Мемлекеттiк қызмет жүйесi өзiнiң қазiргi түрiнде президенттiк реформаларды толық жүзеге асырудың басты қатерiнiң бiрi болып табылады. Елдің жоғарғы басшылығы бастаған саяси және экономикалық жаңғыру жолындағы тежеу ​​«орындаушының эффекті» болып табылуы ықтимал, оның ықпалын тез және ауыртпалықсыз жою мүмкін емес сияқты болып көрінеді.

Шенеуніктер – жарылуы кейінге қалдырылған мина ретінде

Қазақстан қайғылы қаңтар оқиғасынан кейін қадам басқан жаңа тарихи кезең екі маңызды, бірақ бірі-біріне қарама-қайшы тенденциямен белгіленді. Біріншісі – бұрыннан қалыптасқан ойын ережелерін түбегейлі өзгертуге бағытталған ауқымды реформалар. Олардың авторы және идеялық дем берушісі болып табылатын – осындай шараларды жүзеге асыруға қажетті қатаңдық пен тұтастықты көрсететін мемлекет басшысы. Екіншісін саяси және іскерлік элита өкілдерінің «біріккен командасы» анықтайды: логикалық тұрғыдан алғанда, ол жарияланған реформалардың қозғаушы күші ретінде әрекет етуі керек, бірақ ол үшін қажетті әлеуетіне ие «ауыр салмақтылар» түріндегі табиғи жоғалтуларға байланысты ол өз жұмысын тоқтатты. Бүгінгі біздегі мемлекеттік аппараттың «жеңілдетілген» нұсқасы тым үстірт және өрескел, онда мұндай мәселені шешуге қажетті дағдылар мен құзыреттіліктер жоқ. Бұл жас және әлі ашытылып болмаған шарап сияқты: ол кейде ас қорытудың бұзылуына көмектеседі, бірақ сарапшылар оны ішуді қатаң ұсынбайды – өйткені ол денсаулыққа зиян тигізуі ықтимал. «Үлкен қайта құрылымдауды» іске аыру үшін жаңартылған элитаға, ең кем дегенде, өзін-өзі орнықтау және нығайтып алу қажет. Басқаша айтқанда, олар біршама сынақтардардан өтулері тиіс. Бірақ әзірге бұл үшін тіпті алғышарттар да байқалмайды. Саясаттанушы Оразғали Селтеев өзінің Telegram-арнасында дәл атап өткендей, «жаңарылып жатқан мемлекеттік аппаратты тіпті бюрократия деп те атау қиын. Қазір маңызды қызметтерге көбіне орташа, идеялары жоқ және шешім қабылдуға икемсуз, бірақ сенімді және ыңғайлы кадрлар тағайындалады. Бұл бір жағынан ішкі интригалардың салдары, сонымен қатар әлеуетті бәсекелестерді жеке тәрбиелеуге қорқыныш пен қаламаушылық. Оны «олар тек араласпаса болғаны» деген қағида бойынша тағайындайды. Теріс таңдау мәселесін жеткілікті дәрежеде бағаламайды. Мұнда жарылуы кейінге қалдырылған ең қауіпті мина қойылып жатыр. Осындай қарқынмен біз мемлекеттік аппараттың ыдырай бастайтынына келеміз. Қысқа мерзімді перспективада бұл мемлекеттілікке және егемендікке төнетін негізгі қауіп».

Және, барлық болып жатқан нәрселерге қарайтын болсақ, мұндай перспектива алыс болып көрінуіне қарамастан, ол онша алыс емес. Өткен аптада біз сағат механизмі жұмыс істеуге кіріскен осы жаңа шындықтың басталуын сипаттауға тырыстық. Ал бүгінде президенттің дерлік маңызды жарлықтарының барлығын оның қарамағындағылары бұрмалап жүргеніне қатысты маңызды тақырыпты қозғадық. Бұл мемлекеттілікке және егемендікке қауіп төндіретін, жарылуы кейінге қалдырылған мина болмағанда не?

