Қазақстанда жиырмаға жуық бастамашыл топтар және жекелеген белсенділер мерзімінен бұрын өтуі ықтимал келесі парламенттік сайлауға қатысу мақсатында партиялар құратыны жөнінде мәлімдеді. Бірақ бұл санның сапаға айналуына қауіп төндірмейтін жағдай болатын сияқты. Әділет министрлігіне тіркеліп, депутаттық мандат үшін күреске қосылуды көздеп отырған саяси күштердің басым көпшілігі қабылдаған ұрандардың астарында тек ашық популизмнен басқа ешнәрсе көрінбейді.
Өз ұстанымдарын лезде ауыстырып озгерткендер
Бұл, әсіресе, Нұржан Әлтаев жетекшісі болып табылатын «Ел тірегі» партиясында айқын көрініп тұр. Осы айтарлықтай жас жігіт мансап сатысына ерте көтеріле бастады, ол екі ведомствода вице-министр болып үлгерген, содан кейін оны «Нұр Отан» партиясынан мәжіліске депутаттыққа ұсынылған болатын. Бірақ бір жарым жыл бұрын, келесі парламенттік сайлаудың алдында билік партиясының тізімінен өзінің аты-жөнін таба алмай, ол кенеттен ымырасыз «режимге қарсы күрескердің» кейпінде көрініп, оппозициялық партия құратыны жөнінде жариялады. Ал бірнеше ай өткеннен кейін ол әлемге өзінің, былайша айтанда, саяси платформасын ұсынды.
Осы «манифесттің» әлеуметтік блогына енгізілген кейбір ұрандарды келтірейік. Бірінші тармақта – «кедейшілікпен күресу шарасы ретінде базалық кірісті енгізу» туралы айтылған. Түсініктемесінде былай делінген: «Оның мәні – барлық азаматтардың негізгі, ең төменгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін кепілдік берілген төлемді алуында». Тағы бір тармақ – «балалар үшін міндетті төлемдерді жүзеге асыруға, көп балалы отбасылар үшін тұрғын үй құрылысын субсидиялауға» арналған «ана мен бала қорын» (шамасы, мемлекеттік қорын) құру. Немесе тағы бір тармақ: «мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау, олардың қоғамдық өмірдің барлық салаларына толыққанды қатысуына кедергі келтіретін барлық кедергілерді жою».
Осы сөздерге карсы айтатын ештеңе жоқ сияқты, бірақ мұнда портреті саяси тұғырнама мәтініне ілесіп тұрған партия жетекшісі осыдан үш-төрт жыл бұрын, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктің вице-министрі қызметін атқарған кезде, осы сұрақтарды көтерді ме екен? - деген сұрақ туындайды. Барлығын білетін Интернет бұл есеп бойынша терең ойлы үнсіздік сақтап отыр. Бірақ ол Альтаевтың 2019 жылдың ақпанында Еңбек министрлігінен Мәжіліске ауысқаннан кейін айтқан сөздерін есінде сақтап қалды. Сол кезде ол, БАҚ жазғандай, сөзбе-сөз мынаны айтан болатын: «Менің ойымша, егер үнемдесе, балаға айына 20 мың теңге жеткілікті. Менің ойымша, бұл мүмкін». Бұл билік партиясынан шенеунік немесе депутат креслосын оппозициялық саясаткер дәрежесіне ауыстырған адамның риторикасы қандай трансформациялар болатыны жайлы айқын мысал.
«Ел-Тірегі» платформасындағы екі бөлек блок ауыл шаруашылығына және жер мәселесіне арналған. Мұнда «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясатты толығымен қайта қарау да, шаруалардың өздері қатысуымен жаңа, дербес саясатты қабылдау» да, «бос жерлерді мемлекеттік резервке қайтару» да, ауыл төңірегіндегі жайылымдық және шабындық жерлерге қоғамдық жер мәртебесін беру де және т.б. Бірақ қайтадан: Альтаевтың Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тұрған кезінде үкімет алдына осы мәселелерді көтеруге не кедергі болды? – деген сұрақ қойғымыз келеді.
Ал «торттың үстіндегі шие» ретінде несие амнистиясын жүзеге асыру талабы. Ересек халқының жартысына жуығы (демек, әлеуетті электорат) банктердің алдында міндеттемелері бар және биылғы жылдың басында төленбеген және төлеу мерзімі өтіп кеткен несиелердің көлемі триллион теңгеге жуықтаған елде көпшілік бұл ұранды қолдауға дайын. Қазақстанда «тегін нәрсені ұнататындар» (алайда мұндай көңіл-күймен ойнауға және оларды өз мүдделері үшін пайдалануға дайын саясаткерлер, қоғам белсенділері сияқты) жетіп артылады.
Халықтың қарызын өтеу үшін мемлекет осыншама ақшаны қайдан табуы тиіс, ал егер банктерден алынған несиені қайтару міндетті емес нәрсеге айналатын болса, несие беру жүйесімен не болмақ – бұл тұралы сондай қайраткерлердің өздері де, солардың жетегінде жүргендер де тіптен ойлап жрмеген сияқты. Сонда «Ел тірегі» партиясы ұсынған несиелік амнистия туралы талап «әлеуметтік әділеттілік, әркім үшін даму мүмкіндігі және жалпыадамзаттық либералдық құндылықтарды қолдау» – деп тұжырымдалған өзінің «идеологиясымен» қалайша үйлеседі?
