Соңғы кездері Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынастары барған сайын майдан алаңына ұқсап барады. Кем дегенде, қазіргі ақпараттық күн тәртібі дәл осындай көріністі қалыптастрады: бір тараптан тек талаптар ғана айтылып жатыр, ал екінші тараптан – тек претензиялар айтылып жатыр. Бұқаралық санада біздің елдеріміздің арасындағы байланыс нүктелерінен гөрі келіспеушіліктердің себептері әлдеқайда көп деген сезім қалыптаса бастады. Мұндай «өзара шектелу» шын мәнінде қандай нәрселерге апарып соқтыруы мүмкін, тұтанған алауыздық оты сөндіруге тұрарлық па және мұны істеу әлі де кеш емес пе? Осының барлығын анықтауға тырысайық.
«Тіл мәселесі», біздің ортақ өткенімізге түбегейлі қарама-қарсы көзқарастар, ЕАЭО аясында орын алып жатқан үдерістерге әртүрлі баға беру – осының бәрі бүгінде екі елдің халқын бір біріне қарсы қоя алатын «күшті тітіркендіргіш» болады. Оның үстіне, бұл үшін тіпті қандай да бір арнайы арандату факторлары да қажет емес. Қазіргі жағдайды «Московский комсомолецтың» шолушысы Михаил Ростовский өте дұрыс сипаттады: «Бізде тұйық шеңбер бар, оны осылайша сипаттауға болады: біріншіден, шартты Владимир Вольфович Қазақстан туралы «сыпайы және нәзік түрде» бірдеңе айтады. Бұған шартты Азат Перуашев тура сондай түрде жауап қайтарады (...) Ал одан әрі қарай сол шеңбер бойы жалғаса береді. Бұған тіл саласындағы толық дәлденбеген бастамаларды және кейбіреулердің тарихтың күрделі беттерінің тақырыбы жайлы манипуляциялар жүргізу арқылы жағдайды шайқалту әрекеттерін қосыңыздар. Нәтижесінде, бізде төмен қарай аса жылдамдықпен ұшып бара жатқан мәселелер пайда болады, ол тиіп кеткеннің барлығын улайды. Сөйтіп, ұзақ жылдар бойы орыс-қазақ қатынастарын қорғап келген бөгет бұзылып қалды. Бұл бөгетті қайта қалпына келтіру қажет. Егер бұл жасалмаса, осы халықтың екеуі де үлкен ұтылысқа тап болады».
Алайда, тұтанған «ақпараттық соғысты» көріп отырған екі елдің де билігі сырттағы барлаушылардың позициясын ұстанғанды жөн көреді. Сахна артындағы қозғалыстарды, ал олардан кейінгі қатты дауысты, бірақ дәлелсіз мәлімдемелер түріндегі «афтершоктарды» есепке алмасақ, онда «қарсыластарды» баррикадалардың әртүрлі жақтарына бөліп тастау үшін олардан ешқандай елеулі әрекеттер немесе, ең болмағанда, айқын қызығушылық көрініп отырған жоқ.... Мұндай жағдай алаңдатпай қоймайды, өйткені тіпті сарапшылық ортада да мұның бәрі іс жүзінде қалай аяқталуы мүмкін екендігі жөнінде бірыңғай ұстаным жоқ. Кейбіреулер виртуалды текетірестің нақты конфронтацияға ауысып кетуін жоққа шығармайды, ал басқалары тіпті өзара наразылықтарға негізделген саяси қақтығыстың ықтималдығын байыпты қарастырғысы да келмейді. Барлығы, әрине, жағдайды «тыныштандыру» қажет екенін түсініп отыр. Бірақ мұны қалай жасау керектігін ешкім білмейтін сияқты.
