Алматыны дүр сілкіндірген қиратулардың негізгі қозғаушы күші, егер көптеген бейне-дәлелдерге сүйенетін болсақ, жастар болды, оның үстіне негізінен еліміздің ең ірі мегаполисіне ауылды жерлерден келген жастар. Бұл жағдай біздің қоғамда ішкі аймақтардан келген адамдардың ірі қалалар өміріндегі рөлі туралы, сондай-ақ олардың маргиналдылығымен байланысты тәуекелдер туралы тоқтаусыз жалғасып жатқан пікірталастарды күшейтті, бұл ауылдардан келген «қашқындарға» қалалық қоғамға сіңіп кетуге кедергі келтіретін объективті проблемалардан туындайды. Мұндай «қоныс аударушылармен» не істеу керек, оларды өркениетті қала өміріне қалай қосуға болады? Бұл мәселеге қатысты өз пікірлерімен мамандар бөліседі.
Ольга Симакова, әлеуметтанушы, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер қорының жоба үйлестірушісі:
«Ауылдан қалаға көшу: қауіп факторы ма әлде үлкен қалалар үшін әлеует пе?»
- Алматыдағы қайғылы қаңтар оқиғаларынан кейін, көптеген бейнероликтерге қарағанда, оның негізгі қатысушылары 40-қа толмағандар болды, әсіресе, Алматыға бір себептермен басқа аймақтардан келген жастарға қатысты және олардың мінез-құлық үлгілері жөнінде сұрақ өздігінен туындайды. Бірақ біз бұл тұрғыда «жастар» деген сөзді қолданбайтынымызды бірден ескертейік. Жастар – белгілі бір жас санатының өкілдері болғандықтан, олардың шекаралары көршілес Ресейдегідей 35-ке дейін емес, бізде ол әзірге заң жүзінде 14-тен 29-ға дейін бекітілген. 30-40 жас аралығындағылар жастарға жатпайды. Оның үстіне, социологиялық зерттеулер бұл жас тобында елдегі жағдайға және өз өміріне қанағаттанбау деңгейі жастарға қарағанда жоғары екенін көрсетеді. Неліктен дейсіз бе? Себебі оның өкілдерінде өз отбасыларын және әзірге кәмелетке толмаған балаларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктері бар, олар ең үлкен депривациялық қысымын бастан кешіріп отыр.
Жастардың қиратуларға қатысуына келетін болсақ, менің ойымша, бұл мінез-құлық мәдениетінің төмендігі немесе кейбіреулер айтып жүргендей, өз талаптарын бейбіт жолмен жеткізе алмау емес, бұл теріс әлеуметтенудің нәтижесі, ол үлкен теріс өмір тәжірибесінің жинақталуы және жауапкершілік пен таңдаушылық сияқты қасиеттердің нашар дамуы. Шын мәнінде, бұл жастардың қандай ортада өскенін және қандай билікті басшылыққа алғаны жөнінде айтуымыз керек.
Осылайша, біз әңгімені кем дегенде екі жас категориясы туралы айтуымыз керек, тиісінше, барлығын «мәдениетсіз» ауыл жастары мәселесі деп шектелмей, осы екі топтың да жағдайын жақсартудың амал-тәсілдерін іздестіруіміз қажет. Бұл біріншіден.
Екіншіден, неліктен Алматы сияқты қалада 40 жасқа дейінгі ішкі мигранттардың саны соншалықты көп екенін анықтап көруге тырысайық. Бұл жердегі әңгімені 18 бен 44 жас аралығындағы қазақстандықтар, біздің сауалнама нәтижелеріне қарағанда, егер олардың мүмкіндігі болса, Қазақстанның басқа аймақтарына көшетінін басқаларға қарағанда жиі айтатынынан бастау керек. Яғни, бұл халықтың ең мобильді бөлігі. Егер біз ішкі көші-қон статистикасына үңілетін болсақ, Алматы қашанда адам ресурстарын тартатын орталық болып келгенін көреміз. Әлеуметтанушылар С.Сейдуманов пен А.Құсманова жүргізген зерттеуге сәйкес, тек 2010 жылдан кейін ғана Нұр-Сұлтан қаласы астана ретінде ішкі мигранттарды қабылдауда бұл ауыртпалықты Алматымен бөлісе бастады. Оған дейін оңтүстік мегаполиске келетін ағын астанаға бағытталған ағыннан екі есе көп болатын. Оның үстіне, зерттеу авторлары атап өткендей, барлық ішкі мигранттардың үштен бірі осы екі қалаға қоныстап қалып жатыр. 2020 жылы, тек ресми деректер бойынша, Алматы халқы 40 мыңнан астам жаңа азаматтармен толықтырылды.