Әрине, қазіргі мемлекеттік аппараттың дәрменсіздігінен мемлекет басшысының беделіне әдейі нұқсан келтіруді көріп отырған тұрғындардың көпшілігінің бағалауына қарамастан, біз оның таза түріндегі ешқандай саботаж туралы айтып отырған жоқпыз. Қайталап айтамыз: саботаж жасаушылар ретінде тіркелгендердің ұстанымдары тым шашыраңқы және олардың «деструктивті» әрекеттерінің аумағы соншалықты кең болғандықтан, қандай да бір қастандық теориясын құру кем дегенде оғаш болар еді. Мұндағы әңгіме тәуелсіздіктің барлық жылдары бойы тиімді мемлекеттік қызмет жүйесін құру үдерісімен қатар жүретін бұрыннан келе жатқан созылмалы мәселелер жөнінде болып отыр. Бұл әрбір орындаушының өз жұмыс саласы үшін заң жүзінде бекітілген жауапкершілігінің болмауы да, белгілі бір басқару шешімдерін бағалау үшін (әдемі суретті қалыптастыру үшін) белгіленген бастапқыда шындыққа жанаспайтын және қол жетімсіз көрсеткіштердің болмауы да, орындаушылардың әрекеттеріне тиісті қоғамдық бақылаудың болмауы да. Осылайша, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі Сабина Сәдиева атап өткендей, «көбінесе реформалар мен саясатқа жауап беретін адамдардың проблемасы – олар мемлекеттік басқаруды өздерінің жеке ісі деп есептейтініде. Қандай да бір бастама басталады, ашық талқыланғанша – бәрі жақсы, қоғам игілігі мәселесі басым болады. Ал содан кейін, ол мемлекеттік аппараттың ішіне енгеннен бастап, сол жерде оны белгілі бір шенеунік өз көзқарасы бойынша икемдеуге кіріседі. Егер ол жаңа тәжірибе мен жақсы білімнің артықшылықтарына сенбейтін болса - ол түлектерге арналған мүмкіндіктерді жояды. Егер ол әйелдер көшбасшылығының идеяларын қолдамайтын болса - ол саясат әйелдерге мүмкіндіктер ашатын жерде оның барлығын алып тастайды. Егер  халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) барғанда ол оған ұнамай қалған болса – болды, ол барлық саясатты өзгертеді. Осы Opinion-based public policy қағидасына негізделген мемлекеттік саясаттың бәрі қорқынышты және бізде ол өте маңызды».

Әрине, мұндай жағдайда президен өзі жоспарлаған реформаларды сапалы әрі тиімді жүзеге асырылуы толығымен өзінің жеке жауапкершілігі аймағына ауысатынын түсінеді. Сәуірдің ортасында Қасым-Жомарт Тоқаев тіпті «Мемлекеттік аппаратты бюрократиясыздандыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойғаны да бекер емес. Онда көрсетілген және іске қосылған рәсімдер мемлекеттік қызметшілерді түпкілікті нәтижеге әсер етпейтін қажетсіз процестерден босатуға мүмкіндік береді, олардың саяси және экономикалық реформаларды тиімді жүзеге асыруға бағдарлануын қамтамасыз етеді және тұтастай алғанда, мемлекеттік аппаратта шешімдер қабылдауды жеделдету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербестігін және жеке жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бірақ бұл механизмдер жұмыс істеп кететін болса да, тез нәтижеге бұрынғыдай сенім арттудың қажеті жоқ сияқты. Өйткені жарлық шыққанынан бері бір жарым айға жуық уақыт өткеніне қарамастан, жүк тиелген арба сол орынында тұр дегендей. Осы уақыт ішінде жасалған нәрселердің арасында тек әртүрлі комиссиялардың саны үш есе қысқартылғанын ғана атауға болады...

«Тыңдайды да, өзінікін істеп жүре береді»

Мемлекеттік қызмет жүйесіне «диагноз» қойып, оның ел президенті бастаған реформалардың жүргізушісіне айналу мүмкіндігін бағалауды біз саясаттанушы Замир Қаражановтан өтіндік.

- Сіздің көзқарасыныз бойынша, президенттің тапсырмаларының орындалмауына, егер осылай айтуға болса, не нәрсе себеп болып отыр?

- Ең алдымен, Қасым-Жомарт Тоқаев тек биылғы қаңтарда ғана нақты өкілетті президент болғанын атап өткім келеді. Сол уақытқа дейін ол кадр мәселесінде шектелген болатын. Оның айналасында Қазақстан Республикасының бұрынғы президентінің тұсында басшылық қызметтерге тағайындалған адамдар болды. Жұмыс істеп жүрген мемлекет басшысы, шын мәнінде, өз бетінше ауыс-түйіспен айналысып, элитада «іріктеу» жүргізе алмаған болатын. Бұл элитаның еркі мен амбициясы  (сөздің жақсы мағынасында) болмағанына қарамастан. Оның үлкен бөлігі тек «құптауға» ғана қабілетті болып, «тыңдайды да, өзінікін істеп жүре береді» деген принциппен өмір сүріп келген. Оның аз бөлігі (жойылып бара жатқан бөлігі деуге болады) Қазақстан бір орында тұрғанын түсінген шығар. Ал «Қызыл кітапқа» еңгізілгендер өз қолдарынан келгеннің барлығын өздерінің жұмыс салаларында қалай да болмасын іске асырды.

