Қазақстандағы тіл мәселесін тез шешу әдісі табылмайтыны анық, сондықтан қазақ тілі шынымен ұлтаралық қатынас тіліне айналу үшін мемлекет пен қоғам тарапынан тағы бірнеше ондаған жылдар және қыруар күш-жігер қажет. Ал қазақтілді және орыстілді азаматтар арасындағы текетірес күн сайын өршіп, жанжалдарға ұласып жатқаны жөнінде ондай нәрсені айта алмаймыз. Біздің басылымның беттерінде біз бұл мәселені әр қырынан – саясаттанушылармен, экономистермен, әлеуметтанушылармен, филологтармен, тарихшылармен, қоғам қайраткерлерімен, саясаткерлермен, қарапайым адамдармен бірге талдаған болатынбыз... Бүгін біз оған этологиялық көзқарас тұрғысынан қарап көруді шештік, ал бұл мәселеде бізге психолог, жылдам өзгерістер маманы Тайжан Ержанов көмектеседі.
Туа біткен агрессия
- Тайжан Анаевич, қазіргі жағдайға этологтар көзімен қарау неге осыншама маңызды?
- Этология – жануарлар мен адамдардың табиғи ортадағы генетикалық тұрғыда шартты мінез-құлқын (және оның эволюциясын) зерттейтін ғылым. Бұл кеңістікте біз саясаттан, қандай да болмасын әртүрлі көзқарастардан алшақпыз және адамдардың ойы мен іс-әрекеті жайлы ешбір дау-дамайға араласпай, ешкімнің пікірін қолдамай отырып айта аламыз.
Әңгімеміздің басынан-ақ этологиялық тұрғыдан алғанда тіл мәселесінің ойдан шығарылған нәрсе екендігін атап өткен жөн болады. Дәл сондай нәтижемен терінің түсін немесе көздің пішінін де талқылауға болар еді... Өйткені, шын мәнінде, мәселе тілде емес, ол «өзіміздікілер» және «бөтендер» деп бөлінуде. Ал оның тамыры үңгір дәуірлерінен бастау алады, ол кезде өз өмірін сақтап қалу осындай бөлінумен байланысты болатын. Бұл процестің тіпті атауы да бар – бұл түрішілік агрессия.
- Яғни, бұл «бөліну» біздің табиғатымызда туа біткен бе?
- Нобель сыйлығының лауреаты, көрнекті зоопсихолог және этологияның негізін салушы К.Лоренц өзінің «Агрессия (былайша айтқанда «зұлымдық»)» атты іргелі еңбегінде мынадай тұжырымдар жасады.
Біріншісі. Күшті қаруланған түрлерде эволюциялық іріктеу сондай-ақ күшті туа біткен моральды дамытты – олардың барлық қаруларын түрішілік қақтығыстарда қолдануға инстинктивті тыйым салу, әсіресе жеңілгендер бағыныштылық танытқан болса. Және, керісінше, әлсіз қаруланған түрлерде әлсіз туа біткен мораль бар, өйткені күшті туа біткен мораль мұндай түрлер үшін эволюциялық тұрғыдан пайдасыз нәрсе.
Адам табиғи түрде әлсіз қаруланған түр (шабуылдаған кезде ол тек тырнап, жеңіл ғана ұрып жіберіп, тістеп немесе буындыра алатын, ал жәбірленуші қашып кетуге жеткілікті мүмкіндіктерге ие болған). Бірақ жасанды қаруды ойлап табу арқылы, ол, өзінің мораль деңгейі бұрынғыдай болып сақталғанына қарамастан, жер бетіндегі ең қаруланған түрге айналды.
Екіншісі. Лоренц көптеген жануарлар түрлерінің мінез-құлқын талдағаннан кейін, Фрейдтің агрессия тек сыртқы тітіркендіргіштерге реакция ғана емес деген тұжырымын растады. Егер оларды алып тастаса, онда агрессивтілік жинақтала береді, ал тітіркенуді тудыратын фактордың шекті мәні нөлге дейін төмендеуі мүмкін. Мысал ретінде кішігірім оқшауланған адамдар топтарында пайда болатын «экспедициялық ашуланшақтық» деп аталады – кейде түкке тұрмайтын себеппен тіпті жақын досын өлтіруге дейін баратын жағдайлар болады.
