Біздің қоғамның бір бөлігінде Қазақстанның дамуына саяси элитаның «кеңесшілдік» болғаны кедергі келтірді деген пікір қалыптасты, Олардың айтуынша КСРО-да болған жабықтығымен, тоталитарлық идеологиясымен, либералдық идеяларды қабылдамауымен, экономиканы басқарудың командалық әдістерімен жағымсыздық әкелді. Бірақ қазір билікке басқа ұрпақ келіп жатыр. Мысалы, қазіргі министрлердің көпшілігі саналы жасқа немесе қайта құру жылдарында, немесе тәуелсіздік тұсында аяқ басты, демек, «Кеңесшілдікті» жұқтырып үлгермеді. Бірақ жаңа буын менеджерлерінің келуімен біздің еліміз «сауығу» мүмкіндігін алама? Бұл туралы QMonitorмен саясаттанушылар өз пікірімен бөлісті.
Бұрыхан Нұрмұхамедов, саясаттанушы:
«Егер басқару элитасына қатал жағдай жасап, оны жылыжайдан айырса, ол жеткілікті дәрежеде тиімді болуы ықтимал»
- Кеңес дәуіріндегі билеуші элитаның өзіндік жақсы жақтарымен қатар кемшіліктері де болған. Біріншілердің қатарында оның жеткілікті дәрежедегі «қарапайымдылығын» жатқызуға болады. Ол элита нағыз өмірге – өндіріске, қарапайым халықтың мүддесіне жақын болатын, өйткені ол өзі де сол ортадан шыққан. Зауыттар, фабрикалар, колхоздар, совхоздар қарапайым адамға партиялық сатыдағы және мемлекеттік органдардағы жоғары лауазымдарға жетуге мүмкіндік беретін өзіндік әлеуметтік лифт сияқты болатын.
Екінші жағынан, кеңестік кезеңде барлығы мемлекеттік болатын, ел жоспарлы экономика қағидаттары бойынша өмір сүрген, бұл іс жүзінде билеуші элита өкілдеріне мемлекеттік басқарушы ретінде әрекет етуге мүмкіндік бермейтін. Қоғам мен мемлекеттің дамуына қажет жеке меншік сияқты маңызды элемент болған жоқ, демек, дамытатын да ештеңе болмады. Соның нәтижесінде жоспарлы жүйе ауқымды экономикалық дағдарысқа әкелді. Өзінің өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында өз лауазымын пайдаланумен айналысып жүрген элитаның ауруы (бүгінгі күнмен салыстырғанда олардың талаптары азырақ болғанына қарамастан) басқарудың тиімсіздігіне айналды. Бұның салдарынан барлығы мемлекеттің ыдырауымен аяқталды.
Қазіргі басқару элитаның құрамы біркелкі емес. Сонымен қатар, оның арасында көптеген бизнес өкілдерінің немесе шетелде білім алғандардың болуын атап өтуге болады. Оның айрықша белгісі – қарапайым халықтың қажеттіліктерінен оқшаулану, онымен диалог жүргізе алмауы.
Қазіргі менеджерлер тек жоғарғы басшылық тарапынан өзінің іс-әрекетіне байланысты оң баға алуды ғана көздейді. Халықтың олар жөнінде не ойлайтынына олар бей-жай қарайды.
Сондай-ақ, айта кететін нәрсе – олардың оқып шыққан білім алу жүйесі олардың бойларына белгілі бір догмалардың сіңуіне ықпал еткенін және бұл догмалардың, кейбір схематизмдердің, қазіргі менеджерлердің өмірде (айтарлықтай жетістіктерсіз екенін мойындау керек) қолдануға тырысып жатыр. Олардың көпшілігі ешқашан нақты секторда жұмыс істеген емес, ал егер жұмыс істеген болса да, онда тек анда-санда ғана және жеке құрылымдарда және негізінен пайданың табиғатын зерттеу мақсатынғда ғана. Олар, айталық, маман жұмысынан бастай отырып, иерархиялық баспалдақпен көтерілместен, бірден басшылық қызметтерге тағайындалды. Қазіргі басқарушылық элитаның барлық мәселелері осыдан басталды, ал дағдарыстың басталуымен олар шиеленісе түсті. «Қазақтелекоммен» немесе теміржол тығырықтарымен орын алған жағдай көп жылдар бойы елімізде клептократияның (билікті өз материалдық игіліктерін алу үшін пайдалану) кең көлемде нығаюы мен кеңеюінің болғанын көрсетті. Көбі билікке тек ұрлық жасау үшін ғана баратын. Нәтижесінде қазынаны басқаларға қарағанда көбірек босатып тастағандар ең тиімді деп есептелетін.
