Елдің бірінші президентінің тұсында оппозицияға өтіп кеткен немесе екінші қатарға ығыстырылғандардың арасынан отставкадағы саясаткерлерді билікке қайтару туралы үндеулер соңғы кезде көп айтылып жатыр. Мұндай «бастамалардың» авторлары «Жаңа Қазақстанның» құрылысында пайдасын тигізуі мүмкін деп шын мәнінде есептейді. Бірақ мұндай ұсыныстар қаншалықты адекватты? «Бұрынғылардың» қайсысы шынымен де мемлекеттік басқарушылар қатарына қайта оралуға тұрарлық және оларға не сеніп тапсырылуы мүмкін?
Билікке қайта оралу билеті
Әлеуметтік желілердегі жазбалар мен пікірлерге қарағанда, Мұхтар Жәкішев немесе Ғалымжан Жақиянов сияқты тұлғалардың мемлекеттік қызметке оралуының өзі елімізге ақыр-соңында туннельдің соңғы жағындағы нұрын көруге мүмкіндік береді деген сенімде. Ал егер оларға қоса Әкежан Қажегелдин немесе тіпті (бұл әзіл емес) Мұхтар Әблязов сияқты әлдеқайда «ауыр салмақты» қайраткерлер саяси эмиграциядан оралатын болса, онда біздің республикамызды біз қазірдің өзінде жасай алатын әдемі және ұлы өзгерістер күтіп тұр, сондықтан біз қазірден бастап өз-өзімізге тамсана қарауды бастауымызға болады.
Мұндай идеялардың қолдаушылары әлеуетті қайта оралушыларға өз капиталының шығу тегі туралы немесе оларға Қылмыстық кодекстің көптеген баптары бойынша тағылған айыптар туралы (олардың көпшілігі айғақтармен дәлелденгенін және расталғанын естеріңізге салу жөн) ыңғайсыз сұрақтар қоймастан, оларға барлығын сеніп тапсыруға дайын. Мұндай «бастамалар» сол адамдардың жеке өмірінде айыпталуғ тиіс нәрсені табуға тырысуды болжамайды. Қайта оралу мүмкіндігін беру, толығымен реабилитациялау – мінеки, осымен болды. «Жаңа Қазақстанның» құрылысында олардың білімі мен тәжірибесі баға жетпес құнды бола алады, ал бұл қазір ең маңыздысы дейді олар.
Бір ғажабы, тіпті миын үнемі жаттықтырып отыратын, өдерзінің ізденімпаздығымен ерекшеленетін біздің жерлестеріміздің бір бөлігі де заңсыз істермен айналысқан адамдарды жоғары мемлекеттік органдарға телепортациялауды жақтайтын дауыстарды қолдауға дайын. Олар қалың бұқараға өзінің қалтасын мемлекеттің қалтасымен шатастырып алуды үйрету мақсатында емес, олармен өз тәжірибесімен бөліседі деген оймен отанына қайтаруды ұсынып отыр деп үміттенуіміз ғана қалады. Жарайды, тым үлкейтіп айтпай-ақ қояйық.
Мінеки, әжептәуір қылмыстық баптар жүгімен шетелге қашып кеткен Әкежан Қажегелдиннің ықтимал «билік етуіне» қатысты бір мысал, Идея авторы бұрынғы премьер-министрдің не үшін айыпталғанын есінде сақтап қана қоймай, қашқынның тұлғасының төңірегінде қалыптасқан пайғамбар бейнесінің таза миф екенін жақсы түсінетін адам. Экс-премьер елден ұрлап алып кеткен ақшаға күніне ондай мифтердің он шақтысын өндіруге болады.
Қажегелдиннің билікте болған кезіндегі қыр-сырын өзінің Facebook парақшасында рет-ретімен тізіп, ол «экономикада ештеңе түсінбейтінін» және оның эмиграция кезіндегі «сіңірген еңбегінің» барлығы тек қана ұрланған миллиардтарды Қазақстанға қайтару жөніндегі вербальды схоластикадағы жаттығулар түрінде ғана екенін ашық айтады. Шынында да, бұл туралы көп адамдар естіген, бірақ мұндай жұмыс қандай да бір нәтиже берді ме, жоқ па, оны ешкім нақты білмейтін сияқты.
Берілген баға экс-премьердің «Жаңа Қазақстанның» құрылысын сеніп тапсыруға болатын әлеуетті «прораб» тұлғасына жарамайды деп есептеу үшін жеткілікті сияқты болып көрінеді. Бірақ жоқ. Автор соған қарамастан: «Барлық келеңсіздіктерге қарамастан, ұзақ уақыт орын алған эмиграция Әкежанның ой-өрісіне оң әсер етпей қоймады деп ойлаймын. Оның білімі мен тәжірибесі пайдалы болуы мүмкін» - деген кереғар тұжырым жасайды. Содан кейін ол: билікке салынған мемлекет қайраткері ретінде болмаса да («әлі де сөнбеген от» біраз қартайған), ең болмағанда негізгі саяси қайраткерлердің бірінің кеңесшісі ретінде пайдалы болуы мүмкін – деп түсіндіреді.
Бұл ретте айта кеткеніміз жөн: мұндай оғаш уәждерді Әкежан Мағжанұлы сияқты «болашағы зор» тұлғаның қандай кеңестер беруі ықтимал екендігі жөнінде мүлде ойланбайтын қазақстандықтардың біршама бөлігі қолдайды. Әлде олардың миларына өмірді нөлден бастау үшін елімізді ақырына дейін сатып, жекешелендіру қажет деген ой келдіме екен?
