Кеген ауданы қарасты Текес ауылында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қуат Байғоджаев, Жанарбек Әшімжанов, Талғат Байеділов, Бекзат Мырзахмет тұрғындармен кездесу өткізді.
Мұндағы мақсат – елде өтіп жатқан саяси науқанның маңыздылығын жеткізу, партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау.
Кездесуде Алматы облысы бойынша «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының тұжырымдамасы түсіндірілді. Кандидаттың ақпарынша, алдағы 5 жылда автожолдарды салуға және жөндеуге жәрдемдесуге ниетті.
Қазіргі уақытта өңірде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 90%. Бұл ретте, кентішілік жолдардың 10% - ның жағдайы көңіл көншітпейді. Сондықтан жергілікті маңызы бар 35,7 км автомобиль жолын жөндеуден өткізбек.
«Бұл шаралар 2027 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 90% - дан 100% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан қоса, біз ауыл тұрғындарының сапалы ауыз суға қол жеткізуіне күш саламыз. Облысқа қарасты 56 ауыл және 2 қалада сумен жабдықтау нысандарын жаңғыртамыз», - деді басқосуда сөз тізгінін алған Талғат Байеділов.
Мұнымен қоса, өзге кандидаттар да кезек-кезек сөз сөйлеп, партияның негізгі міндетіне тоқталды. Айтуларынша, бағдарламаның басты құндылығы тұрғындарға жайлы жағдай жасап, өмір сүру көрсеткішін арттыру. Жоғары жалақы, баспана, жұмыспен қамтуға күш салмақ.
Өз кезегінде кездесуге келген жұрт өрелі әңгімеден бір серпіліп, партия бастамаларына сенім артатындарын атап өтті. Сондықтан 19 наурыз күні саяси кезеңне атсалысатындарын жеткізді.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді