Ресей Федерациясында жұмыс істеуге бағытталған көптеген отандық бизнес өкілдері бүгінгі күндері Ресей экономикасының оған қарсы еңгізілген санкцияларға байланысты бастан кешіп жатқан проблемалардың әсеріне ұшырап жатыр. Бұл әсердің шарықтау шегі 2022 жылдың екінші және үшінші тоқсанында келуі мүмкін, дейді Esperio сарапшысы Нұрбек Ысқақов.
Санкциялардан жасырыну мүмкін емес...
Қазақстан бизнесі коронавирус пандемиясының және қаңтар оқиғасының соққыларынан айығып үлмергестен, Украинадағы әскери операцияға жауап ретінде Ресейге «ұжымдық Батыс» тарапынан келіп түскен бұрын-соңды болмаған санкциялар толқынымен байланысты жаңа дағдарыстың қарсаңында қалды. Оқиғалардың қарқынды дамып жатқаны соншалық, сарапшылар олардың салдары қаншалықты ауыр болатыны туралы болжам жасауға міндеттенбейді, бірақ олардың алдын ала бағалауы бойынша, алдымызда күтіп тұрған перспективалар онша жарқын емес.
- Әлі де дамып келе жатқан оқиғалардың салдарын бағалау өте қиын. Біз Ресейге қарсы санкциялық соққылардың жалғасып жатқанын және әзірге ең сезімтал көрсеткіштерде – валюта бағамында, бағалы қағаздар нарығында, трансшекаралық төлемдерді жүзеге асыру бөлігінде банк жүйесінің жұмысында, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы бірқатар ірі шетелдік кәсіпорындардың тікелей тоқтауында көріп отырмыз. Ресей экономикасына әсер ететін санкция толқындары қандай да бір жолмен, бірақ әзірге әлдеқайда жұмсақ түрде, Қазақстанның қаржы жүйесі мен экономикасына да жетіп жатыр, - деп атап өтті Esperio сарапшысы біздің басылымға берген сұхбатында.
Оның айтуынша, әзірге қазақстандық бизнестің шетелдік тауарларды сатып алумен байланысты немесе Ресей Федерациясынан кететіні жайлы жариялаған бірлескен компаниялардың бизнес-процестеріне біріктірілген бөлігіне шектеулі кері әсер ету туралы ғана айтуға болады. Бірақ санкциялардың Ресейге тигізетін экономикалық зияны кеңейтіліп, тереңдетілген сайын Қазақстанда да осындай үдерістердің дамитыны анық.
Өткен сенбіде PaperLab алаңында өткен «Жаңа» Қазақстандағы экономикалық бағыт: әлеуметтік бетбұрыс па, әлде популизм ме?» - деп аталатын пікірталасқа қатысушылар да Ресейге қарсы санкциялардың салдары туралы айтты. Экономикалық сарапшы Сергей Домнин атап өткендей, біз қазірдің өзінде теңгенің құнсыздануы түріндегі бірінші және өте жағымсыз соққыны алдық, содан кейін тауарлардың, әсіресе құны шетел валютасында жоғары деноминацияланған азықтық емес импорттың күрт өсуі орын алды. Сонымен бірге, спикер алдағы бірнеше айда инфляцияның аздап бәсеңдеуін болжайды, бұл ресейлік импорттың арзандауына байланысты болады.
Алайда кейінірек, деп есептейді ол, бұл әсер жоққа шығады, өйткені Ресей өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болады. Мысалы, ол бұдан былай Қазақстанға көліктерді сата алмайтын болады және мұндағы мәселе тек санкцияларда ғана емес, сонымен қатар импорттық құрамдас бөліктердің жеткізілім тізбегінің ұзілуінде. Айтпақшы, 3 наурыздағы жағдай бойынша, Ресей Федерациясында автомобиль зауыттарының жартысына жуығы тоқтап қалды. Бұл шешім қазақстандық автоөндірушілерге тікелей әсер етеді, өйткені олар бөлшектердің бір бөлігін солтүстік көршімізден сатып алады.
ЕАЭО-дан шығып кету – бұл амал емес
Қазақстанның ЕАЭО-дан шығып кетуіне шақыратын үндулердің күшеюіне келетін болсақ, пікірталасқа қатысушылар мұның еш мәнін көрмей қана қоймай, мұндай саяси қадамның елеулі тәуекелдері жөнінде ескертеді. Қанша дегенмен, Ресей Федерациясы біздің ең ірі сауда серіктесіміз болып қала береді: оның азық-түлік және азық-түлік емес тауарларының ішкі нарығы құрылымындағы үлесі айтарлықтай жоғары – 40 процент.
