Біздің елімізде ұлтаралық келісім барған сайын азайып келеді. Біз өзімізді толеранттылық пен халықтар достығы жөнінде иллюзиялық идеялармен жұбатып жүрген кезде, Қазақстан қоғамының ішінде нағыз ксенофобия пісіп-жетілді. Ал Қордай ауданындағы қайғылы оқиғалардан кейін оның тасымалдаушылары барлық тесіктерден шыға бастады. Бүгінгі таңда біздің алдымызда өткір мәселе туындағаны анық, сондықтан оны үндеусіз қалдыруымыз біздің елді өте жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін. Не істеу керек? Этносаралық қатынастар саласындағы сарапшы еместігіне қарамастан, осы жолдардың авторы өз пікірін білдіруге шешім қабылдады. Біреулер оны, мүмкін, шектелген көзқарас деп атайтын шығар. Десе де…
Кімнен жауап талап етіледі?
Ұлттық азшылықтарға этносаралық қатынастар саласындағы қақтығысты қыздыратын ең басты себеп – азшылық ұлттар өкілдерінің мемлекеттік тілді білмеуі. Егер Булгаковтың сөздерін өзгертіп айтатын болсақ, «адамдарды бұзған тіл мәселесі». Мұндай жағдайда ұлтаралық саладағы мемлекеттік саясатпен бізде бір министрліктің, ал тілдік саясатпен басқа министрліктің айналысып жатқаны біртүрлі түсініксіз болып көрінеді. «Нөлдік» жылдардың басында осы екі бағыт бір мекеменің жауапкершілік аймағында болған.
Екінші жәйт. Қазақстан халқы Ассамблеясының тек көрініс үшін жасалғаны туралы және оның пайдасыздығы жөнінде, сондай-ақ оның бюджет ақшасын құр-бос жейтіні жөнінде көп айтылады және жазылады. Бұған келіспеу мүлдем мүмкін емес, бірақ «көрнекті» ҚХА – бұл айсбергтің тек ұшы ғана. Еліміздің барлық өңірлерінде бес жылдан астам уақыт бойы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемелері жұмыс істеп келеді (дәлірек айтсақ, олар құр-бос орын алады). Олардың міндеті былайша тұжырымдалған: Қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін танымал ету, оның негізгі тұжырымдамаларын қоғамдық санада ілгерілету; ҚХА қызметін қамтамасыз ету, этномәдени бірлестіктердің қоғамдық келісімді нығайту және қоғамды топтастыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу.
Осы мекемелерде қанша адам отыратынын қараңыздаршы. Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де он шақты қызметкер бар. Қызметкерлердің шамамен осындай саны (бұл техникалық қызметкерлерді – жүргізушілерді, күзетшілерді және т.б. есептемегенде) Қарағанды облысында жалақы алып отыр. Оның үстіне, егер ҚХА қазақтардан басқа барлық этностардың этномәдени ұйымдарын біріктірсе, онда аталған мекемелерде жағдай керісінше: олардың қызметкерлерінің 90 проценті «титулдық» ұлт өкілдері, ал бастықтардың арасында «бөтен» ұлттар өкілдерін табу мүлдем қиын. Әйтсе де, сол шахтерлер өңірінде қазақ халқы мен басқа да этностардың арақатынасы шамамен 50 де 50 процентке жұық.
Қарағанды облысының «Қоғамдық келісім» КММ-де директор мен оның екі орынбасарынан басқа – жеті бөлім, бухгалтерия және баспасөз қызметі бар. Жергілікті бюджеттен «Облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету» бабы бойынша өткен жылы оған 182 млн.теңге бөлінді. Сонымен қатар, қайталап айтамын, мұндай мекемелер еліміздің барлық 17 өңірінде құрылған. Бір жерде олар азырақ алатын болса, басқа жерде көбірек алады, ал қарағандылық санды орташа сан ретінде алуға болады. Сонымен, күрделі емес арифметикалық есептеулер жасайтын болсақ, олар республика бойынша үш миллиард теңгеден астам сомалық мән береді.
Алдымен диагноз қою керек, ал содан кейін емдеу қажет
Біз көз жеткізіп отырғанымыздай, іс жүзінде осы салымдардан ешқандай пайда жоқ. Бәлкім, республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер түрінде өңірлерге түсетін барлық қаражатты бір жерге шоғырландырған дұрыс болатын шығар? Олардың бір бөлігін ұлтаралық қайшылықтардың нақты себептерін анықтауға, осы негіздегі қақтығыстардың ықтимал салдарын бағалауға және мәселені шешу жолдарын анықтауға терең және жан-жақты әлеуметтік зерттеулер жүргізуге бағыттаған жөн болар еді.
