Қаңтар айындағы оқиғаларды ұйқылы күйде аман-есен өткізген парламент депутаттары енді бір-бірін итеріп, Жаңа Қазақстан деп аталатын жолға аттанып бара жатқан поездың табалдырығына секіріп мінуге тырысып жатыр. Белсенді түрде шынтақтарымен жұмыс істей отырып, олар енді ғана қалыптаса бастаған жаңа саяси болашаққа өзімізге осылайша жол ашамыз деп үмітенніп жүрген сияқты. Бірақ олар «беттерін өзгертуге» неғұрлым қатты тырысқан сайын, соғұрлым олардың әрекеттері күлкілі болып көрінеді.
Аянышты көрініс
Күні кеше ғана парламенттің төменгі палатасының отыз шақты мекендеушілері саяси сенсация жасауға бел буып, «Жаңа Қазақстан» деп аталатын жаңа депутаттық топ құрғанын мақтанышпен жариялады. Тұсаукесер кезінде өзендей ағып жатқан популизмді ысырып тастасақ, өзге әріптестерінен бөлініп шыққан осы мәжілісмендердің өздеріне жүктелген негізгі міндеті мынадай: президенттік тапсырмалардың орындалуын бақылауды өз қолдарына алу.
Осы жаңа саяси құрылымды жариялаушыларының бірі – Еділ Жаңбыршин айтқандай, «...қаңтар оқиғасы біздің бәрімізге сабақ болуы тиіс. Қателерді мойындау қажет, шешімдер әділ қабылдану керек және сыбайлас жемқорлықтың жойылуы маңызды. Бұл мәселелер қоғамда қызу талқыланған болатын, ал қазір ел президентінің тапсырмаларын орындауға кірісті. Біз қолдау көрсетуіміз керек...»
Жаңа қазақстандықтарға айналған депутаттар дөңгелекті қайта ойлап табумен айналыспады. Шамасы, біздің елде барлығы депутаттың кім екенін және ол не істеу тиіс екендігін ұмытып кеткен деп шешіп, олар «өзекті мәселелерді дер кезінде көтереміз» деп, үкіметпен, коммерциялық емес ұйымдармен және белсенділермен тығыз байланыста жұмыс істейтіндіктерін батыл мәлімдей отырып, және, құдай-ау, тіпті «қажетті заң жобаларын әзірлеуге қатысады». Мінеки, ерлік десе ерлік!
Ал егер шындығына келетін болсақ, күлкілі нәрсе мұнда аз. Шамасы, «осы әлемнің мықты адамдарының» айналасында жүруге дағдыланған мәжілісмендер шынымен де өздері отырыстарда ұзақ отырғандары соншалық болғандықтан, тіпті өз жағдайлары тұрақсызданып кеткенін сезінген болар. Олардың «Жаңа Қазақстанның» құрылысшыларының қатарына қосылуға мүмкіндіктері де, моральдық негіздері де жоқ, сондықтан оларға осы «құрылысқа» қалайша жетекшілік етуге болатынын ойластыруға тұра келіп отыр.
Бұл тырысу әрекеті, ашығын айтқанда, онша жақсы емес. Оның үстіне «көрермендер» де қойылым режиссерінің тамаша идеясын бағаламады. Жаңа депутаттық топтың құрылуы туралы жаңалықтардың астындағы пікірлердің өзі осыны айтады. «Бұл хамелеондар. Принциптері жоқ адамдар» - деп жазады біреулері. «Яғни, жаңа топ әрбір депутатқа априори жүктелген міндеттерді орындайды ма? – деп таң қалады басқалар. «Не үшін жаңа топ құру керек, түсінбейміз? Барлық депутаттар халыққа қызмет етіп, туындаған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге міндетті. Қажетсіз «жаңашылдықтарды» ойдан шығармаңыздар. Халықты дүрліктірудің қажеті жоқ», - дейді басқалар.
