Байқоңырдың болашағы бұлыңғыр болып барады. Оны жалға алып отырған Ресей Федерациясының өзінде әлемдегі алғашқы «ғарыш айлағын» құру перспективаларына қатысты көзқарастар біртұтас емес: біреулер Ресейдің ғарыш айлағында мүмкіндігінше ұзақ уақыт болуын сақтауы керек деп есептейді, басқалары бірте-бірте ол жақтан шегініп кетіп, «Восточный» атты ғарыш алаңына бағдарлануды талап етеді. Ал біздің елімізге келетін болсақ, Ресей Федерациясымен арендалық қарым-қатынасты тоқтатып, Байқоңырды игерумен өзіміз айналысуымыз қажет дегендердің үні күшейіп барады. Ғарыш айлағын толығымен жабу керек деген шақыруларды жиі естуге болады, өйткені олардың айтуынша, оның әкелетін пайдасына қарағанда, зияны әлдеқайда көп. Бірақ мынадай сұрақ туындайды: сонда қаланың тағдыры, ал ең бастысы, оның 75-мың тұрғындары бар бар халқының тағдыры не болмақ?
Бұрын қалай болды…
...Кеңес жылдарында Ленинск (сол кезде ол осылай атанатын), жақын маңдағы басқа қалалармен салыстырғанда – Қызылорда, Қазалы және басқа қалаларды айтпай-ақ, тіпті Қазақстанның астанасының фонында да өмір сүру сапасымен ұтымды түрде ерекшеленетін. Оған мемлекет (Кеңес басшылығы мақтан тұтып, дамытуға басымдық берген осынау тұтас ғарыш кешеніне сияқты) қыруар қаржы, оның ішінде қалалық инфрақұрылымға да, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа да, жұмсайтын. Онда жұмыс істеп жүргендер КСРО-ның басқа азаматтарына қарағанда айтарлықтай жоғары жалақы алатын, азық-түлікпен және ерекше санаттағы басқа да тауарлармен қамтамасыз етілетін.
1980-жылдары, яғни тауарлардың ең өткір тапшылығы болған кездері, осы жолдардың авторы бейтаныс көздерден жабық Ленинскіге бірнеше рет кіре алған болатын. Ол жақта бұл тапшылық сол уақытта тіпті сезілмейтін деуге болады: Одақ көлемінде өндірілген тауарлар да, елімізге импортпен кіргізілген заттардың бәрі де дүкендерде емін-еркін, оның үстіне ешқандай кезексіз сатылып жатқан болатын. Асханаларда әрқашан өте дәмді, жоғары калориялы және салыстырмалы түрде арзан тағамдардан дәм тату әбден мүмкін болатын еді. Менің ойымша, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету жағынан Ленинск, ең болмаса, Мәскеуден кем емес болатын. Оның үстіне, сол кездегі стандарт бойынша, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Оған қоса, кеңестік үздік аристтерінің жиі келулері. Орталықта отырғандардың ойлары бойынша, қала тұрғындары аса маңызды мемлекеттік тапсырманы шешумен айналысатындықтан, олар еш нәрселерден тапшылық көрмеулері тиіс. Ал егер климаты күрт континенттіктігі (өте ыстық жаз және өте қатал қыс), астаналардан шалғайлығы және жабықтығы болмаса, Ленинскіні бүкіл кеңестік кеңістіктегі ең тартымды қалалардың бірі деп атауға әбден болар еді.
Бірақ Одақ ыдырағаннан кейін, белгісіздік жағдайында, ғарыштық бағдарламалардың айтарлықтай қысқарып қалуы кезінде, қызметкерлердің (соның ішінде өмірді қамтамасыз ету қызметтері) және офицерлердің отбасыларымен қоса Ресейге, Украинаға жаппай көшіп кеткеннен соң, қала иесіз қалды деп айтуға болады. Қазақстан билігі ақша тапшылығы, ессіз инфляция және соның салдарынан күрделі қала шаруашылығына қызмет көрсететін мамандардың тапшылығы жағдайында өзінің құзырына өткен қаланың деградациясының алдын ала алмады.
Дағдарыстың шарықтау шегі 1993/94 жылдың қысына тура келді, ол кезде бірнеше ондаған көпқабатты үйлерде (ол кезде Ленинскіде олардың 360-ы болған еді) жылыту және сумен жабдықтау жүйесі істен шығып кетті, ал басқаларында адамдар жылусыз және жиі электр қуатынсыз отырды. Бос пәтерлері бар көптеген тұрғын үйлерді кездестіруге болатын, бұған сындырылған терезелер дәлел болатын. Қала тұрғындарының саны екі есеге жуық азайып қалды.
