Жақын арада Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (ҰҚСК) орнына Ұлттық құрылтай келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, ол реформалардың келесі кезеңін жүзеге асыруда маңызды рөл атқаруы тиіс. Жаңа мемлекеттік институт билік пен қоғам арасында нақты әрі берік байланысты құруға мүмкіндік беретін өте берік буынға айналады деп күтіліп отыр. Бірақ оны бұрынғы жағдайдағыдай бұрдіріп алмау бұл идеяны жүзеге асыруды қолға алған орындаушылардың қолынан келеме? Президент бастамасы шын мәнінде жұмыс істеуі үшін қандай қадамдар жасау қажет? Осыны анықтауға тырысайық.
Тағам жаңа, ал аспаздар ескі
«Қазір Қазақстанның алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуін, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде жаңғыртуды талап етеді. Реформаларды әзірлеу және оны жүзеге асыру ісіне қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды барынша тарту қажет. Сол үшін, ең алдымен, ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттардың бәрі ашық талқылануын қамтамасыз ету керек». Мемлекет басшысының осы сөздері өзі айтқан Жолдау аясында ұсынылған Ұлттық Құрылтай құру идеясының лейтмотивіне айналды.
Логикалық тұрғыдан алғанда, жаңа «қондырма» ҰҚСК мұрагері болып қана қоймай, сонымен қатар қоғамдық кеңестердің бұрыннан бар жүйесімен тығыз байланыста жұмыс істейді, олар да өз кезегінде елеулі өзгерістерге ұшырайды. «Мен бірнеше рет олардың қызметіне қатысты сын айтқан болатынмын. Дегенмен, бұл кеңестердің орасан зор институционалдық әлеуеті бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол Ұлттық Құрылтайды қоғамдық кеңестермен біртұтас тізбекке байланыстыру арқылы
«елімізде азаматтық белсенділікті жандандыруымыз керек. Мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жол ашуды», сондай-ақ «қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруды» көздеп отыр. Бірақ мұндай тәсіл іс жүзінде билік пен халықтың өзара әрекетін күшейте ме? - деген сұрақ туындайды.
Бір жағынан, бүгінде олардың арасында консенсусқа жетудің жаңа жолдарын ашуға еш кедергі (әсіресе, халық тарапынан президентті және оның бастамаларын қолдаудың айтарлықтай жоғары деңгейін ескеретін болсақ) жоқ сияқты. Оның үстіне, Қасым-Жомарт Тоқаев схемалық түрде баяндаған жаңа құрылымның архитектурасы өте қарапайым және түсінікті – бізге ұсынылған қоғамдық диалог құру рецептінде бүкіл тағамды бүлдіретін артық ингредиенттер жоқ.
Бірақ, екінші жағынан, танымал Telegram арналары таратып үлгерген инсайдерлік ақпаратқа қарағанда, оны тіпті балтадан молекулалық асхана шедеврлерін жасауға дағдыланған Мишлен жұлдыздары бар сол бұрынғы аспаздар дайындайды. Демек, олар белгіленген схемаға сәйкес, экспромтсыз жұмыс істей алмайды, егер одан да артығын – оны өз нұсқаларының қабаттарының астына көміп тастау қаупін төндіретінін айтпасақ.
Қалай болғанда да, біз дәл осындай сценарийді тағы бір президенттік бастамасын – ҰҚСК-ны жүзеге асыру барысында байқадық. Онымен, айтпақшы, бүгінде Ұлттық құрылтай құруға кіріскен сол қайраткерлер айналысқан болатын. Ал осыны ескере отырып, ел президенті тұжырымдаған мақсат («бұл мәселе бойынша жасанды пікірталас өткізіп, көзбояушылық жасауға» жол бермеу) идеяны орындаушылар әлемді қалай көретіндігі арқылы бағытын өзгерту нәтижесінде декларациядан артық ешнәрсе болмай шығуы ықтимал. Өйткені, ҰҚСК құрылысшылары оны іске қосу механизміне енгізілген тактикалық қателіктерін осы уақытқа дейін өздерінің үлкен жеңістері сияқты етіп көрсетіп отыр ғой. Ал олар мұны қайталауды шешпейтініне кепілдік қайда?
