті. Әрине, титулды этностың өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін дамытуға деген ұмтылысы әбден түсінікті, бірақ басқа ұлт өкілдері қазақ емес болғандықтан мемлекеттік тілде жеткілікті дәрежеде сөйлемейтіндіктен, өз елінде өзін бөтен сияқты сезінетін адамдардың ұстанымы да түсінікті. Жағдайды түзету үшін бірнеше ұрпақ ауысуы қажет екені анық. Бірақ қазақтардың мәдени сәйкестендіруіне кедергі келтірмеу үшін және сонымен бірге басқа этностарға қиындық тудырмас үшін бұл өтпелі кезеңнен қалай өтуге болады?
Айта кетуге тұрарлық нәрсе – ел неғұрлым демократиялық болса, соғұрлым ол бұл міндетті табысты шешуге қабілетті. Қазір, мысалы, біз украин ұлтының трагедиялық жағдайда қалай қалыптасып жатқанына көріп отырмыз, және бұл азаматтардың тілдік және этникалық бағытына қарамастан орын алып жатыр. Ол украиналық армия үлгісінде анық байқалады, оның құрамында түрлі ұлт өкілдері бар, оның ішінде орыстар да бар бірақ олардың бәрі де өздерін украиндықтармыз деп сезініп, өз отанын бірдей ынтамен қорғайды. Сондықтан да, әсіресе, осындай қиын заманда біз қазақтық па, әлде қазақстандақ па, яғни азаматтық немесе этникалық па, қандай ұлтқа айналып бара жатқанымызды түсіну осыншама маңызды.
Мен сондай-ақ мәселені қазақ емес халықтың, сирек жағдайларды қоспағанда, тарихи түрде саясатқа араласпауында да көремін. Бір жағынан бас тарту өздігінен жүреді, ал бұл жаман, өйткені бұл адамдар өздерін мемлекеттің бір бөлігі ретінде сезінбейтіндігін білдіреді, алайда Қазақстан – олардың Отаны, көбінесе бірнеше ұрпақта. Екінші жағынан, олардың саяси құрылымдарды және саяси сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру әрекеттеріне билік белгілі бір себептермен күдіктене қарайтыны да әбден анық. Иә, бәлкім, бұған сыртқы фон (солтүстік көршінің агрессивті мінез-құлқы) әсер етіп жатқан шығар, бірақ бұл жаман үрдіс, өйткені ол да күшті және табысты азаматтық ұлттың қалыптасуына кедергі келтіреді.
Замир Қаражанов, саясаттанушы:
«Қорқыныш дұшпандылыққа айналады, ал дұшпандылық өшпенділікке айналады»
- Былайша қарағанда, Қордай трагедиясы елдегі ұлтаралық қарым-қатынасқа ешқандай әсерін тигізген жоқ, мәселе сол күйінде қалды. Оның мәні – этникалық топтардың жинақы, әдетте ауылдық жерлерде, қоныстануында. Мұндай топтар ксенофобияның әсеріне көбірек бейім болады. Қолайсыз жағдайлар туындаған кезде, бұл тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Мұндай қиындықтарға тек Қазақстан ғана емес, сонымен бірге этникалық, діни және басқа да белгілері бойынша «тұйық» әлеуметтік топтары бар басқа мемлекеттер де ұшырап отырады.