Жақсылық Сәбитов, саясаттанушы:
«Қазақстан мен Ресейдің арасында күрделі саяси қақтығыс орын алуы екіталай»
- Меңің көзқарасым бойынша, Қазақстан мен Ресейдің арасында ешқандай өз-ара претензиялар алмасу жоқ. Қалай болғанда да, бұл көпдеңгейлі «диалог»: Ресейдегі кейбір ой-өрісі өрескел тұлғалар ақпараттық кеңістікте, оның үстіне қарабайырланған формада, «тарихи әділетсіздік» жайлы немесе «тарихи сыйлықтар» жөнінде тарихнамалық мифтерді және мұндай антиғылымдық тезистерді білдіре отырып, сөйлеушінің «тұлғасына» байланысты қазақстандық тарап әртүрлі реакция көрсетеді. Ресейде мұндай «претензияларды» дыбыстаудың мақсатты стратегиясы бар деп ойламаймын. Тек өз елiнiң iшiндегi мәртебесiнiң тефлондық сипатына әбден сеніп алған ресейлiк бета-саясаткерлер Қазақстанның жеке егемендi мемлекет екенiн ұмытып, өздерінің бас сүйектерiнде орын алған саяси түрде тыйм салынған сөздердi жиi сөйлейтiндерi бар. Сондықтан екі ел арасында қандай да бір күрделі саяси қақтығыс болуы екіталай. Қазақстан, әрине, оған мүдделі емес екені анық, өйткені геосаяси шындыққа сүйене отырып, Ресей Федерациясымен «әртүрлі салмақ санаттарында» екендігін түсінеді. Ресейге келетін болсақ, бұл болжауға келмейтін болашағы бар ел және әдетте әлсіз институттандырылған саяси жүйелерде болатындай, оның даму траекториясы толығымен мемлекеттің бірінші тұлғасына байланысты.
Ғазиз Әбішев, саясаттанушы:
«Мәскеу Қазақстанға қарсы кез келген әрекетке дайын»
- Бұл жағдайдың туындауының, меніңше, бірнеше себептері бар. Басты себептердің бірі – қазақ-пассионарийлардың ұлттық сана-сезімінің артуы, мүлдем қалыпты және барлық елдерге тән құбылыс болып табылады. Сонымен қатар, оған басқа да факторлар қосылады. Атап айтқанда, белгілі бір формальды және маргиналды саясаткерлердің саяси ұпай жинап, салмақ қосуға деген ұмтылысы. Сыртқы күштердің, соның ішінде Түркияның саяси-мәдени ықпалын кеңейту ойындары да, ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс қайшылықтардың күшеюіне де ықпал етіп жатыр. Сонымен қатар, ресейлік саясаткерлердің жауапкершіліксіз риторикасы, интернеттегі кейбір комментаторлардың барған сайын көбірек көрініп бара жатқан ксенофобия, нәсілшілдік пен шовинизм Қазақстандағы Ресейге қарсы көзқарасты тек күшейте түседі.
Осылайша қалыптасып жатқан жағдайда күрделі саяси қақтығыс болуы мүмкін – Ресей үшін оның тарихи бағытын айқындайтын Қазақстан ішіндегі стратегиялық күштердің арақатынасы аса маңызды. Мәскеу мемлекетаралық шиеленістің өсуіне сәйкес Қазақстанға қарсы кез келген әрекетке дайын. Менің ойымша, екі елдегі саясаткерлерінің міндеті – осы шиеленісті азайту, бірақ әзірге оны шешудің оңтайлы формуласы табылмады.
Казбек Бейсебаев, «Халық Сені» азаматтық қозғалысын құрудың бастамашысы:
Жіберіп алған мүмкіндіктерді қайтаруға тым кеш болып кетті
- Егер жекелеген ресейлік саясаткерлердің белгілі мәлімдемелеріне баға беретін болсақ, онда олардың көпшілігі Қазақстандағы тіл мәселесіне біржақты, өздерінің мұнарасынан қарайтынын айту керек. Менің ойымша, олар Қазақстанда бұл мәселе орыс тілінде емес, қазақ тілінде екенін білгенде өте қатты таңғалатын болады. Бүгінде елімізде орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып табылса, онда қазақ тілі қазақтардың қатынас тілі болып қала береді. Бұл ресейлік саясаткерлер тек қазақша сөйлейтін Қазақстан азаматтарының күнделікті өмірде қиындықтарға тап болып, өз ана тілінде қызмет ала алмайтынын білуі екіталай.
