Бізде, қазақстандықтарда, технология тұрғысынан дамыған елдерде ежелден өз халықтарының игілігі үшін қолданылып келе жатқан көптеген нәрселерден бас тартқызатын фобиялар бар. Бұл ғарыштық зерттеулерге де, АЭС-тің құрылысына да, тіпті вакцинацияға да тиесілі. Мұндай фобиялардың пайда болу себептері жайлы, олармен күресудің қажеті бар ма, ал егер солай болса, онда қалай күресу керектігі жөнінде біз белгілі сарапшы, «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар» журналының бас редакторы Нұрлан Аселқанмен әңгімелесуді жөн көрдік.
Білім вакуумы архаикаға құмарлықты тудырады
- Мұндай фобиялардың тамырлары неде? Білімнің жеткіліксіздігінде ме, біздің санамыздың архаикалығында ма, билікке сенбеушілікте ме, басқа бір нәрселерде ме?
- Менің ойымша, осы фобиялардың объективті себептері де, субъективті себептері де бар. Біріншісіне қазақстанның жері мен қазақстанның халқы бір кездері осында өткізілген көптеген технологиялық және әскери іс-шаралардың куәгері де, құрбаны да болғандығын жатқызуға болады. Мен бірінші кезекте Кеңес Одағының ядролық бағдарламасы және қайғылы атаққа ие Семей полигонында жүргізілген сынақтар жөнінде айтып отырмын. Ал іс жүзінде республиканың бүкіл аумағында жүргізілген ядролық зарядтарды пайлалану арқылы өндірістік-геологиялық жарылыстар жөнінде қалай еске алып кетпеске?
Әрине, бұл сынақтардың барлығы адамдарды (ең алдымен, олардың жабықтығы мен салдарлары туралы объективті ақпараттың болмауына байланысты) алаңдататын. Сондықтан ешқандай фобия мен психозсыз да біздің адамдарда қорқатын және шошитын нәрселер болды деуге болады.
Ғарыштық бағдарламаға келетін болсақ, онда, әрине, шығындар азырақ болды. Бірақ соның өзінде зымырандар улы отынмен ұшырылатын. Тасығыш-зымырандардың сатылары құлаған аймақтарда, сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағына тікелей іргелес аумақтарда өмір сүрген адамдар ауырып, зардап шегетін. Мұның бәрі сол жерлердің экологиясына із қалдырмай өте алмайтыны түсінікті.
Мұндай фобияларды тудыратын басқа да себептер бар. Парадоксалды болғанмен, бір шындық: бүгінде біздің тұрғындар Жер планетасында болып жатқан оқиғалар туралы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда аз біледі. Интернет пен бұқаралық ақпарат құралдары бар сияқты болғанмен, бірақ ол жерде шындыққа ешқандай қатысы жоқ қаншама көп нәрселер бар екенін біз түсінеміз ғой. Жасыратыны жоқ, YouTube-те әр түрлі хабарламаларда «объективті ақпарат» ұғымына жатқызуға болмайтын көп нәрселер таралады.
Естен кетпес кеңестік жылдарда біздің көпшілігімізде жеткілікті дәрежеде маңызды біліміміз болды, ал сонымен қатар ғылым мен техниканың жетістіктерін белсенді түрде насихаттау жүргізілетін, тамаша деректі фильмдер түсірілетін, қызықты журналдар шығарылатын. Сол кездері «Білім» қоғамы деп аталатын жаман емес ұйым болған, ол өзінің лекцияларымен іс жүзінде бүкіл елді дерлік қамтитын. Ол қоғам қалай болса солай әрекет етпей, әбден нақты мақсатпен – халықты ағарту мақсатымен жұмыс істейтін. Сонымен бірге, мұның барлығымен айналысқандар тек идеология арқылы адамдардың миын бұлдырату жөніндегі коммунистік нұсқаулықты ғана емес, сонымен қатар бұқараны ғылым мен біліммен таныстыру қажеттілігін басшылыққа алған болаттын. Оның үстіне көптеген білім салалары – физика, химия, биология, медицина, тарих, әдебиет, өнер т.б. қамтылған болатын. Бұл жүйе тұтастай мемлекет тарапынан мақсатты түрде және жеткілікті дәрежеде қаржыландырылатын.
Ал қазіргі жағдайға келетін болсақ, бізде білім берудің толық девальвациясы орын алды, ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттау жұмысы, кең мағынада – білім беру жүйесі – өз бетімен кетті. Мұның бәрінің қайғылы нәтижесін біз халықаралық ұйымдардың объективті бағалауларынан, Білім және ғылым министрлігінің сынауға алынғанынан білеміз, біз білім сапасы мен білім деңгейі бойынша баяғыда екінші сортты елге айналдық.