Сонымен қатар, нәзік қыр-сырларды көру қажет, өйткені ксенофобия да «сұрдың 50 реңкіне» ие. Оның көрінісінің экстремалды түрі – дұшпандылық пен өшпенділік, қалыпты түрі – адамдардың басқа ұлт өкілдері алдындағы интуитивті қорқыныштары мен үрейлері. Соңғы жағдайда олар аса қажетттіік болмаған жағдайда байланыс пен араласудан аулақ болуға тырысады. Қандай да бір мағынада, бұл үйренбеген ұлттық ортаға тап болған адамның табиғи реакциясы. Бірақ жиі кезде біреуі екіншісінің жалғасы болып табылады: қорқыныш дұшпандылыққа айналады, ал дұшпандылық өшпенділікке айналады. «Катализаторлар» ретінде әлеуметтік шиеленіс, тәртіпсіздік болуы мүмкін, тіпті жұмыс жағдайлары қауіпті тізбекті реакцияны бастауы мүмкін (мұнай компанияларындағы қақтығыстарды естеріңізге түсіріңіздерші). «Жабық» этникалық топтардан айырмашылығы, көпмәдениетті және көпэтникалық орта күйзеліске төзімдірек, адамдар әртүрлі ұлт өкілдерімен қарым-қатынас тәжірибесі мен мәдениетін қалыптастыратын қалаға тән.
Ал жағдайды түзету мүмкін бе? Біріншіден, этностардың ауылдық жерлерге жинақы қоныстануы – тарихи құбылыс, ол үшін өз себептері және алғышарттары болған. Екіншіден, ішкі көші-қон бұл мәселені шешпейді, өйткені тұрғылықты жерді таңдау – ол мемлекеттің құқығы емес, азаматтардың құқығы. Ал мемлекеттік органдардың алдында тек осындай аймақтарды қадағалап қана отыру, қылмыстың өсуі мен әлеуметтік мәселелердің, ұлтаралық қайшылықтардың ушығуына жол бермеу ғана қалады.
Идеалды түрде ұлтаралық қатынас қандай болуы тиіс? Сұрақтың осылайша тұжырымдамалануы модернизацияланбаған қауымдастықтарға тән. Ол, айтпақшы, КСРО-да да болды, онда ағайындарға – үлкен және кіші деп бөліну орын алатын. Бұл ретте үлкенділік принципі онша айқын болмады. Өздеріңіз білетіндей, «бауырлас одақ» сонымен қатар ұлтаралық қарым-қатынастың шиеленісуіне байланысты да ыдырап кетті. Осыған ұқсас жағдай титулдық және титулдық емес ұлттар төңірегінде де орын алып отыр. Мұндай схеманың өзі этносаралық модельде кемсітушілік элементіне ие, өйткені біреулердің басқаларға қарағанда көбірек құқығы бар болып шығады. Айтпақшы, 2020 жылы Ресей Федерациясының Конституциясына «Ресей Федерациясының бүкіл аумағында мемлекет құрушы халықтың тілі ретінде орыс тілі – мемлекеттік тіл болып табылады» деп жазылған түзетулер енгізілді. Бірден «мемлекет құрушы халық» деген сөздің төңірегінде дау туды, бұл ел көп ұлтты болғанымен, орыстар – мемлекет құрушы халық дегенді білдіреді. Сонда басқа ұлттар мемлекетті құрмайтын болғаны ма? Анықтамасы бойынша нонсенс! Этникалық топ ретіндегі ұлт пен тарихи қауымдастық ретіндегі халықтың арасында айтарлықтай айырмашылық бар екенін айтпағанда.
Титулдық ұлтқа қатысты көрініс те осыған ұқсас. Идеал тұрғысынан алғанда, ол болмайуы тиіс, өйткені бұл ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықтың, әрбір азаматтың әл-ауқатының шарты болып табылады. Демек, Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдеріне бірдей жағдай жасалуы тиіс. Бұл қағиданы тек жариялап қана қоймай, сонымен бірге оны ұстану қажет. Әрбір ұлт көпұлтты елде өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін дамытуға, бір сөзбен айтқанда ұлттық болмысын сақтауға құқылы. Бүгінде бұл модернизацияланған қауымдастықтың белгісі.
Француз жазушысы, философы Альбер Камю: «Демократия – көпшіліктің билігі емес, ол азшылықты қорғау» деп жазған болатын. Бұл биліктің шешім қабылдаған кезінде азаматтардың құқықтарымен, тіпті олар азшылықты құрайтын болсада, шектелетінін білдіреді.
