«Жаңа Қазақстанның» құрылысы тек саяси өмірдегі, экономикадағы, қоғамдық санадағы түбегейлі өзгерістерді ғана емес, құндылықтардың жаңа жүйесін қалыптастыру қажеттілігін де көздейді. Әрине, ол өзіне нені қамтуы тиіс деген сұраққа бірыңғай жауап жоқ. Бірақ, ең болмағанда, қоғамымызда бар (дәстүрлі, кеңестік дәуірде пайда болған, тәуелсіздікпен келген) құндылықтардың қайсысы басымдыққа айналуы тиіс екенін, ал қайсысы, егер біз шын мәнінде жаңаруды қалайтын болсақ, керісінше, «жарқын болашақ» жолында кедергі болатыны анықтаудың мәні бар. Сөз мамандарға беріледі.
Ғалым Жүсіпбек, тәуелсіз зерттеуші:
«Әрбір адамда ең алдымен адамды көріп, бағалау қажет»
- Қазақстандық қоғам барған сайын сан алуан, күрделі болып барады, оның құндылықтары біздің көз алдымызда өзгерістерге ұшырап жатыр. Сәйкестіктердің және әлеуметтік топтардың жаңа нысандары жаһандануға, цифрландыруға байланысты пайда болуда, оның үстіне олар алдыңғы онжылдықтарда басталған реформалардың ұзақ мерзімді нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, бұл жай ғана осы кезде орын алып отырған процесс емес, бұл қайтымсыз процесс. Әрине, егер біз кейбір бағдарламаларда және репортаждарда ғана болатын мифтік процесс емес болса, шын мәнінде жаңа демократиялық және құқықтық Қазақстанды құрғымыз келетін болса, оны дұрыс бағыттауға болады және оны дұрыс бағытқа бұру қажет...
Менің көзқарасым бойынша, құндылықтардың жаңа жүйесі үш қағидаға құрылуы тиіс, оның негізгісі – әрбір азаматтың ар-намысын және қадір-қасиетін құрметтеу. Оның үстіне, бұл құрметтеу ешқандай жағдайда адамның әлеуметтік жағдайына, регалиясына, табыс деңгейіне, лауазымына, шығу тегіне және т.б. байланысты болмауы тиіс. Біз үнемі байлардың және күштілердің алдында бас иіп жүріп, онсыз да көп қиындықтарға тап болдық.
Екінші принцип – бұл эмпатия (жанашырлық), оны әлеуметтік пирамиданың барлық деңгейінде өсіріп дамыту қажет. Ол бала кезінен қалыптасатын болғандықтан, гуманистік педагогиканы балабақшаларда және бастауыш сыныптарда қазірдің өзінде енгізу қажет. Оған қоса, менеджмент, құқықтану, әлеуметтік саясат және экономика салаларында заманауи психология мен адамға бағытталған көзқарастарды дамытқан жөн.
Үшінші принцип – бұл әлеуметтік әділеттілік. Ол әрбір азаматтың, соның ішінде балалардың, әйелдердің, мүгедектердің құқықтарын нығайтуды және қорғауды көздейді. Сонымен қатар, бұл әлеуметтік авторитаризммен күрес (тек қана саяси авторитаризммен емес), билік пен үстемдік культіне, патернализмге және т.б. Оған қоса «Жаңа Қазақстан» құрылысының тағы бір іргелі құндылығы – экологиялық тазалық. Ол билік пирамидасының ең төбесінен қарапайым халыққа дейін бүкіл қоғамға енуі тиіс. Елдің экономикалық даму стратегиясын айтпағанда, айналаның бәрі – қалалар, ауылдар, көліктер, күнделікті тұрмыс пен әдеттер экологиялық таза болуы қажет.