Бұл жағдайда өзіндік шектеу факторы ретінде басқарудың заманауи әдістерін енгізу, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеу, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіру қызмет етткен. Бірақ тұтастай алғанда, жүйені тіпті ол да құтқара алмады. Оның басты себебі, бұл жүйе мұнай-газ секторынан түсетін супер пайдаға шоғырланып, оның тиімділігін арттыруға ешкімнің мүдделі болмағаны еді. Бірқатар басқа елдердің – Өзбекстанның, Қырғызстанның, Грузияның тәжірибесі көрсетіп отырғандай, олардың бюджеттері шикізаттық сектордан түсетін кірістерден айырылғандықтан, оларда бізге тән тәртіпсіздік болған емес, ал олардың жүйелері мұндай келеңсіздіктермен әлдеқайда аз қамтылған.
Егер бүгінгі басшыларға мұнайдан түскен табысқа сеніп, бизнесті «таусылмайтын табыс көзі» деп қабылдауға тыйым салынатын болса, бәлкім, бірдеңе өзгерер. Бірақ, әзірге, президент қабылдап жатқан қадамдарға қарамастан, біздің әкімшілік элитаның тиімділігін арттыру туралы айтатын негіз жоқ. Сыбайлас жемқорлық сана оған өте терең еніп кеткен. Тұрақты «қанды жаңарту» көмектеспей жатыр. Жаңа ойын ережелері әлі ұсынылған жоқ, ал мемлекеттік аппаратқа келгендер ерте ме, кеш пе, бірақ ескі ережелермен ойнауды бастауға мәжбүр болады. Жеке өз басым бүгінде олардың арасында қазіргі үлгідегі менеджерлердің қатарына кіретін, жүйеге тән келеңсіздіктерге ұшырамайтын осындай ауқымды, ойлы адамдарды, тек, айталық, Білім министрі Асхат Аймағамбетовты қоспағанда, көріп отырған жоқпын. Бірақ оған олигархиялық топтар мен ешкімді ештеңеге дайындамайтын университеттерден «ақша табуды» жалғастырғысы келетіндердің ең ауыр қысымымен жұмыс істеуге тура келіп отыр.
Егер жағдайды өзгерте алатын шаралар жөнінде айтатын болсақ, онда мен оған Ұлттық кәсіпкерлер палатасының функциясын бере отырып, Кәсіпкерлік министрлігін құру қажеттігін атап өтер едім. Уақыт өте келе «Атамекен» ҰКП бизнесті дамытып, қолдаудан гөрі өзін сақтап қалуды көздейтін ауыр және массивті бюрократиялық құрылымға айналғаны анық. Бұл кез келген қоғамдық істің бюрократизацияланатыны жөнінде айтатын бюрократия заңына толық сәйкес келеді. Мен ұсынып отырған қадам, менің ойымша, бюрократтардың жеке кәсіпкерлікке шектен тыс ықпал етуінен арылуға өз септігін тигізер еді, бұл өз кезегінде бизнестің толық дамып, бюджетке көбірек пайда әкелуіне мүмкіндік береді, ал шенеуніктер бюджеттен тыс инвестицияларға сенім артуды тоқтатып, ақырында шын мәнінде нақты жұмыс істей бастайтын еді.
