Орталық Азия елдеріндегі, Қазақстанды қоса алғанда, орыс тілді азаматтардың жағдайына қатысты тақырып соңғы уақытта ресейлік БАҚ-та айтарлықтай кең ауқымда жарияланып жатыр. Ерте ме, кеш пе, бұл жайт орын алуы керек болатын, өйткені солтүстік көрші орыс тіліне және орыс тілінің тасымалдаушыларына қарсы бағытталған радикалды ұрандар мен іс-әрекеттерді қолданатын жергілікті «патриоттарды» белсенділендіруге бей-жай қарап қана отыра алмады.
Алғы сөздің орнына
Алайда, ресейлік журналистер мен сарапшылардың реакциясы олардың (әрине, барлығының емес, өйткені кей кездері ақылды сөздерді айтатындар да кездеседі, бірақ олардың көпшілігінің), біріншіден, біздің елдегі нақты жағдайды білмейтінін, ал екіншіден, «үлкен» ағаның «кішілеріне» деген көзқарасына тән кейбір тәкаппарлығын көрсетеді. Федералдық негізгі телеарналардың бірі болып табылатын НТВ арнасында «Место встречи» ток-шоуының кезекті (11 қазандағы) жарияламасы мұны анық көрсетті. Ол Қазақстандағы және Орталық Азияның басқа елдеріндегі орыс тілінің және орыс тілді азаматтардың жағдайына арналған.
Оны талдауға кіріспес бұрын мен өзімнің ұстанымымды алдын-ала көрсетіп алу үшін өзімді таныстыруға тиіспін деп есептеймін. Бұл жазбалардың авторы – ана (қаны бойынша) тілінде еркін сөйлейді, бірақ оған қарамастан орыс тілді болып табылады, сондай-ақ «ұлы мен құдіретті» орыс тілінің 20-шы ғасырда біздің халқымыздың тағдырындағы атқарған рөлін жоғары бағалайды. Сондай-ақ бүгінгі күні орыс тілі біз үшін әлемді танудың қажетті құралы болып қала береді деп есептейді, сондықтан Қазақстандағы позициясын сақтап қалуын жақтайды және оны қолдануды шектеу бойынша кез келген бастамаларға қарсы күресуге (сөз арқылы) дайын. Бірақ сонымен бірге қазақ тілінің маңыздылығын, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттілігін, сонымен қатар бұл орыс тіліне зиян келтірмей жасалуы мүмкін және тиіс екендігін түсінеді.
...НТВ телеарнасындағы «Место встречи» қоғамдық-саяси ток-шоуы «Первый канал» арнасы мен «Россия» арнасында осыған ұқсас бағдарламалар сияқты ашулы үгіт-насихаттаушы емес, бірақ қалай да болмасын, «басты желі» байқалады. Иә, бұл жерде жүргізушілер Андрей Норкин мен Иван Трушкин де өз пікірлерін қондыруға тырысып жатады (кейде тіпті шамадан тыс әрекет етеді), бірақ олар басқа арналардағы әріптестері сияқты баламалы пікірі бар мамандардың сөзіне кедергі жасамайды. Жалпы алғанда, бұл әр түрлі көзқарастарды, оның ішінде Ресей Федерациясынан тыс аудиторияны қосқанда, тыңдағысы келетін көрермендер арасында айқын бас тартуды тудырмайтын ресейлік телеарналардағы осындай бірнеше бағдарламаның бірі болып табылады.
Мен қарастырып отырған жариялым «Бұған төзуге жеткілікті ме?» («Хватит это терпеть?») деп аталады. Ол шығарылымның себебі, Норкиннің айтуынша, алаңдаушылық тудыратын оқиғалар болды, өйткені өз кезінде Украинада орын алған белгілі процестер дәл осындай көріністерден басталған болатын. Жүргізуші айтқандай, «Қазақстан, бәлкім, тілдік патрульдерді қолдап қана қоймай, орыс тіліне қарсы белсенді түрде күресетін және оның қолдануын шектейтін заңдарды қабылдай бастаған бірінші ел болды (шамасы, бұл Орталық Азияда деген сөз болар – ескерту авт.)».
Қазақ тілінің пайдасына, бірақ орыс тіліне қарсы емес
Қазақстанда тілдік патрульдерді қолдағандар кімдер екен? Ұлттық-популистер мен олардың жақтастарының лагерінің қайраткерлерім мен олардың ізбасарлары ма? Бірақ мемлекеттік саясатты олар анықтамайды, дегенмен олардың артында белгілі бір адамдар тұруы мүмкін. Ал мемлекеттік органдар өкілдерінің аузынан бұл бастаманы қолдайтын мәлімдемелер, біз білетіндей, айтылған жоқ. Керісінше, ҚР президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары және адам құқықтары жөніндегі уәкіл оны айыпқа салып, сол үшін «патриоттар» тарапынан жаппай шабуылға ұшыраған болатын.
