«Ауыл» партиясы сонғы парламенттік сайлау додасына, оның басқа қатысушыларынан ерекшелігі, уәделерінің біршама қарапайым жиынтығымен келгенімен, олардың көпшілігі тым батыл, тіпті радикалды болып естілген еді. Негізінде нақты осының арқасында ол Мәжіліске өту үшін қажетті дауыс санын жинап алды. Бірақ армандалған мандаттардың иегері болғаннан кейін, оның фракциясының мүшелері бірден тынышталып, революциялық идеяларын әдеттегі банальдылыққа ауыстырып жіберді.
Биылғы жылдың басында депутаттық мандат үшін жарысқа кірісе кеткен «ауылдықтар» үкіметке аз да емес, көп те емес - «ұлттық әл-ауқатты арттырудың түбегейлі жаңа саясатын» жүзеге асыруды ұсынғаны жөнінде естеріңізге сала кеткеніміз жөн болар. Бірақ олар бастапқыда әдеттегі қызбалыққа бөленіп кеткен көрінеді. Олардың бірінші парламенттік сессия аясындағы ойыны бұл уәделердің ешкімді ешнәрсеге міндеттемейтін әдемі сөздердің жиынтығы екенін анық көрсетті. Жүргізілген конституциялық реформаның арқасында олардың қолдарында тек қана тиімді карталар пайда болғанына қарамастан, «Ауыл» партиясының депутаттары әл-ауқатты жақсарту мәселесімен де шындап айналыспады, жаңа өзгертулер де ұсынбады. Оның үстіне ел президентінің өзі де наурыз айында парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеп, халықтың әл-ауқатының өсуі – бұрынғыдай мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылатыны бұқара сана-сезімінде нақты бекітіп, олардың бұрын жариялаған ниеттерін шындыққа айналдыруға шын мәнінде карт-бланш берді.
Бірақ сайлау қарсаңында уәделерді шашыратып төгу – бір жөн, ал депутаттың күнделікті тұрмысы – мүлде басқа әрекет болып көрінеді: бұл жерде сайлау науқаны кезінде жарияланған ниеттер жөніндегі мәлімдемелерді күнделікті депуттаттық жоспарға қалай енгізуге болатынын ойласаң, басыңды әбден қатыруға болады. Оның нәтижесі ретінде, олар туралы ұмытып, немесе өз еркімен өзінің нашар ойластырылған интригаларыңың құрбаны болып, «осылай болған» деп елестету, немесе нақты таңдаулы ойыншылар сияқты, ұтыс ойынының жаңа нұсқасын бастау оңайырақ.
«Ауыл», бәлкім, сондай пікірді ұстанып отырған болар. Нақты сондықтан шығар, байқаушылар бірінші сессиядағы партиялық фракцияның қызметінде сайлау науқаны кезінде уәде етілген ештеңені көрмеді: не ауылдық жерде жиырма жылдан кем емес жұмыс істеген азаматтардың зейнетақысын көтеру туралы ұсыныстар жоқ, не мерзімді және келісімшарт бойынша әскери қызметтен демобилизацияланған ауыл тұрғындарын жоғары оқу орындарына қабылдау курстарында тегін оқуға және тұруға бағытталған бастамалар жоқ. Ауылдық елді мекендерде тұратын ерекше қажеттіліктері бар барлық азаматтарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы көлемін ұлғайту жөнінде де әзірге ештеңе естілген емес. Сондай-ақ, «ауылдықтар» аз ғана уақыт бұрын уәде еткен халықтың аз қамтылған топтары мен әлеуметтік осал топ өкілдері үшін азық-түлік төлем карточкаларын енгізу жөнінде де ештеңе естілмеді.
Бәлкім, ауыл шаруашылығы саласының мәселелерін, ішінара ауыл тұрғындарының басынан өткеріп жатқан қиындықтарын айтуда жүйелі көзқарасын фракцияның жалғыз ғана талассыз артықшылығы деп есептеуге болады. Дегенмен, бұл жерде де кей кезде айқын диссонанс пайда болып отырады. Мысалы, сайлау науқаны кезінде «Ауыл» өкілдері Жер кодексін қайта қарауға, олар нақтылағандай, «ауыл шаруашылығы жерлерін латифундистерге емес, халықтың пайдасына әділетті түрде қайта бөлу мақсатында» қайта қарауға қол жеткіземіз деп кеуделерін дөңгелектей керген болатын. Бірақ іс жүзінде әзірге барлығы тек қоғамдық немесе маусымдық жайылым деп есептелетін сөздерді нақтылап анықтаумен және оған қоса ауыл шаруашылығы жерлерінің айналасына траншея қазуға тыйым салу туралы ұсыныс түрінде ғана нәтиже берді. Латифундистерге күш көрсетуге «ауылшылдардың» батылы сол қалпы жетпеді.