Алматыға адам ресурстарының ағынының ең тұрақты екі арнасы – білім мен құрылыс. Қалада 40-тан астам жоғары оқу орындар бар, оларда қалалық жерлерден де, ауылдқ жерлерден де келген жастар оқиды, және 600-ге жуық белсенді құрылыс нысаны бар, оларға көрші облыстардан жұмысшылар мен тұтастай бригадалар жұмысқа жалданған. Қалаға еңбекке жарамды жастағы адамдардың келуіне объективті жағдай бар екені анық. Бірақ бұл көбінесе жұмыс істеуге және білім алуға келген мигранттар. Алайда олардың кейбіреулері мегаполисте тұрақты түрде қалып жатыр.
Адамдарды тұрғылықты жерін ауыстыруға не мәжбүр етеді және оларды қалаға не тартады? Бұл, әрине, өз өмір жағдайын, балаларының өмірінің жақсартуға деген ұмтылыс. Сейдуманов пен Құрманованың зерттеуіне сәйкес, Алматыға көшіп келген әрбір үшінші адам тұрғылықты жерін ауыстыру себебі ретінде отбасылық жағдайларды, ал әрбір бесінші дерлік өзінің қабілеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін атаған. Дамыған инфрақұрылымы бар және айталық, өркениеттің игілігіне қол жетімді ірі қалалар жақсы өмір сүру мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Адамдар үлкен қалаларда жұмыс орындарының көптігі, жалақының жоғарылаулығы, мансап құру мүмкіндігінің жоғарылаулығы және бонус ретінде қызмет көрсету сапасының жоғарылаулығы, сапалы білім мен денсаулық сақтау қызметтеріне қолжетімділік және дамыған демалыс инфрақұрылымы бар деп негізді түрде сенеді. Яғни, біз кіре берісте көшуге әлеуметтік-экономикалық мотивацияны аламыз. Ал егер еңбек мигранттарының емес, Алматыда тұрғылықты жерін ауыстырған адамдардың жас ерекшелігіне қарайтын болсақ, бұлар да негізінен әлі де жұмыс күші ретінде бәсекеге қабілетті және көп нәрсеге қол жеткізуге тырыса алатын жастар немесе қалаға бейімделіп, тамыр жаюға уақыттық ресурсы бар отбасылар болып шығады.
Тағы да айтатыны, мемлекеттік саясат қалалық ортаның даму процесі ретінде урбанизацияға бағытталған. Ауыл халқымен салыстырғанда қала халқының үлесінің артуы белсенді түрде құпталады. Бұл да ішкі миграцияны ынталандырады. Осының аясында Алматы еліміздегі «мәдени, білім беру және қаржылық астанасы» мәртебесіне ие ең ірі қала ретінде өте тартымды болып көрінеді. Ал көршілес аймақтардың тұрғындары үшін – сонымен қатар географиялық тұрғыдан да, ең қолжетімді болып көрінеді. Статистикаға көз жүгіртсек, ішкі көшіп-қонушылардың ең көбін жеткізушілер – Алматыдан көлікпен жетуге болатын қашықтықта орналасқан Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстары екенін көреміз.
Ал бұл жерде біз қала жағдайында өспеген (бұл жайт олардың құндылық жүйесі мен мінез-құлық үлгілеріне еріксіз із қалдырған) мұндай бұқараның қала мәдениетіне әсер ететіндігімен бетпе-бет келіп отырмыз. Сондай-ақ, 2014 жылы Алматының шекарасы кеңейтіліп, 30-ға жуық ауыл тұрғындары қалалықтар мәртебесін алғанын еске түсірген жөн. Ал оңтүстік астананың төңірегінде жер телімдерін сату және өз бетімен иемденіп алу нәтижесінде де-юре қала болып табылатын, бірақ сонымен бірге ауылдық өмір салты бар жеке тұрғын үй секторының белдеуі қалыптасты. Егер бұған дейін біз қаланың ауылдық ортадан келген иммигранттарды «сіңіруге» үлгеріп, оларды өз ережелеріне бағындыруға, урбанизациялауға («сыпайы, талғампаз етуге» мағынасында) үлгеретін деп айтатын болсақ, онда соңғы 15 жылда мамандар өсіп келе жатқан мигранттардың әсерінен қалалық мәдениеттің өзгеріп, рурализацияланып жатқанын мойындайды.
Жергілікті тұрғындардың көзқарасы бойынша бұл процесс жағымсыз болып көрінеді және наразылық туғызады, бірақ «жаңа алматылықтардың», қалада 10 жылдан аз уақыт тұрып жатқан мигранттардың көзқарасы бойынша бұл көрінбейді – өйткені олар өзгеріп кеткен ортаға келді ғой, сондықтан оны табиғи қалалық орта ретінде қабылдайды. 2021 жылы жүргізген сауалнамамыздың қорытындысы бойынша алматылықтардың тек 55 проценті ғана осында туылған, ал қалғандары әр уақытта осында көшіп келген.
