Қаңтар оқиғалары қазақстандықтардың мемлекеттік институттарға деген сенім дағдарысының тереңдігін айқын көрсетті. Ел президенті, әрине, осыған байланысты тәуекелдерді бейтараптандыруға тырысып жатыр, бірақ жоғалтылған функцияларды қалпына келтіру уақыт пен күшті қажет ететіндігі түсінікті. Оның үстіне билік өкілдерінің де, азаматтардың да күш-жігерін талап етеді. Бірақ, шамасы, дәл осы тұрғыдан алғанда бізде үлкен мәселелер бар көрінеді.
Ел басшылығының жасап отырған қадамдары азаматтық қоғамның белгілі бір бөлігі тарапынан қызу қарсылыққа тап болып отыр. Қарсы іс-әрекеттер көбінесе қисынсыз сипатқа ие, оның үстіне ол жасанды түрде шабыттандырылып отырғаны анық. Қоғамдық салада жұмыс істейтін кейбір қайраткерлердің біздің жағдайымызда үкімет пен оның өкілдерінің беделін түсірудегі осыншама тиімді кәсіпте аз ғана күш-жігерін жұмсай отырып, паразиттенуді жалғастыру үшін, өздері тудырған фантастиканың тұтқынында болғаны өздері үшім тиімді деген сезім пайда болады.
Мұндай тұжырымдарға түрткі болып отырған – жақында Орталық Азиядағы Social Innovation ұйымы ұйымдастырған «Бедел және сенім институты: қазақстандықтар кімдерге және неліктен сенеді?» деп аталатын іс-шара. Алғашында жобаланғаны бойынша оның аясында қоғам қайраткерлері қазақстандықтардың мемлекеттік және саяси институттарға, бұқаралық ақпарат құралдарына сенім деңгейінің төмендеуінің себептері мен салдарын талқылап қана қоймай, мемлекет, саясаткерлер, және азаматтық қоғам осы сенімді қайта жаңғырту үшін қандай іс-әрекет жасауы тиіс екенін анықтап алу болатын. Алайда талқылау, өкінішке орай, сәтсіздікке ұшырады. Көптеген қоғам белсенділері және құқық қорғаушылар деп аталатындар айыптаушы позициясын ұстанып қала берді, оларды ұйымдастырушылар қаншалықты сындарлы арнаға бағыттауға тырысқанына қарамастан, олар тек «өздерін тікенекті сыммен орап», автократиялық режимнің қатыгездігі туралы және олар өздерін өмір сүруге мәжбүрлейтін сол тар әлемнің басқа да сұмдықтары туралы қиян-кескі сөздерді тоқтаусыз айғайлай берді.
Күлкілі нәрселер де болды. Мысал үшін, бір белгілі журналистка билік «қанды» қаңтарда тұтқындалғандарды азаптаған фактілерін жоққа шығарып, жасырып отырғандықтан, өзіне деген сенімге лайық емес деп түсіндіруге тырысты. Нелікен екені белгісіз, «қаламның акуласы» азаптау дерегі бойынша он шақты қылмыстық істің қозғалғанын тіпті елемейді де, мемлекет басшысының өзі де осы тақырыпта нақты сөз сөйлеген болатын, ал осы журналист кәсіби тұрғыдан мұны білмеуі мүмкін емес.
Дәл сол кезде айтарлықтай белгілі құқық қорғаушы, айтпақшы, білімі бойынша заңгер (ол үнемі сайлау мәселесінде өзінің үлкен тәжірибесі бар екендігін мақтанышпен айтып жүретін), биліктің бастаған реформалардың барлығы қажетсіз деп, олар зиян келтіруі ықтимал деп жариялаған. Бұл ретте ол ашық фантастикаға және өзінің қиялдарына жүгінді. Оның үстіне «өзгерістің арамдық мәнін» әшкерелей отырып, ол ашық өтірікке дейін түсіп кетті. Өзін-өзі ұсынған кандидаттарды сайлау процесіне қайта оралу туралы шешімді еліктеушілік деп атай отырып, ол осылайша «билікті басып алушылардың» өздері ештеңе жоғалтпайды, өйткені бізде өзін-өзі ұсынған кандидаттарға қатаң талаптар қойылады – олардың айтуынша олардың мемлекеттік қызметте тәжірибесі болуы тиіс деп айтты. Ол, өзі заңгер бола тұра, отандық заң шығарушының депутаттыққа үміткерлерге екі-ақ талап қоятынын – жас шекті межеге жету және туған жерінде қанша жыл өмір сүргенін білмейтін болғаны ма? Әлде білсе де, «әдемі сөз үшін әкемді де аямаймын» деген қағидамен әрекет ете ме?
