Қазақстанның жаңа тарихының ресми нұсқасы – бұл бір жөн, ал қарапайым азаматтар оны қалайша көріп, бағалайтыны – мүлдем басқа нәрсе, өйткені барлығы олардың көз алдында жасалып жатыр. PaperLab қоғамдық қорының зерттеушілер тобы «Сорос-Қазақстан» қорының қолдауымен осыны анықтау мақсатын көздеді. Жақында ол қазақстандықтардың тәуелсіздік жылдарындағы ұжымдық жады мен олардың ел болашағына деген үмітін талдаудың ауқымды нәтижелерін жариялады.
Бұл жұмыс дәстүрлі жаппай сауалнамалардан қоғамдық пікірді сол күйінде бекітуге мүмкіндік беретін фокус-топтық пікірталастарға (сұхбаттарға) негізделуімен ерекшеленеді. Төрт ұрпақтық топтарының респонденттерінен (әртүрлі формада) 1991 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстанда орын алған ең ірі оқиғалар мен маңызды процестер туралы өз көзқарастары мен бағаларымен бөлісу ұсынылды. Өкінішке орай, зерттеушілер жасаған барлық тұжырымдарды бір мақала аясында қамту мүмкіндігі жоқ, сондықтан біз зерттеудің ең өзекті нәтижелеріне қысқаша тоқталатын боламыз.
Мереке ме әлде еске алу күні ме?
Сонымен, Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсаннан бастаймыз. Қызық болғанда, фокус-топқа қатысушылардың барлығы бұл күнді классикалық мағынадағы мереке ретінде қабылдамайды. Олардың пікірінше, бұл, мысалы, Наурыз мейрамы сияқты халықтық серуендеуге себеп емес, керісінше, ол әр түрлі идеялық та, жалпыхалықтық та мағыналармен «жүктелген», 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды және 2011 жылғы Жаңаөзенде өткен наразылықтар барысында қаза тапқандарды еске алу күні болып табылады.
Азаматтардың тәуелсіздік алу үдерісін қабылдауына келетін болсақ, ол өте сыни. Респонденттер Қазақстан одақтас республикалардың ішінде ең соңғы болып КСРО-дан шыққанын еске алады, сондықтан бұл оқиға күрестің нәтижесі емес, жағдайлардың осылайша қалыптасуы болғандықтан, оны мақтануға себеп ретінде қарастыруға болмайды деп есептейді. Сирек ерекшеліктерді қоспағанда, бұл пікір негізінен орыстілді топтарда айтылады, ал қазақтілді қатысушылар қазақ халқының егемендік үшін ұзақ жылдар бойы жүргізген күресі жөнінде жиірек айтты.
Бұл ретте, егемендікті қабылдауында индивидуалистік ноталар центениалдар ұрпағында (2000 жылдан кейін туғандар) көбірек естіледі. Олардың пікірі бойынша, тәуелсіздік қасиетті, өздігінен құнды нәрсе болудан қалды, сондықтан «насихаттық ұрандардан» бас тартып, нақты іс-әрекетке көшкен жөн. Олар үшін тәуелсіз елде жай ғана өмір сүріп қана қоймай, сонымен қатар әділ қоғамда жеке тұлғалық даму мүмкіндіктерініе ие болу маңызды. Ал миллениалдар ұрпағында (1984-1999) болашақ – азаматтардың қолында деген идея жиі кездеседі. Алайда, оның кейбір өкілдері қолданыстағы жүйеге сыбайлас жемқорлықты, көрші елдерге тәуелділікті, халықтың, әсіресе жастардың өмір сүру деңгейінің төмендігін (олар құқықтық қорғансыздық туралы айтпай-ақ, жеке баспанаға ие бола алмағанмен қатар, kaspi red арқылы бөліп-бөліп төлеумен азық-түлік сатып алады) кінаға тақты.