- Бірақ қазір енді биліктің барлық тізгіні Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолында, сондықтан «іріктеу» процесі қалай да болмасын іске қосылды. Бәлкім, біз қалағандай белсенді емес те шығар, бірақ қозғалыс жүріп жатқаны анық. Сонда президент тіпті өзі тағайындаған адамдарға да толығымен сенім арта алмайды ма?

- Негізгі кадрлық өзгерістер тек соңғы айларда ғана жүргізіле бастады. Бірақ мәселе тек ротацияларда емес, олардың негізінде жатқан принциптерде. Әрине, бұл меритократия принциптері болса дұрыс болар еді, онда іріктеу еңбегіне қарай, нәтижеге қол жеткізгені бойынша ғана жүргізіледі. Мұндай үрдістер 1990 жылдары байқалған болатын, бірақ, өкінішке орай, олар дәстүрге айналмады. 2008 жылдан кейін кейбір басшылардың өздерін «дағдарыс менеджері» ретінде көрсеткенін еске түсіруге болады. Бірақ іс жүзінде, олардың жауапты қызметтерге келуімен дағдарыс одан әрі тереңдей түсті. Сондықтан бүгінде қасақана саботаж орын алып жатыр деп айту мүлде дұрыс емес болар еді. Сірә, қоғамның сол қабатында біліксіздік, дәрменсіздік, ортанқолдылық бар, алайда  анықтама бойынша олар ең жақсы интеллектуалдық және адамгершілік қасиеттермен ерекшеленуі тиіс.

- Яғни, жақын арада ешнәрсе өзгермейді және президенттің командасы бұрынғыдай оны ыңғайсыз жағдайға қоюды жалғастырама?

- Тарих көрсеткендей, қоғам элитасына іріктеу жылыжай жағдайында емес, бәсекелестік жағдайында өткізілуі тиіс. Демек, саяси тап жаңадан келгендердің ағынына ашық болуы қажет дегенді білдіреді. Ал қазіргі қолданыстағы қазақстандық заңнама бұл үшін жолды бөгейді. Бұл біріншіден. Екіншіден, биліктің әртүрлі деңгейінде тек қазіргі президенттің шешімдері ғана саботажға ұшырайды деген пайымдаулар дұрыс емес. Дәл осындай көрініс бұрынғы мемлекет басшысының тұсында да байқалған болатын, бірақ ол жай ғана жарнамаланбайтын. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдемелерін жіті бақылап отырғандар ол өзінің тапсырмаларын орындамаған шенеуніктерді сынағанын еске түсіре алады. Бұл біздің жүйелі сипат алған құбылысқа тап болып жатқанымызды көрсетеді.

Басты проблема – мемлекеттік сектор. Біздің мемлекеттік аппаратымыз – бұл бізді кері тартып жатқан «уақыт машинасы», ХХ ғасырдың осы кезге дейін жойылмаған рудименті. Аса үлкен деңгейге өсірілген кадрлар штаты, қағазбастылық, шенеуніктердің төмен жауапкершілігі, мемлекеттік қызметкерлердің уәждемесінің әлсіздігі, туысқандық, «телефондық заң» және жеке байланыстар, сыбайлас жемқорлық, кейінге қалдырылған мәселелер сияқты келеңсіздіктерді тудырады. Қазіргі мемлекеттік аппарат проблемаларды шешуге қауқарсыз, ол оларды өзі  құрады. Сондықтан бүгінде қоғамның түрлі салаларындағы реформалар туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен, әкімшілік реформалар мәселесін көтеріп, Мемлекеттік қызмет істері агенттігін таратудан бастау керек. Дәл осы бөлім біздегі әрекетсіз мемлекеттік аппараттың пайда болуына ең тікелей жауапты. Кезінде агенттіктің экс-басшыларының бірі «бастық» деген сөзден бас тартуды ұсынғанымен, шенеунік өзгерген жоқ.