Бәлкім, қанша дегенмен, оны КСРО ыдырағаннан кейін өмір сүруін тоқтатқан бұрынғы әскери қалашықтардың тағдырын күтпеген де шығар, мысалы, Аралда үйлер (оларда құпияландырылған Возрождение аралына қызмет ететін гарнизон офицерлері тұратын), балабақша, мектеп, жауынгерлер казармасы, т.б. Оларды жергілікті тұрғындар құрылыс материалдарын алу үшін дереу бөлшектеп тастады. Бірақ оған қарамастан, сол кездегі Ленинскінің болашағы бұлыңғыр болып көрінді.
Қазір қандай болып қалды...
1994 жылы екі елдің үкіметтері арасында жасалып қол қойылған «Байқоңыр» кешенін жалға алу туралы келісім оған жаңа тыныс берді. Бүгінгі қарастырылып жатқан тақырыпқа қатысты мұндағы екі тармақ назар аударарарлық болып табылады. Олардың біріне сәйкес, «1991 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан «Байқоңыр» кешенінің объектілері мен мүлкі оның меншігі болып табылады», ал екінші тармаққа сәйкес, «Байқоңыр» кешенінің өмірін қаржыландыру, Ленинск қаласын және оның инфрақұрылымын қамтамасых ету Ресей Федерациясының мемлекеттік қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы ҚР азаматтарының оның заңнамасында көзделген әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Ленинск қаласын қаржыландыруға қатысады».
Яғни, қаланың тұрғын үй қоры Қазақстанның меншігінде қалды. Одақ ыдырағаннан кейінгі кезең бойы және бүгінгі күнге дейін ол айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ: Байқоңырда (атауы 1995 жылы өзгертілген) өткен жылдың аяғында 350-ден сәл астам көп қабатты үйлер болды, ал оларда – 20,8 мың пәтер бар. Қызылорда облысының әкімдігі арқылы қазақстандықтардың ақшасына салынған сол бесеуінің (250 пәтер) тізімінде бар-жоғын айту қиын. Жеке тұрғын үй құрылыстары да бар, бірақ олардың үлесі шамалы ғана. Ал Байқоңыр қаласының әкімшілігі түлғасындағы жалға алушы – Ресей Федерациясы – тұрғын үй қорын басқарып, оны күтіп ұстауды және қызмет көрсетуді қаржыландырады.
Жалға алу шартына сәйкес барлық осы жылдар ішінде пәтерлерді жекешелендіруге тыйым салынған болатын. Тиісінше, басқа өңірден одан түскен ақшаға пәтер сатып алу мақсатында Байқоңырдағы баспананы сату мүмкіндігі болмады. Қалада ұзақ уақыт тұрып жатқан және Ресейге көшуге ниет білдірген Ресей Федерациясы азаматтарының жекелеген санаттары үшін көрші мемлекеттің билігі тұрғын үй сертификатын енгізді. Жаңа жерден пәтер немесе үй сатып алуға онша жеткілікті болмағанмен, бірақ бұл да айтарлықтай маңызды көмек.
Бүгінде Байқоңыр қаласының 75 мың тұрғынының үштен екісінен астамын құрайтын Қазақстан азаматтарына келетін болсақ, олар 2000-шы жылдардың басынан бері пәтерлерді жекешелендіруге рұқсат сұрап келген болатын. Осы жолдардың авторы олардың Қызылорда облысының сол кездегі әкімі Серікбай Нұрғисаевпен және Қазақстан Республикасы президентінің ғарыш айлағындағы арнайы өкілі Ерғазы Нұрғалиевпен кездесуінде болған – әңгіме Байқоңырда, егер есімде дұрыс сақталған болса, онда 2002 ж., сол кездің өзінде қалалықтар бұл мәселені өте өткір көтерді. Бірақ ол өз шешімін тек жиырма жыл өткеннен кейін ғана таба бастады.