Шектен шығып кетті
Бір ерекшелігі, респонденттердің көпшілігі «қатерлі қоңырау» немесе Қазақстан артқа қарай орала бастаған белгілі бір шектен шығып кету ретінде көптеген респонденттер нақ сол Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаларды қабылдайды. Бұл жерде кем дегенде пікірлердің үш тобын бөліп көрсетуге болады, ал орын алған оқиғаны «биліктің өз халқына қарсы жасаған қылмысы» деп бағалап, мұнайшылардың талаптары – әділетті деген респондентердің позициясы ең айқын айтылған. Басқа топ ақпараттың жоқтығына және жағдайдың анық еместігіне сілтеме жасай отырып, қандай да бір баға беруден әдейі бас тартады («түсініктеме жоқ»). Ал үшінші топ –ереуілді оппозиция ұйымдастырғаны жөнінде, сондай-ақ сырттан келген арандату туралы ресми түсіндірмелерді қолдайтындар.
Ең қызығы, дәл осы жас ұрпақ Жаңаөзен оқиғаларын «құлдыраудың» басталуы ретінде бағалайды, сол кезде мемлекет тарапынан митингтердің белсенділері мен қатысушыларына қатысты қуғын-сүргін әрекеттерінің салдарынан қарапайым қазақстандықтар арасында мемлекеттік саясатқа наразылық өсе бастады, сонымен бір мезгілде қорқыныш пайда болды. Бұл қорқынышты олар өз мүдделерін қорғаудағы ықтимал тәуекелдермен және азаматтық ұстанымын көрсетумен байланыстырады. Сонымен бірге, аға буын бұл оқиғаны эмоционалды күйзеліс ретінде еске алады, өйткені құқық қорғау органдары митингтің қарусыз қатысушыларына оқ ата алады деп сену қиын болды.
Кету әлде қалу
Шамамен сол уақытта (21 ғасырдың екінші онжылдығының басы) эмиграция тренді пайда болды және орнықты. Зерттеушілер анықтағандай, мемлекеттік органдардың репрессиялық әрекеттері мен центениалдар ұрпағы өкілдерінің эмиграциялық көңіл-күйінің өсуі арасындағы байланыс, ең кем дегенде, соңғылардың оларды құптамай ғана қоймай, олардан қорқатынын көрсетеді. Мұндай қорқыныштар өз қауіпсіздігіне қатер ретінде түсіндірілуі міндетті емес, керісінше олар ортақ құндылықтардың көрінісі, яғни олар үшін маңызды, бірақ бұл тұрғыда – мүлдем қабылданбайды.
Бір қызығы, зерттеуге қатысушылардың ең жастары өзін және өз болашағын Қазақстанда көреді. Егер дәлірек айтсақ, олар басқа елде жұмыс істеуден немесе білім алудан бас тартпайды, бірақ олар мұнда бірқатар проблемалар мен кемшіліктерді көрсе де, өз отанына оралғысы келеді. Миллениалдар үшін де (егде жастағы топтардан айырмашылығы) басқа елге көшу қандай да бір қол жеткізбейтін нәрсе сияқты болып көрінбейді – олардың кейбіреулері қайталағысы келетін «жақсы өмірге» эмиграциялаудың «сәтті» мысалдары бар. Бірақ оған қарамастан, бұл буын өкілдерінің айтарлықтай бөлігі сұхбат барысында елден кетуді жоспарлап отырмағанын мәлімдеді. Мәселе олардың оған шамасы келмейтінінде емес, керісінше, басқа нәрседе – бұл адамдар өздерінің қабілетін осында жүзеге асыруға, Қазақстанның дамуына үлес қосуға мүмкіндіктері бар екенін көреді. Әсіресе олардың және мұндай мүмкіндіктерді көрмейтін, мемлекеттен анық көңілі қалған реформалық ұрпақтың (1970-1983) арасындағы контраст ерекше байқалады.
