Қазақстанның кез келген азаматы қандай да болсын сенушілікке ие болуға және оны қорғауға құқылы: ол консерватор немесе либерал, сенуші немесе атеист, ұлтшыл немесе космополит бола алады... Ең бастысы – бұл тұрғыда агрессия көрсетпеу, сондай-ақ ел заңдарында басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басталатын шектеу белгісінен шығып кетпеу маңызды. Бірақ бүгінгі күні бұл төзімсіздік пен құқықтық нигилизмнің барынша шектен шыққан дәрежесі, соның ішінде этносаралық қатынастарда және тіл саласында, барған сайын жиі кездесіп келеді.
Халық қаһарманы ма?
...Егер Қуат Ахметов Қазақстанда ғана емес, Ресейде де өте танымал болып кетсе, Руза Бейсенбайтегі туралы әлдеқайда аз адамдар естіген. Алайда, ол «тіл майданының», бәлкім, одан да белсендірек күрескері болып табылуы мүмкін. Бұл Павлодардың жасы аз емес тұрғыны Ахметовтан да бұрын «ана тілін» қорғау үшін «акцияларын» (жалғыздық) бастады. Оның үстіне, іс-әрекетінде конъюктуралық мотивтер көрінетін Қуаттан айырмашылығы – ол әйел «идея үшін» әрекетші болып табылады. Мысалы, сұхбаттарының бірінде Руза апай өзінің қыздарының бірімен ол өз балаларын орыс мектебіне бергені үшін көп жыл бойы араласпай жүргенін хабарлады. «Бұл мен үшін трагедияға айналды», – деп мәлімдеді ол. Өзідеріңіз түсінгендей, ол өзінің туған қызымен қарым-қатынасының үзілуін емес, ал сол қызы өз балаларын «бөтен елдің тілінде» оқытуды таңдағанын трагедия деп отыр.
Руза апайдың наным-сенімі жолындағы күреске деген құштарлығын және тіпті құрбандығын (егер бұл ретте көрсетілген шектен тыс агрессивтілік пен заңдармен, сондай-ақ айналасындағы адамдардың мүдделерімен санасқысы келмейтіндігі болмаса) тек құптауға болатын еді. Бір күні трамвай жүргізушісі әйелмен оның қазақша жауап бере алмағаны үшін айтысу барысында, ол вагонның алдында жарты сағаттай тұрып алып, қозғалысқа кедергі келтірген болатын. Оның кесірінен бейкүнә жолаушылар жұмысқа немесе басқа жерге кешігіп қалуы, осы бағытта басқа трамвайлар да тұрып қалуы мүмкін деген мән-жайды Руза апай, әрине, елеусіз қалдырған.
Ол жиі дүкендерді, дәріханаларды, т.б жерлерді аралап жүріп, қазақша сұрақ қойып, оған сол тілде жауап беруді талап етеді (айтпақшы, ол әйел орыс тілін өте жақсы біледі). Осының барлығын телефонға түсіріп, содан кейін өзінің қолдаушылары көп Facebook-те жариялайды, «мемлекеттік тілді құрметтемеу» фактілеріне назар аударуды талап етіп, ел президентіне, прокуратураға жүгінеді. Сондай-ақ, Руза апайдан «талаптарым орындалмаса, аштық жариялаймын, трамвайдың рельстеріне жатамың» деген қорқытулар да болған...
Руза Бейсенбайтегін «қазақ тілінің жанашырлары» қатарындағы бастыларының бірі деп атайды. Ал жақында, 25 қазанда, қазір ресми түрде тойланбайтын Республика күні, ол «тіл майданының» тағы бір жауынгері Қуат Ахметовпен және тағы бірнеше белсенділермен бірге «Халық батыры» атағын, оған сәйкес грамотасымен қоса, алған болатын. Шындығын айтсақ, бұл атақты кімдер және ненің негізінде, әсіресе «қазақ халқының атынан», тағайындағаны белгісіз.
Одан бір-екі апта бұрын, яғни биылғы қазан айының бірінші онкүндігінде Руза апай Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) ғимаратында өзінің кезекті қойылымын көрсетті. Барлық көрнекі ақпарат орыс тілінде берілгеніне (бұл қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін айту қиын) ашуланған ол бейнекамераға: «Мені түрмеге қамасаңдар да, не істесеңдер де, мына орыс тілдегі бір де бір ақпаратқа жол бермеймін» – деп жариялады. Содан кейін ол мәлімдемелердің үлгілерін жыртып, еденге лақтырып тастады. Полиция хаттамасынан белгілі болғандай (оның жанында екі тәртіп сақшысы болған), сонымен қатар ол ХҚКО қызметкеріне тіл тигізді. Айтпақшы, Руза апайдың ұялы телефонына түсіріп алғанына қарағанда, қазақ тілінің «жауларының» барлығы – халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де, полиция қызметкерлері де – қазақтар болып табылады.