Енді заңдарға қатысты нәрселерге келетін болсақ. Әңгіме, жүргізушінің сөздерінен түсінікті болғандай, шамамен екі заң жобасы жөнінде болып отыр. Олардың бірінде көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде (елді мекендердің атаулары жазылған белгілер, жол белгілері, сыртқы жарнама, баға белгілері және т.б.), міндетті түрде қазақ тілін қолдану және тек қажеттілік болған жағдайда ғана орыс тілін қолдану қарастырылған. Бір жағынан, бұл еліміздің орыс тілді азаматтары үшін өте жаман белгі, өйткені олар бұл шараны кемсітушілік деп қабылдаулары мүмкін. Бірақ, екінші жағынан, бұл салада орыс тілін қолдануға ешкім тыйым салған жоқ.
Шынын айтсақ, мысалы, көше белгілерімен, мемлекеттік мекемелердің ғимараттарындағы белгілермен байланысты жағдайларда бұл «қажеттілікті» кімдер, қандай критерийлер негізінде анықтайтыны белгісіз. Сондай-ақ, қазақша аталымдарды жазған кезде қандай графика қолданылатыны белгізіс – кириллица ма (бірақ одан бас тартуға шешім қабылданған сияқты) әлде әліпбиі әзірге бекітілмеген латын графикасы ма? Кейінірек белгілерді ауыстыруға көп ақша жұмсауға тура келмесе дегендей... Бір сөзбен айтқанда, заң жобасы асығыс жасалған және толық ойластырылмаған, бірақ практикалық мағынада бұл орыс тілді адамдар үшін онша ауыр тимейді.
Екіншісі Қазақстандық прокатқа шығарылатын барлық фильмдердің міндетті түрде мемлекеттік тілде дубляждауын қарастырады. Шын мәнінде, бұл норма он жыл бұрын қабылданған болатын – содан кейін ол «Мәдениет туралы» заңға енгізілді, бірақ ол осы жылдар бойы жұмыс істемеді, өйткені оның қаржылық тұрғыдан мүмкін еместігі айқын болды (дубляж тым көп ақшаны қажет етеді). Енді осы норманы 2019 жылдың басынан бастап қолданыста жүрген «Кинематография туралы» заңға енгізбекші. Бұл жағдайда орыс тіліне қатысты ешқандай кемсіту жоқ – орыс тіліндегі фильмдер бұрын да прокатқа шығарылып жүрген және әлі де шығарыла береді. «Дискриминацияланғандардың» рөліне (экономикалық тұрғыдан алғанда), тек кинопрокатшылар ғана ұшырауы ықтимал, оларға дубляжға орасан зор қаражат және көтеруге мүмкін емес ақша жұмсауға тура келуі мүмкін. Бұл ретте, қазақ тіліндегі фильмдер кассаларда жеткілікті ақша жинайтынына ешқандай кепілдік жоқ.
Ал «Место встречи» бағдарламысының жүргізушісі жария еткендей – қазақстандық университеттерде орыс тіліндегі оқулықтардан бас тартып, «қазақ тіліне аударылған оксфодртық және кембридждік оқулықтарыға көшуге» шешім қабылдады деген ақпарат бұл жерде әбден қисынсыз, өйткені ол мүлдем «басқа операдан» алынған нәрсе. Бәріміз жақсы білетіндей, атақты шетелдік жүз оқулықты аудару және басып шығарудың мақсаты – олармен тек қазақ тілінде оқытатын бөлімдерді, тек гуманитарлық факультеттерді қамтамасыз ету. Ал орыс тілді студенттерге оның ешқандай қатысы жоқ.
Сонымен қатар, «Қазақша жаз» қозғалысы туралы да жағымсыз түрде айтылды: оның белсенділері әлеуметтік желілердегі әр түрлі компаниялардың парақшаларына кіріп, тауарлар мен қызметтер жөніндегі ақпаратты соның ішінде қазақ тілінде де орналастыруды өтінеді. Бірақ тағы да, бұл жағдайда орыс тілділердің мүдделері бұзылмайды, сонымен қатар мұндай өтініштер әдетте агрессиясыз, өте сыпайы түрде беріледі. Бұл қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту мақсатындағы қозғалыс, бірақ ол орыс тілін қолдануға қарсы емес.
Мінеки, пікірталасқа қатысушыларға ұсынылған «кемсітудің» барлық мысалдары осы. Кейбір сарапшылар тағы біреуін – қазақ тарихының оқулықтарына ендірілген кеңестік кезеңде қазақ халқының «метрополия» тарапынан қыспаққа алынуы тақырыбын да қосты, өйткені ол бұқаралық санада, әсіресе жас ұрпақта, Ресейге, орыстарға және орыстілділерге теріс көзқарас қалыптастырады. Ал осы талаппен, бәлкім, келісуге болатын шығар...
Кім кінәлі және не істеу керек?
