Жақын арада партияларды құру және тіркеу процесін жеңілдететін өзгерістер күшіне енеді. Алдағы жеңілдетулер қарсаңында елдің саяси өрісі бұрын-соңды болмаған жаңғыруға кірісті: қазірдің өзінде елге әйгілі ойыншылар ғана емес, сонымен қатар онша танымал емес дебютанттар да мүлдем жаңа, тіпті ерекше жобаларды жүзеге асыруға дайын екендерін мәлімдеп жатыр. Расын айтқанда, ресми ақпаратқа сүйенетін болсақ, тек төрт саяси құрылымдар ғана қалаған мақсатқа жақындады, олар қажетті жағдайларды сақтайтын болса, жақын арада партия мәртебесін алуы мүмкін.
Оған қарамастан, партиялық құрылыс саласын шарпыған дүрбелеңге электорат оң көзқараспен қарайды, мұны әлеуметтік желідегі қызу талқылаулар дәлелдейді. Бұл ретте біздің азаматтарды, қалыптасып келе жатқан саяси құрылымдардың идеологиялық толтырылуы ең аз мөлшерде қызықтыратын сияқты.
Осы біршама қайшылықты процесті байқай отырып, біз қазақ қоғамына қалай да болмасын кіріктірілгендерден келесі сұрақтарды қоюды шештік. Біздің қоғамда қандай идеологиялық мазмұндағы партияларға (коммунистер, либералдар, социалистер, дәстүршілер, ұлтшылдар, интернационалистер және т.б.) сұраныс бар? Қаңтар айындағы оқиғалар, биліктің «Жаңа Қазақстанды» құру бағыты, Ресей-Украина қақтығысы төңірегіндегі біздің елде болып жатқан пікірталастар толқыны халықтың саяси қалауына қалай әсер етті? Әлде қандай да бір партияның қандай идеологиялық орнын алып жатқаны қазақстандықтар немқұрайлы қарай ма?
Тоғжан Қожалиева, HAQ партиясын құрудың бастамашысы:
«Мәселе халықтың қандай идеологияны қолдайтынында емес, билік партиялар үшін қандай идеологияны қалыптастыратынында»
- Бүгінгі таңдағы басты мәселе – біздің халқымыз бүгінде қандай идеологияны жақтап жатқанында емес, мәселе билік белгілі бір партиялар үшін қандай идеологияны қалыптастыратынында. Ал билікте, ескертіп қояйын, ресейшіл партияның пайда болуы туралы байыпты хабарлама бар. Оның үстіне, менде бар мәлімет бойынша, ол соңғы сайлау науқанының алдында «халықшылдар» партиясына айналған коммунистік партияның негізінде құрылып жатыр.
Тәуелсіз бақылаушылардың айтуынша, бұрынғы сайлауда коммунистер бес проценттен аз дауыс жинаған. Кремль үшін де, Ақорда үшін де Қазақстан коммунистік халық партиясы (ҚКХП) қоғамдағы беделін апатты түрде жоғалта бастағаны белгілі болды. Сондықтан алдымен оның ребрендингі жасалды, содан кейін билік өздерінің саяси саттелитін қолдау үшін парламентке өту межесін жеті проценттен бес процентке дейін төмендетуге шешім қабылдады. Қазір Қазақстан халық партиясы (ҚКХ) реформаның кезекті кезеңінен өтіп жатыр, бұл жерде Қазақстанда кремльшіл саясатты ұстанатын партияны сақтап қалу үшін белсенді түрде жаңару үстінде. Оның негізгі ойыншылары – ресейшіл көзқарастарымен танымал Ермұхамет Ертісбаев пен Рахым Ошақбаев болмақ.
«Аманат» және «Адал» партияларының бірігуі күтілуде. Басты міндеті бұрынғысынша үкіметтің тапсырмасын орындау болып табылатын біріккен партия ұлтшылдық мазмұнды элементтері бар центристік ұстанымдарды ұстанады.
Қазақстанға ең алдымен қандай партия керек дейсіз бе? Ақорда жасанды түрде жасамаған партия шын мәнінде халықтық бола алады. Бұл ұлттық мүддені жақтайтын мемлекет қайраткерлерінің партиясы болуы тиіс. Нақтылап айтамын: сөз қандай да бір ұлт өкілдерінің мүддесі жөнінде болып отырған жоқ. Бұл партия интернационалдық болуы тиіс және оның мақсаты – азаматтар қандай этностарға, әлеуметтік топтарға жататынына қарамастан, барлық азаматтардың бірлескен күш-жігерімен барлығына және әркімге қолайлы жағдай жасалатын осындай Қазақстанды құру болуы қажет. Он жылдан астам уақыттан бері байқалып келе жатқан халықтың елімізден кетуін тоқтатып, керісінше, білікті мамандарды және өз кәісібінің үздіктерін елімізге тарту үшін сол тартымды негізді қалыптастыратын кез келді.
Ал халықтың партиялардың саяси тұғырнамаларының мазмұнына немқұрайлы қарауына келетін болсақ, мен бұл пікірмен келіспеймін. Қайта керісінше. Мұны жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі белсенділіктің артуы арқылы бағалауға болады. Демек, бұл жайт қазіргі кездегі партиялардың да, қалыптасып келе жатқан партиялардың да бағдарламаларында дәл соларға үлкен мән беру керек дегенді білдіреді. Басқа басымдықтардың арасында – билікті орталықсыздандыру, ұлттық бизнесті (ең алдымен шағын және орта кәсіпкерлікті) дамыту, білім беруді, ауылдық жерлерді дамыту (урбанизацияның өсуіне және ауыл тұрғындарының үлкен қалаларға ағылуына байланысты) және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жатады. Осыған сүйене отырып, біздің қоғамда Скандинавия елдерімен салыстыра отырып, социал-демократиялық ағымның оңшыл партиясына байыпты сұраныс бар деген қорытынды жасауға болады.