Бірақ ең маңызды шарт – құндылықтар жүйесін өзгертуге барлығы ат салысып: билік те, ғалымдар да, жасына, жынысына, ұлтына, саяси және діни көзқарастарына, материалдық мүмкіндіктеріне қарамастан қарапайым азаматтар да қатысулары тиіс. Адамдардың әрқайсысында ең алдымен адамды көріп, бағалау қажет. Тек осылай ғана біз лайықты жалақысы бар, зейнетақысы және жәрдемақысы бар, тегін әрі сапалы денсаулық сақтауы және білім беру, шын мәнінде жұмыс істейтін әлеуметтік лифттері бар қуатты әлеуметтік мемлекетті құра аламыз. Оның үстіне әрбір азаматтың ар-намысын және қадір-қасиетін құрметтеуді институттандыру елімізде толыққанды саяси ұлттың қалыптасуына әкелетін болады. Ал бұл қазіргі жағдайда, өте жақын жерде қанды қақтығыстар болып жатқанда және жаңа арандатушылықтар қаупі төніп тұрған кезеңде, өте маңызды.
Айта кету жөн нәрсе, Қазақстанда саяси ұлт құру процесі тәуелсіздік алған сәттен бері жалғасып келеді, бірақ оған көптеген факторлардың, әсіресе құндылықтарға және менталитетке қатысты факторлардың әсері кедергі келтірді және әлі де кедергі келтіруді жалғастырып жатыр. Ұлтты және этносты сәйкестендіру, шын мәнінде, бүгінгі күні аса қауіпті, оның үстіне адам құқығының заманауи қағидаттарына қайшы келетін сталиндік мемлекет құру үлгісінің көрінісі болып табылады.
Қазбек Бейсебаев, саясаттанушы, экс-дипломат:
«Үкімет өзгермегенше, қоғам өзінің жаңаруын қалауы екіталай»
- Ұзақ жылдар бойы «ескі» Қазақстанның билігі «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген қағиданы ұстанып келген болатын. Бұл қарапайым азаматтар үшін: саясатқа араласпаңыздар, өз істеріңізбен айналысыңыздар, ақша табыңыздар дегенді білдіреді. Бұл біздің басты құндылығымызға айналып, білім, кәсіпқойлық сияқты ұғымдардың артта қалуына әкелді. Ақшаның арқасында мектепте жақсы баға алып, жоғары оқу орындарына түсуге, беделді жұмысқа орналасуға, мансап жасауға, тіпті мемлекеттік басқару жүйесінің жоғары эшелондарына да түсуге болатын еді. «Бәрін сатып алуға болады!» деген қағида басым болып кетті. Билік те жиі сол қағиданы ұстана отырып: кез келген жобаны жүзеге асыруға болады, тек қаражат болса жеткілікті деп сеніп кеткен.
Алайда, пандемиядан кейін және әлемдегі төтенше тұрақсыз жағдай аясында ақшаның құндылығы өзінің тартымдылығын жоғалтқаны айқын көріне бастады. Қазақстан «екінші республика» құру жолына түсті, ал бұл ескі бағдарларды қайта қарауды және құндылықтардың жаңа жүйесін әзірлеуді талап етеді. Мінеки, дәл осы жерде, меніңше, отансүйгіштік, отанға деген сүйіспеншілік, оның мүддесіне қызмет етуге дайын болу деген қазіргідей бос сөз болмаған кеңестік дәуірден көп нәрсені алуға болатын еді. Борис Полевойдың «Повесть о настоящем человеке» («Нағыз адам туралы хикая») деп аталатын әйгілі шығармасын еске түсіріңіздерші, онда басты кейіпкер қиындықтарды жеңіп, мықты болуы тиіс болатын, өйткені ол кеңес адамы болып табылатын. Және бұл фантастика емес, нағыз тәжірибе болған еді. Осы қарапайым шындықтарды неліктен бізге қызметке алып, бала кезден бастап жас өспірімдердің бойына сіңірмеске?! Менің ойымша, мемлекеттік идеология осы бағытта жұмыс істеуі тиіс.