Екінші жағынан, кейбір қазақстандықтар бұл жағдайдың себебін тек орыс тілінде көріп отырғандықтан, оны қолдануды шектеу үшін түбегейлі әкімшілік шараларды қолдануды ұсынып отыр. Осы ретте тіл тақырыбына қатысты кең пікірталас Қазақстандағы белгілі «тіл патрульдерінің» рейдтерінен кейін басталғанын еске сала кеткен жөн.
Өздеріңіз білетіндей, барлық әкімдіктерде, ішкі саясат басқармаларында қазақ тілі мәселелерімен айналысатын арнайы бөлімдер бар. Бұл құрылымдардың негізгі функцияларының бірі – «мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде тіл заңнамасының сақталуына тексерулер мен рейдтер жүргізу». Бірақ биылғы жазда орын аллған белгілі оқиғалардан кейін біз мемлекеттік органдары олардың өкілеттіктерін «тіл патрульдері» иемденіп алғанына бей-жай қарап қана отырғанын көрдік. Белсенділердің біреуі тіркелмеген «Тіл майданы» ұйымына жетекшілік етіп, оның қызметіне қатысқаны үшін жазаланды. Ал бұл жағдайдың барлығы сұрақтар туғызбауы мүмкін емес.
Неліктен бұлай болды? Егер билік қандай да бір себептермен заңнаманың орындалуын бақылауға алу қолдарынан келмеген болса, онда олар ең болмағанда өз ұстанымдарын түсіндіріп берсін – түптеп келгенде, шенеуніктерге бұл үшін жалақы төленеді. Олардың мұндай «халықтық бастамаларды» білмегеніне, сондықтан тіркелмеген ұйымның қызметіне мән бермегеніне, шынын айтқанда, сену қиын. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі жағдайда мемлекеттік органдарға көптеген сауалдар бар, бірақ олар әлі де жауапсыз қалып отыр. Тұтастай алғанда, біздің билік бүгінде түсініксіз ұстанымға ие болып отыр. Олар барлық түрімен бұдан былай тіл заңнамасын сақтау мәселелерімен айналыспайтынын көрсетуде.
Билік «тіл патрульдері» белсенділеріне қаншалықты тез және қандай түрде шара қолданғанына қарағанда, бұл мәселе жөнінде Кремльмен байыпты әңгіме болған сияқты. Екінші жағынан, тіл мәселесінің саяси жазықтыққа көшіп кетуіне Қазақстан да, Ресей де мүдделі емес. Сондықтан, менің ойымша, күрделі саяси қақтығысқа негіз жоқ.
Алайда соңғы оқиғалар көрсеткендей, жағдай басқа салада – ұлтаралық қатынастар саласында шиеленісіп жатыр. Біздің билік олардан тек жекелеген адамдардың арандатушылықтарын көру мүмкіндігі барған сайын нашарлап барады. Ал мұнда жағдай өте ауыр, тіпті алаңдату тұдырарлық. Ұлтаралық қарым-қатынасқа қатысты мәселелер бүгін де, кеше де туындаған жоқ, олар көптен бері қордаланып қалды, бірақ билік оларға аса мән берген емес. Енді бұл аймақтағы жағдай, Арыс пен Тараздың әскери қоймаларындағы снарядтар сияқты, кез келген уақытта, кез келген жерде жарылуы мүмкін.
Ал «тыныштандыру» шараларына келетін болсақ, оларды әлдеқашан іске асыру керек болатын. Қоғам жіберіп жатқан сигналдарға құлақ түру керек еді. Бірақ біздің билік ештеңені байқамауды жөн көрді. Енді біз өзіміз қол жеткізген нәрсемізді иеленіп отырмыз. Айтқандай, жіберіп алған мүмкіндіктерді қайтаруға тым кеш болып кетті...