Үшіншісі. Егер агрессия сыртқы тітіркендіргіштен туындаса, онда ол тітіркендіргіштің өзіне емес (айталық, иерархияда жоғары тұрған индивидке), ал иерархияда төмен тұрғандарға немесе жансыз объектілерге бағытталады. Бұл «тұрмыстық зорлық-зомбылыққа» қаншалықты жақын екенін назар аудырыңыздаршы... Мінеки, оның тамыры осында, осы мәселемен айналысатындар өз назарын осыған аударуы керек. Неліктен екен, өкінішке орай, адамның бұл қасиеті олардың назарынан тыс өтіп кетіп жатыр.
Оның үстіне, түрішілік агрессия ер адам болсын, әйел болсын, әрбір адамда (!) үздіксіз қалыптаса береді (жаңадан шығып отырады). Мысалы, шаштың үздіксіз өсетіні сияқты.
- Заманауи жағдайдағы түрішілік агрессия – бұл қалыпты нәрсе деп айтпақшысыз ба?
- Өкінішке орай, иә, бұл қалыпты жағдай. Қазіргі адамның инстинктті деңгейі, оның барлық жетістіктеріне қарамастан, 30-40 мың жыл бұрын өмір сүрген кроманьондықтың деңгейіне сәйкес келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, өмір сүру жағдайлары күрт көтерілді, бірақ инстинкттер сол күйінде қалып қойды. Адам санасыз түрде өзіне ұқсамайтын, басқа тілде сөйлейтін адамнан әлі де өлім қаупін көре береді, ол өз аумағынан, өз әйелдерінен, өз тамағынан айырылып қалу қаупінен қорқады. Яғни, бұрынғы қауіптердін ізі де қалмағанына қарамастан, қазіргі адамдарда агрессия әлі де мыңдаған жылдар бұрынғыдай көлемде қалыптасуды жалғастыра береді.
Түрішілік агрессия – Жер бетіндегі барлық ұлтаралық қақтығыстардың нағыз қозғаушы күші болып табылады. Әдетте айтылатындай, жекешілік ештеңе жоқ. Олардың ойдан шығарылғандығын және жасанды екендігін барлығы да біледі, бірақ инстинктивті түрде әрекет етеді. Сондықтан әрбір жеке адам өзіне, отбасына, болашағына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ екендігін, ол – қауіпсіздікте екенін түсінуі үшін осы білімді қалың бұқараға тезірек жеткізу – бірінші міндет. Сонда агрессияның тағы бір ағыны бітеліп қалады.
Сезімтал сәйкестік
- Неліктен тіл мәселесі – ойдан шығарылған себеп екенін түсіндіріңізші?
- Елестетіп көріңізші, бәрі бір мезгілде қазақ тілін үйреніп алды дейік, енді елімізде тіл мәселесі жоқ. Бірақ тіпті сезім деңгейінде де түсінікті емес пе, түрішілік агрессия мұнымен аяқталмайтыны анық – адамдар оңайлықпен жаңа проблемаларды ойдан шығарып алады (біз кроманьондықтармыз ғой).
Агрессияны арна арқылы ағызып жіберуді немесе сублимациялауды білу өте маңызды, әйтпесе ол міндетті түрде сыртқы тітіркендіргішке, жақын маңдағы адамдарға және әсіресе қорқыныштысы – тіпті ең жақын адамдарға мүлдем «ешбір мағынасыз себеппен» бағытталатын болады, дейді К.Лоренц. Сондықтан адамзат жанып жатқан шамдарды сөндіруге қабілетті шараларды бұрыннан әзірлеп қойған болатын.
- Бұл қандай шаралар екен?