Оның орнына біз әр жерлерде қандай да бір ресми іс-шаралардың өтіп жатқанын, атақты және онша танымал емес тұлғаларға ескерткіштер ашылып, себепсіз және себепті той-томалақтардың ұйымдастырылып жатқанын көріп жүрміз. Бұл ретте билік өкілдері бізді Отанға қызмет етуге шақыра отырып, өздері жеке баюмен айналысып жатыр. Олар сонда бізге қандай үлгі көрсетіп жатыр? Әрине, мұндай жағдайда жаңа құндылықтарды өсіру туралы айтуға тура келмейді. Биліктің өзі өзгермейінше, қоғам өз жаңаруын қалауы екіталай. Әрине, жоғарыда айтылғандар осылай болғанша біз қол құсырып отыра беруіміз қажет дегенді білдірмейді. Біз кішкентай нәрселерден бастауымыз керек – ортақ үйімізді күтіп ұстау, қоқыстарды ешқайда тастамау, біреудің нәрселерін алмау, әлсіздерге және мұқтаждарға көмектесу және т.б. Оның үстіне, бізде әрқашан осының көбі онсыз да болған, тек оны еске түсіріп және оны күнделікті өмірде қолдану қажет.
Арман Құдабай, журналист, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы:
«Біздің басты қасиетіміз – өзіміздің жарғымызбен басқа біреудің өлкесіне кірмеу»
- Жаңғырту стратегиялары жаңалық емес – олар әртүрлі модификацияларда және әртүрлі тарихи кезеңдерде қолданылған болатын. Кейбір елдер олардың арқасында қуатты технологиялық, экономикалық және саяси серпіліс жасай алды (мысалы, Сингапурды еске түсіріңіздерші). Басқалары, айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, бірқатар әлеуметтік, саяси және қоғамдық мәселелерді шешуден алшақ қалып қойды (мысалы, Түркия). Неліктен дейсіздер ме? Өйткені модернизация негізінен бүгінгі күннің талаптарын ескергенімен қатар, жинақталған тарихи жүкке сүйене отырып, біртұтас қоғам институттарындағы сапалы өзгерістерді қамтиды. Ал мұндай стратегияның, көзге көрінетін қарапайымдылығына қарамастан, оң жақтарымен қатар, теріс жақтары да бар.
Мен сіздерге мысал келтіремін. Маған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ғылыми-тәжірибелік іс-шараларға бірнеше рет қатысуға тура келді, және сол кездің өзінде әртүрлі келіспеушіліктер туындаған болатын. Менің байқағанымдай, бұл конференциялардың және симпозиумдардың барлығы екі түрлі бағытта өтетін. Бірінші бағыттың аясында назар негізінен Қазақстан тарихына және дін мәселелеріне аударатын болса, жаңғыру тақырыбы жай ғана жол жөнекей айтылып немесе мүлде ескерусіз қалғандай болатын. Екінші бағыттың аясында мәдени, әлеуметтік және технологиялық жаңғыру перспективалары талқыланды, бірақ сонымен бірге тарих және дін мәселелері назардан тыс қалып қойды. Бәлкім, бұл «рухани жаңғыру» (рухани жаңғыру/қайта туылу – әркім өз қалауы бойынша түсіндірді) ұғымын түсіндірудің ерекшеліктері шығар, бірақ мұндай түсініктеме жеткіліксіз екені анық.
«Жаңа Қазақстан» стратегиясы қаңтар трагедиясына жауап ретінде пайда болған және республикадағы бейбітшілік пен келісімді сақтауды басты мақсат етіп қойған болатын. Бірақ, «Рухани жаңғыру» сияқты, ол да дәстүрлі құндылықтарды сақтауға және арттыруға баса назар аударады, сондықтан сәйкессіздіктер тудырады. Расында да, біреулер үшін бұл тек этникалық мәдениет және халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігінің элементтері ғана болып табылса, онда басқалар үшін ол қонақжайлылық, тату көршілік, қазақтардың жан дүниесінің жомарттығы басқалардан бізді ерекшелендіреді. Немесе қоғамымызда қазақ (қазақстандық) әйелдің алатын бөлек орны, оның жақын көршілерімізбен салыстырғанда білімі мен әлеуметтік дәрежесінің жоғары болуы, мемлекеттік салада, өнерде, ғылымда мансап жасау мүмкіндігі, бизнесте. Бұл «қазақтың (қазақстандық) дәстүрлі құндылықтары» анықтамасына кіре ме?