- Егер анықтап қарайтын болсақ, ЕАЭО аясында бізде валюталық одақ жоқ, салық саясаты жөнінде келісімдер жоқ, тек бірқатар секторлардағы техникалық регламенттер және тауарларды таңбалау бойынша міндеттеме бар – бұл көптеген адамдар үшін өте тітіркендіргіш нәрсе болып табылатын. Яғни, біз ешқандай минустар алмаймыз. Мәселе басқада: Ресей бұл қадамға қандай жауап береді? Мүмкін, ешқандай, ал мүмкін, біздің өнімдерімізге мөлшерлемелерді көтереді. Сондықтан, бұл бағытта кенеттен қандай да бір қозғалыстар жасаудың (ең болмағанда, біз баламалы тәсілдермен нақты пайда ала бастағанға дейін) қажеті жоқ. Біз дәл қазір импорттың 40 процентін қайдан табамыз? Қытай біздің нарықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге ұмтылмайды. Әрине, Орталық Азия ауқымында жұмыс істеу тамаша болар еді, бірақ біздің көршілеріміз де жоғары белгісіздік жағдайында тұр, - деп түсіндірді Сергей Домнин.
Оның айтуынша, теңгеге қысым Қазақстанның ЕАЭО-да болуына байланыссыз, көптеген түрлі себептердің нәтижесінде туындап отыр. «Иә, ұлттық валюта рубльдің соңынан ұмтылуды жалғастырып жатыр, бірақ бұл тәуекелдер, - дейді ол, - мұнай бағасының өсуі сияқты қолайлы сыртқы факторлардың аясында соншалықты маңызды емес. Бұл – сауда балансы арқылы елімізге көп валюта келеді дегенді білдіреді. Оның тағы бір көзі – Ұлттық қордан түсетін трансферт, ол қысқартылмайды. Осылайша, теңгенің рубльдің соңынан қайда екені белгізіс ұшып кететінін тепе-теңдік жағдай деп есептеуге болмайды.
Ал енді Ресейлік компаниялардың Қазақстанға жаппай келуі туралы жиі айтылатын болжамдарға келетін болсақ. Теориялық тұрғыдан Ресей Федерациясы бізді өз бизнесі үшін база ретінде пайдалана алады, деп есептейді экономист, оның үстіне қазір оның таңдауы өте аз. Екінші жағынан, мұндай қорытынды жасауға әзірге ерте. Соңғы он жылда бұл тақырып бірнеше рет көтерілген болатын, деп еске салды ол, бірақ іс жүзінде біздің елімізде салыстырмалы түрде аз ресейлік өнеркәсіптер жұмыс істеп жатыр.
- Ал содан кейін, қараңыздаршы, Ұлттық банктің не істеп жатыр – ставканы көтеріп жатыр, ал бұл бізде бір жылдан астам уақыт бойы тұрақты түрде жоғары болғанына қарамастан, оның қарқынды өсіп жатқан инфляцияға табиғи реакциясы, - деп жалғастырды Сергей Домнин. - Ал бұл ретте біз осы әрекеттерден ешқандай айқын әсер байқап отырған жоқпыз. Оның үстіне, ұсыныс тапшылығына байланысты бізде сұраныстың күрделі күйзелістері орын алып қана қоймай (мемлекеттік бағдарламалар бойынша басым бағыттарды алып жатқандарды қоспағанда), кредиторлардың жалпы бөлігі үшін несие ресурстары құнының өсуін алуымыз ықтимал. Бұл бизнес климатқа қандай әсер береді? Менің ойымша, теріс әсер етеді...
Жалпы алғанда, сарапшының пікірінше, апатты сценарийді күтудің қажеті жоқ. Керісінше, оқиғалар бұрыннан таныс сценарий бойынша – девальвациялармен және сыртқы саудадағы күрт өзгерістермен – жалғаса беретін болады. Бірақ егер бұрынғы кезде ол шамамен бес жылда бір рет болып отырса, енді ол әлдеқайда жиі байқалатын болады. Жасыл экономикаға деген ұмтылысты ескере отырып, ұзақ мерзімді сұранысты қамтамасыз ететін түсті металдар өндірісі салалары болмаса, экономиканың ірі секторларының ешқайсысында (мұнай, азық-түлік және т.б.) тұрақтылықты күтудің қажеті жоқ, деп сенім танытады ол.