Шенеуніктерді қарапайым халықтың қажеттіліктеріне жақындатуға мүмкіндік беру үшін азаматтардың мемлекеттік басқаруға тікелей қатысу нысандарын біртіндеп дамыту тағы бір тиімді шара болуы ықтимал. Осы тұрғыдан алғанда, президенттің екі жарлығын – мемлекеттік аппарат қызметін дебюрократизацияландыру және әкімдердің халықпен кездесулері туралы ерекше атап өткен жөн. Ол жарлықтар билікке халықпен диалог жүргізе алатын және шешім қабылдау кезінде олардың пікірін ескеруге дайын менеджерлердің келуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қайталап айтамын: егер жақын болашақта біз басқарушылық элитаға оны жылыжайдан айырып, оған қатал жағдай жасай алатын болсақ, онда ол айтарлықтай тиімді болуы ықтимал. Мысалы, Қытайдың қазіргі басшысы Си Цзиньпин сегіз жылды елдің ең шалғай аудандарының бірінде қуғында өткізген. Осы деңгейде ол өзінің басқару қабілетін шыңдай алды. Яғни, ҚХР төрағасы болғанға дейін ол тиісті мектептен өткен. Егер бізде, мысал үшін, облыс әкімдерінің орынбасарларын алыс шеттегі аумақтарға бес жылға жібере бастайтын болса, аз ғана уақыт ішінде мүлде басқа сапада аймақтық менеджерлер галактикасын қалыптастыруға болар еді. Егер барлық жерде иерархиялық баспалдақпен ілгерілеу Кеңес Одағы кезіндегідей төменгі жақтан басталса (сонымен қатар, адам әр лауазымда бірнеше жыл болуы тиіс, бұл оның әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді), онда біз өзге жағдайда, өзгеше координат жүйесінде, бүгінгіден өзгеше өмір сүрер едік.
Өз басым менеджерлердің жиі ауысып отыруын құптамаймын. Бұл олардың құлшынысын түсіріп, уақытша жұмысшыға айналдырады. Олар қызмет атқарудың кез келген кезеңін тек келесі, одан да жоғары сатыға секіру үшін трамплин ретінде қарастыра бастайды. Адамдар байыппен және ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуге келген мысалдары өте аз. Айталық, маған Ұлытау өңірін Берік Әбдіғалиұлыдың басқарып жүргені құрмет пен сенім ұялатады,. Ол осы өңірде ұзақ уақыт бойы жұмыс істейді: ауданды, қаланы басқарды, облыс әкімінің орынбасары болды... Және ол енді жай ғана санасындағы түсінікке ие емес, жаңа өңір тек сөзбен ғана айтылмай, іс арқылы дамуы үшін не нәрсе және қалай істеу керектігін жақсы біледі. Бірақ, тағы да қайталап айтамын, бізде мұндай мысалдар онша коп емес.
Ал президент бастаған реформалар мен олардың мемлекеттік аппаратты жаңғыртуға әлеуетті әсері туралы айтатын болсақ, оларды әзірге тек алғашқы қадамдар ретінде қарастыруымыз қажет. Олар әлі де көп көңіл бөлуді және жұмысты талап етеді.
Замир Қаражанов, саясаттанушы:
«Тағайындалғандардан «ойын ережелері» өзгермейінше ешқандай нәтиже күтудің қажеті жоқ
- Сіз ішінара дұрыс айтасыз: қоғамда өмір сүре отырып, ол қоғамнан және оның құндылықтарынан еркін болу мүмкін емес. Кеңестік кезеңді саналы жаста тартылған басқарушылар ұрпағы, әрине, сол кездегі адамгершілік ұстанымдарды жеткізуші болды. Бірақ кеңестік қоғамды шын мәнінде романтизациялауға да, сынға алуға да керек емес. Оның өзіндік артықшылықтары және кемшіліктері болды.
Homo Soveticus санасында моральдық және моральсыз өмір салты арасында айқын шекара өтетін. Өкінішке орай, біздің заманымызда мұндай құндылықтар жоғалтылып, шекаралар – бұлыңғыр болып қалды. Бірақ бұл процесс кеңестік кезеңде басталған. Адамгершіліктің қос стандарттарының көңіл-күйін 1980 жылы түсірілген, «қайта құру» саясатының және КСРО-ның ыдырауының хабаршыларының біріне айналған «Түлкі аулау» деген фильм жақсы жеткізеді. Бұл билеуші партия белгілі бір идеологиялық көзқарастарды енгізетін, бірақ сонымен бірге оның өкілдері мүлдем басқа қағидалармен өмір сүретін қоғамдағы атмосфераны көрсетеді.