Егер Қазақстан азаматтарының бір бөлігі банктерге қарыздарын адал және ұқыптылықпен қайтарып отырса, ал басқалары несиелік амнистия аясында мұны мемлекет есебінен, оның ішінде ұқыпты төлеушілердің (мемлекеттік бюджетке салық төлеушілер) есебінен де жасайтын болса, онда қандай әлеуметтік әділеттілік туралы айтуға болады? Оның үстіне, қарызды адал төлеушілер онсыз да борышкерлердің кінәсінен қаржы институттарына артық төлем жасап отыр – ақыр-соңында банктер проценттік мөлшерлемелерге несиелерді қайтармау тәуекелдерін қосады, осы себепті ол одан да жоғары болады. Шын мәнінде, мұнда әлеуметтік әділеттілік принципін екі рет бұзу болып шығады.
Несиелік амнистияға шақыру – партия ұстанатын либералдық құндылықтарға қаншалықты сәйкес келетініне келетін болсақ, экономикалық либерализм нарықтық қатынастарға араласпауды (бұл жағдайда банктер арасындағы және олардың тұтынушылары арасындағы қатынастарға) немесе мемлекеттің минималды араласуын уағыздайтынын еске түсіру қажет. Бұл қатынастар тек қана заңдармен реттелуі тиіс.
Әдістердің барлығы жақсы ма?
Жалпы, «Ел тірегі» партиясының өмір сүруінің әзірге аз ғана тарихы – бұл партияның және оның жетекшісінің популистік мәлімдемелермен және ашық хайппен өзіне назар аударуға тырысуының тарихы болып табылады. Кез келген азды-көпті маңызды оқиғаны немесе жағдайды олар әрқашан өз пиарлары үшін қолдануға тырысқан болатын және тырысады, бұл ретте олар құралдарды таңдауда онша қысылмайды.
Өткен жылдың маусым айында Альтаев және оның жақтастары көп балалы аналар көшеге шыққан кезде көтерілген күн тәртібін пайдаланып отыр. Партейгеноссенің өзі жақында ғана 20 000 теңге балаға жететіні туралы айтқан сөздерін ұмытып, биліктен әрбір кәмелетке толмаған қазақстандыққа 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 42 500 теңге (ол кездегі ең төменгі жалақы) жәрдемақы төлеуді талап етті. Оның басқа бір талабы – елімізде туған әрбір адамға 2,5 миллион теңгеден аналық капитал енгізу. Егер өткен жылы 426 мың сәби дүниеге келгенін ескеретін болсақ, ал 18 жасқа дейінгі балалар саны шамамен 4,5 миллионды құрайтынын ескерсек, осы екі «бастаманы» жүзеге асырудың өзі мемлекетке жыл сайын 3,4 триллион теңге шығын әкелетінін есептеп шығару қиын емес. Көрсеткіштің ауқымын түсінікті ету үшін: еліміздегі бүкіл білім беру жүйесіне шамамен осындай сома жұмсалып жатыр, ал сонымен бірге Қазақстанда мектептердің тапшылығы өткір сезіліп отыр.
Дәл сол кезде, маусым айында, партия Қытайдың 56 зауытының Қазақстанда ашылуына қарсы шығып, оларды «уақыт өткен соң жарылатын бомбалар» деп атады. Бұл ретте олар балама ұсынған жоқ. Бірақ Қытайдан басқа кім жаңа өндірістерге (соның ішінде отбасылардың әкелерін, сол көп балалы аналардың күйеулерін жұмысқа орналастыру үшін) инвестиция салуға дайын? Салық базасын кеңейтетін, бюджетке түсетін түсімдерді арттыратын кәсіпорындарды (соның арқасында сол балалар жәрдемақысының көлемін ұлғайту үшін) қалайша құруға болады? Бұл сұрақтар жауапсыз қалып отыр.
Қыркүйек айында «Ел Тірегі» коронавирусқа қарсы мәжбүрлі екпеге қарсы рұқсат берілмеген митинг өткізді. Шындығында, ешкім адамдарды инъекцияға мәжбүрлеген жоқ – тек вакцинацияланбаған адамдар көп жиналатын жерлерге барудан шектелген болатын. Демократияның және адам құқықтарын құрметтеудің тірегі болып есептелетін көптеген елдер әлдеқайда қатаң шараларды енгізді (олар вакцинацияланбағандар басқа азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретініне негізделген). Бірақ Альтаев және оның «ізбасарлары» өзгенің мүддесін елемей, өз құқығын ғана ойлауға дағдыланған қазақстандықтардың сөзін сөйлеуді ұйғарды. Олар, сірә, 2020 жылдың жазындағы қорқынышты ұмытқан сияқты, бұл кезде ауруханалар науқастардың ағынына төтеп бере алмай, Қазақстанда он мыңдаған өлім-жітім болды. Митингке тек санаулы ғана наразылар жиналса да, партия бұқаралық ақпарат құралдарының өзіне деген назардың үлесіне қол жеткізе алды.