Олардың келешекте оны жасауға батылдығы жететіні сенуге тұрарлық па – бұл өте үлкен мәселе, өйткені ондай жағдайда олар өздеріне мықты жау тауып алуы ықтимал. Полигон үшін бөлінген жерлерді кейіннен фермерлерге беру мақсатында тартып алатын уақыт келді деп есептей отырып, фракция өкілдері ірі помещиктерден ресейлік әскерилерге көшкендері де сондықтан болар? Партия мүшелері үкіметтен халықтың ауылшаруашылық қызметі мүддесі үшін биылдан бастап сынақ алаңдарының жер телімдерін қысқарту бойынша келіссөздерді дереу бастауды талап етті. Шынында да, неліктен олай істемеске? Оның үстіне, мұндай қадам отандық латифундия гидрасымен күресуден әлдеқайда қауіпсіз, сонымен қатар кез келген себепті пайдаланып, солтүстік көршіні мұрнынан нұқып жіберу – бүгінгі күні айтарлықтай дәрежеде трендке айналған.
Партияның сайлауалды бағдарламасында жарияланып, содан кейін одан әрі дамып келе жатқан бастамаларына келетін болсақ, «ауылдықтардың» популизмге қаныққан ашық күлкілі ұсыныспен үкіметке келгенін, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін әлеуметтік жеңілдіктерден басқа салық шегерімдерінің барлық түрін алып тастау ұсынысы жөнінде айта аламыз. Жыл сайын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден салық түрінде түсіп тұратын 100 миллиард теңгеден астам қаржыны «Ауыл» партиясы атынан шыққан мәжілісшілер «теңіздегі тамшы» деп атады. Елдің масштабында бұл сома, олардың айтуынша, «ештеңені шешпейді», сондықтан, егер мемлекет саланың дамуына мүдделі болса, мұндай батыл қадамға баруы тиіс дейді.
Алайда, күтуге болғандай, бұл ойдан ештеңе шықпады. Мемлекет, әрине, батыл қадамдарды жасауға дайын, бірақ сонымен қатар, кейіннен жүйелі бопсалаудың негізін құрайтын шешімдер қабылдауға ол дайын емес. Өйткені, егер үкімет «ауылдықтардың» ұсынысын байыппен қабылдайтын болса, басқа өнім түрлерін өндірушілер де өздерінің құқығы бұзылды деп есептейтініне немесе үнемі өздеріне (біз олардан кембізбе?) «жеңілдіктерді» талап ете бастайтынына байланысты немесе парламенттік лобби арқылы әрекет ететініне байланысты жаңа бас ауруы пайда болатыны сөзсіс. Өйткені мәжілісмендердің арасында атап айтқанда аграрийлердың, ал жалпы алғанда ауылдың қорғаушысы болуға үміткерлер жетерлік.
Оның үстіне 100 миллиард теңгелік сома тек партияның патриархалдық өкілі Жигули Дайрабаевқа ғана «ұсақ-түйек» болып көрінуі мүмкін, ол өзі әртүрлі алаяқтыққа қатысты жанжалдарға батып кеткені соншалық, оған бүкіл парламенттік сайлау бойы оған қарсы шабуылдармен күресуге тура келген болатын. Бұл қаражат, мысал үшін, елімізде жетіспей жатқан бірнеше ондаған мектептерді салуға жеткілікті болар еді. Бірақ, айтылғандай, әркімге – өзіне тиесілісі.
Жалпы алғанда, Мәжілістің жаңа шақырылымы жұмысының алғашқы үш айындағы «Ауыл» партиясы фракциясының қызметін ерекше керемет деп айту қиын. Оның өкілдері өз бастамашылдығы жағынан, жасампаздығы тұрғысынан, өз ұстанымына беріктігімен басқа партиялық бірлестіктердегі әріптестерінен, бір мандатты округтерден сайланған депутаттардан, тіпті «Ескі Қазақстан» идеясын жеткізген ізашарлардан қалай да болмасын ерекшеленетінін айту да қолайсыз. Ал сайлау күні Мәжіліске жауапкершілігі бар, білікті, пәрменді халық қалаулылары келеді деген үмітпен «Ауылға» дауыс берген өз сайлаушыларының үміттері де фракция мүшелері тарапынан ақталмағаны анық.