Алайда, оқиға кейіпкерлерінің өздерін мұндай бағалаулар тоқтатып жатқан жоқ. Олар әртүрлі әрекеттермен айналысуға кірісіп кетті, егер бұрын олар үн шығармай отырған болса, енді кенеттен «өзекті мәселелерді дер кезінде көтеруге» бел буды. Мысалға, кешегі оппозиция жетекшісі, ұлтшылдық идеологияның жалынды насихатшысы, Айдос Сарымды алайық. Соңғы парламенттік сайлауға сәл ғана уақыт қалғанда ол «Нұр Отан» партиясының қатарына өтіп, төменгі палатадағы бір жыл ішінде жас ұрпақтың мүддесін көздеді деген әлеуметтік желілерді реттеу туралы даулы ұсынысымен ғана ерекшеленді. Енді, жаңа жалаулардың астында, ол ешбір ұялмастан сабынды губкамен ысылып, жақында орын алған «қүнәсінің» іздерін көпшілік алдында жуып тастауға тырысып жатыр. Мінеки, ол қайтадан оппозицияда (әзірге өзі-өзіне ғана) және бірден күш көрсетпекші. Сарымның партиядағы әріптесі Дариға Назарбаева отставкаға кетуі керек деген сөзін осылайша түсінуге болады. Ол өз талабын осылайша түсіндірді: «Қаңтар трагедиясына әкелген жағдай мен Қазақстанда қалыптасқан авторитарлық жүйе оның есімімен тікелей байланысты. Шешім қабылдауды қажет ететін сенімсіздік көп».
Шах және мат дегендей. Бірақ бұл жерде мынадай сұрақ туындайды: неліктен Сарым «Нұр Отанға» кірген кезде партия жетекшісінің фамилиясы да, ұсыныс түскен бойда өзі ықыласпен мүше болған авторитарлық жүйе де ол үшін кедергі болмады? Жауаптар ең бетінде жатыр және оларды дауыстап айтудың қажеті жоқ сияқты. Бір ғана қосар жайт, депутаттыққа кандидаттар үшін ар-ождан сынауын енгізудің уақыты келген сияқты. Оның үстіне Сарым сияқты лезде өзгеретіндер бізде өте көп.
Испандық ұят
«Ақ жолдың» жетекшісі Азат Перуашев те аянышты көрініске ие. Ол Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатқан кезде «біздің партияның әрбір мүшесі президентшіл болуы тиіс» деп жар салып, сараң көз жасын ағызған, Елбасының ескерткіштері фонында суретке түсуден ұялмай, оған деген «сүйіспеншілігін» ел алдында мойындап, оған тіпті «иілетін», «Қазақстанда саясаткердің үлгісі – Назарбаев» деп үнемі айтып жүрген адам.
Ал енді «парламенттік оппозицияның» басшысы кешегі кумирының мұрасымен күресіп, оңайлықпен оны өмір бойына Қауіпсіздік кеңесі мен ҚХА төрағасы қызметтерін атқару құқығынан (осыдан екі жыл бұрын Перуашевтің телекамералардың алдына шығып, президенттік қызметтен кеткеннен кейін де «Нұрсұлтан Назарбаев ұлт Көшбасшысы және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып қала береді, республиканы дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындау, Қазақстан халқының тәуелсіздігі мен бірлігінің кепілі болады» - деп ұрандатқанына қарамастан) айырып тастады.
Желіде бұл туралы мемдар бар. Солардың бірі «Перуашевты аяңыздар, әйтпесе ол осылай сынып қалады» деген мем жағдайды өте ұқсатып суреттейді. Дегенмен, жанашырлық сезіміне лайық болу қажет. Ал мұндай сальтолар испандық ұяттан, яғни өзгенің мінез-құлқы үшін ұялудан
басқа ештеңе тұдырмайды. Бұл, әрине, тек «Ақ жолдың» көшбасшысына ғана қатысты нәрсе емес.
Басқа депутаттарды алайық. Мәди Ахметов Алматының қақ ортасына Назарбаевтың ескерткішін орнатуды ұсынғандықтан парламентке келген болар. Ол да Елбасының жанкүйерлер клубында қалудан оңайлықпен бас тартты.
Ал тағы бір «нұротаншы» Қанат Нұров өзінің Facebook парақшасында мақтанышпен: «...Біріншіден, тұңғыш президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесіндегі өмір бойы төрағалық етуінен бас тарту керек еді. біз бүгін оны іске асырдық. Мәжілістің бұл тарихи шешіміне мен де қатыстым. Сенатқа конституциялық заңдарға «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Ел Басы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» қажетті барлық өзгерістер мен толықтырулар жолданды. Сенат қазіргі кезде ҚХА мен Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ету тұлғасына емес, лауазымына қарай Қазақстан Республикасының президентіне заңды түрде тиесілі екендігіне байланысты».