Мұндай «эксцестерге» не себеп болды деген сұраққа жауап іздеуге тырысқан сарапшылар түрлі нұсқаларды келтірді. Біреулер Қазақстанның және Орта Азияның басқа республикаларының билігін айыптай отырып, олар моноэтникалық мемлекеттер құрып жатыр, сондықтан баяу, бірақ сенімді түрде орыстарды ығыстырып жатыр дейді. Басқалары, керісінше, соңғы жылдары Ресейдің посткеңестік елдерге қатысты қандай саясат ұстанғанын еске алуды ұсынды, мысалы, Украинаға қатысты: онымен болған нәрсені, олардың айтуынша, бұрынғы КСРО халықтары өз еркімен немесе еріксіз, өздеріне өлшеп көруге тырысады. Үшіншілері ресейліктердің негізгі бөлігінің Орталық Азиядан келген еңбек мигранттарына теріс және менсінбейтін көзқарасы сияқты факторды атады, бұл жауап ретінде кері реакция тудырмай қоймайды.
Бірақ мұндағы ең қызық нәрсе – пікірталасқа қатысушылардың Ресей қазіргі жағдайда не істей алады және не істеуі керектігі жайлы пікірлері. Олардың біреуі Орталық Азия елдерімен бірлескен әлеуметтік-экономикалық жобаларды іске асыруды осы республикалардағы орыс тілді азаматтардың жағдайымен қатаң байланыстыруды ұсынды. Мысалы, бір миллион гектар ресейлік ауылшаруашылық жерлерін Өзбекстан фермерлеріне жалға беру (бұл мәселе қазір екі елдің тиісті министрліктері деңгейінде талқылануда), Орталық Азиядан Ресейге еңбек мигранттары үшін чартерлік пойыздар ұйымдастыру, олар жыл соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда.
Бірақ егер мұндай жобалар өзбектер, қырғыздар, тәжіктер үшін маңызды мәнге ие болса, онда басқа сарапшылар мойындағандай, қазақтарды онымен «сатып алуға болмайды». Ал жүргізушілердің бірі Трушкиннің ұсынысы, мысалы, Роспотребнадзорды ықпалды қазақстандық олигархтарға тиесілі Мәскеу қонақүйлеріне қарсы қоюы мүмкін және осылайша Қазақстан билігіне орыс тілділердің мүдделерімен санасу қажеттілігін түсіндіреді. Бұл ұсыныс ток-шоуға қатысушылардың көпшілігінің одан бас тартуына себеп болды: олар Ресей сияқты үлкен елге осындай деңгейге төмендеу жараспайды дейді.
Ал «Коммерсант» газетінің шолушысы Максим Юсин былай деді: «Қазақтармен басқаша, құрметпен сөйлесу керек. Посткеңестік кеңістіктегі ең адекватты қазақ элитасына ең қарапайым идеяны жеткізу қажет: сідерз өте тынышсыз аймақта тұрасыздар, ал егер бір қиын жағдайлар болып қалса, сіздерде Ресейден басқа жүгінетін ешкім болмай қалады, сондықтан бізді ренжітуі мүмкін нәрсені жасамауға тырысыңыздар, сіздерге сенімсіздікпен қарауға мәжбүр етпеңіңіздер. Бәлкім, сол кезде Қазақстан билігі бұл ұлтшылдық басып тастайтын шығар».
Тұтастай алғанда келісуге болады, бірақ сонымен бірге Ресей Федерациясының билігіне Қазақстанға қатысты өркөкіректік және империалистік-шовинистік мәлімдемелерге бой алдырғандарды «басу» жөнінде жүгінген жөн болар еді. Бұл жерде сөз бостандығына сілтеме мүлдем орынсыз, өйткені ол Ресей үкіметінің мүдделеріне қайшы келген кезде, соңғысы мәжбүрлеу шараларын қолданудан тартынбайды. Сонымен қатар, Мемлекеттік Думада, федералды телеарналарда трибуна берілген саясаткерлердің барлығын дерлік (дәлірек айтқанда, тура сол жерден қазақтардың ұлттық сезіміне нұқсан келтіретін мәлімдемелер естіледі) қандай да бір жолмен Кремльдің бақылауында болады.
Жалпы, менің ойымша, соңғы кезде екі ел арасындағы қарым-қатынаста белгілі бір шиеленіс туғызған мәселелерді, соның ішінде тілдік мәселелерді үкіметтік, парламенттік және сарапшылық деңгейлерде талқылауды ұйымдастыратын уақыт келді. Және бізге бір-бірімізге қарай қадамдар жасау қажет. Неліктен, айталық, Ресей Федерациясының басшылығы біздің туыстарымыздың ықшам резиденциясы бар жерлерде қазақ мектептерін ашуға дайын екендігін білдірмеске? Ақыр соңында, бұл оған ешқандай қауіп төндірмейді, өйткені оларға балаларын бергісі келетіндер аз. Бірақ мұндай шараларға дайын болғандықтың фактісінің өзі қазақ халқының орыс халқына деген сенімін арттырады. Дәл осы бастамалар және «жұмсақ күштің» көрінісінің басқа түрлері біздің ұлттық популистер мен олардың «кураторларының» (,олар, шамасы, мемлекеттік мекемелерде де бар) қолдарынан ұтымды артықшылығы қағып тастауы мүмкін. Тура осылайша Қазақстанда орыс тілін және орыс тілділерді қолдауға (қорғауға) болады...