Қайта тірілгендер
Осы орайда, Нұрбек Ысқақовтың айтуынша, «қаңтар» дағдарысын еске түсіру орынды, одан кейін қазақстандық бизнес пен азаматтардың өзі тез қалпына келіп, бұрынғы өмірлеріне қайта оралып қана қоймай, экономикалық белсенділік тұрғысынан 2021 жылғы желтоқсандағы көрсеткіштерден асып түсті. Оның айтуынша, 2021 жылдың қазанынан бастап өңдеуші сектордағы іскерлік белсенділік индексі (PMI) 50 пункттен сәл жоғары, ал қызмет көрсету секторында – 53 пункттен максималды деңгейіне көтерілді.
- Қазақстандағы 2022 жылғы қаңтарда орын алған қайғылы оқиға отандық бизнеске өте жағымсыз әсер етті», - дейді ол. – Егер біз іскерлік белсенділік индекстерінің қаңтар айындағы статистикасына қарайтын болсақ, ол COVID-19 жаһандық экономиканы құлдыратқан 2020 жылдың наурызынан бергі ең күшті құлдырауды бастан кешірді. Қазақстанның қызмет көрсету секторындағы PMI көрсеткіші 52 пункттен 27-ге, ал өңдірістік секторда 48-ден 43-ке төмендеді. Яғни қаңтардағы саяси толқулар мен әлеуметтік наразылықтардың негізгі соққысы қызмет көрсету саласына түсті.
Бұл күйзелістердің барлығы, әрине, әртүрлі ауқымдағы үрдістер орын алған және болып жатқан еңбек нарығы сияқты маңызды экономикалық салаға әсер етпей қоймауы мүмкін емес еді. Esperio сарапшысы түсіндіргендей, уақытша тенденциялар бар, ол пандемияға байланысты медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі немесе 2021 жылы тұрғын үй буміне байланысты құрылысшылардың жетіспеушілігі сияқты, және тұрақты тенденциялар бар, -мысалы, IT мамандарының, жоғары білікті менеджерлердің және т.б. бұрыннан келе жатқан созылмалы тапшылығы.
- Аталған уақытша тенденциялар кетіп бара жатыр, пандемия шегініп барады, демек, дәрігерлерге сұраныс азаяды, проценттік мөлшерлемелердің өсуі және құрылыс секторын қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың қысқаруы тұрғын үй нарығындағы «көпірікті» жояды, яғни құрылысшыларға сұраныс азаятын болады. Бірақ тұрақты тенденциялар, әсіресе санкциялық қысым мен Ресейдегі экономикалық құлдырау жағдайында (ол Қазақстан экономикасына да әсер етеді) IT мамандарына, әсіресе төлем жүйелерін түсінетіндерге және жоғары білікті менеджерлерге сұранысты қолдайды. дағдарыс жағдайында әрекет ету, деп түйіндеді сөзін Нұрбек Ысқақов.
Айтпақшы, жақында ғана «Атамекен» ҰКП Ресейге қарсы санкцияларға байланысты туындаған қиындықтарға тап болған қазақстандық кәсіпкерлер үшін жедел әрекет ету штабын құрды. Оның аясында ұсыныстар жиналуы ұйымдастырылып, кеңестер жүргізіліп, субсидиялау мәселесі талқыланып жатыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлерді қандай тәуекелдер мен өзгерістер күтіп тұрғаны жайлы сұрақтар және олар өздерінің ағымдағы жоспарларын қалай қайта құрылымдауға болады деген мәселер көтерілуде. «Алынған ақпаратты біз нақты уақыт режимінде өңдеп, қорытындылап жатырмыз, содан кейін оны үкіметке жеткізіп жатырмыз. Барлық өңірлік палаталар жұмылдырылды, бізде сенім телефондары жұмыс істеп тұр. Біз спойлер-ақпарат алғымыз келеді, ол жоғары сапалы ұсыныстарды дайындау мақсатында және нақты нәтижелерге қол жеткізу мақсатында мәселелерді шешу нұсқаларын әзірлеуге көмектеседі», - деді «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.