Өз көзқарастарының лезде өзгерткендердің тізімін ұзақ уақыт бойы айтуға болады – олар өздерінің жеке «адалдық сынағынан» өте алмады. Осы, былайша айтқанда, халық қалаулылары, не нәрсеге үміттенеді? Адамдар қайтадан бәріне келіседі деп ме? Бұл екіталай. Оның үстіне дәл осы адамдардың көз алдында басқа да мысалдар бар – жаңа саяси сәнге қайшы, таяу өткеннен бас тартпаған, екі жүзділердің арасында өздері сияқтыларға орын жоқ екенін түсінген Бауыржан Байбек пен Нұрлан Нығматулин абыроймен шығып кетуді жөн көрді.
Плинтустан да төмен түскендер
Алайда қазіргі «уақытсыздық» жағдайын пайдаланып, өздерін «кетіп бара жатқан», яғни қайталанбас, талантты, бірегей етіп көрсету үшін ескі мағыналарды қолдануға тырысатын басқа санаттағы «таңдаулылардың» қимылдарын көру одан да аянышты. Шындығын айтқанда, бұл өте нашар нәрсе, өйткені оның жанама әсері – онсыз да қобалжыған халық арасында наразылық көңіл-күйін тудыру.
Соның жарқын мысалы – ұлтшылдық идеологиясын ұстанушы Қазыбек Иса. Шындығына келсек, ол парламент қабырғасында, неге екені белгісіз, өзінің «менінен» ұялады. Парламент сайлауынан кейін өткен бір жыл ішіндегі депутаттық міндетін атқару барысында ол «сүйікті» тақырыптарын екі-ақ рет көтерді. Өткен жылдың ақпан айында Иса мемлекеттік қызметкерлердің «ана тілін» білмейтініне ашуланып, «Тілдер туралы» Заңды жаңартудың уақыты келгені жөнінде айтып, шілдеде аяқ астынан ешбір көзге түсер себепсіз жаңа ұлттық менталитетті құру (оның пікірінше, ол ұлтшылдыққа негізделуі тиіс) жөнінде ой білдірді.
Ал әлеуметтік желіде Қазыбек Иса – қылышпен оңды-солды шабатын батыр. Әсіресе соңғы айда ол белсенділік танытты: күн сайын оның жаңа үгіт-насихат посты шығып отырады.
Жаңа бірдеңе айту енді оның қолынан келмейді, сондықтан бұрынғы ұрандары айтылып жатыр – орыс тілін қазіргі мәртебесінен айыру, шенеуніктердің барлығын қазақша сөйлеуге мәжбүрлеу, аралас мектептерден бас тарту, т.б. және о.ұ.. Бірақ оларды қаңтардағы трагедияға, «бейбіт тұрғындарды азаптау» туралы әңгімелерге және жоғары мемлекеттік қызметке келген «титулдық емес» этностардың өкілдеріне өшпенділік тудыруға шеберлік таныта отырып, ол шын мәнінде кез келген сәтте жарылып кетуі ықтимал жаңа жарылғыш ұнтақ бөшкесін дайындап жатыр. Оның үстіне депутаттың өзі дәміл-дәміл оған сіріңке тұтатуға тырысып, өз парақшасында арандатушылық сөздерді жариялайды. «Тіл тәрбиесін көрмеген орыстілділер ұл тәрбиесі жайлы ереуілшілерге, олардың ата-аналарына ақыл айтуға хақысы жоқ! Министр, депутат, әкім, кім болса да! Қайта, пұл үшін ғана емес, тіл үшін де көшеге шыққан жастарды одан сайын ызаландырып жібереді!», - деп жазады бір жазбасында. «Ендігі үлкен көтеріліс қазақ тілі үшін болады» – бұл оның парақшасында біреулер жазушы Дулат Исабеков айтты деген сөздерді қайта басып жатыр, ал депутат оларға қайталап басуға рұқсат беріп, лайк қойып отыр.
Осындай әдіспен «Жаңа Қазақстан» деп аталатын соңғы аялдамаға Қазыбек Иса жете алама, белгісіз. Ал «оны қайталау үшін» халықты дүрліктіруге бұл оппортунист әбден қабілетті. Олар, бәлкім, қайталай алатын да шығар. Бірақ ел аман қалады ма?