Сонымен қатар, реформалық буынның ұрпақтың орыс тілді тобы басқа елге көшуге деген құлшынысын білдіреді, бірақ бұл идеяның іске асыруға болатындығына онша сенбейді. Көшіп-қонудың қаржылық құрамдас бөлігі мен эмиграцияда жұмыс істеу қиындықтарынан басқа, олар өздерінің үйлері, туыстары мен достары орналасқан жер ретінде Қазақстанға байланып отырғаны туралы айтады. Қазақтiлдi осы жастағы азаматтар балаларының шетелді көргенін қалайды, бiрақ содан кейін олардың қайта оралғанын қалайды. Олардың өздері немесе көшкісі келмейді, немесе бұл үшін мүмкіндіктер көріп отырған жоқ.
Ортақ үй
Назар аударарлық өте тамаша нәрсе – тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының қатарында жастар және ересектер топ өкілдері халықтар достығын атайды. Бірақ, шындығына келетін болсақ, бірден елдегі көптеген азаматтардың қазақ тілін, ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін білу деңгейінің төмендігі туралы сөгіс айтылады. Бұл ретте зерттеуге қатысушылар осы саладағы істердің апатты жай-күйі үшін жауапкершілікті үкіметке (оның бұл бағыттағы жұмысын тиімсіз деп есептей отырып) жүктейді.
Өскелең ұрпақ бұл мәселеге оптимистік көзқараспен қарамаса да, бірақ тіл, мәдениет саласындағы серпіліс пен ұлттық болмысты игеру азаматтардың өздері мен шығармашылық адамдарының арқасында болады деп сенеді. Осы орайда олар өз пікірлері боынша «елдің беделін көтерген» Иманбек, Димаш Құдайберген, Данэлия Төлешова, Айсұлтан Сейітов, Ninety One, «Ирина Қайратовна» сияқты талантты жас қазақстандықтардың пайда болғанын, олардың танымалдылығының артып келе жатқанын айтты.
Фокус-топтарда көпұлтты мемлекет және көпэтносты қоғам идеялары, сәйкес «ұлт құраушы» құндылықтар: елде тұратын этностар арасындағы толеранттылық пен өзара сыйластық жиі айтылды. Орыс тілді фокус-топтарда қазақ бірегейлігіне тең құндылық ретінде қазақстандық бірегейлігі аталды. Аға ұрпақ өкілдері де ортақтықты сезінеді, бірақ оны ортақ сілкіністердің нәтижесі деп айтады. Олардың айтуынша, қазақстандықтар талай қиыншылықтарды бірге бастан өткеріп, енді олар ортақ мемлекет құруда және одан бас тартуға дайын емес. Яғни, мұндағы бірегейлік ұлттық сипатқа қарағанда көбірек азаматтық сипатқа ие.
Барлығына көрсету мақсатында
Қазақстан тарихының есте қалатын беттерінің арасында респонденттер ЕҚЫҰ саммитін (2010), Қысқы Азия ойындарын (2011) және ЭКСПО халықаралық көрмесін (2017) өткізуді атап өтті. Бұл ретте алғашқы екі оқиға респонденттердің бағалауында плюс белгісімен жиі кездеседі, өйткені респонденттердің пікірінше, олар Қазақстанның халықаралық деңгейде танылуына ықпал етті. Сондай-ақ, Азиаданың арқасында Алматыда үлкен спорт кешендері пайда болғаны халықты қуантады. Алайда, кейбір азаматтар мұндай оптимизмді қолдамайды, олар бұл оқиғаларды экономикалық кірісі төмен жай ғана имидждік жобалар ретінде қарастырады.
ЭКСПО көрмесіне келетін болсақ, ол тәуелсіздік кезеңіндегі ең көп еске алынған оқиғалардың біріне айналды. Көптеген респонденттер халықаралық көрменің ел имиджін көтеруге қосқан оң үлесін атап өтеді. Көрме алаңындағы заманауи кеңселердің, сондай-ақ Astana Hub және АХҚО сияқты бірқатар инновациялық жобалардың келбеті де оң бағаланады. Талдау көрсеткендей, ЭКСПО-ның артықшылығын елорда тұрғындары мен іс-шараның өзінде волонтерлік тәжірибесі бар қатысушылар жиі айтады.