Бірақ ұсақ бұзақылық жасағаны үшін бес АЕК (қазір шамамен 15 мың теңге) көлемінде айыппұл салу немесе он тәулікке дейін қамауға алу қаупі бар ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша жауапқа тартылу мүмкіндігі туған кезде, Руза Бейсенбайтегі өзінің сенімдері үшін «түрмеге отыруға» дайын екендігін ұмытып кетті. Ол Facebook желісі арқылы өз әріптестеріне оқиға туралы хабардар етті, содан кейін әлеуметтік желілерде ғана емес, көптеген қазақтілді БАҚ-та («Дат», «Қамшы» және т.б.) оны қолдауға арналған жаппай науқан басталды.
Бірақ бұл ретте қорғаушылардың ешқайсысы Руза апайдың осындай әрекеттерінен бүліктік ешнәрсе байқамайды. Олардың логикасы бойынша, кез келген адамның мемлекеттік мекемеге кіріп келіп, құжаттарының бланкілерін жыртып, қызметкерлерге тіл тигізіп, бұл ретте жазасыз қалуға құқығы бар ма? Бұл «патриоттар» қандай мемлекет құрмақшы? Заңдарды ескерместен, әркім өз ойына келгенін жасауға ерікті мемлекет құрмақшы болып жүрме?
Құқық және жеке пікір білдіру
Ана тілі үшін күресуге, әрине, қарсылық жоқ, ол тіпті құпталады, бірақ бір шартпен ғана – осындай іс-әрекетпен қатаң түрде тек заң шеңберінде, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдарға арыз беру арқылы, сотқа талап-арызбен жүгіну арқылы айналысу қажет. Бірақ ешбір жағдайда (мысалы, Қуат Ахметов пен «Тіл майданы» қозғалысының басқа да белсенділері сияқты) оларды алмастыруға тырыспай күрескен жөн. Немесе бір кездері дау-дамайларды ұйымдастыруды жақсы көретін Оғыз Доған істейтіні сияқты: түрік азаматы бола тұра, ол қандай да бір себептермен өзінің өмірге деген көзқарасын басқа елдің тұрғындарына күштеп білдіруге құқысы бар деп шешті. Ал шетелдік адамның Қазақстанда ұйымдастырған арандатушылықтарына көптеген қазақтілді азаматтар оған сіз өзіңіздің еліңізде өз құқығыңыз үшін күресіңіз, ал біз өзімізде не істейтінімізді өзіміз білеміз деп айтудың орнына (айтпақшы, бізге қалай өмір сүру керектігін үйретуге тырысатын Ресейдің кейбір қайраткерлеріне сияқты), сүйсінген.
«Баррикадалардың» арғы жағында да өзге азаматтардың ұлттық сезімін қорлау сияқты заңмен есептеспейтіндер бар. Соның бір айғақ мысалы – Ермек Тайшыбеков. Оның ресейлік «Украина.Ру» порталына берген сұхбатында қазақтар туралы айтқан сөздері «титулдық» этнос өкілдерінің әділеттілік наразылығын тудырмай қоюы мүмкін емес. Сондықтан ресейлік БАҚ-тың – әдетте «антиресейлік» кез келген көрініске ашуланатындар оны қорғау жолында көтерген ақпараттық толқынын түсіну қиын. Сонда «антиорыстық» деген жаман нәрсе болып, ал «антиқазақтық» әбден орынды нәрсе болып табылғаны ма?
Алайда Тайшыбеков (ол онша адекватты емес адам көрінеді) тым болмағанда ешқайда барып, Руза апай, Қуат және олардың ізбасарлары сияқты өзгелерді өз талаптарымен мазаламады, іс-әрекеттері арқылы агрессия көрсетпеді. Оның пікірін тыңдамауға және оқымауға – бір сөзбен айтқанда, елеусіз қалдыруға болады. Оның үстіне ол соттан өз жазасын, айтарлықтай, толығымен алды. Сондай-ақ, оның Ахметовтен айырмашылығы – Тайшыбеков әділдіктен жасырынбады (мысалы, сол Ресейде), ал «тіл патрульдерінің» бастамашысы, қазір енді сонымен қатар «Халық батыры» атағының иегері, асығыс түрде Қазақстаннан қашып кетті. Яғни, Ермек, оған қалай қарайтын болсақ та, өз рухы бойынша «халық қаһарманы» Қуаттан мықты болып шықты.