Ядиқар Ғаниев, азаматтық белсенді:
«Ұлттық азшылықтардың өкілдері бұрынғыдан гөрі белсендірек эмиграцияға кете бастады»
- Ол оқиғалар кезінде қиратулар, кісі өлтірулер және содыр-ұлтшылдардың шектен шығуы орын алған болатын. Оны дүнгендер және ұйғырлар қалай қабылдағанын мен жақсы білемін. Қорқыныш болды, тіпті қатты қорқу болды деп айтар едім – өздерінің өмірі үшін, балаларынің, туыстарының өмірі үшін. Сол уақытта жалпылай алғанда, біздің шенеуніктердің әр іс-шарада айтып жүретін ұлтаралық келісімге төніп тұрған қауіптің дәрежесін біздің қоғам жеткілікті түрде түсіне алмады деп ойлаймын. Бірақ, екінші жағынан, аз ұлттардың ұлтшылдардың алдында, билік пен сот алдында ешқандай құқыққа ие емес деген түсінік болды. Өйткені, жалпы саны екі мыңға жуық (!) адамды құрайтын бұл қиратуларды ұйымдастырушылар және олар жұмылдырған содырлардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандай жазаға тартылғаны қалың жұртшылыққа осы күнге дейін белгісіз.
Тек өткен жылдың басындағы оқиға кезінде ғана мен дүнгендерге қарсы жасалған қиянат күш құрылымдарының бақылауында болғанын сезініп аңғардым. Алматыдағы қаңтар кезіндегі погромдарды тәртіп сақшыларының жетекшілігімен ұлтшыл және ұйымдасқан қылмыстық топтардың сол содырлары жасаған сияқты болып көрінеді. Іс жүзінде 2020 жылдың ақпан айында бұл топтар терроризмді ұйымдастыру және оны жүзеге асыру бойынша тренинг өткізген.
Нәтижесінде Қордай трагедиясы биліктің әділдігіне және құқық теңдігі қағидатын сақталуына сенбегендіктен, аз ұлт өкілдері Қазақстаннан белсенді түрде эмиграцияға кетуіне әкеліп соқты. Менің білуімше, сол оқиғалардан кейін АҚШ үкіметі дүнгендер үшін грин-карталарды ұтып алу квотасын көбейтті. Ал ұйғырлар негізінен Түркияға көшіп кетіп жатыр.
Құқықтық мемлекетте этностар арасындағы қарым-қатынас титулдық және титулдық емес деп бөлу негізінде құрылмауы тиіс. Егер титулдықты бірінші орынға қойса, онда басқа этностар автоматты түрде өз құқықтарының және бостандықтарының шектелу жағдайына тап болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы «титулдық ұлт» деген анықтама жоқ және оның ұлттық азшылықтарға қатысты ерекше құқықтарын қарастырылмаған. Сондықтан заң тұрғысынан алғанда мұндай бөлу заңсыз болып табылады.
Егер халықаралық құқыққа қатысты айтатын болсақ, мен мүдделі адамдарға «Ұлттық немесе этникалық, діни және тілдік азшылықтарға жататын адамдардың құқықтары туралы декларация» (БҰҰ Бас Ассамблеясының 47/135 қарарымен қабылданған) сияқты құжаттармен танысуды ұсынамын. 1992 жылы 18 желтоқсанда) және 1995 жылы 1 ақпанда Страсбургте қол қойылған «Аз ұлттарды қорғау жөніндегі негіздемелік конвенция». Оларда мемлекеттердің ұлттық азшылықтар алдындағы жауапкершілігін кеңінен көрсетілген. Идеалды тұрғыдан алғанда, Қазақстанның барлық этностары арасындағы қарым-қатынастар осы құжаттардың ережелерін ескере отырып құрылуы тиіс. Бірақ қашан мемлекет оларды іс-әрекет жасау үшін нұсқау ретінде қабылдайтыны – жеке мен үшін үлкен сұрақ.