Қанша өкінішті болсада, бұл жағдайдын қалыптасуында өзінің, жұмсақтықпен айтқанда онша жақсы емес рөлін біздің осылайша аталатын шығу тегімізге шамадан тыс жүгінуіміз атқарды. Бүгінде ол архаизация формасына келді. Енді біздің қоғамда баяғы кездердегі «Білім» қоғамына қарағанда діннің әсері әлдеқайда жоғары болып кетті.
Нәтижесінде бізде нақты білім вакуумы қалыптасты. Бөтеннің бәріне қатысты, олар қаншалықты прогрессивті болғанына қарамастан, қандай да бір сенбеушілік пен оқшаулану пайда болды.
Депрофессионализация және антиваксерлік синдром
- Мүмкін басқа да себептер бар шығар?
- Менің ойымша, біздің еліміздің енді шикізат қосымшасы ретінде өмір сүруі де өзінің рөлін атқарған сияқты. Ал егер біздің қоғамды алатын болсақ, онда біз бүгінде кәсіби мамандардың қажеті жоқ екендігіне көз жеткіздік. Адал болу әлдеқайда маңызды болып кетті, туыстарының көмегімен немесе басқа байланыстардың көмегімен жылы орындар табу әлдеқайда маңызды болып кетті. Кейбір маңызды ғылыми немесе техникалық жұмыстарды меңгеру мақсатында өз күшін, әсіресе аса көп күш-қуатын жұмсау сияқты мансапты көтеруге тырысудың немесе жеке тұлғаны дамытудың бұл нұсқасы қандай да бір эксцентрицизм ретінде қабылданатын болып кетті. Және бұл адамдар бір сағаттың ішінде ақымақ болып кеткендіктен орын алған нәрсе емес. Бәрі де бір қарағанда көрінетіндегіден әлдеқайда күрделі нәрсе болып табылады.
Мәселе бізде өндірістің күрделі түрлері жойылғанында, соның нәтижесінде инженерлік-техникалық жұмысшыларды айтпағанда, жоғары білікті жұмысшыларға да сұраныс жоғалғанында. Ал біздің ортада, күнделікті өмірде, көпшілік талқылауларда біліктілігі жоқ адамдар немесе әр түрлі қызмет көрсету орындарында жұмыс істейтін адамдардың айтқаны үлгі ретінде қабылданатын болса, онда қоғамдық пікірді ең прогрессивті емес адамдар (осы сөздің нағыз мағынасында) қалыптастыратынын түсіну керек.
Биліктің өзінің де халықтың сапалық жағдайына қатысты ұстанымы маңызды рөл атқарады. Ал фобиялары «тізгіндеуге» да болады ғой. Алайда, біздің елімізде олар белгілі бір мағынада саясаткерлердің барлық түрлері үшін әрекет ету алаңына айналады. Фобиялардың көмегімен терең дайындық пен түсінуді қажет ететін кез келген маңызды тақырыптан адамдардың назарын алшақтатып жіберуге болады.
- Қазіргі уақытта нақты және ең өзекті тақырыпты қарастырып көрейік. Вакцинация қажеттілігін, жұмсақтықпен айтқанда, біркелкі қабылдамауды сіз қалай түсіндіресіз? Бұл білімсіздік пен надандықтық салдары ма, әлде әбден күтуге болатын реакция ма?
- Біздің қазақстандық шындықтар үшін бұл әбден болжамды және жиі қалыпты реакция. Өз көзқарасымды түсіндірейін. Әрине, ковид біздің санамызға үлкен өзгерістер енгізді. Ол мемлекетті дүр сілкіндірді, қоғамды дүр сілкіндірді. Көптеген құрбандар, көптеген шығындар бар. Біздің жақындарымыз ауырған кезде немесе өзіміз ауырып қалғанда, біз дүрбелеңге түсіп, қандай іс-әрекет жасау керектігін білмейміз. Әрине, коронавирустың таралуымен сөзсіз күресуіміз керек.