Сонымен қатар, респонденттердің айтарлықтай бөлігі көрме өткізу идеясына да, одан алынған әсерге қатысты да сыни көзқараспен қарайды. Бұл тұрғыда көрменің «тек көзбояу» екендігі туралы сөздер танымал. Респонденттердің пікірінше, имидждік мақсатқа миллиардтаған доллар жұмсау орынсыз болды. Оның үстіне, олардың пікірінше, ЭКСПО өз міндеттерін орындамады – ол өткеннен кейін Қазақстанда не жасыл энергия, не туристік кластер пайда болған жоқ.
Даулы интеграция
ЕАЭО құру мәселесіне бөлек тоқталған жөн. Біздің қоғамда бұл оқиғаға қатысты біржақты баға жоқ. Оның оң аспектілері ретінде респонденттердің кейбірі экономикалық интеграция мен одақ мүшелері арасындағы тауарлардың еркін қозғалысын атады. Сондай-ақ олар Ресей мен Қазақстан арасындағы ғасырлар бойы қалыптасып келген мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сонымен қатар ірі көрші державамен достық қарым-қатынаста өмір сүру қажеттілігін атайды.
Сонымен қатар, респонденттердің бір бөлігі бұл одақтың экономикалық пайдасы онша айқын емес деп есептейді – шын мәнінде, Қазақстан баж салығы бойынша қолайсыз тарифтерден де, Ресей импортына тәуелділіктің артуынан да ұтылады. Оған қоса адамдарды Ресей Федерациясының саудаға шектеу енгізу арқылы келісім шарттарын біржақты тәртіпте бұзуы мүмкін екені де алаңдатып отыр. Олардың пікірінше, нақ ЕАЭО құрылғаннан кейін бірқатар тауарлардың қымбаттауы орын алды, бұл жайт қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкелді.
Бұл қатарда негізінен Ресеймен жақындасуды қауіпті деп есептейтін қатысушылар тобы ерекшеленеді. Олардың пікірінше, экономикалық одақтың артында Ресей Федерациясындағы саяси режимнің айқын империялық амбициялары тұр, сондықтан, мүмкін болса, географиялық тұрғыдан Қазақстан одан алыстап кетпесе де, терең интеграциялық әрекеттерге тойтарыс беру керек.
Билік транзиті
Соңғы онжылдықтағы ең маңызды оқиғалардың тізімінде 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуі бар екені сөзсіз. Іс жүзінде барлық фокус-топ қатысушылары оның президенттік қызметтен кету туралы шешімін дұрыс деп бағалайды. Бұл ел тарихындағы жаңа бетті ашқан көптен күткен оқиға болды деген әңгіме басым. Жас және орта буын өкілдері қуаныш сезімін және оң өзгерістерді күткендерін еске алады. Тек кейбір қарт адамдар ғана бұған ерекше құлшыныс танытпайды, өйткені олар елдегі жағдайды тұрақсыздандырудан және 1990-шы жылдарға қайта оралудан қорқады.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікке келуі әлі де болса азаматтар арасында түрлі пікір тудырып отыр. Бір жағынан, бірінші және екінші президенттің арасындағы сабақтастық идеясын қолдайтын, сондай-ақ оның сайлаудағы жеңісін әділетті деп есептейтін оның жақтастарының дауысы анық айтылған. Екінші жағынан, сайлау нәтижелерімен үзілді-кесілді келіспейтіндер де бар.
Қазіргі президенттің қосқан үлесіне келетін болсақ, онда респонденттердің арасында оң пікірлер де, бірмәнді емес пікірлер де бар. Егер Назарбаевқа қатысты мұндай қабылдау оның даулы мұрасынан туындаса, Тоқаевқа қатысты қатысушылар оның қызметіне терең баға беру үшін тым қысқа мерзім өткеніне сілтеме жасайды. Қазіргі мемлекет басшысының біліміне, ақыл-ойына, БҰҰ-дағы жұмыс тәжірибесіне тәнті болған аға буын өкілдері оған көбірек сенім танытады. Скептикалық бағалар оның билікке келуі тек тұңғыш президенттің қолдауының арқасында мүмкін болғанымен байланысты.
Жалпы алғанда, 2021 жылдың соңына қарай Тоқаевтың қоғамда қалыптасқан имиджі болмағаны көзге түседі. Ол әлі де өзінің барлық мүмкіндігін көрсетеді деген оң үміт бар. Сонымен бірге оның саяси және жеке қасиеттеріне қатысты белгісіздік сақталып отыр.
Үміттердің құнсыздануы
Зерттеудің жеке блогы елдегі экономикалық жағдайға арналған. Оны айтарлықтай пессимистік тұрғыдан реформалық ұрпақ өкілдерінің көпшілігі бағалайды. Ал, егемендіктің бүкіл кезеңін кемел жаста бастан өткерген тоқырау ұрпағы (1950-1969 ж.ж.) үздіксіз, тұрақты және сөзсіз өсу туралы жай ғана айтпауды жөн көреді. Әсіресе өткір түрде бұл топтарда табыс пен байлықты бөлудегі теңсіздік сезімі көрініс алады.
Бір қызығы, қазақстандықтардың көпшілігі үшін ел әл-ауқатының «нөлдік» жылдардың бірінші жартысында байқалған елеулі және көзге түсетін өсуінен фокус-топқа қатысушылар ешбір саясаткердің еңбегін көріп отырған жоқ. Олардың пікірінше, бұл жайт ең алдымен елде табиғи ресурстардың болуымен байланысты орын алды. Оның үстіне кейбір респонденттер көмірсутегі шикізаты, шетелдік инвестицияның ағыны және мұнай бағасының жоғары болуы жағдайынсыз бұл экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкіндігіне күмән келтіреді. Бұл ретте олар табиғи ресурстардан түсетін табыстың біркелкі емес, әділетсіз және азаматтардың басымдықтары ескерілмей бөлінетініне наразылық пен реніш білдіріп отыр.
Айтпақшы, еліміздің экономикалық табысы туралы біздің отандастарымыздың идеялары бірқатар девальвациялардан кейін айтарлықтай шайқалды. Зерттеуге қатысушылардың барлығы дерлік 2014-2015 жылдардағы дағдарыс мұнай бағасының күрт төмендеуінен кейін теңгенің еркін айналысына мүмкіндік берген бетбұрыс кезеңі болды деген пікірде келісті. Ұлттық валютаның екі есеге жуық құнсыздануы (ақшасын сәтті ауыстыра алған қазақстандықтардың аз ғана бөлігін қоспағанда) халықтың қаржылық жағдайы мен әл-ауқатына ауыр соққы болды. Адамдар жинақтарынан айырылды, олардың жоспарлары бұзылды және әдеттегі тұтыну деңгейі төмендеп кетті.
2014-2015 жылдардағы дүмпулерден кейін қалпына келтіру сол қалпы орын алмады деген пікір бар. Оның үстіне девальвацияға дейін болған теңгенің долларға шаққандағы бағамы ел азаматтарының материалдық жағдайын бағалаудың өзіндік эталонына айналды. Тиісінше, әрбір құнсыздану адамдар тарапынан өмір сүру деңгейінің төмендеуінің тікелей дәлелі ретінде қабылданады.
Ақша жоқ, бірақ біз шыдап отырмыз...