Жалпы алғанда, сақталу қажет және көбейтілу тиіс кейбір мәдени және дәстүрлі элементтердің «пайдалылығын» анықтау үшін қандай уақыт аралығын алу қажет? Әттең, авторлары мемлекетіміздің дамуындағы тұтас дәуірлерді кездейсоқ немесе әдейі аттап өтіп кеткен оқулықтардың және беделді ғылыми жинақтардағы мақалаларды жиі кездестіремін. Бұл кезеңдерде ештеңе де, жетістіктер де болмағандай. Бірақ дәстүрлер көне де, қазіргі де болуы мүмкін, ал мәдениет құбылыс ретінде анықтамалардың және ұғымдардың әлдеқайда кең ауқымын қамтиды...
Бірақ тек өткенге ғана назар аудару дұрыс па? Мысалы, неміс халқының мәдениетін және дәстүрін оқып зерттеген кезде студенттер қазіргі неміс бизнесінің «әдет-ғұрпын» да оқуы тиіс! Келісіңіздерші, бұл да мәдениеттің маңызды қабаты ғой...
Яғни, тек қазақтың дәстүрлі мәдениеті туралы ғана айтуға бола ма, әлде жалпы қоғамымыздың нормаларын және ережелерін қамтитын қазақстандық дәстүрлі мәдениеті сияқты мемлекетіміздің өмір сүрген тұсында пайда болған құбылыс пайда болды ма? Мысал үшін, басқа этностардың немесе әлеуметтік топтардың өкілдерімен тілдескеннен кейін көптеген адамдар қазақтардың «өз жарғысымен бөтен өлкелерге кірмейтінін», көрші-қолаңды, әріптестерді, жолдастарды құрметтейтінін атап өтеді. Мінезіміздің, ортақ мәдениетіміздің, ортақ дәстүріміздің осы қасиеті бірте-бірте қалыптасып келген болатын. Менің ойымша, дәл осыны қастерлеуіміз қажет, егер біз шынымен жақсы жаққа өзгергіміз келсе, оны одан әрі де дамытуға тиіспіз.
Талғат Мамырайымов, саясаттанушы («Неліктен Қазақстанда құндылық емес нәрсені бағалайды?» атты сұхбатынан):
«Ең басты құндылық – адам болуы тиіс»
- Экономикалық табыстар барлығының заң алдындағы теңдігіне және заңның үстемдігіне тікелей байланысты екендігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Ал бұл – адам басты құндылыққа айналуы тиіс дегенді білдіреді! Бізде адами капиталды дамытуға жеткілікті инвестиция болмайынша, ешнәрсе өзгермейді – біз шикізатты немқұрайлы және оңай игеруді жалғастыра беретін боламыз.
Мұндай тәсілдің қажет екендігін Батыстың дамыған елдерінің мысалы дәлелдейді. Олардың экономикалық жетістіктері, ең алдымен, ол жердегі адамның өмірдің басты құндылығына, мақсатына айналуымен байланысты, ал бізде ол жиі кездесетін құрал емес. «Қажеттілік пирамидасын» жасап шығарған А.Маслоу: «Адамдардың негізгі физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылмаған болса, одан өзін-өзі көрсету құндылығын ұстануды күтуге болмайды» деген.
Өкінішке орай, жеткіліксіз сараланған экономика, дамымаған мәдени, саяси, ғылыми және білім беру жүйелері қоғамымызда шектеулі әлеуметтік мәртебелерді, рөлдерді және, сәйкесінше, құндылықтарды тудырады. Оның үстіне, елде әрекет ететін қарапайым адамның бейнесін дәріптеу КСРО-да ешқандай саяси пиғылсыз бір өлшемді кеңестік азаматты қалыптастырудың қажетті құралы ретінде қалыптасқан болатын. Біз мемлекетттің кез келген сәтте әрқайсымыздың, физикалық еркіндіктен бастап, барлық нәрсесін тартып алуы мүмкін деген оймен өмір сүруге үйреніп қалдық. Біз бұрынғы кезде қалай мемлекеттің «ашса алақанында, жұмса жұдырығында» болсақ, әлі де сол күйде болуды жалғастырып жатырмыз.