Шамамен сол кезде Альтаев және оның орынбасары Мұрат Мұхамеджанов «басты патриоттар» деген атаққа ие болуды ұйғарды: олар Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының депутаттарын және «Офцеры России» қоғамдық ұйымының мүшелеріне арналған (Қазақстандағы орыстілділерге кемсітушілік жариялап, біздің елге келетін болса, оларды құртып, «ені екі метр, тереңдігі екі метр» жер тауып беретіні туралы айтылған) видео түсірген. Басына келгенін сөйлейтін ресейлік саясаткерлерге жауап беру ниеті мақтауға тұрарлық болуы мүмкін, бірақ мұның жасалу формасы тек таң қалдырады. Өздерін жарнамалауға ұмтылған Ел Тирегінің басшылары тіпті шек шеңберін жоғалтқан сияқты. Алайда, ұлт патриоттары атанған лагерьде бұл жабайы қулықтан ерліктің көрінісін көргендер аз емес болды.
Содан кейін жұртшылықтың назарында ресейлік «Сбермен» (Жинақ банкімен) цифрлық үкімет платформасын құру туралы келісім болды. Сонда тағы да «Ел тірегі» митингі (енді рұқсат етілген) өткізді. Ол Қазақстанда атом электр стансасының құрылысына қарсы басталған тағы бір наразылық акциясынан да тыс қалмады.
Айтпақшы, соңғы тақырып партияның саяси тұғырнамасында да көрініс тапты: «Қазақстандағы атом энергетикасы жобаларына тыйым салынсын», «Біздің жерімізде атом электр стансаларының салынуына жол берілмесін!», «Атом электр станцияларының құрылысына жол бермеу керек!» «Баламалы (күн және жел) энергия генерациясын дамыту жөніндегі бағдарламаларды бастау». Бірақ тіпті еуропалықтар үшін де (кем дегенде олардың көпшілігі үшін) күн және жел электр станциялары өндіретін энергия, ол жақтағы халықтың табысы бізден әлдеқайда жоғары болғанына қарамастан, қолжетімді емес екенін Альтаев және оның «отары» біледі ме екен?
Бүгінде, мұнайдың және газдың бағасы күрт көтерілген кезде, ЕО-ның бірқатар елдері арзанырақ (және ең «лас») энергия өндіру үшін көмір шахталарын қайта іске қосуға мәжбүр болды. Сонымен бірге олар қазбалы отыннан жаңартылатын қуат көздеріне көшуді кейінірекке қалдыру жөнінде ойланды. Ал Қазақстан жақын арада генерациялайтын қуаттардың жетіспеушілігіне тап болады, атом энергетикасын салыстырмалы түрде арзан (әсіресе елдегі уранның ең бай қорын ескеретін болсақ) және экологиялық таза энергетика ретінде дамыту мәселесі туындайды. Саясаткерлер қиялға батып, «жасыл энергетика» туралы айтып, популизммен айналысып, АЭС алдында халықтың түсінікті қорқынышын пайдалана алады, бірақ қатал экономикалық шындық бар, былайша айтқанда өмірдің прозасы, ал онымен есептесуге тура келеді.
«Ел тірегі» басшылары қамшылаған тағыда бір тақырып – ол Әділет министрлігінің партияны тіркеуден бас тартуы. Өткен жылдың соңында министрдің өзі түсініктеме беруге мәжбүр болды: «Олар сол бір құжаттар пакетін әкеліп тапсыра береді, тапсыра береді. Мінеки, осымен 16 рет тапсырды. Ал біз 16 рет оларды қабылдамауға мәжбүр болдық, өйткені біз анықтаған заң бұзушылықтар сол қалпы жойылмаған. Ойлану қажет: бұл не үшін жасалып жатыр? Мұнда жәбірленушінің бейнесін жасау әрекетін көруге болады». «Ел Тірегіне» қарсы негізгі талаптардың бірі – оның мүшелерінің тізімінде «өлі жандардың» болуы.
Әрине, біздің Әділет министрлігі саяси партиялардың қайсысы тіркеуден өткізілуі керек, ал қайсысы тіркелмеу керек деген мәселені таңдауда үнемі таңдаулы болатын. Бірақ бұл нақты жағдайда оның ұстанымы Альтаевтың айтқаннан гөрі сенімдірек. «Ел Тірегі» өткізетін митингілерге көп дегенде бірнеше ондаған адамдар жиналады, партияның әлеуметтік желілердегі парақшаларына жазылушылардың саны екі-үш мыңнан аспайды. Ал тіркеуге қажет болатын 20 мың партия мүшелері қайда? Неліктен олар өздерін ешқандай тәсілмен көрсетпейді?
Сірә, «Ел Тірегінәі» басшылары ең төменгі шекті билік уәде еткен 5000 көрсеткішке дейін төмендеткенше күтуге тура келетін болар...