- Бірінші кезекте, бұл, әрине, спорт, мұнда «өзіміздікі» «бөтендерге» қарсы. Ал оның түрлерінің ауқымы неғұрлым кеңірек болса, соғұрлым жақсы. Оның үстіне, біздің спортшылар әлемдік спорттың құйрығында қалып қалмауы үшін, лайықты деңгейде болуы керек. Өйткені, егер «біздің» команда жеңілсе, онда агрессия арна арқылы ағып кетпей, керісінше, күшейеді. Өйткені, біз жеңіліп жатырмыз, бізді жеңіп жатыр, біз әлсізбіз және қорғансызбыз, біз өзімізді міндетті түрде қорғауымыз керек. Сөйтіп, агрессия жер бетіне шығудың басқа да жолдарын іздейді, оның өте жағымсыз салдары болуы мүмкін. Яғни, спорт дегеніміз – бұл тек елдің спорттық беделінің мәселесі ғана емес, мұнда бәрі әлдеқайда тереңде жатыр.
Одан әрі – ғылым, өнер, мәдениет және, әрине, жеке байланыстар мен таныстықтар. Бұл тармақтардың әрқайсысы Қазақстан сияқты шағын мемлекет жағдайында орындалатын міндет болып табылатын нақты мазмұнды (тек жай ғана декларацияланған емес) талап етеді. Осылайша, халықтардың нағыз достығы (КСРО кезіндегідей әдемі сурет ретінде емес) сондай-ақ экономикалық категорияға да айналады.
- Ал өзінің тілдік мүддесін қатаң қорғайтын адамдарды инстинкттерден басқа не итермелейді?
- Сіз дұрыс айтасыз, жоғарыда айтылғандардың барлығы – мәселенің тек бір беті ғана. Оның екінші жағы да адам психикасына, бірақ инстинкт деңгейінде емес, ол тұлғаның жеке сәйкестігі деңгейінде қатысты. «Мен кіммін?» – деген сұраққа дәл сол сәйкестік жауап береді. Бұл адам баласының бүкіл болмысынан өмір бойы өтетін, балалық шағында қалыптасқан және өзгермейтін, өзі жайлы терең сенім. Сәйкестікті өзгерту мүмкін емес, тіпті өзгеріс туралы сөздің өзі де қатал қарсылыққа тап болады. Өз сәйкестігін адамдар қолына қару алып қорғауға дайын.
Елестетіп көріңізші, жан-жақты дамыған және аяғына нық тұрған адамға кенеттен: «Біз мұнда біраз ойланып, сен онша жақсы емессің деп шештік. Ал біздің көңілімізден шығу үшін, біздің тілде сөйлеуің керек». Бұл сөздер қандай жылы шыраймен айтылса да, олар сәйкестікке ауыр тиеді, жақтырмаушылыққа мәжбүр етеді, қабылдамауды тудырады, өзінің төмен екендігін мойындату ретінде қабылданады. Мұндай қорлаудан жайбарақат өтіп кету мүмкін бе?
Ал енді адамдардың үнемі агрессия тудыратынын және оны шығарып тастау қажеттілігін сезінетінін еске түсірейік. Мұнда әрбір адамда көп мөлшерде бар болатын табиғи күнделікті қиындықтарды қосайық. Ал егер оның үстіне бір жерде көптеген осындай адамдар жиналатын болса, олардың әрқайсысынан «от алуға» болса... Қандай жарылғыш қоспа пайда болатынын елестете аласыздар ма?! Процесті кері қайтару («одан да сен менің тілімді үйрен» деген сияқты) әрекеті дәл сондай реакция береді, тек бұл осы жолы қарсыластың сәйкестігіне әсер етеді. Кез келген азғантай ғана қақтығыс аспанға дейін көтерілуі таңқаларлық емес, өйткені адамдар мұндай ауыр мәселені назардан тыс қалдыра алмайды. Әрбір адамның сәйкестігі өзінің бұрынғы мәртебесін және қауіпсіздік сезімін дереу қалпына келтіруді талап етеді.