Қазбек Бейсебаев, «Халық сені» азаматтық қозғалысын құрудың бастамашысы:
«Ұлттық идея тұғырнамасында тұрған саяси қозғалыстарға сұраныс бар»
- Ең алдымен айтқым келетіні, біздің «Халық сенімі» қозғалысы президент жариялаған өзгерістерді асыға күтіп отыр. Әзірге болашақ партия мүшелерінің санына қойылатын талаптардың төмендеуі туралы айтылды, бірақ тіркеу рәсімін ырықтандыру туралы ештеңе айтылмаған, ал бұл – негізгі фактор. Істің мәні мынада: бүгінгі таңда қолданыстағы партиялық тіркеу жүйесі соншалықты бюрократияландырылған, сондықтан оларды құрудың бастамашыларының әр кезеңінде әртүрлі кедергілер мен қиындықтарға кезігеді. Мәселен, партияның құрылтай съезін өткізуге дейін-ақ бастамашыл топты тіркеу қажет. Біздің қозғалыс тіркеудің хабарландыру сипатын ұсынады. Партияларда съездерінде қажетті жарғылық құжаттарды қабылдауға, содан кейін Әділет министрлігіне ұсынуға мүмкіндік болу керек деп есептейміз. Сондықтан осы сәтті пайдалана отырып, барлық саяси қозғалыстарды біздің ұсыныстарымызды қолдауға шақырғым келеді.
Халықтың көпшілігі үшін партияларды тіркеуге байланысты проблемалар олардың бағдарламалары мен бастамашылар жариялаған мақсаттарындай дәрежеде қызықты емес шығар. Бірақ, соған қарамастан, бұл мәселелер өзара өте тығыз байланысты. Сайлауда азаматтар өз дауыстарымен қандай партиялар олар үшін дұрыс екенін, қоғамда қандай партиялар сұранысқа ие, ал қандайларына сұраныс жоқ екенін анықтайды.
Идеологиялық мазмұнмен толтыруға келетін болсақ, бұл мәселеде біз жаңалық ашуымыз екіталай. Теориялық тұрғыдан алғанда, бізде бүкіл саяси спектр – солдан оңға, либералдардан консерваторларға дейін көрсетілу керек. Қаңтар оқиғасынан кейінгі қоғамда қалыптасқан көңіл-күйді ескере отырып, елімізде ұлттық идея мен ұлттық мүдде тұғырнамасында тұрған саяси қозғалыстарға сұраныс жоғары деп айтуымызға болады.
Алайда, қоғамда сұранысқа ие идеологиялық мазмұн туралы сұрақтың жауабын барлық партиялар қатысатын сайлау ғана бере алатынын тағы да айта кеткен жөн. Ал оған дейін олар тіркелуден өтулері тиіс. Осылайша, кім не десе де, бізде қандай партиялар болатыны билікке байланысты болып шықты.
Димаш Әлжанов, саясаттанушы:
«Саяси өрісті бақылау жағдайында белгілі бір идеологияға бағытталған партияларды құру мүмкін емес»
- Қанды қаңтар оқиғасы мен наразылық басылғаннан кейін билікте өзін-өзі аман сақтап қалу режимі іске қосылды. Сондықтан, ел президентінің саяси партияларды тіркеуге қатысты жариялаған қадамдары (олардың мүшелерінің ең аз рұқсат етілген санын қысқарту) «ойын ережелерін» айтарлықтай өзгертпейді. Естеріңізге сала кетейін, үш кезеңді тіркеу тәртібі, оның ішінде ұйымдастыру комитетінің жұмысын бастау үшін Әділет министрлігінен растауды алу; партияны мемлекеттік тіркеу; партия филиалдарын есепке алу – өзгерулерсіз қалады. Дәл осы процедура Әділет министрлігіне түрлі сылтаулармен қарсылық білдіретін оппозициялық партияларды тіркеуді тоқтатуға немесе құжаттарды тексеру арқылы белгісіз мерзімге кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан, елдің саяси өрісін бақылау жағдайында белгілі бір идеологияға бағытталған толыққанды, ұйымдасқан партиялардың құрылуы мүмкін емес. Біздің саяси жағдайымызда демократиялық процедуралардың жоқтығынан партиялар көбіне жоғарыдан құрылады және әрқашан саяси мазмұны жоқ бос қабық болып қала береді.
Қазақстандағы қазіргі жұмыс істеп тұрған партиялық жүйеге қараңыздаршы, ол тек бір ғана президентшіл «Аманат» партиясы мен жоғарыдан құрылған екі «кәсіпкерлік» партияның (олар оппозиция мен көппартиялық жүйеге еліктеу үшін құрылған) гегемониясымен сипатталады. Олар сол көзқарас, оң көзқарас немесе центристік көзқарастың артында жасырынып алуы мүмкін, бірақ шын мәнінде олар тек бос қабықтар, өйткені олар бәсекелес саяси күрес пен әділ сайлау болмаған жағдайда әрекет етеді.
Қазақ қоғамының қандай да болмасын саяси идеологияға деген сұранысын партиялар құруға қазіргі кездегі саяси шектеулер (ресми және бейресми) болмаған кезде ғана білуге болады. Осындай жағдайда ғана қоғамның сұранысына негізделген төменнен құрылған партиялар сан алуан саяси ландшафт жасайды.