Айтпақшы, көптеген адамдар мұндай шектен шығудың туындауына билік, әлеуметтік проблемалардың шешілмеуі және сыбайлас жемқорлық кінәлі деп айтқан кезде, менде келесідей қарсы сұрақ туындайды: неліктен онда наразы адамдар осындай жағдайға тап болғаны үшін өздерінің ашу-ызасын осының барлығына жауапты емес (биліктен айырмашылығы) басқа этностардың өкілдеріне бағыттайды? Сондай-ақ Қордай ауданындағы оқиғаларға реакция айқын көрсеткендей – мәселе тек әлеуметтік проблемаларда ғана емес (алайда олар да әсер етпей қоймайды), сонымен қатар мәселе білім деңгейінің төмендеуінен, құқықтық нигилизм мен сананың архаизациясынан туындаған кейбір психикалық өзгерістерде. Бұзақылардың агрессивті әрекеттерін ақтау және адамдарды «қанның шақыруы» негізінде «өзіміздікі-бөтен» принципі бойынша бөлу және байырғы этникалық топты, оның тілін, құндылықтарын құрметтемейтін «бөтендерді» елден қуып шығуға шақыру. және алыс орта ғасырлардың арсеналынан басқа ұқсас нәрселер де осыдан туындаған.
Алайда, бұл тек менің жеке бағалауым, ал ксенофобиялық көңіл-күйдің тез өсуінде қандай себептер шешуші болды деген сұраққа жауап әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша алынуы керек. Сондай-ақ, Қазақстанның ірі этностарының бір-біріне қарым-қатынасына (мысалы, саны 50 мың және одан да көп) қатысты сұрақтарға да жауап табу маңызды. Тіпті, қандай да бір ұлт өкілдері өздері үшін кімнен қауіп-қатер күтетіні жөнінде де, олар кімдердің жанында өмір сүргісі келмейтіні жөніндегі мәселелерге де... Мұндай деректер, әрине, шиеленісті ушықтырмас үшін жабық болуы тиіс, бірақ олардың негізінде мемлекеттік органдар да, арнаулы қызметтер де этносаралық жанжалдардың алдын алу және орын алған қайшылықтарды жою жөніндегі жұмысты құра алар еді.
Тығырықтан қалай шығуға болады?
Енді ұлтаралық қатынастардағы басты тітіркендіргіштердің біріне айналған тіл мәселесі жөнінде айтар болсақ. Оны шешуге айтарлықтай қаржы қаражаты бағытталады, және бұл тек республикалық деңгейде ғана жасалып отырған нәрсе емес. Мысалы, өткен жылы Қарағанды облысында «Тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқармаға – 155,5 млн., жергілікті деңгейде тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге – 94,3 млн., мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға – 61,2 млн. теңге бөлу» (дәйексөз) қарастырылған болатын. Барлығын қоса алғанда 310 миллион теңгеден астам соманы құрайды. Сонымен қатар, бұл мақсаттарға қаражат тоғыз ауданда және облыстық маңызы бар тоғыз қалада қарастырылған, ал олардың әрқайсысында жергілікті мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері бар.
Және тағы да, ұқсас шығындар еліміздің барлық өңірлерінде қарастырылған. Бұл жыл сайын 5-6 миллиард теңгеден кем емес сомадағы ақша. Бірақ Қызылорда облысын алатын болсақ, мұнда халық негізінен моноэтникалық (қазақтар 97 процентті құрайды) және қалған аздаған ғана «титулдық емес» ұлт өкілдері қазақ тілін ең болмағанда түсінеді. Бұл жергілікті этностың үлесі баяғыда 90 проценттен асып кеткен Атырау және Маңғыстау облыстарына да қатысты. Ал онда мемлекеттік тілді дамытуға бөлінген қаражат қайда жұмсалады?
Ойлап қарасақ, бұл «барлығына тең бөліп беру» қағидатын ұстанатын жағдай емес. Сондықтан қазақ тілін ілгерілетуге арналған ақша (атап айтқанда, бұл біздің еліміздегі тіл саясатының басты мақсаты болып табылады) тек осы ақша міндетті түрде қажет болған жерлерге бағытталуы тиіс. Жалпы айтқанда, бірқатар негізгі сұрақтарға жауап іздеуді бастайтын кез келді. Мемлекеттік тілді дамытуға арналып, республика бойынша жыл сайын бөлінетін миллиардтаған теңге қалай жұмсалады? Осы бағытқа жауапты облыстық басқармалар мен аудандық бөлімдер немен айналысады? Неліктен отыз жыл ішінде қазақ тілі өздерінің ана тілі болып табылатын адамдар санының таза экстенсивті өсімінен (демографиялық процестердің арқасында) басқа ешқандай нәтижеге қол жеткізілмеді?