Егер сәйкестікке қатысты мәселе біреулерге тек ойдан шығарылған нәрсе сияқты болып көрінсе, онда мен фюрерді еске түсіруді ұсынамын, ол барлық арийлік еместерді төменгі нәсіл деп жариялады (олардың сәйкестігіне тіл тигізді), ал әлем жауап ретінде оны «езіп тастады». КСРО одан жақсы емес еді, бірақ ол барлығын ағайын деп атайтын, сондықтан ағындар арасында ұзақ уақыт бойы жүрді...
Миссия орыдауға келеді
- Сіз қандай шығу жолын көріп отырсыз? Біздің елімізде әрбір адамның өзінің сәйкестігіне шабуыл жасалып жатқанды сезінуін біржола тоқтатуға бола ма?
- Иә болады. Бір кездері Эйнштейн: «Мәселені туындаған деңгеінде шешу мүмкін емес. Келесі деңгейге көтеріліп, бұл проблемадан жоғары болу керек» – деп айтқан. Сонымен, сәйкестіктен кейінгі келесі деңгей – миссия. Ол: «біздің болмысымыздың мәні неде?» – деген сұраққа жауап береді. Егер қысқаша айтатын болсақ – өмірден алған қуанышта.
Яғни, миссия деңгейінде барлық адамдардың мақсаты ортақ: бақытты және жайлы өмір. Мұнда ешқандай сәйкестік мәселесі жоқ, жанжал жоқ, бәрі бірге қалай жақсы өмір сүру керектігін сабырлықпен шеше алады. Көршіңіздің игілігі туралы ойлау орынды және қисынды, өйткені сіздің жеке әл-ауқатыңыз көршілеріңіз гүлденген кезде мүмкін болады.
Мемлекеттің міндеті: Әрбір азаматтың сәйкестігі – қасиетті нәрсе және оған қол сұғуға болмайды! Мемлекет үшін қоғамның кез келген мүшесі маңызды және қымбат! Мемлекет бар күшімен, билігімен, ресурстарымен және құралдарымен барлығын қорғайды! – деп біржақты және үзілді-кесілді жариялау. Мемлекетте шекара ашық болса, мұнда тұрғысы келетіндер осында тұрады деген сөз. Ал бірге өмір сүріп жатқандардың болашағы да ортақ – оның бейбіт әрі бақытты болуына әркім мүдделі.
Содан кейін, бәлкім, келесі: «жақсы, егер сәйкестік ешкімге артқа шегінуге мүмкіндік бермесе, бізге алға қадам жасауға – бір-бірімізге және жаңа тілге – кім кедергі болады?!» - деген ойлар келе бастайды. Ашық болу – ашықтықты туындатады, сыйластық – өзара сыйластыққа жол ашады. Егер сәйкестікке қысым болмаса, онда қауіп сезімі де жоғалады.
Ал одан да жақсысы – бұл қадамды тек жағымды және пайдалы ғана емес, сонымен қатар тиімді етіп жасау. Неліктен азаматтардың өмірін жеңілдетіп, жақсырақ ету үшін құрылған мемлекетке мемлекеттік тілді үйренуге қаржылай сыйақы берілетінін жар салмасқа? Бұл қысқа мерзімді курстарға бару емес, белгілі бір уақыт пен ақшаны қажет ететін үлкен жұмыс екенін (шынымен де, кез келген басқа тілді үйрену сияқты) мойындайтын уақыт келді ғой. Бұл тұрғыда халықтар достығына жарияланған немесе жоғарыдан тараған емес, шынайы қадам басқандарға құрмет пен ризашылық білдірген абзал. Азаматтар өздері төлейтін салықтың аз ғана бөлігін өз өмірін жайлы әрі қауіпсіз ету үшін жұмсай алмай ма?
- Бірақ бұл қадамдар да уақытты қажет етеді. Ал қазір не істеуге болады? Тараптарды татуластыратын немесе кем дегенде қарсыласудың қызу дәрежесін төмендететін консенсусты қалай табуға болады?