Сондықтан партия басшылығының басқаруындағы кеңестік бюрократия коммунизм идеалдарымен де оңайлықпен қоштасқаны, лениндік өсиеттермен де, тұтас елмен де оңайлықпен қоштасқаны таңқаларлық емес. Ол үшін трибунада нені жариялау маңызды емес еді, бастысы – өздерінің жұмсақ орындықтары мен жылы кабинеттерді сақтап қалу болды. Жалғыз партиялық саяси жүйенің фиаскосы заңды нәтиже болды. Авторлардың бірі жазғандай, ондағы әрбір жаңа тағайындау, кем дегенде, бір дюймге болса да, алдыңғысынан нашар болатын. Егер КСРО өмір сүрген алғашқы жылдарында үстем тапқа қоғамның таңдаулы өкілдері тартылып жүрген болса, кейінірек саясат жабық салаға айналды. Бұл сабақ, өкінішке орай, игерілмеді. Роберт Мишельс жазған «Олигархияның темір заңы» КСРО ыдырағаннан кейін де өмір сүруін жалғастыра берді. Қоғамның басқа салаларындағы адамдар үстем тапқа өте алуға болатын кезең қысқа болғанымен, қандай да бір белгілі бір дәрежеде жарқын болды.
Жаңадан тағайындалғандар жағдайды өзгерте ала ма – ол үлкен сұрақ. Біріншіден, олар белгілі бір ортада «пісіп жетілген» және өздері оның өнімдері болып табылады. Егер біз мемлекеттік аппаратты есепке алатын болсақ, ол кеңестік кезеңмен салыстырғанда төмендеді. 1985 жылы 10 мың адамға шаққанда 73 шенеуніктен келетін. Бүгінгі таңда азаматтардың дәл сондай санына 51 мемлекеттік әкімші келеді. Сонымен қатар, КСРО кезіндегімен салыстырғанда, біздің елімізде сыбайлас жемқорлық айтарлықтай өсті, бюрократизм бұрынғыдан да өркендей түсті (бұл туралы Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын), және непотизм пайда болды.
Қазіргі мемлекеттік сектор оның алдына ел басшылығы қойған міндеттерін дұрыс орындай алмай отыр – бұл індеттің шарықтау шегінде, қаңтар оқиғасы кезінде анық байқалды. Шенеуніктердің ынтасы әлсіз болып, жауапкершілігі төмен болса, тағайындаулардың шешуші өлшеміне тиімділік айналмаса, қандай қасиеттер туралы сөз айтуға болады? «Ойын ережелер» өзгермейінше, мемлекеттік аппарат жұмысының қағидаттары өзгермейінше, оның ашықтығы артпайынша, тағайындалғандардан нәтиже күтудің немесе өзіңіз айтқандай, жақсы жаққа өзгерістерді күтудің қажеті жоқ. Сондықтан бүгінде әкімшілік реформаларға сұраулар бар. Қалыптасып кеткен жағдайды өзгерту үшін азаматтық қоғам тарапынан мемлекеттік секторға бақылауды күшейту қажет.Ал бұл саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың құқықтарын және өкілеттіктерін кеңейту қажет дегенді білдіреді.
Бүгінде халық қарапайым емес, қатардағы және онша қатардағы емес шенеуніктің мансабына, болашағына қандай да бір түрде әсер ете ала ма? Әлбетте әсер ете алмайды, өйткені шенеунік «иммунитетпен» қорғалған. Азаматтарда мемлекеттік қызметкерлерге аз да болса ықпал етудің құқықтық тетіктері жоқ. Сондықтан мемлекет «саңырау» және «соқыр» болып шықты. Шенеунікке ықпал ете алатын жалғыз ғана адам – оның жоғары тұрған басшысы. Және, жеке сот процестері көрсеткендей, қарамағындағылар заңсыз шешімдерді орындауға, сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысуға, қылмыс жасауға дайын. Өйткені олар күштілер әлсіздерді бір отырыста жей алатынын түсінеді...