Бәлкім, бұл жұмыста қандай нәрселерге назар аудырылатынын түбегейлі қайта қарау керек шығар? Айталық, қаржылық ресурстарды барлық осы басқармалар мен бөлімдердің штаттарын ақшамен қамтамасыз етуге емес, түрлі фестивальдер мен конкурстар өткізуге емес, қай тілде және қандай тәртіппен жазулардың орындалғанына мониторинг жүргізуге және т.б. нәрселерге емес, оларды басқа бір нәрселерге бағыттауға болады. Мысалы, мектептерде қазақ тілін оқытудың нағыз сайма-сай әдістемесін әзірлеуге жұмсауға болады, онда оқу және танымдық әдебиетті шығаруға бағыттауға болады және оны интернетте орналастыра отырып, сапалы бейне-контент (ең алдымен, балаларға арналған және дамытушы) жасау үшін жұмсауға болады, сондай-ақ әлемдік анимациялық және көркем киноның үздік туындыларын дубляждауға жаратуға болады... Осыдан жиырма жыл бұрын біз осымен айналысқан болсақ, қазіргі кезде бізде жақсы база болар еді.
Заң қатал ма?
Сонымен қатар, қоғамда ксенофобияның кез-келген көріністерінен бас тарту атмосферасын қалыптастыру өте маңызды. Мінеки, мұнда әр түрлі ұлттық мерекелер мен фестивальдерді қолдау түріндегі «тәтті-дәмділермен» қатар, жақсы «қамшы» да қажет.
Жекелеген Интернет-басылымдардың жарияланымдарында ұлтаралық араздықтың өршу белгілерін байқауға болады, сондықтан БАҚ-та және әсіресе әлеуметтік желілерде ксенофобия көріністеріне қарсы байыпты күресуді бастайтын кез келді. Иә, Қазақстанда ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті 174-бабы бойынша жауапкершілікке тартумен байланысты прецеденттер орын алаған болатын, бірақ олар тек бірлі-жарым сипатта болды, және әдетте онда азаматтардың өздерінің өтініштері негіз болды. Алайда, «Қоғамдық келісім» КММ сияқты құрылымдарды қысқартудан немесе оңтайландырудан босатылған ақшаның бір бөлігін БАҚ пен әлеуметтік желілерді мониторингілеумен айналысатын уәкілетті мемлекеттік органның жанынан шағын штатпен арнайы қызмет құруға жұмсауға болар еді.
Барлық пайдаланушыларды бақылауға алу мүмкін емес екендігі түсінікті және бұл қажет емес, бірақ мыңдаған, тіпті ондаған мың жазылушылары бар «қоғамдық пікір көшбасшыларының» жазбаларын бақылап отыру пайдалы болар еді. Шынында да, Қордай ауданындағы қайғылы оқиғалар кезінде және одан кейін ксенофобиялық көңіл-күйді одан әрі қыздырып отырған барлық қауесеттер мен жалған жаңалықтар (кейіннен ресми деңгейде теріске шығарылған немесе расталмаған) дәл осы адамдардың кейбіреулерінен шығып, таратылған болатын.
Айтпақшы, біздің заңда «ұлтаралық жанжал қоздыру» деген нәрсе «әлеуметтік жанжал қоздырумен» бір байланыста болғандықтан, екеуінің кез-келгенін қоздыру үшін бірдей жазалау шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, «ұлттық жанжал қоздыру» қоғам үшін, әсіресе Қазақстан жағдайында әлдеқайда қауіпті және жойқын нәрсе болып табылады, ал «әлеуметтік жанжал қоздырудың» Қылмыстық кодексте болу қажеттілігі жалпы алғанда күмән тудырады. Шамасы, «ұлтаралық жанжал қоздыруды» Қылмыстық кодексінің жеке бабы ретінде бөліп және бір мезгілде осы ұғымды неғұрлым нақты және екі түрлі түсіндіруге болмайтын анықтамасын берудің мәні бар болар. Бәлкім, осыдан кейін адамдар басқа этностардың өкілдеріне не айтқандары мен жазғандары жөнінде ойлана бастайтын болар…