Елдегі өмір сүру деңгейінің төмендігінің себептерін зерттеуге қатысушылар мемлекеттік аппараттың тиімсіз жұмысынан, сондай-ақ өзекті мәселелерді нақты шешуге емес, аурудың белгілерін жеңілдетуге бағытталған мемлекеттін саясатынан көреді. Бұл ретте базалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігінің жоқытығы негізгі талаптардың бірі болып табылады – ол бірден бірнеше топтарда басым болып отыр. Респонденттер елдің қазіргі жағдайын жиі «регресс» және «рецесс» деген сияқты сөздермен сипаттады, ал тоқырау буынының кейбір өкілдері тіпті қарапайым қазақстандықтардың «жан сақтап қалуға» мәжбүр болған «1990 жылдарға оралғаны» туралы жариялады.
Біздің азаматтар үшін бір жағынан ірі қалалардағы, екінші жағынан провинциялардағы өмір сүру деңгейінің айырмашылығы анық сезілді. Егер астаналардың тұрғындарында бәрі «гүлденіп жатса», астаналардың сырт жақтарында қандай да бір даму туралы айту қиын. Көпшіліктің көз алдында Нұр-Сұлтан мен Алматы – алдыңғы қатарлы және дамыған Қазақстанның кербез қасбеті іспеттес, ал бұл қасбеттің артында өмір тоқтап қалған тұтастай өңірлер жасырылып жатыр. Мұндай пікірді үлкен де, кіші де топтардың өкілдері білдірді.
Бұл тұрғыда фокус-топқа қатысушылар мемлекеттік бастамалардың тиімді жүзеге асырылу мүмкіндігіне және тиісінше олардың қарапайым қазақстандықтардың өміріне оң ықпалын тигізетініне әлі де күмәнданып отыр. Олар мемлекеттік басқарудағы кемшіліктердің ішінде әсіресе, олардың пікірінше, азаматтардың «көздерін бұлдырату» мақсатын көздейтін бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуын ерекше аталып отыр.
Мұндай жағдайда мемлекеттік органдар халықтан шалғай сияқты, тіпті оларға қарама-қарсы сияқты болып көрінуі де таңқаларлық емес. Бұл сезімдер олардың азаматтарды естуге және Қазақстанның игілігі үшін бірдеңе істеуге құлшынысының жоқтығынан ғана емес, сонымен қатар респонденттердің өздерін билік басында бар екенін сезінетін және жергілікті деңгейде көріп жүрген немесе тікелей көшеде кездесетін кең таралған сыбайлас жемқорлыққа байланысты.
Бір сөзбен айтқанда, олардың пікірінше сыбайлас жемқорлық әсіресе қайғылы, өйткені ол ұлттық байлықтан – табиғи ресурстардан кірістердің әділ бөлінуіне жол бермейді. Реформалық және милениадар ұрпақтардың өкілдері арасында егер сыбайлас жемқорлық болмаса, елдің экономикалық әлеуеті мен өмір сүру деңгейі бірнеше есе жоғары болуы ықтимал деген пікір басым.
«Елдің болашағына деген оптимизм деңгейі ұрпақтан-ұрпаққа әр түрлі болғанына қарамастан, барлық фокус-топ қатысушылары ертеңгі Қазақстандағы шамамен бірдей нәрсені – тұрақты экономикалық өсуді, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті, халықтың жоғары стандартын, жақсы өмір сүріп, «жақсы жаққа қарай» өзгеруді көргісі келеді. Бұл ретте еліміздің болашағынан қандай да бір нақты күтулер, сұрау салулар немесе «табыстылығының» анықтамалары байқалмады. Мұндай жалпылама тілектер қазақстандықтардың наразылығы мен реніштерін білдіріп қана қоймай, олардың қандай өзгерістер қалайтыны туралы нақты түсінік қалыптастыратын кең қоғамдық талқылаудың болмауының нәтижесі болса керек. Сондықтан «Қазақстан-2050» немесе «100 нақты қадам» сияқты мемлекеттік бағдарламалар мен даму стратегияларының мүлде айтылмауы (немесе мысқылмен айтылуы) «қалыптасқан мемлекеттің» болашағы туралы идеяларды құру үшін маңызды нұсқаулық болып табылмайтыны таңқалдырарлық емес», - деп қорытындылады PaperLab зерттеушілері...