Бәлкім, Қажегелдин сияқты адамдар Қазақстанға қайта орала алады емес, олар қайта оралуға тиіс те шығар. Бірақ «ақ киізде» емес екені анық. Ең болмағанда сотта өздеріне айып тағылған қылмыстарға өздерінің қатысы жоқтығын дәлелдегенше, біреудің тілегімен емес, заң нормаларына сәйкес ақталғанға дейін. Әйтпесе, мырзалар, біз ешқашан «Жаңа Қазақстанды» салмаймыз, тіпті оның іргетасын қазуға да кіріспейміз. Ел президенті басталып кеткен жаңғыру мен басталған жаңартудың негізі – заңдылық және тәртіп екенін анық айтқан болатын, ал сіз бұған қарамастан, қисынды түрде дәлелденген және өміршең идеологиялық ұғымды пародияға айналдырып жатырсыз. Кейіннен, болашақта оны (біз ескерттік емес пе деп) бұрыс көрсетуге «моральдық құқыққа» ие болу үшін бе? Бұл бір саяси тығырықтан екіншісіне апаратын қазіргі шындықтағы қолайлы, бірақ перспективасыз ұстаным.
Бір жағынан, қаңтар трагедиясынан кейін мемлекеттік аппаратқа деген сенімнің жоғалуы аясында халқымыздың билік орындарын (жаңалары болмағандықтан) өткен заманның қаһармандарынан іздеуге тырысқаны да түсінікті. Бірақ мұнда найза сындырудың қажеті не? Неліктен оларды жағымсыз қасиеттері азырақ, бірақ сонымен бірге кәсібилігі көбірек фигуралар арасынан іздемеске? Олардың қатары аз емес қой, оның үстіне олар, ұжымдық қажегелдиндер сияқты ешқайда қашуға тырыспаған, атышулы сыбайлас жемқорлық істерінің жүгін арқалап жүрген жоқ. Сонымен қатар, олар мемлекетке параллель майданда жұмысын жалғастыра отырып, шындықпен байланысын үзген жоқ. Мысалы, Ораз Жандосовты алайық. Оның бау-бақшасына тас лақтыруға дайын адамды табу екіталай. Әрине, жандосовтар да аз, олар тергеуге алуға болатындардан бірнеше есе аз. Бірақ мұндай «бөлшек тауар» неғұрлым құнды болса, соғұрлым ол сұранысқа ие болуы тиіс...
Ақиқат сәті
Әйтсе де, саяси элитадағы ағымдарға әйтеуір ілесіп, соған орай, түрлі себептермен жұмыстан шығарылып тасталған қайраткерлердің «Жаңа Қазақстан» деп аталатын құрылыс алаңын басқаруға қабілеті бар-жоғын кәсіби түрде бағалай алатындарға сөз берейік. Әлде олардың уақыты өтіп кетті ме, бүгінде бізде елді жақсы жаққа өзгерте алатын жас саясаткерлер бар ма?
Ғазиз Әбішев, саясаттанушы:
Отставкадағы саясаткерлерді билікке қайтару идеясы әбден орынды. Шетелде жүргендердің тәжірибесі, білімі, ұстанымы елге қажет болуы мүмкін. Халық мүмкіндігінше кең ауқымды нұсқалардан таңдап алуға құқықты. Ең бастысы – кезінде жақпай қалғандардың заң тарапынан талап-арыздармен айналысу. Ондай талаптар қойылмағандарды тезірек қайтару керек. Бұл, мысалы, Ғалымжан Жақиянов. Талаптары даулы болып көрінетін саясаткерлердің істері қайта қаралып, тағылған айыппты анықтап алу керек. Ал кінәсі дәлелденгендердің заң бойынша жауап беріп, кінәсін өтеуден басқа амалы жоқ: мұнда ештеңе істей алмайсыз – заңды бұзған адамдарды жай ғана кешіре салуға болмайды.
Қазбек Бейсебаев, «Халық сенімі» азаматтық қозғалысын құру бастамашысы:
Бұл саясаткерлер дәл бірінші президенттің авторитарлық режимімен күрескендері үшін шетке ысырылғанын мойындау қажет. Сондықтан, олар үшін ақиқат пен іс-әрекеттердің сәті келді деуге болады. Алайда, олардың тұңғыш президент тұлғасындағы күресінің объектісі үш жылдан астам уақыт бойы билікте емес екенін де мойындау керек. Сол себептен бұрынғы оппозициялық риторика негізінде саясатқа қайта оралу, шынын айтқанда, проблема тудырарлық. Бұған қоса, уақыттың да оларға қарсы ойнайтынын есепке алған жөн. Қазір бұл оппозициялық қайраткерлердің бәрі де сол кездері оларда болған харизмаларына ие емес.
Жаңа заман жаңа саясаткерлерді талап етеді деп айту өте қисынды болар еді. Бірақ бұл жерде үлкен проблемалар бар. Өйткені, қазіргі билік саяси реформалар жөнінде, партия құрылысын ырықтандыру жайлы, жаңа Қазақстан жөнінде және басқа да қадамдар туралы көп айтады, бірақ іс жүзінде әлі ештеңе өзгерген жоқ. Оның үстіне, соңғы президенттің режиміне апологеттері жай ғана өз келбетін ауыстырып алды. Кеше ғана олар Елбасын жақтаған болса, бүгін «Жаңа Қазақстанды» жақтап отыр. Шындығына келгенде, бұрынғы билік кезіндегідей жаңа буын саясаткерлердің алдынан дәл сондай тосқауылдар тұрғаны белгілі болды, оның мағынасы қарапайым: басқаларды өткізбеу.
Мұндай жағдайда футболдағыдай болуі тиіс – саяси алаңда танымал, тәжірибелі саясаткерлер де, жаңадан келгендер де, жастар да ойнағандары қажет. Тек осылай ғана біз елімізді жақсы жаққа өзгерте аламыз.