Белгілі қоғамдық ұйымның басқа «шындық үшін күрескерлерн» билік өкілдерінің сайлау кезінде жіберетін ауқымды заңбұзушылықтарын аза тұту бояуларымен бояп көрсетті. Олар кем дегенде бір заң бұзушылықтың кінәлілерін жауапқа тартуға және әділеттілікті қалпына келтіруге тырысты ма, жоқ па деген сұраққа игі мырзалар ойланбастан: «Не үшін?» деп жауап берді. Онсыз да кімнің кім екені анық дегендей.
Бұл «эстафетадағы» нүктені шақырылған саясаттанушы қойды, ол еліміздегі билікке деген сенімді «бағыныстағы» әлеуметтанушылар, саясаттанушылар және бұқаралық ақпарат құралдары билікке тәуелді болғандықтан бұрмалап жасады деп үзілді-кесілді айтты.
Биліктің беделін түсіруге бағытталған мұндай ебедейсіз айла-амалдарды байқаған кезде, жиі ойға сәбилік рефлекс деген түсініктеме келеді. Ол алғашқы реакциялармен сипатталады, ал адам ағзасының даму процесінде қайтымсыз жоғалып кетеді. Бірақ бұл жеке тұлғаның дегенеративті өзгерістері болатын жағдайларды қоспағанда ғана орын алады. Менің ойымша, бұл біздің жағдайымыз үшін өте дәл келетін сипаттама, өйткені бәрін де және әрқашан да гранттардың ақшасын (сол ақшаның арқасында мұндай белсенділер әдетте өмір сүріп, қазақстандық қоғамға тек алауыздық әкеледі) ақтаумен түсіндіруге болмайды.
Расында да, мемлекеттiк институттарға сенім тұту мәселесi бiздiң елде өте өткір болып отыр. Ал, егер шынын айтатын болсақ, бұған шенеуніктердің өздері де кінәлі – олар өздерінің ойланбай жасаған іс-әрекеттерімен және мәлімдемелерімен оны үнемі ушықтырып отырады, бұл басқа теріс салдарымен қатар, бүгінде үкімет пен қоғам арасында консенсусқа келуге бағытталған прогрессивті қадамдарды да жоққа шығарып отыр. Бірақ бұл бұрын да солай болған, қазір де солай болып отыр және, шамасы, ол әрқашан (кез келген қоғамда және кез келген саяси режимде) солай бола береді. Абсолютті бостандық болмайтын сияқты, үкімет пен оның өкілдеріне абсолютті және сөзсіз сенім немесе сенімсіздік те болуы мүмкін емес, мұны әлемдік өркениет дамуының бүкіл тәжірибесі айқын көрсетіп отыр. Мәселе тек көзқараста және түсіндіруінде. Оны, айтпақшы, іс-шараға қатысқан «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының жетекшісі Гүлмира Ілеуова мұны өте анық айтты:
- Барлығына да «Qalam» қорының ел президентіне деген сенім рейтингіне қатысты деректері қатты ұнайды, бірақ «Стратегияның» биылғы көктемдегі деректеріне ешкім қараған жоқ, ал онда мемлекет басшысының рейтингі 48 емес, 73 процентті құрады. Неліктен барлығы 48 проценттікк көрсеткішті ұнатады? Өйткені ол кейбір ішкі, оппозициялық көңіл-күйге сай келіп отыр. Шынында да, өткен жылдың соңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың рейтингі апатты түрде төмендеп кеткен, бірақ биылғы жылдың көктеміне қарай ол толығымен қалпына келді. Сондықтан бүгінде мен президенттік бастамаларды насихаттау, мемлекеттік саясат бұрмаланған деректерге негізделген деген пікірді естіген кезде, менде бір ғана реакция бар – бұл ақымақтық және шындыққа жанаспаушылық. Мұндай мәлімдемелерге жол беретіндердің барлықтары өз тұжырымдарын дәлелдей алу үшін ең болмағанда бір рет кем дегенде бір зерттеуге тапсырыс берді ме екен? – деген сурақ туындайды. Мен әлеуметтік желілерде: барлығымыз қосылып ақша жинап, президенттің рейтингін бірге өлшейік деп бірнеше рет ұсыныс жасадым. Бірақ жауап ретінде – үнсіздік. Өйткені сіздерге деректерді бұрмалау туралы айту оңайырақ. Мұнда пікірлер, менің ойымша, қажет емес...