- Тек заң шеңберінен шықпай, заң бұзушылардың барлығын жауапкершілікке тарту жеткілікті. Мемлекеттік тілдің мәртебесі Конституция мен «Тілдер туралы» заңмен реттелетіні белгілі. Кіріспеді есіңізге түсіріңіздерші: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы...». Яғни, Конституция – біздің шешіміміз, онда әрқайсымыздың ерік-жігеріміздің бір бөлігі бар және онда жазылғанның бәрі біздің айтқанымыз, біз оны орындауымыз керек (маған маңызды шешімдерге осындай жеке қатысу ұнайды).
Бірақ кейбір адамдар заңдардағы маңызды нәрселерді – мысалы, әркімнің қарым-қатынас тілін таңдау еркіндігіне нақты бекітілген құқығы дегенді байқамай қалған немесе жай ғана елемейтін сияқты көрінеді. Бұл нені білдіреді? Бұл Қазақстанның қай жерінде болсын, кез келген мемлекеттік (немесе басқа) органда, қай тілде хабарласса да – менің конституциялық (19-бап), өзіме ұнайтын тілде жауап беруге құқығым бар екенін білдіреді... Біз (мен де) қабылдаған Конституция осылай дейді. Егер сұрау салушы тарап тек мемлекеттік тілде сөйлегісі келсе (оны жасауға оның толық құқығы бар), онда ол өзін аудармашымен қамтамасыз ете алады, мысалы, қазір соттарда солай жасалады.
Ал, енді соңғысы: «Тілдер туралы» заңның 2-бабында ол «тұлғааралық қарым-қатынаста тілдердің қолданылуын реттемейді» делінген. Және бұл, мысалы, сатушылар мен үнемі тілдік қақтығыстарды тудыратын сатып алушыларға тікелей қатысты. Мен көптеген адамдар үшін бұл тұлғааралық қарым-қатынастар, басқа нәрселермен қатар, келесі түрлерге: ресми және бейресми; іскерлік және жеке; рационалды және эмоционалды; бағынышты және паритеттік деп бөлінетіні жаңалық болатынына сенімдімін:.
- Қорытынды шығаруды ұсынамын.
- Бізде бір жаққа ағызылатын агрессия бар, және осы жинақталған агрессияны ағызатын себебі ретінде жеке адамның сәйкестігін бұзу бар. Біз агрессияны ағызып жіберіп, адамдарың сәйкестігіне қысымды алып тастасақ, «тілдік» деп аталатын мәселенің ізі де қалмайды. Алайда, оның орнына, мен айтқанымдай, басқа мәселелер пайда болуы мүмкін...
Осыдан келесі қорытындылар шығады. Біріншіден, қақтығысты шешу үшін этология мен психология жазықтығында жатпайтын дәлелдер мен аргументтер қажет емес. Екіншіден, ғылыми көзқарас процесстен артық нәрселердің барлығын алып тастайды, ешкімнің саяси, ұлттық, тарихи және басқа нанымдарына әсер етпейді, демек, барлық адамдар тарапынан мақұлдануға барынша мүмкіндік береді. Үшіншіден, иә, тіл мәселесінің тез шешімінің жоқ екендігі өкінішті, бірақ принципті түрде шешімі табылғаны өте жақсы! Бірақ бұл үшін тиімді, ақылды, кәсіби түсіндіру және дайындық жұмыстары қажет болады. Бейбітшілік пен келісім осыған тұрарлық екендігіне бәрі келіседі деп ойлаймын. Оның үстіне барлығына ортақ табысқа жетудің басқа жолын ғылым білмейді.
Ақырында тағы бір рет атап өтейін – бізде ешқандай тілдік конфликт жоқ. Тек түрішілік агрессияның көрінісі ғана бар, бұл мүлдем қалыпты жағдай және бізге онымен айналысу керек. Осыған ұқсас мәселелерге кез келген көпұлтты мемлекет тап болған, демек, бұл жайт ескеруге болатын жинақталған тәжірибенің бар екендігін білдіреді. Оған қоса, жасампаздықты, мемлекеттің ерік-жігерін қосу керек, ол, сөзсіз, өзін-өзі сақтап қалуға ниетті – сондықтан болжам айрықша игілікті болады.