Менің байқауларым бойынша, қалаға отбасылық себептермен немесе ақша табу үшін емес, саналы түрде бір нәрсеге қол жеткізу мақсатымен қоныс аударған адамдар өздері қала тұрғыны болуға ұмтылады, қала тұрғындарының әдеттері мен өмір салтын ұстануға тырысады, өйткені олар өздерінің қалалық мәдениетке қатысуын мүмкіндіктер терезесі ретінде қосымша құзыреттілік ретінде қарастырады. Сондықтан олардың қалаға деген көзқарасы біршама адал, ол мұнда уақытша ғана келіп, осында тұруды жоспарламағандардікі сияқты сырапшылдық, тұтынушылық және жатшылық көзқарас емес.
Айман Жүсіпова, әлеуметтанушы, Eurasian Center for People Management жобаларының жетекшісі:
«Мемлекет жастармен жұмыс істеу тәсілдерін қайта қарауы керек»
- Қиратулардың қозғаушы күші ішкі аймақтардан келген жастар болды деп бекітіп айтпас едім. Объективті түрде қарасақ, Алматы ауыл жастарын қызықтыратын орталық болып табылады, оған ең алдымен біз көптен бері айтып жүрген жұмыссыздық себепші болып отыр. Ал бейбіт шерулерге көбінесе елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты қазіргі жағдайға, өмірлік болашағының жоқтығына наразылықтарын білдіруге бел буғандар қатысты. Көпшілікті қоздырып, бейбіт шерушілерді зеңбіректің жемі ретінде пайдаланған арандатушылар – өз мақсатын көздеген, не істеп жатқанын түсінген адамдар. Бір тәуліктен астам уақытқа созылған сол полиция бөлімшелеріне жасалған шабуылды басқаша қалай түсіндіруге болады?
Мен сұрақты екі бөлікке бөлер едім. Біріншісі – қалаға көшуге мәжбүр болған және өмір сүру жағдайларының болмауы әлеуметтік шиеленісті объективті түрде бастан өткерген жұмыссыз жастардың мәселелерін қалай шешуге болады? Сұрақтың екінші бөлігі қаңтардың басынан бері еліміз талқылап жатқанын мәселеге қатысты – қаланы әдейі талқандап, қарапайым тұрғындарды қиратулар мен анархияға айдап салған арандатушылар кімдер болған екен?
Бұл қаншалықты жағымсыз естілсе де, тонаулар болған жерлерде алматылықтар да байқалғанын мойындау керек. Бұл ретте әнгіме «дүкеннен не алсақ екен» деп таңдап жүрген, киімдерді киіп көріп жүрген кедей емес адамдар туралы да болып отыр.
Енді жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесіне келетін болсақ, оған оқиғаларға дейін де бір емес, бірнеше рет назар аударылған болатын. Бұл жерде, менің ойымша, ең алдымен, бүгінде мемлекет қолданып жүрген тәсілдерді қайта қарау керек. Бұл соның ішінде заманауи талаптарға сай келмейтін, оның үстіне жастардың алдында мұндай білімнің маңыздылығын жоққа шығаратын тегін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі де. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесі ең жақсы дамыған елдерде экономикалық дамудың ең жоғары қарқыны бар.
Бүгінде Қазақстанда да жастардың кәсіпкерлігін дамыту бағдарламалары жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы жақындағы үндеуінде осы мақсаттарға грант бөлуді ұлғайтуға уәде берді. Бірақ, талдау бұл бағдарламаны іске асыру күткен нәтиже бермегенін көрсетіп отыр. Алайда жастар кәсіпкерлігі – әлемнің көптеген дамыған елдері жастардың жұмыссыздығы мәселесін шешуде басты жолдардың бірі ретінде сәтті қолданатын жол. Сондай-ақ, бір жылдан астам уақыт бойы мен назар аударып келе жатқан «Серпін» бағдарламасын, дәлірек айтсақ, оны жүзеге асырудағы кемшіліктерді де еске салған жөн.
Яғни, мемлекет қолданатын барлық нұсқалар – олар, теориялық тұрғыдан алғанда, дұрыс. Бірақ мәселе оларды сапалы мазмұнмен толықтырудың жоқтығында, формальды тәсілдердің басымдылығында, мысалы, негізгі критерий ретінде түлектердің саны алынатындығында.
Не істеу керек дейсіз бе? Ең алдымен, дұрыс емес жасалған нәрсені талдау керек. Басқаша айтқанда, қателіктер бойынша жұмыстың бір түрі жүргізілу қажет, бұл одан әрі нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуге негіз болады. Бүгінгі таңда бірде-бір дамыған ел мемлекеттік қолдаудың белгілі бір мәселелерді шешуге әсерін бағалаудың өзіндік жүйесінсіз жасай алмайды.