Содан кейін паллиативті құрал – вакцинация – пайда болды. Жақсы. Бірақ оның Қазақстанда қалай жүзеге асырыла бастағанын талдайық. Біріншіден, бізге әлемде жасалып шығарылған, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) мақұлдаған және әлемнің көптеген елдерінде қолданылып жатқан вакциналардың мүмкіндігінше кең ауқымына қол жетімділік қамтамасыз етілмеді. Соңғы уақытқа дейін олардың тек екеуі ғана – «Sputnik V» және «KazVac» – егілген болатын. Содан кейін қытайлық, сосын тағы бір қазақстандық вакциналар пайда болды. Бірақ бізде вакциналардың толық жиынтығы, өкінішке орай, жоқ (айтпақшы, оның болуын мемлекет басшысы да талап еткен). Яғни, таңдау жасау мүмкіндігі қамтамасыз етілмеді.
Сонымен қатар, бізде бірден вакцинацияның директивалық әдісі қолданыла басталды. Насихаттаудың орнына, түсіндіріп, талқылауларға қатысудың орнына, нақты статистиканы көрсетіп, қоғаммен ақпарат алмасудың орнына, оны іс жүзінде мәжбүрлеу арқылы жүзеге асыра бастады. Ал бұл онша дұрыс жол емес, өйткені осы мәселені әркім өз мүмкіндігіне қарай шешуге тырысқанына қарамастан, ешкімде – «пфайзерде» де, «модернада» да, қытайлықтарда да, ресейліктерде де – вирусты жеңуге есік ашатын «алтын кілт» жоқ.
Менің көзқарасым бойынша, вакцинацияны әкімшілік әдістерін қолдана отырып күштеп енгізу ең қайғылы салдарға әкелді. Сатып алынған вакцинациялық паспорттарымен, әр түрлі жалғандықтармен және алаяқтықтармен байланысты үлкен проблема туындады. Бүгінгі күні вакцинацияланғандардың мәлімет базасына ресми түрде еңгізілген, бірақ іс жүзінде вакцинацияланбаған қанша адамдар бар екенін ешкім білмейді.
Кім кінәлі және не істеу керек?
- Бұл фобиялармен күресудің қажеті бар ма, егер бар болса, онда қалай күресу қажет?
- Бұл оңай сұрақ емес. Егер шындық тұрғысынан қарайтын болсақ, онда менің көзқарасым бойынша біз осы фобиялармен өмір сүретін боламыз. Неге екенін білесіз бе? Өйткені біз өз қоғамымызды бір сағат ішінде қажетті білім деңгейіне дейін қайтара алмаймыз. Тіпті ұзақ уақыт өткеннен кейін де біз бұл жағдайға төтеп бере алмаймыз. Біздің халқымыз тұтастай алғанда әр түрлі қауесеттер мен сенсацияларға, мысалы «Байқоңырдан зымыран ұшырылды, сондықтан Атырау облысында тұратын менің қан қысымым бірден секірді, мен білетіндердің барлығы ауыра бастады» – деген сияқты қауесеттерге көңіл бөліп, соларға тез сенетін, нашар білімді, нашар дайындалған болады. Мұндай нәрселер бізбен бірге жүретін болады. Білімсіз адамдардан, тиісті біліктілікке ие болмағандардан шындықты адекватты қабылдауды (әсіресе біліктілікке экономикадан да, қоғамнан да сұраныс болмаған жағдайда) талап ету қиын. Және бұл жағдайды өзгерту өте қиын.
Әрине, күресуіміз керек. Бірақ фобиялармен емес, оларды тудыратын себептермен күресуіміз қажет. Азаматтар мен жалпы қоғамды ағарту үшін күресуіміз керек. Бұл жерде адамдарға шындықты айтудан қорықпау өте маңызды. Қоғамды мазалайтын мәселелердің барлығын жұртшылыққа ашық көрсете отырып, халықтың пікіріне жеткізу қажет. Және оны байсалды, сауатты деңгейде (бірақ охлократия деңгейінде емес) жасау керек.
Біз үшін өзекті болып табылатын мысал келтіремін. Бір-екі жыл бұрын Өзбекстан АЭС салу туралы шешім қабылдады. Бүгінде президент Қ-Ж.Тоқаевтың ұсынысымен бұл тақырып біздің қоғамда өте белсенді талқылануда, ал пікірталастың реңі конструктивизммен ерекшеленбейді. Енді ол Өзбекстанда қалай іске асырылғанымен салыстырайық. Біздің көршілер МАГАТЭ сарапшыларының, өзбек мамандарының және басқа елдердегі әріптестерінің қатысуымен бұл жобаға кешенді баға берді. Олар барлық ықтимал проблемалар мен салдарға талдау жасады. Ал құрылыс туралы шешім қабылданғаннан кейін мемлекет бұл жобаны табанды түрде жүзеге асырып жатыр. Яғни, мемлекет қандай да бір блогерлердің, кайдағы бір истерикалық адамдардың барымтасына айналып кеткен жоқ.