Айтпақшы, Ахметов заңды талаптарды қойды дейтін оның қорғаушыларына қарсылық білдіргім келеді. Біздің заңдарымызда сатушы немесе айталық, даяшы, шаштараз немесе жеке кәсіпорынның кез келген қызметкері сатып алушы немесе клиент қай тілде сөйлесе, сол тілде жауап беруге міндетті деген норма жоқ. Өнім немесе қызмет туралы, жұмыс уақыты туралы және т.б. туралы жазбаша ақпарат мемлекеттік және орыс тілдерінде болу тиіс екендігі жөнінде айтар болсақ – иә, солай, ол болуы керек, бірақ бұл басқа нәрсе.
Тиісінше, сатушының немесе қызмет көрсетушінің құқығы өзіне ыңғайлырақ тілде жауап беру, немесе, мысалы, ол саңырау және мылқау болса, тіпті мүлдем жауап бермеуге құқылы (мысалы, мұндай адамдар етікшілердің, тігіншілердің арасында бар). Сатып алушының немесе клиенттің құқығы – бұл дүкенге, салонға, шеберханаға барудан бас тарту, сонымен бірге оларға экономикалық зиян келтіру үшін немесе әлеуетті тұтынушылардың тілдік қалауларымен есептесуге мәжбүрлеу үшін көршілері, таныстары, пікірлестері арасында оларға бойкот жариялау науқанын ұйымдастыру (күресудің әбден заңды тәсілі). Ал осы шағын кәсіп иесінің құқығы, егер ол сол немесе басқа тілде жауап беруге қабілетсіздігі немесе дайын болмауы салдарынан ол, кәсіпкер табысынан айырылатын болса, шығынға ұшыраса – сатушысымен, шаштаразымен, басқа қызметкерімен еңбек қатынастарын тоқтату болып табылады.
Егіз ағайындылар
Жалпы алғанда, өздерін ұлт патриотымыз деп жүрген адамдар заңның да, әдептіліктің де шеңберінен жиі шығып кетеді. Мысалы, олардың арасындағы ең белсенділердің бірі осыдан бірнеше жыл бұрын 9 мамыр қарсаңында сауда орталығының қызметкерлерінен Георгий ленталарын жұлып алғанын естеріңізге түсіріңіздерші. Бұл бұзақылық және басқа азаматтардың өз ұстанымдарына ие болуына қол сұғу әрекеті болмағанда не болып табылады? Ал бұл адам өзін демократ ретінде, азаматтық бостандықтардың жақтаушысы ретінде көрсетеді. Бірақ, ерекше таңғаларлығы, мұндай әрекеттен кейін де оны Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына енгізген. Билік басындағылардың кейбіреулері сонда қазақстандықтарға қандай үлгі белгісін берді? Ал елімізде төзімсіздік пен құқықтық нигилизм көріністерінің барған сайын көбейіп жатқанында олардың кінәсі жоқ па екен?
Бұл жағдайға аналогия тек жақында, ресейлік телеарналардың бірінде сюжет көрсетілген кезде ғана ойға келді: «Мемориал» адам құқықтары қозғалысының кеңсесінде Украинадағы жаппай ашаршылық туралы поляктық фильмін көрсетіп жатқан кезде белгісіз адамдар залға жүгіріп кіріп, ұйымдастырушыларды «өткенді қаралауға тырыстыңдар» деп айыптай отырып, сеансты тоқтатып тастады. Алайда бұл көрсетілім көпшілікке емес, жабық түрде жасалған болатын және оған сталиндік режимнің қасіретіне қатысты фильм авторының ұстанымымен жалпы алғанда келісетіндер ғана шақырылған болатын. Мұнда да бұзақылық айқын, бірақ Ресейде мұны «ел тарихын көрсету тәсіліне әділ және шынайы реакция» деп бағалағандар көп болды.
Бұл бөлек екі түрлі жағдай сияқты болып көрінгенмен, бірақ оларды бір ортақ нәрсе – өзге көзқарасты қабылдамау және өзінің көзқарасын күштеп еңгізуге агрессивті ұмтылыс және сонымен бірге басқа адамдардың бостандығы басталатын шекараларды оңайлықпен бұзуға дайын болу – біріктіреді. Осы тұрғыдан алғанда қазақтық ұлтшылдық та, орыстық ұлтшылдық та (немесе ұлтшылдық-популизм, кімге қалай ұнайды) бүгінде егіз ағайындыларға айналды...