Әрине, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қандай да бір рөлді атқарды, бірақ мүлде бастапқыда жоспарланған рөлді емес. Оның негізгі мақсаты ретінде «қоғамдық, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу» аталғаны есімде. Бірақ «кең ауқымды талқылау» шынымен орын алды ма? Өйткені, кейбір шешімдер оңаша дерлік қабылданып, жұртшылық оны кейін ғана білетін. Ал қалған «жалпыға белгілі ақиқаттарға» бір рет емес, тіпті екі рет емес күмән білдірілген болатын. Түптеп келгенде, ҰҚСК алқалы органы да болмады, диалог алаңы да болмады, бұл туралы біздің газетіміздің беттерінде саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері бірнеше рет және егжей-тегжейлі айтып берді. Ал, бәлкім, жоқ болуға аттанып бара жатқан кеңес идеялар бәсекесінің алаңы болған шығар? Олай да емес. Жалпы алғанда, «терең қазуға» дағдыланған бір уыс қана мамандарды есептемегенде, ҰҚСК бастамаларын тіпті идея деп атауға болмайтын демагогтар мен әртүрлі популистерді өзіне қарай магниттей тартып алды. Бір сөзбен айтқанда, сұрақтар көп, бірақ жауаптар...
Әрине, ҰҚСК орнына құрылған Ұлттық құрылтайдың тағдыры тек орындаушыларға ғана емес, жаңа құрылымға берілетін мәртебе мен өкілеттікке де байланысты. Құрылтай дербес саяси бірлікке айнала ма? Ол орындау үшін болмаса да, ең болмағанда қарастыру үшін міндетті шешімдерді әзірлей ме, немесе ол жай ғана әр түрлі пікірлерді айтатын рупор және кернеуді жеңілдетуші рөліне тағайындалды ма? Оның ҰҚСК-дан түбегейлі айырмашылығы неде болмақ? Бұл сұрақтарға әзірге жауап жоқ, бірақ қауесет бойынша, Ұлттық Құрылтай мүшелерінің тізімінің бастапқы нұсқасы дайындалып қойған...
Құрылтай ұлт талқылауының тетігіне айналуы мүмкін
Әйтсе де, өзімізден озып, асығыс қорытынды жасамай, Ұлттық құрылтайдың фикция болып кетпеуі үшін, және оның нақты пайдасы болуы үшін не істеу керектігі жөнінде әңгімелесейік. Біз осы мәселеге толық айқындық енгізуді саясаттанушы Ғазиз Әбішевтен өтіндік.
- Демократияның консультативтік (кеңестік) органдары – бұл ең жоғарғы деңгейге жеткен капиталистік өкілді демократияны жетілдірудің қалыпты тәжірибесі: оның шеңберінде саяси шешімдер ең жоғары консенсусқа қол жеткізілгенге дейін барлық мүдделі тараптардың әдістемелік, егжей-тегжейлі талқылауы арқылы әзірленеді, ал оның негізінде консультативтік қоғамдық пікір қалыптасады.
Делиберативті демократия теориясының негізін 20 ғасырдың екінші жартысында бірқатар ғалымдар, соның ішінде Джозеф Бессет пен Юрген Хабермас қалаған. Мағына мынада: тіпті ең дамыған капиталистік экономика аясында ең еркін және бәсекеге қабілетті демократияның өзі де тұйыққа тіреледі және оны түзетуді қажет етеді. Ал атап айтқанда – азаматтық қоғамды әлеуметтік маңызы бар проблемалар бойынша шешімдер әзірлеуге белсенді тарту.
Ұлттық құрылтай идеясын делиберативті демократияның толыққанды жобасына айналдыру үшін бірнеше деңгейде бірқатар қадамдар жасау керек: орталық деңгейде – азаматтық белсенділер ең өзекті мәселелерді талқылайтын қоғамдық палата түрінде; және жергілікті деңгейде – жергілікті белсенділердің қатысуымен американдық таунхолдар түрінде.
Оларға қандай да бір саяси өкілеттіктер берудің қажеті жоқ, істің мәні – олардың қоғамдық алаң болуында. Олардың көмегімен ұлттық делиберацияның тиімді механизмін – өзара қолайлы ымыраға келу кезінде әр мәселені егжей-тегжейлі, теңдестірілген, негізделген, дәлелді талқылау механизмін құруға болады. Бұл парламент сияқты саяси институттардағы пікірталастардан айырмашылығы болмақ, өйткені ол жерлерде популизм, қайта сайлану, саяси келіссөздер, демеушілер мен ірі капиталдың мүдделерін ескеру, шешімдердің үгіт-насихат және бұқаралық ақпарат құралдарының әсері ескеріледі.
Құрылтайлар аясында қатысушыларды мазмұнды диалогқа ынталандыратын тетіктерді ойластыру маңызды. Сонымен қатар, электрондық үкімет құралдары арқылы тиісті әлеуметтік рейтинг пен дауыс беру үлгісін әзірлеу арқылы құрылтай мүшелерін таңдаудың ашық тетіктерін әзірлеуге болады.