Менің ойымша, Қазақстанда АЭС салу мәселесі шетелдік сарапшыларды тарта отырып, мамандар арасында ең терең және жан-жақты талқылауды қажет етеді. Егер біз осының бәрін қандай да бір митингілерге, жан-жақтан айқай-шуларға қаратып қоятын болсақ, онда біз дұрыс нәрсеге қол жеткізе алмаймыз.
Ал осы жағдайда біз өзімізде тұтастығы мен саяси ерік-жігеріне ие мемлекет жоқ екенін бүкіл әлемге көрсететін боламыз. Менің ойымша, бізде мемлекетке қиын, қатал және өте жағымсыз шешімдер қабылдауға тура келетін көптеген жағдайлар болады. Не үшін дейсіз бе? Еліміз аман қалуы үшін. Мемлекет орнығып алуы үшін. Ол күшті және өзін-өзі қорғауға қабілетті болуы үшін. Ақыр-соңында, бізде нақты даму (ал оның имитациясы емес) болуы үшін.
Антитехнологизм бе әлде құзыреттілік пе: таңдау жасау біздің қолымызда...
- Бірақ бұл үшін мемлекеттік құрылымдар, біріншіден, өздері жоғары құзыреттілікке ие болуы тиіс. Ал екіншіден, олар осыдан бастай отырып, қоғамда бар және мезгіл-мезгіл әлеуметтік желілерде дауылды пікірталастар мен реакциялар түрінде төгіліп жататын барлық мазасыздықтарға, қорқыныштар мен фобияларға уақытылы және нақты түрде жауап беруі тиіс. Сіз бұған келісесіз бе?
- Келісемін. Сіздің тезисіңізді қолдау мақсатында мен мынаны айтайын: олар іспен айналысуы керек. Дәл қазір маңызды міндеттердің бірі: елдің бүкіл гидротехникалық жүйесін – су қоймаларын, каналдарды, су құбырларын және т.б. қалпына келтіру. Мұны істеумен айналысу қажет және бізге келген құрғақшылыққа қандай да бір еріксіз жағдай ретінде қарамау керек. Бірақ егер сен осындай күрделі мәселені шешкің келсе, онда саған тиісті бөлімнің бастығы ретінде өзіңнің туыстарың мен кейбір аймақтық кландардың жекеменшікке айналған министрлік емес, саған шынымен де жұмыс істей алатын және жауапкершілікті өз мойнына алатын адамдар керек. Енді айтыңызшы: бізде бүгін осындай нәрсе мүмкін бе? Меніңше, бұл әзірге күмәнді нәрсе сияқты...
- Сонда біз қандай да бір тығырыққа тіреліп қалдық па? Сол АЭС-ті салудың орындылығы немесе орынсыздығы жөнінде жалпыхалықтық референдум жарияланды делік. Біздің қоғамның қазіргі білімі мен мәдени деңгейін, оған тән әр түрлі фобияларды және олардың елдің болашағы үшін маңызды жоғары технологиялық жобалардан бас тартуын ескере отырып, мұндай референдумның нәтижелері әбден болжамды болып шығады...
- Сіз әбден дұрыс айтасыз. Біз қазір қате таңдаумен немесе асығыста, ойланбай жасалған даму жоспары проблемасымен бетпе-бет келіп отырмыз. Бізде инертті масса деп аталындар технологияларға мүлдем қарсы болып отырған жағдай бар. Мұндай бұқаралық әлеуметтік топтар әрқашан жаңа нәрселерден бас тарту көзқарасымен сипатталады. Олар даму жолында бір нәрсені құрбан етуге, көп және барынша күш салып жұмыс істеуге, еңбек етіп, шығармашылықпен айналысуға мәжбүр болған кезде ымыраға келуді үзілді-кесілді қабылдамайды. Бұл жерде, әрине, пассивтілік пен бас тартуға деген ұмтылыс бізде басым болады. Сондықтан мемлекет қосымша күш салуға мәжбүр болады. Мұнда әңгіме көпшілікті өз шешіміңізбен басып тастау жөнінде емес, олармен ортақ тіл табу, диалогқа дайын адамдарды табу жөнінде болып отыр.
Сондықтан біздің қоғамда еліміз бен қоғамға сауатты және адал қызмет ететін адамдарға деген сұраныс пісіп келеді. Әйтпесе біз білімсіз көпшіліктің жаппай тираниясын ешқашан жеңіп шыға алмаймыз.