Ағымдағы жылдың ақпан айында екі елдің өкілдері осы бағыттағы қадамдарды бастауға келісті. Пәтерлерді жекешелендіру құқығына тек Қазақстан азаматтары ғана ие бола алады – егер олардың Байқоңыр қаласында тұрақты тұруға тіркелген болса және коммуналдық төлемдерді төлеу бойынша қарыздары болмаса. Ағымдағы жылдың маусым айының басындағы жағдай бойынша қала тұрғындарының жартысына жуығы (75-мыңның ішіндегі 39 мыңы) тұрақты тұруға тіркелген. Әзірге онша көп өтініштер келіп түскен жоқ – оларды мыңға жетпейтін отбасылар саны тапсырған. Бірақ жекешелендіру процесінің өзі баяу өткізілетін сияқты болып көрінеді: оны бірнеше кезеңге бөліп жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Дегенмен, меншіктік құқығына ие болу – бір жағынан жақсы нәрсе болғанымен, екінші жағынан ол теріс нәтиже әкелуі де ықтимал. Өйткені, оны алған тұрғындар енді пәтерлерін өздері күтіп-ұстауға, сонымен қоса олар ортақ үй мүлкін де күтіп-ұстауға қатысуға тиіс болады. Басқа сөздермен айтқанда, олардың шығындары өседі. Ал біздің менталитетімізді ескеретін болсақ (көбінесе біз, басқа нәрселерді былай қойғанда, тіпті КСК жиналыстарына да бармаймыз), үйлерді күтіп-ұстау функцияларын жергілікті биліктен тұрғын үй қорын инвестициялық жекешелендіру купондарына (ИЖК) беру халықтың жағдайының нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін деген қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Оған көптеген мысалдар бар.
Ал тұрғындардың пәтер иесі атану арқылы алатын пайдасы соншалықты көп болмауы мүмкін. Ол пәтерлерге қандай да болмасын айтарлықтай сұраныс болатынына сенім шамалы. Біріншіден, Байқоңырдағы тұрғын үйлердің барлығы дерлік ескі, олар сонау кеңестік кезеңде салынған, олардың көпшілігіне 40 және одан да көп жыл толып қойған. Екіншіден, және бұл ең бастысы, қаланың болашағы қандай болатыны белгісіз. Демек, бұл пәтерлерді сату қиынға соғатын болады.
Келешекте қалай болады?
Өз кезінде қала тек қана ғарыш айлағының өмірін қамтамасыз ету үшін салынған болатын, қазір де бұл тұрғыда іс жүзінде ештеңе өзгерген жоқ. Ағымдағы жылдың сәуір айында жергілікті әкімшілік басшысы Константин Бусыгин ресейлік жетекші ақпарат агенттіктерінің бірі «Новости» редакциялық-ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында былай деп айтты: «Ғарыштық жұмыстары жоқ болған жағдайда қаланың істейтін шаруасы жоқ. Ол ғарыш үшін және ғарыштың арқасында өмір сүреді. Біздің қалада зауыттар да жоқ, фабрикалар да жоқа, ештеңе жоқ. Ғарыштық ұшырулар тоқтатылған жағдайда жай ғана электржарығын өшіріп, материкке (Ресейге – авт. ескертесі) кетіп қалуға болады».
Содан кейін: «Сондықтан мен қаланың тек қана ғарыштық болашағын көріп отырмын», - деп жалғыстырып, Бусыгин былай деп өз болжамын жасады: «2028 жылға дейін Ресейдің адам басқаратын бағдарламаларының барлығы кез келген жағдайда Байқоңырда жүзеге асырылатын болады, өйткені «Восточныйда» қажетті инфрақұрылым осы уақытқа дейін әлі дайын болмайды», Осыдан соң ол 2050 жылы Байқоңырды жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Федерациясы оны ұзартатынына сенім білдірді.
Бірақ бұл қала әкімшілігі басшысының жеке пікірі, ал нақты жағдайда ол қалай болатынын ешкім білмейді. Әсіресе, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың салқындап кетуіне әкеліп соқтыруы ықтимал (әрине, ол құптағымыз келмес еді) қазіргі өте күрделі және мүлде болжауға болмайтын геосаяси жағдайда. Сондықтан ешкімге тәуелді болмау мақсатында, ғарыштық ұшырылымдарды ешкіммен үйлестірмеу үшін, «Байқоңыр» кешенін жалға алуға ақша жұмсамау мақсатында Ресей Федерациясының «Восточный» ғарыш айлағының құрылысын жеделдету туралы шешім қабылдау ықтимал екендігін жоққа шығару мүмкін емес. Біз өзіміз ғарыш айлағының әлеуетін пайдалана аламыз ба екен? Басқа елдер арасында Ресейдің орнына келгісі келетіндер табылады ма? Бұл сұрақтардың жауабын табу екіталай.
Ол сұрақтардан тағы да сұрақтар туындайды: бүгінде Байқоңырда тұратын 50 мыңнан астам Қазақстан азаматтары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын қалайша қамтамасыз етуге болады? Егер қалада өнеркәсіптік кәсіпорындар іс жүзінде жоқ болса, ересек тұрғындарына қандай жұмыс тауып беруге болады? Олар күнделікті жеп-ішетін тамағына жұмсалатын ақшаны қайдан және қалайша табатын болады?
Бұл мәселер жөнінде қазірден бастап ойлану қажет...